Морфологиялық талдау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Морфологиялық талдау

  1. Сақадаайсайланған қырық жігіт маңдайды батысқа қойды да, төскейді үзеңгіге ала жүріп кетті.
  • Сақадай-сақадеректі, жалпы, дара зат есім, -дай-сын есім тудырушы жұрнақ.
  • сайланған -сай-сапалық сын есім, -лан -өздік етіс жұрнағы,

-ған- есімше жұрнағы;

  • қырық -есептік дара сан есім;
  • жігіт-дара, деректі, жалпы зат есім;
  • майдайды -маңдай-дара, деректі, жалпы зат есім, -ды-табыс септік жалғауы;
  • батысқа- батыс-мекен үстеуі, -қа-барыс септік жалғауы;
  • қойды-қой-негізгі етістік, -ды-жедел өткен шақ жұрнағы.
  • да-ыңғайластық мәндегі жалғаулық шылау;
  • төскейді-төскей-жалпы, дара зат есім, ді-табыс септік жалғауы;
  • үзеңгіге --үзеңгі-деректі, жалпы дара зат есім, -ге-барыс септік жалғауы;
  • ала жүріп кетті -күрделі жедел өткен шақ формасындағы етістік, ал-негізгі етістік-а-көсемше жұрнағы, жүр-қалып етістігі, -іп-көсемше жұрнағыкет-негізгі етістік, ті-жіктік жалғауының ІІІ жағы.
  1. Ертеңіне жат иістер шықты, алыстан әлдеқандай дабырлаған дауыстар естілді.
  • Ертеңіне -ертең-мезгіл үстеуі--і-тәуелдік жалғаудың жекеше түрінің ІІІ жағы, -не-барыс септік жалғауы;
  • жат-негізгі, сапалық, дара сын есім.
  • иістер-иіс-негізгі, дара, дерексіз, жалпы зат есім, -тер-көптік жалғауы;
  • шықты -шық- негізгі етістік, -ты- жедел өткен шақтың жұрнағы;
  • алыстан -алыс- негізгі, дара, сапалық сын есім, -тан- шығыс септік жалғауы;
  • әлдеқандай-бірігу арқылы жасалған күрделі белгісіздік есімдігі;
  • дабырлаған-дабыр- еліктеуіш сөз, -лаған-сын есім тудырушы жұрнақ;
  • дауыстар- дауыс- негізгі, жалпы, дерексіз, дара зат есім, -тар- көптік жалғауы;
  • естілді- есту- негізгі дара етістік, -іл- ырықсыз етіс жұрнағы, -ді- жедел өткен шақ жұрнағы.
  1. Қыздың маңдайынан сипады да, толқындай қара шашынан бір сүйіп, өз жөнімен кете берді.
  • Қыздың- қыз-неізгі, жалпы, деректі, дара зат есім, -дың-ілік септігінің жалғауы;
  • маңдайынан -маңдай-негізгі, жалпы, деректі, даразат есім, ы-тәуелдік жалғауының жекеше түрі, ІІІ жағы, -нан-шығыс септік жалғауы;
  • сипады -сипа- негізгі етістік, -ды-жедел өткен шақ жұрнағы;
  • да-ыңғайластық мәндегі жалғаулық шылау.
  • Толқындай -толқын-негізгі, дара, жалпы деректі зат есім, -дай-сын есім тудырушы жұрнақ.
  • қара-негізгі, сапалық, дара сын есім;
  • шашынан -шаш- негізгі, дара, жалпы, деректі зат есім, -ы-тәуелдік жалғауының жекеше түрі, ІІІ жағы, -нан- шығыс септік жалғауы;
  • бір-есептік, дара сан есім;
  • сүйіп-сүй- негізгі, дара етістік, -іп- көсемше;
  • өз -өздік есімдігі;
  • жөнімен -жөн- дерексіз дара, негізгі зат есім, -і-тәуелдік жалғауының жекеше түрі, ІІІ жағы, -мен- көмектес септік жалғауы.
  • кете берді- күрделі етістік, -кет-негізгі етістік, -е-көсемше жұрнағы, бер- негізгі, дара етістік, -ді- жедел өткен шақ жұрнағы.
  1. Қорқып тұрған атты алқымынан алды да, омбы қардан шығармай жығып алды.
  • Қорқып тұрған- негізгі, күрделі етістік, қорқу-негізі етістік,

-ып- көсемше жұрнағы, тұр- қалып етістігі , - ған- есімше жұрнағы;

  • атты-ат- негізгі, дара, жалпы, деректі зат есім, -ты- табыс септігінің жалғауы;
  • алқымынан -алқым- негізгі, дара, жалпы, деректі зат есім, -ы-тәуелдік жалғауының жекеше түрі, ІІІ жағы, -нан- шығыс септігінің жалғауы,
  • алды-ал- негізгі дара етістік, ды- жедел өткен шақ жұрнағы;
  • да-ыңғайластық мәндегі жалғаулық шылау;
  • омбы -сапалық, дара сын есім;
  • қардан -қар - негізгі, дара, жалпы, деректі зат есім, -дан- шығыс септік жалғауы;
  • шығармай -шық -негізгі етістік, -ар- есімше жұрнағы; -ма- болымсыз етістік жұрнағы, -й- көсемше жұрнағы;
  • жығып алды-күрделі етістік; жық- негізгі етістік, -ып- көсемше жұрнағы, -ал- негізгі етістік, -ды- жедел өткен шақ жұрнағы.
  1. Мен сұлап жатқан орнымнан тұра алмадым, себебі Тортай мінер ақ боз ат менің тақымымда кеткендей еді.
  • Мен -жіктеу есімдігі;
  • сұлап-сұла-негізгі етістік, -п-көсемше жұрнағы;
  • жатқан-жат- негізгі етістік, -қан- есімше жұрнағы;
  • орнымнан-орын- зат есім, -ым- тәуелдік жалғаудың жекеше түрі І жағы, -нан- шығыс септік жалғауы;
  • тұра алмадым-күрделі етістік, тұр- қалып етістігі, -а- көсемше жұрнағы, ал- негізгі етістік, -ма- болымсыз етістік жұрнағы, -дым- жіктік жалғауы жекеше түрінің І жағы,
  • себебі-себеп-салдар мәндегі жалғаулық шылау.
  • Тортай -жалқы зат есім;
  • мінер-мін- негізгі, дара етістік, -ер- есімше жұрнағы;
  • ақ боз -күрделі сапалық сын есім;
  • ат-негізгі, дара, жалпы, деректі зат есім;
  • менің-мен- жіктеу есімдігі, -нің- ілік септік жалғауы;
  • тақымымда -тақым- негізгі, дара, деректі, жалпы зат есім, -ым-тәуелдік жалғаудың жекеше түрі І жағы, -да- жатыс септік жалғауы;
  • кеткендей-кет- негізгі етістік, -кен- есімше жұрнағы, -дей - сын есім тудырушы жұрнақ;
  • еді-е-етістік, -ді- жедел өткен шақ жұрнағы.
  1. Содан бері жұрт : «Шұға жылауда тамақпен жұмысы жоқ», - десіп жүрді

Содан - сол- сілтеу есімдігі, -дан- шығыс септік жалғауы;

  • бері- септеулік шылау;
  • жұрт- жалпы, дара, зат есім.

• Шұға - жалқы зат есім;

• жыла- негізгі дара етістік, - у- тұйық етістік жалғауы, -да- етістік тудырушы ауыспалы осы шақ тұлғасындағы жұрнақ;

• тамақ- негізгі, дара, деректі зат есім, -пен- көмектес септік жалғауы;

• жұмыс- негізгі, дара зат есім, -ы - тәуелдік жалғауының ІІІ жағы, жекеше түрі;

• жоқ- болымсыздық мәндегі көмекші сөз

• десіп жүрді - күрделі етістік, - десіп- де- негізгі етістік, -с- ортақ етіс жұрнағы, әп- көсемше жұрнағы.

• жүрді- жүр- қалып етістігі, -ді жедел өткен шақ жұрнағы

  1. Бүгінгі кездесуде бәрі айтылды, ән де шырқалды, ақ тілектер де төгілді, сыр шертілді.

• Бүгінгі- бүгін мезгіл үстеуі, -гі- сын есім тудырушы жұрнақ;

• Кездес- негізгі етістік, -у- тұйық етістік жұрнағы, -де- шығыс септік жалғауы;

• Бәрі- жалпылау есімдігі;

• де - жалғаулық шылау;

• айтылды- айт- негізгі дара етістік, -ыл- ырықсыз етіс жұрнағы, -ды- жедел өткен шақ жұрнағы;

• ән- негізгі дара зат есім;

• шырқалды- шырқа - негізгі етістік, -л- ырықсыз етіс жұрнағы, -ды- жедел өткен шақ жұрнағы;

• ақ- сапалық сын есім;

• тілектер- тілек- жалпы, дара, дерексіз, зат есім, -тер- көмектес септік жалғауы;

• төгілді- төк- негізгі дара етістік, -іл- ырықсыз етіс жұрнағы, -ды- жедел өткен шақ жұрнағы;

• сыр- жалпы, дара, дерексіз зат есім;

• шертілді- шерт- негізгі етістік, -іл- ырықсыз етіс жұрнағы, -ды- жедел өткен шақ жұрнағы;

  1. Саятқа тәртіпсіздігі үшін сырт шығуға тыйым салынды, бірнеше күн қатаң жазаланды.

• Саят- жалқы зат есім, -қа барыс септік жалғауы;

• тәртіп- негізгі дара зат есім, -сіз- сын есім тудырушы жұрнақ, дік- зат есім тудырушы жұрнақ, -і- тәуелдік жалғауының ІІІ жағы;

• үшін- атау септік мәндегі жалғаулық шылау;

• Сыртқа - сырт- мекен үстеуі, -қа барыс септік жалғауы;

• шығуға - шық- негізгі етістік, -у- тұйық етістік жұрнағы, -ға- барыс септігінің жалғауы;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарда қазақ тілінің морфологиялық жүйесін оқыту арқылы оқушылардың сауаттылығын арттыру
САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ
Ландшафттар морфологиясындағы типологиялық проблемалар
Бидайдың моносомды линиялары және оларды қолдану
Қазіргі қазақ тілі морфологиясын оқытудың теориясы мен практикасы
Қазіргі қазақ тілі морфологиясын оқытудың әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың сөйлеуінің морфологиялық жағын дамыту құралы ретінде ойындардың тиімділігін теориялық негіздеу және эксперименталды түрде тексеру
Етістіктің жақ категориясы
Бастауыш сыныптарда оқушыларды грамматикалық талдауға үйрету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz