Білім беру процесінің сатылары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Білім беру процесінің сатылары

Оқыту процесі - тәлім -тәрбиелік қарым-қатынастарды ұйымдастырудың тәсілі. Оқыту процесін ұйымдастыратын педагог. Оқыту процесі -бірнеше элементтен құрылатын жүйе. Педагогикалық процестің үш құрылымы болады: педагогикалық, әдістемелік, психологиялық.

Педагогикалық процесің педагогикалық құрылымы: мақсат - принциптер -мазмұн -әдістер -құралдар- түрлер.

Мақсат -ұстаз бен шәкірт арасындағы педагогикалық қатынастардың нәтижесі. Принциптер мақсатқа жету жолдарын анықтайды. Мазмұн - мақсатқа жету жолында оқушыларға берілетін тұлғалар тәжірибесінің бөлігі. Әдістер-мұғалім мен оқушының мазмұнды жетілдіру -қабылдауға арналған іс-әрекеттері. Құралдар - мазмұнмен жұмыс жасайтын материалдық тәсілдер мен әдістер.

Педагогикалық процестің әдістемелік жүйесін жасау үшін мақсат бірнеше міндеттерге бөлінеді. Әрбір міндет ұстаз бен шәкірт іс -әрекеттерінің кезеңдерін анықтайды. Мысалы, сабақтың әдістемелік құрылымы: сабаққа дайындалу, сабақты өткізу, сабақты талдау; экскурсияның әдістемелік құрылымы: дайындық, керекті жерге бару, бақылау, көргенді бекіту, нәтижелі талдау.

Педагогикалық процестің психологиялық құрылымы: танымдық процестер (қабылдау, ойлау, есте сақату, ақпарат сіңіру), оқуға қызығушылық (оқуға қызығуды, қабілетті, ынтаны айқындау), қуат (көтеріңкі не түсіңкі дене мен жан күш-қуаты, белсенділік, еңбекқорлық не шаршау динамикасы) .

Оқытудың мазмұны. Жас ұрпақты ғылымның жетістіктерін меңгеруді, білімдерін дамытуды міндеттейді. 3. Оқыту формалары мен тәсілдері. Оқыту мазмұнын қандай амал-тәсілдермен, нақтылы практикалық жолдармен меңгеруді баяндайды. 4. Оқыту нәтижесін талдау және бағалау. Мұғалімнің және оқушының оқу әрекетінің құрылымын бірлесе отыра сараптама жұмыстарын жүргізуі, оқушылардың оқу әрекетінің сапасына көзқарасын білдіріп, бағалап және білім деңгейін тексеріп отыруы. Оқушылардың өзін-өзі қадағалап, тексеріп отыруы.

Мектеп тарихының бастапқы кезеңінен оқыту, білімдер жүйесін оқушылардың меңгеруі белгілі бір дидактикалық буындардан немесе кезеңдерден тұрады:

  • Оқушыға берілетін білім мақсаты мен қажетін түсіндіру және оларды әрекетке бағыттайтын мотивтерді туғызу. Осыған орай оқу міндеттерін (тапсырмаларды) анықтау.
  • Оқушыға жаңа берілетін білімді баяндау және оны қабылдауға жағдай туғызуы.
  • Оқушының білімді қабылдауы және оның санасында жаңа білімнің қорытылып, ғылыми ұғымдар мен тұжырымдардың қалыптасуына мүмкіндік беру.
  • Берілген білімді бекітуге басшылық ету.
  • Білімді практикада қолдануға қаракет ету.
  • Оқушының білімі мен дағдысының сапасы және деңгейін есепке алу, тексеру және бағалау.
  • Жаңа оқу материалын танымдық қабылдау

Оқушының білімді меңгеруі жаңа оқу материалын қабылдаудан басталады. Қабылдау - адамға тікелей әсер ететін заттардың немесе құбылыстардың адам санасында бейнелеу процесі. Сабақ үстінде оқушылардың жаңа материалмен танысуы түйсіктен және қабылдаудан басталады. Ал түйсік сананың сыртқы әлемімен байланысты. Сезім мүшелерімізге әсер етіп, оның миымызда бейнелеуін түйсік деп атайды.

Білімді жан-жақты меңгеру және түсіну үшін оқу материалын қабылдау -бақылау жеткіліксіз. Одан әрі оқушылар қорытындылар жасауға тиіс. Бұл оқушылардың білім мазмұнын жете түсініп, ұғынуы және белсенді де терең ойлау әрекетінің нәтижесінде ғана жүзеге асады.

Ұғыну - бұл саналы түрде ғылыми білімді, заңдылықтарды ұғу, фактілерді жинақтау процесі, қорытынды шығару. Ұғыну процесінде оқылатын материал терең ойластырылады, дәлелденіледі және бекітіледі.

Ұғым, қарапайым және ғылыми ұғым болып екіге бөлінеді. Қарапайым ұғым дегеніміз баланың оқудан емес, өмірден көріп - білгендерінен туатын әртүрлі құбылыстар жөніндегі түсінігі. Ғылыми ұғымдар тек оқыту процесінде жинақталатын мәліметтер, қағидалар мен құбылыстар туралы білім, түсінік.

Ұғымның қалыптасуы -өте күрделі процесс, ол - оқушылардан белгілі ойлау амалдарын қолдануды талап етеді. Ойлау - талдау /анализ/, синтез, дерексіздендіру /абстракция/, жалпылау сияқты операциялардан тұрады.

Білімді жан-жақты меңгеру, оны практикада қолдануды қажет етеді. Білім мен дағдының сапасы мен нәтижесінің көрсеткіші практика. Егер оқушы білімді практикада қолдана алмаса, бұл оның білімді үстірт қабылдағанынан, жете түсінбегенінен болады. Білімді практикада қолданудың оқу процесінде екі түрі жиі кездеседі. Бірінші -білімді жаңа материалды ұғыну үстінде қолдану, екіншісі - жаңа оқу міндеттерін шешу үстінде қолдану. Бұл кезде оқушы бұрын алған білімін жаңа мәселелерді шешуге байланыстырып, өздігінен әрекет жасай алады.

Білім мен дағды оқыту процесінде түрлі практикалық және лабораториялық жұмыстарда кеңінен қолданылады. Мұндай жағдайда оқушылар өздігінен бақылау, тәжірибе жасау, іздену әрекеттеріне негізделген жұмыстарды орындайды.

Оқушылардың білімі мен дағдысын тексеру, оны талдау және бағалау. Оқыту процесінде бұл жұмыс өз алдына дербес практикалық буын болып табылады және оқытудың әрбір кезеңінің құрамынан да орын алады.

Оқытудың білім алудағы жетістіктерін, табыстарын және мүмкіндіктерін талдап, айтып берудің және оны бағалаудың маңызы ерекше. Мұғалім мен оқушы үшін мұндай жұмыс, кибернетикалық тілмен айтқанда кері байланыс болып табылады. Мұны мұғалім оқытудың әрбір кезеңінде: жаңа білімді қабылдау, оны ұғыну, бекіту, практикада қолдану кездерінде іске асырады. Сонымен қатар бұл жұмыс оқыту процесінің белгілі кезеңіндегі /тоқсан және жыл аяғында/ дербес буын ретінде де қолданылады.

Бағаны дұрыс қоюдың оқушылар үшін тәрбиелік маңызы ерекше: ол - оқуға деген стимул, мотив функцияларын атқаруы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттың басқару тиімділігіне әсері
Құқық шығармашылығы туралы
Құқық шығармашылығының қағидалары
Қазақстанда заң шығару бастамашылығы институтының дамуы және жетілдірілуі
Химия мамандығы бойынша phd докторантураға түсушілерге арналған материал
Педагогикалық менеджмент субъекті қызметінің мақсаты
Заң шығару процесі: түсінігі,негізі және сатылары
Экономикадағы ғылыми зерттеудің әдістері туралы
Өзін –өзі тану тұлғаның өзін өзі жүзеге асыруының шарты ретінде
Педагогика мамандығына жалпы сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz