Ирак түріктерінің әдебиеті


Ирак түріктерінің әдебиеті
Иракта түріктердің ең кемінде екі мың жылдық тарихи тамыры бар. Иракты 1918 жылы ағылшындар басып алғанға дейін және 1926 жылы 5 маусым күні Мұсыл облысы түрәк әлемінен ажыратылғанға дейін мұнда түрік үстемдігі болған еді.
Иракта түріктердің ең кемінде мың жылдық тарихи тамыры бар. Ирак әдебиеті араб тілінде дамыған. Оның шарықтап дамыған дәуірі - орта ғасырлар. Ол кезде Бағдат шаїары мәдениеттің, ғылым мен әдебиеттің ортасы болған (қ. Бағдат) . Алайда, жиі-жиі болған соғыстардан халық есін жия алмай, Ирак әдебиеті құлдырап кетті. 19 ғ-да және 20 ғ-дың басында елде экономика дамып, ұлт-азаттық қозғалысының күшеюіне байланысты мәдени өмір де ілгері басты. Бұл кезде Абу әл-Мухсин әл-Казими (1865 - 1935), Жемәл Сидки әз-Захави (1863- 1936), Мааруф ар-Русафи (1875 - 1945), т. б. ақын-жазушылар өз шығармаларына ұлт бостандығы үшін күрес тақырыбын арқау етті. Әсіресе, ұлт-азаттық көтерілісі кезіндегі (1920) Махди әл-Басири, Мұхаммед әл-Бәкір әл-Хилли, Хейри әл-Хиндави, Хабиб Адиди, т. б. ақындар шығармалары осы тақырыпты терең қозғады. 20 ғ-дың 50-жылдары Ирак әдебиетінде орыс, Еуропа әдебиетінің ықпалымен прозалық шығармалар жазылып, роман жанры қалыптасты. Бірақ көпшілік романдарда схематизм басым болды. Елдегі 1958 жылғы төңкерістен кейін Ирак әдебиеті жан-жақты дами бастады. Солардың ішінен шығармалары халық арасына кең тараған Мұхаммед Махди әл-Джавахири, Бахр әл-Улюм, т. б. ақын-жазушылардың есімін атауға болады
Ирактағы түрік әдебиетін екі кезеңге бөліп қарастыруға болады:
- XX ғасырға дейінгі ортақ әдебиет;
- Жаңа дәуір әдебиеті.
XIV- XVI ғасырлар арасында қанат жайған ирак түріктерінің әдебиеті оғыз тобына енетін түрік халықтары әдебиетінің құрамдас бөлігі ретінде дамыды, Сондықтан бұл аймақта туып- өскен ақын жазушылардың өзге түрік елдеріндегі қаламдастарынан айтарлықтай ерекшелігі жоқ еді. Өйткені, олардың да еліктегені Османды түрік ақын- жазушылары болғандықтан, Стамбулда дүниеге келген әдеби ағымдар Ирак түріктеріне де өз әсерін тигізбей қоймайтыны анық еді.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін араб әлеміне жақындай түскен Иракта түрік әдебиеті өміршеңдігін танытты. Ақындар арасында әсіресе, Хижри деденің (1880-1952) жырлары халық ауыз әдебиетінің ерекшеліктерін бойына сіңіргендіктен ел аузында жатталып, таралды. Туркия еліндегі Ұлттық әдебиет ағымының әсерімен жыр жазған ақындар арасында Қыдыр Лүтфи (1880- 1959), Мехмет Садық (1886- 1967), Решит Акиф Хүрмүзлінің (1893-1973) аттарын атауға болады. Сондай-ақ, жылдардан кейін әйгілі болған Есат Наиб (1900-1993), Назым Рефик Кочак (1905- 1962), Тевфик Орхан (1905-1981) және Иззеттин Абди Бейатлы (1922-?) сияқты қарымды қалам иелері бар.
Ирак түріктерінің жас ақындары еркін ақ өлең түрәнде жазады. Бұл ағымның негізін қалаған ақындар Несрин Ербил (1934-?) мен Салах Неврес (1941-?) . Ал, Мұстафа Зияны (1959- ?) жас ақын жазушылар арасында ең танымалы деуге толық негіз бар.
Ирак түріктерінің әдебиетінде «хорият» деп аталатын жанрдың орны ерекше. Бұл салада танымал болған ақын-жазушылар қатарына Мұстафа Гөккая(1910-1983), Насух Безирган (1927-1990) және Мехмет Изет Хаттатты (1929-1991) жатқызуға болады. Сонымен қатар проза жанрында жемісті еңбек етіп жүрген қаламгерлер ретінде Абдулхеким Режиоғлы (1910-1975), Ихсан Васфи (1923-?), Ата Терзибашы (1924-2016), Рыфат Иолжы (1926-?), Али Марфуоғлы (1927-?), Хашим Қасым Салихи (1927-?), Ершат Хүрмүзлі (1943-?) әдебиет әлеміне үлес қосты.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейінгі Ирак түріктерінің басына түскен тауқыметті жылдарда көптеген ақын жазушылар Түркияға көшіп-келіп орнықты. Бұлардың арасында Хашим Нахит Ербил, Нежметтин Есин (1912-1987) Омар Өзтүрікмен (1929-?) сияқты танымал қаламгерлер бар.
Ирак түріктерінің ең танымал ақын-жазушылары ретінде Ата Терзибашы, Мұстафа Гөккая және Несрин Ебрилдің аттарын атауға болады.
Ата Терзибашы(1924- 2016) - Керкүк қаласында дүниеге келген, Бағдат университетінің құқықтану факльтетін бәтәрген заңгер қаламгер түрік тілі мен әдебиетінің айтулы маманы атанды.
Мұстафа Гөккая(1910-1983) - халық ақыны. Керкүк қаласында дүниеге келген ақын өздігінен оқып, хат таныған. Жастайынан халық әдебиетінің бай мұрасын тыңдап өсті. Сондықтан болар, өлеңдері халық жырларымен әсерлі жазылған. «Жаралы Керкүк» атты жыр кітабы бар.
Несрин Ербил (1934-?) - Ербил қаласында дүниеге келген. Араб, парсы, ағылшын және неміс тілдерін жақсы меңгерген. Терең білім алған ақын өз ұлтының шынайы жанашыры бола білді. Сондықтан, ақын жырлары негізінен ұлттық, патриоттық сезіммен жазылған.
Ата Терзибашы - Ирак түріктерінің әдебиетінің өкілі, ақын. (1924- 2016) - Иракта Керкүк қаласында Бұлақ ауданында дүниеге келген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz