Кәсіби саладағы конфликт жағдайындағы тұлғаның мінез-құлық моделдері жайлы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Кәсіби саладағы конфликт жағдайындағы тұлғаның мінез-құлық моделдері.
Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы үлкен мəселе екенін бір сөзбен жеткізіп айту өте қиын. Биологиялық тіршілік иесі ретінде өмірге келген адамның əлеуметке қосылып адам болып тұлғалануының негізінде жатқан нəрсе сөзсіз осы - тұлғаның кəсіби дамуының психологиялық ерекшеліктері екендігі еш дау тудырмаса керек.
Адамның эволюциялық даму жолында тек еңбек əрекеті ғана, яғни адамды адам еткен еңбек екенін көреміз. Осылайша, адам еңбек əрекеті арқылы қарадүрсін жабайы қоршаған ортаны игерілген, өңделген мəдени ортаға айналдырып өзгертті жəне өзі де өзгерді əрі мəдениленді. Осындай жасампаздық əрекеті арқасында адам қарапайым еңбек əрекетін күрделендірді əрі түрлендірді. Еңбек бөлінісіне байланысты орай болған күрделі еңбектен жеке-жеке кəсіп түрлері бөлініп шығып, кəсіппен айналысқан адамдар белгілі бір білімдерді игеріп, дағдылар қалыптастырып, тəжірибе жинақтап, шеберліліктерін шыңдап барып кəсіпке кіріскен.
Адамның тұлғалық дамуы мен кəсіби дамуы арақатынасы əрине бар. Ол қоршаған ортаға, адамдарға, материалдық жəне рухани мəдениет заттарына, отбасына жəне өз мамандығына деген жақсы қатынастардан байқалады. Сонымен, кəсіби дамудың негізгі ерекшеліктері - кəсіби байлықтар приоритеті, жұмысқа кірісіп кету, берілу.
Сондықтан да, қазіргі ғылымдағы кəсіпке дайындалу ұғымы, бір жағынан топтардың, таптардың, ұлттардың жалпы əлеуметтік жүйесінің құндылық стандарттарымен, екінші жағынан тұлғаның мотивациялық бағдарлауымен тығыз байланысты. Қоғамдағы маңызды құндылықтар интериоризациясы мінез-құлықтағы əлеуметтік нормативтерді игеру арқылы келеді. Құндылықтық бағдарлау қоғамдық маңызды істерде жəне мінез-құлықтарда пайда болатын сананың, мінез-құлықтың белгілі бір бағыттылығында өзін көрсетеді немесе өзі жөнінде мəлімет береді.
Индивидті, кəсіби жəне тұлғалық даму темптерінің сəйкес болуы дегеніміз адамдардың өзін-өзі еңбекке бейімдеуі жəне оны жүзеге асыруымен сипатталатын қатынас.
Жалпы айтқанда, адамның индивидті, тұлғалық жəне кəсіби дамуы оның индивидуалды өмірінде өзара əрекеттесіп, кəсіби өмір сценарийінің кең спектірін құрайды. Адамның шыңға жетуі тұлғалық кəсіби қалыптасуының əр кезеңдерінде орналасады
Кəсіби қалыптасу адам өмірінің ұзақ кезеңін қамтиды (35-40 жыл). Осы уақыт аралығында өмірлік жəне кəсіби жоспарлар өзгереді, əлеуметтік жағдайлар мен жетекші іс-əрекет ауысады, тұлға құрылымының қайта құрылуы жүреді. Осыған байланысты кəсіби қалыптасудың үздіксіз процесінде кезеңдердің бөліну критерийлері туралы сұрақ пайда болады.
Кəсіпқойлыққа дейін мамандықпен алғаш рет танысу кезеңі;
Кəсіпқойлық 3 кезеңнен тұрады: мамандыққа бейімделу, өзін-өзі таныту жəне шеберлілік түріндегі мамандықты еркін меңгеру;
Жоғары кəсіпқойлық 3 кезеңнен тұрады: шығармашылық түрде мамандықты еркін меңгеру, əр түрлі мамандықтармен шұғылдану, өзін-өзі тұлға ретінде өзіндік шығармашылық болжау жасау;
Кəсіпқой емес тұлғаның оқшаулануынан еңбектің кəсіби бүлінген нормалары арқылы орындалуы;
Кəсіпқойлықтан кейін кəсіби іс-əрекеттің аяқталуы.
Кəсіби қалыптасу процесіндегі іс-əрекет динамикасын Н.С. Глуханюк зерттеген. Оның айтуынша, кəсіпке дайындық, оған бейімделу, шеберлік т.б. кезеңдерде тұлға іс-əрекеті күрделене жəне кеңейе түседі. Ал, В.Д. Шадриков кəсіби мəнді сапа ретінде іс-əрекет тиімділігіне жəне меңгеру табыстылығына əсер ететін іс-əрекет субъектісінің индивидуалды сапаларын қарастырған .
Н.С. Пряжников кəсіби өзіндік анықталуды зерттей келе, оның келесі түрлерін бөліп қарастырған: нақты еңбек функциясы кезіндегі, нақты еңбек орнындағы, нақты мамандықтағы, нақты кəсіптегі, өмірлік, тұлғалық жəне тұлғаның мəдениеттегі анықталулары.
Л.М. Митина кəсіби іс-əрекет қалыптасуының екі моделін бөліп көрсетті.
Бейімдік (адаптивті) моделі - адам сана-сезімінде кəсіби еңбектің сыртқы жағдайларға тəуелді болу тенденциясы кəсіби міндеттер, ережелер, нормаларды шешу алгоритмдерінің орындалуы түрінде басым болады.
Кəсіби даму моделі - тұлғаның қалыптасқан практика шектерінен шығу, өз іс-əрекетін практикалық қалыптасу затына айналдыру жəне сол арқылы өзінің кəсіби мүмкіндіктерінің шектерін жеңе алу қабілеттіліктерімен сипатталады. Тұлғаны сана атрибуты ретінде қарастыратын болсақ, онда ол өзінің қажеттілігін бойындағы белсенділікпен көрсете алады. Бұл арада тұлға алдындағы құндылық пен сол құндылыққа жету мүмкіндігі орын алуы үшін тұлғаның ішкі рухани қабілеті жұмсалып, оның əрекеті белсенді сипатта болуы керектігін айтып кетсек болады. Əлбетте, белсенділік дара емес əлеумет, ұжым ішінде көрінеді. Сондықтан біз студенттердің де іс-əрекетін қоғамдық іс- əрекеттерден бөлу мүмкін еместігін, олармен қатар кəсіби, педагогикалық жəне т.б. іс-əрекеттердің жүретіні жайлы айтқымыз келеді. Л.С. Выготский бұл мəселені яғни, тұлғаны əлеуметтік орта мен қоғамнан бөліп қарастыру мүмкін еместігін қарастыра келе, психологияда дамудың əлеуметтік жағдайлары деген түсінікті енгізген. Оның айтуынша, тұлғаның дамуы индивидтің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіби саладағы конфликт жағдайындағы тұлғаның мінез-құлық моделдері
Кәсіби саладағы конфликт жағдайындағы тұлғаның мінез - құлық моделдері туралы
Психотерапиядағы арт-терапия
Мінез акцентуациясы және конфликтілік жағдай кезіндегі мінез - құлық ерекшеліктері
Жекелік айырмашылықтар ұғымы
Мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру
Оқытушы мен студент өзарақатынасындағы тұлғалық кедергілерді эксперименттік тұрғыда зерттеу
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АҒАРТУ ЖҰМЫСЫН ТӘЖІРИБЕДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Конфликт барысындағы этностық ерекшеліктер
Сабақ үстіндегі конфликттер
Пәндер