Биржа түрлері



1. Биржа
2. Тауар биржасы
3. Қор биржасы
1. Валюта биржасы
2. Еңбек биржасы
3. Биржа айналымы
4. Биржа бағасы
5. Биржа дағдарысы
6. Биржа делдалдары
7. Биржалық алым
8. Биржалық үрей
9. Биржалық баж
10. Биржа дүрлікпесі
11. Биржалық мәмілелер Пайдаланылған әдебиеттер

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1. Биржа
2. Тауар биржасы
3. Қор биржасы
1. Валюта биржасы
2. Еңбек биржасы
3. Биржа айналымы
4. Биржа бағасы
5. Биржа дағдарысы
6. Биржа делдалдары
7. Биржалық алым
8. Биржалық үрей
9. Биржалық баж
10. Биржа дүрлікпесі
11. Биржалық мәмілелер

Биржа
Биржа (лат. bursa -- әмиян) -- сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы негізінде тауарларды, құнды қағаздарды, сондай-ақ, жұмыс күшін көтерме бағамен сатуды ұйымдастыру түрі; қаржы-сауда мәмілелерін жасау үшін сатып алушылар мен сатушылардың жиналатын орны.
Биржалар 15 -- 16 ғасырларда пайда бола бастады. Алғашқы биржалар әмбебап сипатта болды. Мысалы, 1608 жылы құрылған Амстердам биржасы осы сипатын қазірге дейін сақтап келеді. Ұсынылатын тауар не қызмет түрлеріне байланысты биржалар тауар биржасы, қор биржасы, валюта биржасы, еңбек биржасы болып бөлінеді. Биржа түрлері:
Тауар биржасы
Тауар биржасы - заңды тұлға құқығына ие ұйым. Ол күні бұрын белгіленген белгілі бір орында және белгілі бір уақытта өзі белгілеген ережелер бойынша көпшілік үшін өткізілетін жария сауда-саттық нысанындағы биржалық қызметті ұйымдастыру және реттеу жолымен көтерме сауда базарын қалыптастырады. Аталған белгілерге сай келмейтін ұйымдар өзінің атауында тауар биржасы немесе "биржа" деген атауды пайдалана алмайды.
Тауар биржасы көпшілік қолды тауарлармен (астық, мақта, металл, т.б.) үлгілер және стандарттар бойынша ірі көлемдегі көтерме сауданы қамтамасыз етеді. Кейде биржалар тек бір топтағы тауарлармен ғана сауда жасауға маманданады. Мәміле мерзімдік сипатта болады (ең көп таралған мерзім - 6 ай), мұның өзі баға айырмасынан пайда табу мүмкіндігін туғызады. пайда табу мүмкіндігін туғызады. Биржалық баға туралы деректер биржалық бюллетеньдерде баға белгіленімі түрінде ұдайы жарияланып тұрады.
Алғаш рет 19 ғ-да пайда болды. Қазіргі кезде мамандандырылған биржалар ретінде кеңінен таралды. Биржадағы мәмілелер үш түрлі болып келеді, олар: 1) қолма-қол ақшалай төленетін мәміле, мұндай жағдайда тауардың дереу жеткізілуі көзделеді; 2) мерзімдік мәміле, мұнда тауар шартта көрсетілген белгілі бір мерзім өткеннен кейін жеткізілуге тиіс; 3) реттелмелі мәміле, яғни ерекше биржалық шарттарға негізделген мәміле. Қазіргі заманғы биржаларда негізінен стандартталған тауар сатылады, шындығында тауардың өзі емес, оны жеткізуге жасалған келісімшарт қана сатылады.
Аса ірі тауар биржасылары Нью-Йоркте (астық биржасы), Лондонда (металл биржасы) орналасқан. КСРО-да тауар биржасы 1921 - 30 ж. болды. 1985 жылдан бастап қайта жандана бастады. Қазақстанда тауар биржасы нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде пайда болып, даму жолына түсті. тауар биржасы ұйымдық жағынан пайда алуға ғана емес, сонымен қатар сауданы жеңілдетуге және арзандатуға мүдделі жеке меншікті тұлғалардың қауымдастықтары түрінде ресімделді. Ол нақты тауар базарынан мерзімді мәмілелер жасалатын, яғни тауар келешекте жеткізілетін базарға дейінгі, сонан соң қазіргі заманғы фьючерстік биржаға дейінгі даму жолынан өтті. Бастапқыда тауар биржасы тек сатушылар мен сатып алушылар арасындағы тұрақты байланысты ғана қамтамасыз еткен болса, кейін сауда ғұрыптарын тиянақтай бастады, баға белгіленімін жүзеге асырып, үлгілік келісімшарттарды әзірлей бастады, дауларды реттейтін болды, т.б.
Соңғы 100 жылда тауар биржасының саны шамамен 60-қа дейін қысқарғанына, яғни 3 есе азайғанына қарамастан, олар халықар. саудаға әлі де күшті ықпал етуде: әлемдік тауар көлемінің 10%-ы осы тауар биржасы арқылы сатылады
Қор биржасы
Қор биржасында жергілікті өкімет органдары мен мемлекеттік емес компаниялар шығаратын құнды қағаздар жөнінде мәмілелер жүргізіледі. Қор биржасында жасалатын мәмілелер кассалық (сатып алынған құнды қағаздар ақысы 2 -- 3 күн ішінде төленеді) және мерзімдік (акциялардың ақшасы 1 ай ішінде төленеді) болып бөлінеді. Құнды қағаздардың нарқы сұраныс әсеріне, дивиденд көлеміне және процент мөлшеріне қарай өзгеріп тұрады.
Валюта биржасы
Валюта биржа -- валюталық операцияларды шоғырландыратын, валюта нарықтарын қалыптастырып, оның өзара байланысы мен динамикасын қамтамасыз ететін халықаралық валюталық-қаржылық қарым-қатынастардың құрамдас бөлігі. Биржалық сауда конъюнктурасы мен қор және валюта биржаның жағдайы әлемдік экономикаға, тауарлық және валюта пиасасының (рыногының) дүниежүзілік ахуалына және әлемдік баға деңгейіне тікелей қатысты. Дүниежүзілік валюта биржасы Лондонда, Нью-Йоркте, Токиода, Цюрихте орналасқан.
Еңбек биржасы
Еңбек биржасы - жұмысқа орналасуға өтініш білдірген азаматтарды есепке алып, оларға ыңғайлы жұмыс табуға және орналасуға көмектесетін орталық. Теле-радио арналары, баспасөз беті арқылы жұмысқа орналасу мүмкіншілігін хабарлап отырады; қаланың оқу комбинаты мен кәсіптік мектептерінде оқуға қатысты сұрақтарға жауап беріп, кеңесшілік қызмет көрсетеді. Еңбек биржасы Орал қаласында 1969 ж. құрылды. 1988 ж. Орал қалалық жұмысқа орналастыру орталығында 13 штат болды. Ол облыста жұмысқа орналастыру орталығының құрамына кірді. Орталық қызметкерлері жұмыссыздарға жұмысқа орналасуға көмектесу; осы мәселеге байланысты сұрақпен келген азаматтарды есепке алу; жұмысқа орналасушының кәсіби деңгейін анықтау және медициналық сараптамалардан өткізу, т.б. жұмыстармен айналысады.
Биржа айналымы
Биржа айналымы -- белгілі бір кезеңде биржада ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биржа саудасын ұйымдастыру және оның даму бағыттары
Биржалық шарттың ережелері
Тауар биржасы және оның нарықтық экономикадағы орны
Тауар биржалары: мәні және даму жолдары
Қор биржасы және биржадан тыс нарықтың ұйымдастырушылары
Қор биржасы және биржалық сауданы ұйымдастыру
Банк жүйесі жайлы
Ресей және Қазақстан Республикасындағы қаржылық тәуекелдерді сақтандыру ерекшеліктері
Тауар биржасының мүшелері
Биржалық қызметті компьютерлендіру
Пәндер