Сөздердің іштей бір категориядан екінші категорияға ауысу құбылыстары: субстантивтену

Тілдің тарихи даму барысында ондағы барлық кұрылым, жүйе, құбылыс атаулы өзгеріске ұшырап дамып отырады. Бұл процестен, әрине, тілдегі лексика-грамматикалық категория ретінде танылатын сөз таптары да шет қала алмайды. Сөз таптарының дамуы ең алдымен олардың жаңа сөздермен толығуьнан, жаңа грамматикалық категориялар мен грамматикалық формаларға ие болуынан аңғарылады.
Сөз таптарының соны сөздермен толығып, молайьп отыруының, біздіңше, екі жолы бар: а) сөзжасамның жалпыға белгілі сөз тудыру тәсілдері арқылы (мысалы, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік және т.б. ә) басқа сөз таптарынан ауысып келген сөздердің негізінде. Соңғы тәсіл жалпы тіл білімінде сөзжасамның бір амал-тәсілі ретінде қолданылады да, ол конверсиялык тәсіл деп аталады.
Конверсиялық тәсіл арқылы яғии сөз таптарының бір-біріне ауысуы негізінде жаңа сөз тудыру дүниежүзіндегі көптеген тілдерде, атап айтқанда, ағылшын, неміс, француз, молдован және т.б. тілдерде кең тараған құбылыс. Аталған тәсіл бойынша сөз тудыру амалы қазақ тіл білімінде енді-енді ғана зерттеліп, ол жайында ғылыми-ой тұжырымдар бірте-бірте орнығып келеді. Конверсия проблемасын, әлбетте, бір мақаланың аясында талдап-таразылап, шешіп тастау мүмкін емес. Сондықтан біз бұл еңбегімізде сөздердің бір категориядан екінші бір категорияға ауысуына түрткі болатын факторларға, олардың түрлеріне тоқталып өтуді жөн көрдік.
Сөздер бір сөз табынан екінші бір сөз табына қалай болса солай ауыса салмайды. Олар белгілі бір зандылыққа бағынады. Басқа сөз табынан ауысып келген сөздің категориальды мағынасы мен түрлену жүйесі (парадигмасы), синтаксистік функциясы өзгереді. Осыған байланысты лингвистикада, сөз таптарының бір-біріне ауысуы сөз болғанда, осы өзгерістерге әсер еткен, олардың әрқайсысы сөздердің бір сөз табынан екінші сөз табына өтуіне қолайлы жағдай жасаған факторлар ретінде жеке-жеке қарастырылады. Сонымен, сөз таптарының бір-біріне ауысуына себеп болатын үш түрлі тілдік фактор бар. Олар: а) лексика-семантикалық фактор, ә) морфологиялық фактор, б) синтаксистік фактор.
Субантивация - өзге сөз таптарының зат есімдер тобына ауысуын білдіретін конверсиялық процесс. Қазіргі қазақ тілінде басқа сөз таптарының зат есімдер қатарына ауысуы, сөйтіп, зат есім мәнінде қолданылуы кең тараған құбылыс. Сөз таптарының ішінде субстантивация процесіне ұшырамайтыны кемде-кем. Бұл орайда, әсіресе, сын есім, сан есім, етістіктің қимыл есімі, есімше категорияларының жиі субстантивтенетіні ерекше көзге түседі. Мысалы, көтерме, түстік, ауру, науқас, сырқат, ыстық, шала, туысқан, жасаған, жанар, қайнар, Төлеген (кісі есімі), көсеу, буаз, шалғы, қырат, дөңес және т.б.
Бұл фактілер зат есімдердің аталған сөз таптарымен лексикалық жақтан да, грамматикалық тұрғыдан да тығыз байланыста екенін көрсетеді. Сондықтан болу керек, басқа сөз таптарының субстантивтену мәселесі қазақ тілі зерттеушілерінің назарынан тыс қалмай, әр кезде жарық көрген түрлі окулықтарда, ғылыми-зерттеу еңбектерде азды-көпті сөз болып келеді. Бұл бағытта, сондай-ак, соңғы жылдарда күнделікті ғылыми басылымдарда бірқатар мақалалардың жарияланғандығын да атап өту лазым.
Өзге сөз таптарының жиі субстантивтеніп, соның нәтижесінде зат есімдер тобына ауысуының өзіндік себептерінің барлығы анық. Бұл, ең алдымен, зат есімдердің лексикалық құрамының молдығына, атқаратын синтаксистік функциясының ауқымдылығына байланысты. Өйткені, зат есімдердің сөйлемде тәуелсіз мүше-бастауыш қызметінде жұмсалуы оның басқа сөз таптарымен емін-еркін грамматикалық әрқилы байланыстарға, қарым-қатынастарға түсуге мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде өзге сөз таптары бір жағынан субстантивацияланып, зат есімдер құрамына ауысып жатса, екінші жағынан, олар да өз кезегінде зат есім категориясынан сөздер қабылдай, өз өрістерін кеңейтіп жатады. Осы арада айта кететін бір жайт, ол-сөз таптарының барлығы бірдей бір-бірімен грамматикалық қарым-қатынасқа түсе алмайтындығы. Бір-бірімен грамматикалық байланыстарға түспеген сөз таптарының арасында, әрине, сөз ауысу болмайтындығы өзінен-өзі түсінікті. Мұндай жағдайда яғни сөз таптарының бір-біріне ауыспауына себеп, бөгет болатын нәрсе, біздіңше, олардың сөйлемдегі функциясының шектелуі болуы. Мысалы, зат есімдер өзінің атқаратын функциясының жан-жақтылығының, кеңдігінің арқасында адъективтеніп, прономиналданып, адвербиалданып және т.б. сөз таптарының қатарына өтіп жататын болса, ал, үстеулер жайлы бұлай деп айта алмаймыз. Себебі, үстеулердің синтаксистік функциясы анағұрлым шектеулі болуы үстеулердің басқа сөз табына ауысуын шектейді. Үстеулер сөйлем құрамында пысықтауыштан басқа да синтаксистік қызмет атқаруы мүмкін. Бірақ ондай қызмет үстеулер үшін үйреншікті де негізгі қызмет бола алмайды. Үстеулер пысықтауыш мүше ретінде қимылдың, іс-әрекеттің сынын, мөлшерін, мезгілін, мекенін білдіреді де, осыған орай, етістіктермен тіркесіп, сөйлемде оның алдында тұрады. Сөйтіп, үстеулер заттың белгісінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz