Азаматтық-құқықтық қатынастарды реттейтін құжаттар: қолхат, кепілхат және сенімхат


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар.

Қолхат, Кепіл хат, Сенім хат

Қолхат - белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алыс-берісін куәландыратын, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі. Құжаттың бұл түрлері міндетті түрде мөрмен бекітіліп, құқықтық сипатқа ие болады.

Қолхат- белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) уақытша алынғанын куәландыратын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып берілуін міндеттейтін, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжат түрі. Бұл бағасы төмен құндылықтарды уақытша пайдалану жағдайында рәсімделеді. Сондықтан қолхат негізінен мекемеішілік қатынастарда жиі қолданылады.

Қолхаттың мазмұндық- құрылымдық жүйесі:

  • құжаттың аты;
  • қолхат беруші туралы толық мәлімет ( аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі)
  • қолхат алушы туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен- жайы, жеке куәлік нөмірі)
  • алынған заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі
  • қайтарылатын нақты уақыты
  • қайтара алмаған жағдайдағы шарты;
  • қолхат жазылған күн;
  • тараптардың қолы;
  • мекеме мөрі .

Сонымен, қолхат құқықта жазбаша дәлелдің бір түрі ретінде қолданылады. Құжаттың аты айтып тұрғандай ол жеке адамның өз қолымен жазылады. Қолхатқа мекеме не ұйым жауап бермейді. Қолхатта ақша көлемі санмен, сосын сөзбен жазылып көрсетіледі.

Кепілхат (ағылш. mortgage) - тұлғаның өз борышы үшін жерді, ғимаратты немесе оған тиесілі басқа бір мүлікті, кепілге салуға келіскендігін қуаттайтын және борыш қайтарылмаған жағдайда несиегерге кепілге салынған мүлікті иелену құқығын беретін заңды құжат. Кепілхат борышкермен есеп айырысқан сәтке дейін, несиегердің колында болады, есеп айырысқаннан кейін кепілхат жойылады.

Кепілхатта кепіл зат азаматтық құқықта міндеттемелердің орындалуын қамсыздандыру тәсілі, несиегердің қамсыздандырылған кепілмен қанағат табуы. Борышкер міндеттемені орындамаған жағдайда бұл міндеттеме кепілге берілген мүліктің есебінен өтеледі. Бай материалдық құндылықтарды кепілге тек олардың меншіктенушілері ғана қоя алады.

Сенімхат - сенім білдірілген тұлғаға сенім білдіруші атынан қандай да бір іс-әрекетті жүзеге асыруға құқық беретін құжат. Сенімхат нақты бір мәселені бір тұлғамен шешу мақсатында беріледі. Сенімхат екі түрлі болады: мекеме атынан берілетін ресми сенімхаттар және жеке тұлға атынан берілетін сенімхаттар. Сенімхат бір дана етіп дайындалады.

Сенімхаттар белгілі бір мерзімге беріледі. Егер оның мерзімі көрсетілмесе, берілген күннен бастап бір жылға дейін өз күшін сақтайды. Сенімхаттың жарамдылық мерзімі қолмен жазылады. Сенімхаттар нотариалдық кеңседе куландырылады. Ондай кеңседе сенім білдірушінің жеке басы анықталады, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексеріледі.

Мекеме атынан берілетін ресми сенімхаттар - мекеме өкіліне сол мекеме атынан мәміле жасауға, материалдық құндылықтар мен ақша алуға немесе басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асыруға беріледі. Мұндай сенімхаттар мекеме бланкісіне рәсімделеді.

Жеке сенімхаттар жеке тұлға атынан беріледі. Онда сенім білдіруші сенім білдірілген тұлғаға өзінің орнына қызмет атқаруына құқық береді. Мұндай сенімхаттар типтік үлгіде жазылады.

Жеке сенімхат мынадай жағдайларда беріледі:

  • Жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, хат-хабар, құжаттар алуға;
  • Өтініш жазуға, қол қоюға;
  • Пәтер сатуға және сатып алуға;
  • Пәтерді жеке адамдарға жалға беруге;
  • Автокөлік жүргізуге;
  • Банктегі есепшоттарды пайдалануға;
  • Барлық мекемелерде іс жүргізуге;
  • Сот мекемелерінде оның өкілі болуға т. б.

Сенімхаттың жарамдылық мерзімі:

  • Төлемақы алу үшін сенімхат жарамдылығы - 3 ай;
  • Мүлікті пайдалану үшін берілетін сенімхаттың жарамдылығы - 3 жыл.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар: сенімхат пен қолхаттың анықтамасы, құрылымы және үлгілері
Азаматтық қарым-қатынастардағы іс қағаздары: қолхат, кепілхат, шарт және сенімхат
Сенімхат, қолхат және кепілхат: анықтамасы, құрылымы және құқықтық мәртебесі
Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар: түрлері, мазмұны және үлгілері
Қолхат пен кепілхат: құқықтық сипаттамасы, түрлері және айырмашылықтары
Арыз, сенімхат және қолхат: жеке құжаттардың құрылымы мен рәсімдік талаптары
Азаматтық құқықта сенімхат: ұғымы, түрлері және құқықтық әсері
Өкілдік пен сенімхат: азаматтық-құқықтық негіздері мен түрлері
Өкілдік пен сенімхат: азаматтық-құқықтық негіздері, түрлері және рәсімделуі
Сенімхат пен өкілдік институтының теориялық негіздері және азаматтық-құқықтық реттелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz