Хабарландыру – мекемелердің, ұйымдардың атынан оның мүшелеріне алдағы болатын іс-шаралар туралы хабарлап жеткізетін құжат түрі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Хабарландыру - мекемелердің, ұйымдардың атынан оның мүшелеріне алдағы болатын іс-шаралар туралы хабарлап жеткізетін құжат түрі.

Мұнда хабарланып отырған мәселенің (жиналыс, мәжіліс, кездесу т. б. жайлар) айы, күні, болатын уақыты мен орны көрсетіледі. Соңынан хабарландырушы мекеменің, ұйымның аты қойылады. Хабарланатын мәселенің мазмұны мен мақсатына қарай хабарландыру түрлі-түрлі көлемімен, көркемделуімен ерекшеленеді.

Қазіргі нарық заманында баспасөз беттерінде жұмысқа шақыру, бос қызмет орындарына конкурс жариялау үшін де хабарландырулар жарияланады. Хабарландыруларда қызметке алынатын кандидатураға қойылатын талаптар мейлінше тұжырымды, нақты жазылады.

Хабарландыру түрлері мен ерекшеліктері:

1. Мәжіліс, жиналыстарға хабарландыруда - Күн тәртібі толық.

2. Мәдени шараларға хабарландыруда - Бағдарламасы ұсынылады.

3. Тендерге хабарландыруда - Шарттары ұсынылады.

4. Вакансияға хабарландыруда - жұмыс орнына тиісті талаптар.

Хабарландыру!

14 сәуір күні, сағат 15. 00-де Жаратылыстану-гуманитарлық институтының ұйымдастыруымен «ҚБТУ көктемі шақырады» атты фестиваль өткізіледі. Келемін деушілерге есік ашық. Бағдарламада:

1. Қаржы-экономика факультеті деканының құттықтау сөзі.

2. Көркемөнерпаздар өнер көрсетеді.

Хабарландыру

2011 жылдың 28-ші маусымда сағат 18:00 - де А. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы - техникалық колледжінің акт залында «Көңілділер мен тапқырлар» атты сайысы өтеді.

Келем деушілерге есік ашық.

Жарнама, реклама (франц. reclame, лат. reclamo - жар саламын) - тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу. Жарнама көпшілік ақпарат құралдары (теледидар, радио, газет, Интернет, проспектілер, плакаттар, т. б. ) арқылы жүзеге асырылатын коммуникацияның ақылы түрі болып табылады. Кез келген Жарнама хабарламалық, болмаса назар аудартушылық сипатымен ерекшеленді.

Жарнама - тауарларға сұранымды қалыптастырып, ұлғайту мақсатында олардың қасиеттері мен көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты тиімді бағытта тарату

Тұтынушыға жарнама әр түрлі құралдар арқылы жетеді. Жарнама түрлерін былайша жіктеуге болады:

Мақсаттық белгіленуіне қарай:

- тауарлар мен қызметтер жарнамасы;

- идея-ойлар жарнамасы;

- пайда алу үшін бағытталған коммерциялық жарнама;

- пайда алуды көздемейтін коммерциялық емес жарнама

Практикалық мақсаттар үшін ең ыңғайлысы - өткізу арналары арқылы жарнаманы жіктеу.

Баспа жарнамасы - ол тек көріп, қабылдауға арналған жарнамалық-каталогтық басылымдар (каталог, проспект, буклет, плакат, листовкалар) және жарнамалық-сыйлықтық басылымдар (үстелге қоятын және қабырғаға ілінетін фирмалық күнтізбелер, іс күнделіктері, жазу кітапшалары, қалта күнтізбелері, т. б. жатады) . Баспа жарнамасының мақсаты-болашақ сатып алушыларды жарнамаланған фирма тауарларымен толық таныстыру.

Баспасөздегі жарнама. Бұл - хабарландыру және шолу-жарнама жарияланымдары сипатында баспасөзде жарияланған әр түрлі жарнамалық материалдар (мақалалар, репортаж, шолу т. б. ) . Басылымның маңыздылығы оның кезеңділігіне, жарнаманың осы басылымдағы орнына және көлеміне байланысты болады.

Радиожарнама. Негізгі түрлері - радиохабарландырулар, радиожурналдар, радиорепортаждар, радиороликтер.

Тележарнама. Ең танымал түрлері: телеролик, телехабарландыру, жарнамалық бағдарламалар, бағдарлама арасындағы телезаставкалар.

Аудиовизуалды жарнама. Бұл - жарнамалық роликтер, жарнамалық-техникалық фильмдер, жарнамалық-беделді фильмдер, бейне фильмдер және слайдтар.

Сыртқы жарнама. Бұл - көру сезімі арқылы қабылданатын жарнама. Негізінен бұл жарнама тұтыну тауарлары үшін қолданылады. Қалың көпшілікке арналған. Оның түрлері: жарнамалық тақталар, афишалар, транспаранттар, түрлі-түсті жазбалар, билбордтар, экрандар, дүкендер сөресі, фирмалық жазулар.

Көліктегі жарнама. Бұл - автобус, троллейбус және тағы басқа көлік түріне орналастырылатын жарнамалық мәліметтер, хабарландырулар.

Тікелей пошталық жарнама - жарнамалық хабарларды тұтынушы мекен-жайына жарнама хаттар немесе хабарландыру-ақпараттық материалдардың басылымдары ретінде жіберу.

Жарнама сувенирлері - фирма қызметін таныту үшін қолданылатын фирмалық сувенирлер, сериялық сувенирлік заттар, сыйлықтар, фирмалық орамалар.

Компьютерлендірілген жарнама. Жарнаманың бұл түрі шетелде жақсы дамыған. Ол компьютерлендірілген ақпарат және кабельді теледидар арқылы жүргізілетін жарнама.

Интернет арқылы жарнама. Өзінің жеделдігіне, қайталануына және таратылуының ауқымдылығына байланысты баспасөздегі жарнаманың ең тиімді құралы болып табылады.

Жалпылама сұраныстағы тауарлар мен қызметтер үшін радио және тележарнама тиімді болып табылады.

Тележарнама - жарнаманың ең қымбат түрі және оның бағасы әр кезде өсіп отырады.

Жарнама тәсілінің ең қарапайым түрі - жарнама хабарларын поштамен тарату.

Хабарландыру!

15 желтоқсан 2017 жылы университетіміздің мәжіліс залында сағат 16. 00-де Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік - тұғырым» аттым мерекелік кеш өткізіледі.

Келем деушілерге есәк ашық

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түйіндеменің өмірбаяннан айырмашылығы
Қылмыстық іс жүргізу құжаттарын толтыру
Қазақ тіліндегі ресми іс-қағаздары
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл
Мемлекеттік тілде іс - қағаздар жүргізу ережелері
Құжаттарды тіркеу
Мемлекеттік тілде іс жүргізу пәнінен студенттерге арналған оқу құралы
Іскерлік хаттарды аудару кезінде қолданылатын әдіс-тәсілдерді анықтау, ерекшеліктерін сараптамалау
ҚР банктерді қайта құру және тарату
Мемлекеттік тілде іс жүргізу: Оқу құралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz