ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі әдеби ағымдардың ерекшелігі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі әдеби ағымдардың ерекшелігін жазыңыз

Қазақтың XX ғасыр басындағы жаңа әдебиеті 1905-1907 жылдардан басталады. Абай қазақтың жазба әдебиетін қалыптасу жолына салып, ұлттық сөз өнерінің даму мүмкіндіктерін ашып беріп кетті. Кемеңгер суреткерден соңғы әдебиет оның дәстүрінде болды дегенімізбен, бұл жаңаша сипаттағы сөз өнері болатын. Жаңа ғасыр басында қазақ оқығандарының үлкен шоғыры қалыптаса бастады, отаршылдық қысым көрсетіп отырған Ресейдің өзінде бостандық, еркіндік ұрандарын көтерген толқулар пайда болды. Кітап шығару ісі жанданды. Халықтың көңіл-күйін, елдің тұрмысын көрсететін баспасөз құралдары шыға бастады. Осылардың баршасы жазба әдебиетінің дамуына ықпал етті.

Ғасыр басында ең көп жарық көрген көркем шығармалар діни тақырыпта еді. Бұл бір жағынан қоғамға имандылық, ізгілік қасиеттерін сіңірсе, діни әдебиеттің өрістеуі жазба әдебиеттің қалыптасыуына үлкен тірек болды. Өмірдің көркем шындығы реализм әдебиетінен жан-жақтан көрініс табатындығы мәлім. Реалистік әдебиет Абай тұсында көрініс беріп, әсіресе, сыншылдық сапада байқалған болатын. Міне осы бағыт, осы бет XX ғасыр басында жалғасын тауып жатты. Қоғамның сын айнасына түскен суреттері А. Байтұрсынұлының, М. Дулатұлының 1902-1909 жылдары жазылған өлеңдерінен көрінеді.

Сыншылдық, ағартушылық реализм ауқымында дүниеге келген бұл туындыларды оқшау атап отырғанымыз - олардың бойында ұлт-азаттық идеялар жатқан еді. Әйтпесе, ағартушылық, сыншылдық бағыттағы туындыларды Мәшһүр-Жүсіп, Шәкәрім, Спандияр Көбеев, Сәбит Дөнентаев, Нарманбет Орманбетұлы тағы да басқалардың поэзиясынан көруге болар еді. Ахметтің «Қырық мысал», «Маса», Міржақыптың «Оян, қазақ!», «Азамат» жинақтарына Унген өлеңдері жоғарыда аталған кезеңде жазылып, ендігі жерде қазақ әдебиеті ұлт-азаттық сарындарға баратындығын байқатты. Әдебиетіміздегі ұлт-азаттық сарындары жырауларда да одан берідегі Махамбет, Дулат, Мұрат өлең-толғауларында бар еді. Бірақ, бұлардағы осы сарынның үш айырмасы бар. Біріншіден, олар белгілі бір тарихи оқиғаға арналған жырлар; екіншіден, ондай поэзиялық шығармаларда торығу басым; үшіншіден, олардың ешқайсысы ағартушылықпен байланыстырылған емес. Осы үш ерекшелік халықты ояту, ұлтты ұйыстыру, еркіндікке үндеу сияқты іргелі мәселеге алып келді.

Айталық, Ахмет Байтұрсыновтың:

Талауда малың,

Қамауда жаның,

Аш көзіңді оянып!

Қанған жоқ па әлі ұйқың?

Ұйқтайтын бар не сиқың?!

Міржақыптың:

Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал һараб боп,

Қазағым, енді жату жарамас-ты.

дегендері бұрын-соңды айтылмаған, ұранға ұласар дәуірдің ең кезек сөздері еді. Осы замана шындығынан шыққан реалистік ойлар бірде романтикалық, бірде сентеминталистік, енді бірде символистік бағытта болғанымен ұлт-азаттық мазмұнын сақтап, Жүсіпбектің «Ақбілегіне», Мұхтардың «Қилы заманына» дейін іштей кернеген азаттық рухын сақтап келді. Бойында осындай рух бар реалистік әдебиет Сұлтанмахмұтта толық көрінсе, оның көрнекті үлгілері Мағжанның «Шолпан» жинағында, Берниязда, Сәкен мен Бейімбеттің алғашқы өлеңдерінде, Ахмет Мәметов, Сәбит Дөнентаевтардың кейбір шығармаларында көркемдік көрінісін тапты. Мәшһүр-Жүсіп, Шәкәрім шығармаларында жалпыадамзаттық адамгершілік, имандылық, ізгілік, мейірбандық, адалдық сияқты мәселелер көтеріліп, бұл тақырыптар олардың діндарлығынан өрістеп жатты. Реалистік астар, реалистік орта мен уақыт алғашқы қазақ романдары делініп жүрген «Бақытсыз Жамал», «Қалың мал» сияқты туындыларда көрінді. Бірақ, бұлардың идеялық шешімінде, әсіресе, әйелдер образын жасауда сентиментализм қабаты да мол еді.

Реализм әдебиетінің кеңінен қанат жаюы - жаңа жанрлық түрлерді қалыптастырды. Балаларға арналған қарапайым әңгімелердің орнына повестер келе бастады. Драма жанрының алғашқы үлгілері туды. Дидактикалық поэма ғибратшылдық сарыннан шығып, саяси, тарихи, махаббат тақырыптарына бет бұрды да, олардың мазмұнына орай пішініне де өзгерістер ене бастады. Әдеби дамудың өскелеңдігін көрсететін сын жанры өмірге келді.

Қазақ прозасының жаңа сатыға көтерілуі - әлеуметтік өмірдің кең қамтылуына, образдар жүйесінің күрделенуіне, тілдік стильдік жаңалықтарға алып келді. Жоғарыда айтқанымыздай, ұлт - азаттық қозғалысы поэзиядағы басты тақырыпқа айналғанымен, ол тақырып прозада жетекші орынға шыға алмады. Біздің ойымызша, оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, повесть жанры қай елдің әдебиетінде болмасын махаббат тақырыбымен байланысты туады. Және оның көркемдік тәсілінде реализм мен сентиментализм астасып жатады. Еуропа, орыс әдебиеттеріндегі әңгіме мен романның ортасындағы аралық жанрдың табиғаты осындай. Міне, осындай заңдылық «Бақытсыз Жамал» мен «Қалың малдан», «Қамар сұлу» мен «Шұғаның белгісінен» байқалды. Өз теңіне қосыла алмаған қыз, махаббаттан бақыт таппаған жан, жағымды, жағымсыз кейіпкерлердің бітіспес қайшылығы, сезім қанағаттанбаған жандардың күйзелісті халі, өмірдің басты мәні - махаббат ретінде асыра бейнелену - осылардың барлығы сентименталистік бояудың қалың екендігін айғақтайды. Аталған шығармалардағы реалистік шындықтың сентименталистік - сезімшілдік тұрғыдан суреттелуі - әдебиетіміздегі жаңалық еді. Көркемдік тұрғыдан алғанда мұндай жаңалық қазақ реализімінің біржақтылықтан шығып, тараулана бастағандығын да көрсетті.

Әдебиетімізде болған бірақ әдебиеттануымызда арнайы айтылмай жүрген әдеби ағымның бірі - сентиментализм. Жалпы, романтизм әдебиетінің тарихына зер салатын болсақ, бұл әдеби бағыттың әдеби-эстетикалық негіздерінің бірі - сентиментализм екендігін аңғарар едік. Қазақ әдебиетіндегі сентиментализм ағымының көрнекті өкілдерінің бірі - Мағжан. Ағартушылық реализм, сентиментализм, романтизм, символизм, реализм - міне, негізінен алғанда ақын поэзиясындағы көркемдіку әдістердің өзгеру жүйесі. Кейде романтизм кезеңі тұсында сентименталистік, реализм тұсындағы романтикалық шығармалары да кездеседі, дегенмен жоғарыдағыдай ауысу тәртібі мейлінше берік те жүйелі сақталған. Енді әдеби дамудың классикалық жолынан өткен, ағылшын, француз, неміс, орыс әдебиеттеріне зер салайық. Мерзімі жөнінен кейбір ауытқулар болғанымен классицизмнен соңғы бұл елдердің әдебиетіне ағартушылық дәуір, көркемдік тәсілі - ағартушылық реализм, оның артын ала сентиментализм, одан соң романтизм келеді екен. Аңдасақ, Мағжандағы көркемдік тәсілдердің ауысу тәртібі дәл осындай. Осы арада қазақ ақыны сыншыл реализмге барса керек еді, бәлкім барар ма еді де, төңкеріс дауылы көркемөнер тұрмақ туған халқының өмір сүру жағдайын, саяси-әлеуметтік эволюциясын бұзып жіберді. Кеңестік диктатура қазақ ақынының шығармашылығына пессимистік сарындағы символизмді әкелді. Логикалық жағынан ақталатын жағдай. Сентиментализмге оралайық. Бұл бағыт қазақ әдебиетіндегі Мағжанның ойлап тапқаны, я болмаса өзге ұлт ақындарынан алғаны емес және бір Мағжан поэзиясында ғана ұшырасқан біздің сол кездегі әдебиетіміз үшін шетін жайт емес. Қазақ қызының, қазақ кедейінің ауыр тағдыры мен тұрмысына елжіреп, аяушылық білдіру, яғни сентименталистік нышан алғашқы романдарға да тән. Жалпы халық өміріне қатысты саяси-қоғамдық ірі мәселелерді емес жеке адамның сезімін жоғары бағалау, кейіпкерлерді сезімшіл, кейде тіпті күйректік жоспарда алып бейнелеу - С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романынан өзге, «Шал алған қызға», «Түсімде көрген бір аяныш хал» т. б. өлеңдеріне және кейбір поэмаларына тән. Мүндай өлендер XX ғасыр басындағы бірқатар ақындарда кездеседі. Бізде әйел теңсіздігін айтуды тек сыншыл реализммен ғана байланыстыру орын алған. Сентиментализм өмір шындығынан алыс кететін бейнелеу әдісі емес. Сентиментализм де өмірде болған ақиқат болмысты суреттеп береді, өзге әдеби бағыттардан ерекшелігі - бұл әдіс жеке адамның сезімін биік қояды да, әрі адамның өзге қасиеттерінен гөрі соны алдыңғы қатарға шығарады. Өмірлік мақсат, адамның бақытты, я бақытсыз болуы сезім күшіне телінеді. Содан барып, кейіпкер сезімі өмірдің толқынына жолығып беті қайтқанда ол бақытсыздыққа душар болады. Сезімі қанағаттанбаған соң, өмірдің өзге қызығын мансұқ етеді. Тегінде, мұндай сентименталист кейіпкерлерде күрескерлік рух төмендеу болып, күйректікке салынады. Қоғамдық міндеттерден гөрі жеке бастың арман-мүддесіне құлай берілуден, сезімге ғана доминанттық мән беруден, өмірді біржақты бейнелеуге де салынып кетуден аулақ тұрмайды. Сондай-ақ сентиментализм адамның ішкі жан-дүниесінің сезім қырларын көрсетуде әдебиетке ілгерінді ықпал еткендігін атап өту ләзім.

Қазақ сөз өнеріндегі сентиментализмінің дені - қазақ қызының, қазақ әйелінің теңсіздік жағдайымен байланысты. Әйел теңсіздігі мәселесі, біздің төңкеріске дейінгі әдебиетімізден кең орын алатыны мәлім. Осы арада сыншыл реализм мен сентименталистік бейнелеу тәсілінің өзіндік айырым-белгілерін ажыратуға тиіспіз. Алғашқысында суреттейтін объектісінен тысырақ тұру, аяушылықтан, кейіпкер сезіміне елітуден гөрі сын асып түсіп жатады. Ал соңғысында кейіпкерінің ауыр халіне қоса берілу, тікелей субъективті қатынасты білдіру айрықша байқалады. Бұған және қосарымыз, әйелдің аянышты жағдайын бейнелеу сентиментализмде жалпы қоғамдық көрініс ретінде емес, тек сол берілген кейіпкердің жеке басымен шектеледі, яғни мұнда жинақтау мен типтендіруден де даралау басым келеді. Өмірлік фактілерді жинақтаушылық, типтендіру жағы сентиментализмге жете бермейді.

Осы жағынан келгенде романтикалық бейнелеу тәсілі де сентиментализмге өте жақын түр. Өмірден теперіш көрген жанға адами мейіріммен, аса бір сезімшіл жанашырлықпен қарау, өзгенің мұңына деген ортақтастық арқылы сентиментализм әдебиетке демократтық, халықтық элементтер үстемеледі. Жеке адамға деген осындай ықылас романтизмге де етене жақын. Жүрек күйін, сезім сырын айшықтаудағы сентиментализм жетістіктері өзінен соңғы романтизмге де дарыды. Міне, сентиментализмнің осындай негізгі қырлары романтизм эстетикасын әзірлеген алғышарттардың бастысы болды. Романтизм, реализм лирикасына тән сыршыл әуез, суреттеу объектісіне тікелей эмоционалдық қатынасын білдіру сентиментализм тұсында ұлғая түскен. Батыс Еуропа әдебиетіндегі бұл бағыт классицизмнің қатал нормаларына күрес ашса, оның біздің сөз өнерімізге де сіңірген еңбегі баршылық. Француз, ағылшын, неміс, орыс сентиментализмдері сынды ірі реформаторлық рөлі бола қоймағанмен, сезімшілдік мазмұн романтизм және реализммен бірге әдебиетімізді канондық, дидактикалық үлгілерден, оның жалпылық, абстрактілік жақтарынан жеке адамның өміріне жақындатты, яғни өмірдің суреті нақтылана түсті. Өзінің, әсіре сезімшілдігімен бейнелеп отырған кейіпкердің ішкі жан-дүниесін шынайы түрде көрсете алды. Бұл аз табыс емес еді.

Ұлт-азаттық кезеңіндегі ағартушылық реализмнің Ыбырай, Абай, Мәшһүр-Жүсіп, Шәкәрім ағартушылықтарынан түбірлі айырмасы - олардың ұлттық тәуелсіздікті аңсаған идеяларымен тікелей байланысты екендігіне тағы да мән бере отырып, олардың ағартушылығы «ісшілдіктен» (М. Әуезов) туғандығына назар саламыз. Ағартушылық реализм идеялары «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің өмірге келуімен де арналана түсті.

Реализмнің таза сыншылдық пен ағартушылыққа түсуі, сол бетте жүре беруі, ұлт әдебиетінің өсуіне тарлық етер еді. М. Әуезов романтизм әдебиеті туралы айта келіп: «Кейінгі ақындардың тағы бір міні - сыршыл еместігі. Һәркімнің жүрегінде бір жасырын сыр бар, жасырын тіл бар, жасырын күй бар. Ақынның ақындығы сол жасырын сырды тауып, жүректі тербетіп, қуантып, мұңайтып, жасырын күйдің шегін шертіп, һәрбір пернесіне тап басу. Ондай өлеңді оқығанда оқушының шері қозғалып, ой-көзі жүрегіне үңілетін бір әсер пайда болады» - дейді/1, 92/. Мұқаң бұл тұста тікелей айтпағанымен, реализмнің жадағай тұстарының ішкі сырға айналу керектігін меңзеп отыр. Адамның ішкі сырын бейнелеу, өмір шындығын субьективті ыңғайда беру белгілі бір көркемдікке жеткізерін кемеңгер қаламгер біледі һәм сезеді. Мұқаң қажет еткен бұл әдеби бағыттың басында кейінірек өзі ерекше бағалаған тұлға тұрды.

Әдебиетке тән шарттылық, қиял, болашақты аңсау, жаңаның кейпін сомдау сияқты көркемөнер үшін өрісті даму жолына беттеу үшін бұл әдебиетке романтика мен романтизм керек еді. Жаңалық жаспен емес, жастан келмек. Жаңа дәуірдің жаңа бетін Мағжан сияқты жас дарын ашты. Оның «Шолпан» жинағы ағартушылық, сыншылдық реализм жолында болғанымен, көп ұзамай Мағжан Абай салған бұл әдебиеттердің жолынан шығып, дара соқпақ бастады. Оның «Есімде . . . тек таң атсын» өлеңі мен «Батыр Баян» поэмасы аралығындағы шығармашылығының 8-9 жылы романтизм туы астында өтті. Бұл ұлы ақынның қазақ әдебиетіне аса көркем олжа салған кезеңі еді. Бұл кезеңді Мұхтар Әуезов жаңалық ретінде бағалап: «Ол жаңалық - жаңа басталып келе жатқан сезімшілдік, сыршылдық (романтизм) дәуірі. Бұрынғы ауызша әдебиеттен, одан бергі Абай заманынан бері қарай келе жатқан реализм сарыны көбінесе құрғақ ой, жадағай сөз (рассуждение) күйі осы күнде ішкі терең сезім, нәзік сыр күйінде айналып келеді . . . Бұдан басқа сезім жағына көбірек көз салған бірен-саран пьесаларда, соңғы жылдардың кішілеу әңгімелерінде бар. Жаңа басталып келе жатқан әдебиет дәуірінің бұл сияқты жұрнақтарында, көбінесе, құлаққа ілінетін күй - сезім күйі. Бұлардың ішінде тіршіліктің суреті, әңгімесі аз болса да, ішкі өмірдің сыры көп, адамды өз ішіне үңілетін мұң мен шердің сарыны бар», - деп жазады. Қандай да болмасын қозғалыстың романтикасы болмақ. Өйткені, қозғалыстың түпкі мақсаты - идеяны жүзеге асыру. Осы идеяның қасында сенім, сенімнен туған күрес, үміт, үміттен туған қиял бірге жүреді. Сондай-ақ, қозғалыстың өзін өмірге келтірген - бүгінгі қанағаттанбаудан туған ертеңге деген нық сенім мен үкілі үміт.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Модернизм эстетикасы
ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ әдебиетіндегі символизм сипаты
Сентиментализм
Кеңес дәуіріне дейінгі қазақ әдебиеті, 1920 - 1940 жылдар Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің алғашқы кезеңі
Әдеби ағымдар мен әдеби бағыттардың зерттелу тарихы
Араш әдебиетінің негізгі идеялары
ӘДЕБИЕТТАНУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы және кезеңдері
ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (тақырыптық, жанрлық және көркемдік)
Қазақ әдебиетіндегі Зар заман ағымы мен нәзирагөйлік дәстүр (ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басы)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz