М. Жұмабаевтың Шолпанның күнәсі әңгімесіндегі ішкі монологтың көркемдік қызметі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
М. Жұмабаевтың Шолпанның күнәсі әңгімесіндегі ішкі монологтың көркемдік қызметін айқындаңыз
Мағжан Жұмабаев өзінің жазушылық, суреткерлік шеберлігін осы бір әңгімесінен-ақ айқын көрсете білді. Әйел тағдыры - қазақ әдебиетіндегі ең бір тамырлы, бұрыннан мол жырланып келе жатқан тақырып. Ескі ауылдың моральдік-әлеуметтік бейнесін, салт-сана ерекшелігін айқындаушы күрделі құбылыстың бәрі де осы әйелге көзқарас, әйел тағдыры арқылы өрбиді. М.Жұмабаев әйел басындағы қым-қуыт тіршілік құбылыстарын жүрегімен сезініп, түйсінеді. Әңгімені дамытушы - сезім күші мен ой ағымы. "Шолпанның күнәсі" әңгімесіне өзінше нәр, сыр бере түсуі ақын сезімінің, түсінігінің тереңдігінен. Шолпан образын ерекше бір сарын, тебіреніспен әкеліп енгізудің өзі жаңалық.
Әңгіменің бас кейіпкері Шолпан - әртүрлі сыртқы жағдайлардың және ішкі толқыныстардың нәтижесінде үнемі өзгеріп, дамып отыратын бейне. Шолпан - қасірет жамылған қайғылы әйел. Өзінің бақыты үшін күнделікті өмірін тәрк етіп, тәуекелге бел байлаған қайсар әйел. Шолпан, Сәрсенбай, Әзімбай араларындағы байланыста реалистік шындық, психологиялық сенім жақсы бейнеленген. Шолпанның күнәсі - Сәрсенбайды шынайы сүйгендігі. Шолпанды күнәлі әрекетке итермелеген оның Сәрсенбайға деген махаббаты еді. Егер де Сәрсенбай Шолпанмен ашылып сөйлесіп, сырласып, жанына жақын тартқанда, мүмкін Шолпан ондай әрекетке бармас еді. Шолпан бала зарын бір өзі тартып, жоқты бір өзі іздеуге мәжбүр болады. Шолпан өзіне-өзі сауал қойып, сол қойылған сауалдарға өзі жауап іздейді. Сәрсенбай Шолпанға: "Мен сенен бала сұрадым ба?", - дейді. Шолпан не үшін Әзімбайды таңдады? Шолпан не себепті Сәрсенбайға іштегі сырын айтпады? Осы сынды сауалдарға жауап іздеу барысында біз Шолпанды күнәлі әрекетке итермелеген Сәрсенбай екендігіне көз жеткіземіз.
Шолпанның күнәсі әңгімесі 1923 жылы Шолпан журналының № 4, 5, 6, 7, 8 сандарында жарияланған. Шағын әңгімеде ой көп, үлкен проблема бар. Шолпан - жасандылықтан ада, риясыз шындықпен бейнеленген образ.
Әңгіме сол кездің жалаң үгіті мен насихатына еш мойын бұрмаған, шағын жанрдың нағыз көркем үлгісін көрсететін шығарма. Әсіресе Мағжанның адам жанының психологиялық қатпарларын шынайы ашып берген, нәрі мол, қуаты күшті, айшықты жазылған Шолпанның күнәсі әңгімесі қазақ прозасына жаңа бағыт сілтегендей болып еді. Бірақ жазушылырдың көбі ол жолды таңдап алған жоқ. Мұхтар мен Жүсіпбек қана өз шығармаларында Шолпанның күнәсіндегі терең психологизмді жалғастыра білді.
Бұл түйін пікір де Мағжан Жұмабайұлы әңгімесінің биік талғаммен жазылғандығын дәлелдей түседі. Бала үшін бақытын құрбан еткен келіншектің ішкі рухани дүниесі оқырманның көз алдына ап-айқын елестейді.
Автор Шолпанның күнәсі әңгімесінде шығармашылық еркіндікке жекеленген әйел образы арқылы, оның мінез-құлқын, табиғатын зерттеу, танып-білу арқылы әйелдің адами-пенделік сезім арпалыстарын кеңінен қамти жазу арқылы барды. Әңгімеде бір Шолпанның болмыс-бітімін ашу арқылы жалпы әйел затының жан сезіміне терең шолу бар, сонымен бірге адамның тіршілік иесі ретіндегі жан сырын аршып, сол арқылы барша әйелдің басында кездесетін мінезді, табиғатты зерттеуге ұмтылу бар.
Шолпанның күнәсі әңгімесі жанры жағынан бұл - психологиялық әңгіме. Жан әлемінің құпия сырларын саралайды. Әңгіменің бас кейіпкері Шолпан - әр түрлі сыртқы жағдайлардың және ішкі толқыныстардың нәтижесінде үнемі өзгеріп, үрдіс дамып отыратын характер. Жазушы сол өзгерістерді жан диалектикасын жіті қадағалау жолымен көрсетеді. Осының арқасында бала көру сияқты қарапайым тақырып биік адамгершілік өреге көтеріліп, адамның құлықтылығы, бас бостандығы проблемаларына ойысады
Көркем әдебиеттегі психологизм табиғаты - ғылыми, әдеби мәні мол күрделі мәселе. Әлеуметтік талдаудың үш түрлі мәнін ашып айтатын А.Иезуитов: Біріншіден, психологизм сөз өнерінің тектік белгісі, ажырамас қасиеті, көркемдік кепілі есебінде көрінеді, -- деп, мәселенің ең түйінді тұсын жіті пайымдайды. Көркем шығармадағы өмір шындығының ең жоғарғы деңгейі психология заңдылықтарымен сабақтас. Қаһарманның рухани әлемін, жан сырын жеткізу амал-тәсілдерінің жиынтығы немесе идеялық-эстетикалық, шығармашылық феномен - психологизм.
Сонымен қатар психологизм көркем шығарманың ұлылығын таныту үшін маңызды қызмет атқарады. Бұл жайлы зерттеуші Б. Майтанов: Психологизмнің негізгі қызметі - өмірлік шындық пен көркемдік шындықтың жанды тамырластығын сақтау. Бұл ретте осы құбылыстың ішкі салалары есебінде даралау мен жинақтау, ұлттық, жалпыхалықтық, дерек пен қиялдап қосу, автор бейнесі, шығарманың заттық құрылымы іспетті түрлі мәселелердің өзара ықпал, әсері мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркем прозадағы психологиялық талдау
Көркем прозадағы психологиялық талдау жайлы
Монолог және оның түрлері, функционалдық, стилистикалық қызметі
«Қазақ прозасындағы этно-фольклорлық сарындар сипаты»
Ішкі монолог
Шығарма тілін лингвистикалық талдаудың сипаты
20-30 жылдар прозасындағы астарлы мағына және құпия сырлар
Қазақ прозасындағы фольклорлық сарындар
Жұмабаев Мағжанның тілдік тұлғасы
Жанры жағынан Шолпанның күнәсі - психологиялық әңгіме
Пәндер