Сәкен Сейфуллиннің қазақ әдебиетіндегі орны мен шығармашылығы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

С. Сейфуллин шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі орны

Сәкен Сейфуллин (15 қазан 1894 Ақмола уезі, Ақмола облысы, Ресей империясы - 25 ақпан [1] 1939, Алматы, Қазақ КСР, КСРО) - қазіргі қазақ әдебиетінің негізін құраушы, ақын және жазушы, қоғам, мемлекет қайраткері. Қазақстан Жазушылар одағының негізін қалаушы. Алғашқылардың бірі болып Қырғыз АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы (1920-1925) (Премьер-Министр) қызметін атқарды.

Қарағанды облысы Ақадыр (қазіргі Шет ауданы) ауданы Қарашілік қыстағында дүниеге келген. Нілдідегі орыс-қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде, қалалық үш класты училищеде оқыған.

1914 жылы Қазан қаласында «Өткен күндер» деп аталған тұңғыш өлеңдер жинағын бастырып шығарған. Омбыдағы қазақ жастарының «Бірлік» қауымы басшыларының бірі болған. 1917 жылы Бұғылыда мектеп ашып, орыс тілінен сабақ берген.

1918 жылғы сәуірде «Жас қазақ марсельезасын» жазып, 1 мамырда «Бақыт жолында» атты пьесасының беташар қойылымын көрсеткен. Ақтар көтеріліс жасап, Ақмола совдепшілерін тұтқынға алған. Сәкен Сейфуллин атаман Анненковтың «азап вагонынан», 1919 жылғы сәуірдің 3-де адмирал Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып шыққан.

1920 жылғы мамырдың 7-де Ақмолаға қайтып оралып, атқару комитеті төрағасының орынбасары және әкімшілік бөлімінің меңгерушісі болған. Осы жылғы қазанның 4-де Қазақ Кеңес Автономиялық Республикасын жариялаған Кеңестердің Бірінші Құрылтай съезі делегаты болып қатысқан, Орталық Атқару Комитеті Президиумының мүшесі болып сайланған. Жер-су комиссиясының жұмысына және баспасөз ісіне басшылық жасаған.

«Еңбекші қазақ» газетінің редакторы, хaлық ағарту комиссарының орынбасары, Қазақ КАСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы, Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылым Орталығының төрағасы, Қазақстан пролетар жазушылары ассоциациясының басшысы, БК(б) П Қазақстан Өлкелік Комитетінің партия тарихы бөлімінің меңгерушісі, Қызылордадағы халық ағарту институтының, Ташкенттегі қазақ педагогикалық институтының директоры, «Жыл құсы» альманағы, «Жаңа әдебиет» журналы басшысы, Қазақтың мемлекеттік институтының доценті, «Әдебиет майданы» журналының редакторы, Қазақтың коммунистік журналистика институтының профессоры қызметтерін атқарған.

Осы кезде жаңа өмір жолында күреске шақырған «Асау тұлпар» өлеңдер жинағы, «Бақыт жолына», «Қызыл сұңқарлар» атты пьесалары, «Домбыра», «Экспресс», «Тұрмыс толқынында» атты поэтикалық жинақтары жарық көрген. Жаңашыл ақын поэзия мен драматургияға көп жаңалықтар енгізді.

Өлеңнің түрі мен мазмұнында түбегейлі өзгеріс жасап, қазақ халқының поэтикалық дәстүрін дамытты. С. Сейфуллин өмірде де, әдебиетте де белсенді күрескер болды. «Көкшетау», «Қызыл ат» дастандарында заманалық мәселелер көрсетілген. «Қызыл атта» 30-жылдардың бас кезінде Қазақстанның ауыл шаруашылығында орын алған асыра сілтеу оқиғалары сыналады. «Ақсақ киік», «Аққудың айрылуы» шығармаларында туған даланың табиғатын, адамның ішкі сезім күйлерін суреттейді.

С. Сейфуллин проза, драматургия, әдеби сын, әдебиеттану салаларында көрнекті еңбек етті. «Жұбату» әңгімесі - Сәкеннің қазақ әйеліне арналған алғашқы прозалық, шығармасы. «Жемістер, «Біздің тұрмыс», «Сол жылдарда» туындыларында замандастар өмірі бейнеленген. С. Сейфуллин қазақ халқының патшалық езгіге қарсы күресін «Тар жол, тайғак, кешу» атгы тарихи-мемуарлық романында көрсетеді.

. Сәкен Сейфуллин - өмірде де, әдебиетте де белсенді күрескер ақын. Азаттықты көксеген ақын қаламынан жаңа өмір жолында күреске шақырған «Асау тұлпар» өлеңдер жинағы, «Бақыт жолына», « Қызыл сұңқарлар» атты пьесалары, «Домбыра», «Экспресс», «Тұрмыс толқынында» атты поэтикалық жинақтары жарық көрген. Өршіл азамат, жалынды насихатшы, жігерлі тұлға 1916 жылы көтеріліс бұрқ ете түскенде халық жағына шығады. Оған іле-шала патшаны тақтан түсірген Ақпан революциясын ақын қуана қарсы алады, бостандықтың таңы ататынына нық сенеді. Ол дереу Ақмолаға келіп, жаңа заман жолындағы күреске бел шешіп араласады. Коммунистік партияның бастауымен қалың бұқара теңдікке жетеді, әділдік орнайды деп сенген көрнекті тұлға бірден социализмді, кеңес үкіметін жақтап шығады. Ақмолада кеңес үкіметі уақытша құлап, қамауға алынған Сәкен атаман Анненковтің «азап вагонында» көрмегенді көріп, 9 ай дегенде әрең қашып шығады. Одан кейін Кеңес өкіметі орын тепкен Жетісуға келіп, партия кеңес органдарының жұмысына көмектеседі.

Ақынның «Кел, жігіттер», «Қамаудан», «Асығып тез аттандық», «Жас қазақ марсельезасы», «Қызыл ат» т. б. әсерлі өлеңдері мен «Бақыт жолында» драмасы - дүрбелеңді заман мен ел жағдайының көрінісі. «Қызыл ат» дастанында 30 жылдардың бас кезінде Қазақстанның ауыл шаруашылығында орын алған өзара сілтеу оқиғалары сыналады. Тар жол, тайғақ кешуден тайсалмаған азамат ақын 20 жылдардың I жартысында ірі мемлекет қайраткері, үлкен саясаткер ретінде көрінеді. 28 жасында Қазақстан өкіметінің басшысы, Бүкілодақтық Атқару Комитетінің мүшесі болады.

Сәкен Сейфуллин - жаңа дәуірді ерекше жырлаған жаңашыл ақын. Қазақ әдебиетіне бұрын болмаған образдар мен теңеулер, сөз оралымдарын әкелген шығармашылығымен жаңа бағыттағы әдеби дәстүрдің негізін салушы болды. Өкіметтің мақтаушы ұраншысына айналмай, қоғамдық өмірдің көлеңке жақтарын да күйзеле суреттеді. «Ауыл байғұс, мінеки», «Келіншек ойы», «Ақсақ киік», «Сыр сандық» т. б. тамаша жырлары мен «Аққудың айырылуы» атты символикалық көркем поэмасы - сол кезеңнің шынайы көркем туындылары. Өз кезеңінің айнасы болған Сәкеннің отты шағармалары Қазан төңкерісі тұсындағы аумалы-төкпелі кезең шежіресі іспетті. Бітімге соқпас күрес ақынды тез ширатып, оның шығарма жазуға қолын да тигізбей, әлеумет қайраткері, саяси күрескер етіп шығарады.

1922 жылы басылып шыққан өлеңдерінің жинағына Сәкен «Асау тұлпар» деген атты тегін таңдамаған. Жаңа леп әкелген дүниенің дүбірін ақын қазақ поэзиясының дәстүрлі тұлпары арқылы бейнелейді. Тұлпар үні ескі өмірдің тыныштығын бұзып, жаңа дәуірдің ұранын таратады. Тегеуірінді талантты ақын қазақ өміріндегі, халық тұрмысындағы маңызды әлеуметтік тақырыптарды көтеріп, оған көркемдік, эстетикалық талдау жасайды.

Сәкен прозасының шоқтығы - оның «Тар жол, тайғақ кешу» атты мемуарлық романы. «Тар жол, тайғақ кешу» романында Сәкен Сейфуллин революция жылдары оқиғаларының қазақтың кең даласын бірте-бірте қамтып, күні өтіп тозған ескіліктің қирап, жаңаша дамуға жолдың еркін де кең ашыла бастағанын үлкен суреткерше қорытып айтып бере алды. Роман халықтың бақытты келешегі үшін күрескен ерлердің аққан тері мен төгілген қаны текке кетпейтініне, мұның өзі бүкіл адамзаттың жарқын болашағымен тығыз байланысты екенін көрсетеді. Саяси-әлеуметтік тақырыптарды қозғау, ел басшыларының берекесіздігін сынау, жоқтықтың зардаптары, надандық шырмауындағы қазақты білімге үндеу халық мұраттары тұрғысынан оларға жауап іздеу ақынның азаматтық ой-өрісін танытады.

Бұл идеялар «Мұра», «Түс», «Кім басшы аға халыққа», «Надан бай», «Жетімге», «Інішегіме» өлеңдерінің бәріне тән. Сәкен өлеңдері идеялық тұрғыдан алғанда ағартушылық, демократтық бағытта, сыншыл реализм әдісінің арнасында жазылғандығын көреміз. Сталиннің жеке басына табыну кесірінен жазықсыз жалаға ұшыраған заман жыршысы 1938 жылы 26 ақпанда мерт болды. Ақынның әр шығармасынан оның қаламгерлік мұраты азаматтық позициясымен терең ұштасып отырғанын байқаймыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәкен Сейфуллиннің өмірі, шығармашылығы және қазақ әдебиетіндегі бейнесі
Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы
Сәкен Сейфуллиннің өмірі, шығармашылығы және шығармаларындағы тарихи сөздер
Сәкен Сейфуллиннің өмірі, шығармашылығы және шығармаларындағы тарихи лексика
Сәкен Сейфуллиннің өмірі, шығармашылығы және қоғамдық-саяси қызметі (1894-1938)
Жаңа әдебиеттің негізін қалаушы: Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығы мен саяси күресі
Қазақ мәдениетіндегі Сәкен Сейфуллиннің ән мұрасы: стильдік ерекшеліктері мен дәстүрлік негіздері
Сәкен Сейфуллин: Абай ықпалы, поэзиялық реформалар және қазақ әдебиетіндегі орны
Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы: қазақ әдебиетіндегі орны
Қазтуған Сүйінішұлы: ноғай дәуірінің жырауы және Сәкен Сейфуллин мен Ілияс Жансүгіровтің қазақ совет әдебиетіндегі орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz