Қызметтік хаттардың түрлері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қ ызметтік хаттар - іс қағаздарының көп тараған түрлерінің бірі.Қызметтік хаттар басқа кәсіпорындармен, мекемелермен әртүрлі мәселелер бойынша ресми байланыстар жасау үшін жүргізіледі.
Қызметтік хаттар - кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, жеке тұлғалардың өзара негізгі байланыс арналарының бірі болғандықтан, ол мекемелермен, жеке тұлғалармен хабар алысу құралы қызметін атқарады, әртүрлі мәліметтер жіберуге, оқиғалар туралы ақпараттар беруге мүмкіндік береді.
Қызметтік хаттар - қандай да бір жұмыстың орындалуы туралы бір лауазымды тұлғаның екінші бір лауазымды тұлғаға жолдауы. Қызметтік хат бір бөлімшеде дайындалып, қызметтік мәселелерді шешуге екінші бөлімшеге жолданатын құжат болып табылады.
Қызметтік хаттар ақпараттық, бастамалық немесе есеп беру сипатында да болуы мүмкін. Қызметтік хаттар мәтінінде көбінесе құрылымдық бөлімшеге немесе лауазымды тұлғаға қатысты іскери мәселелер көбірек баяндалады. Қызметтік хаттар арқылы алдын ала келіссөздер жүргізіліп маңызды мәмілелер жасалады. Кәсіпорындар арасындағы қарым-қатынастар анықталады, талап-шағымдар айтылады, ұсыныстар жасалады, өзара пайдалы ақпарат алмасу іске асырылады. Қызметтік хаттар ресми түрде мекеменің атынан жазылатын болғандықтан мұнда қызметтен тыс мәселелер қозғалмайды. Әр хаттың өзіндік мақсаты бар, сондықтан ол осындай мақсатқа қол жеткізетін үлгіде жазылуы тиіс7
Сыпайылық пен дәлдік іскерлік хат-хабарлардың ажырамас бөлігі болып табылады. Маңызды мемлекеттік қайраткерге жазылған хаттардың мәнері әдеттегідей іскерлік хаттарға қарағанда ресми және құрмет білдіру сипатында болғаны жөн.
Іскерлік хаттарды дайындау барысында мына жайды есте ұстау керек, хаттар арқылы оларды жазып отырған адам ғана емес, оның артында тұрған ұйым да бағаланады. Нәтижесінде хат адамға немесе ұйымға жақсы бедел әкеледі немесе керісінше болып шығады.
Бүгінгі заман талабына сәйкес құжаттық лингвистика мен іс қағаздар тілінде қызметтік хаттардың әртүрлі жағдаяттарға байланысты жазылатын көптеген түрлері кездеседі.
Қызметтік хаттардың түрлері:
:: Қызметтік жеке хаттар
:: Ұсыныс хат
:: Ақпарат хат
:: Ресми хат
:: Жолдама хат
:: Сұраныс хат
:: Жауап хат
:: Ескертпе хат
:: Циркуляр хат
:: Баянхат
:: Кепілхат
:: Талап ету хаты
:: Ілеспе хат
:: Түсінікхат

Ақпараттық хат
Ақпарат хат - белгілі бір ұйымда, мекемеде алдағы уақытта өткізілетін қандай да бір іс-шараға байланысты мәлімет беру, хабар беру мақсатында басқа мекемелерге жазбаша жіберілетін құжат.

Үлгі Ақпараттық хат
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің қазақ филологиясы кафедрасы 2014 жылдың 24 сәуірінде Қазақ тілі және жалпытүркілік кеңістік: болашағы мен жетістіктері атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Конференция жұмыстарының негізгі бағыттары
:: қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері: лингво-мәдениеттанымдық, этнолингвистикалық, социолингвистикалық, лингвопоэтикалық зерттеулер;
:: қазіргі қазақ тіліндегі коммуникативті және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚЫЗМЕТТІК ХАТТАРДЫ РЕСІМДЕУ
Қызметтік хаттарды ресімдеу жолдары
Құжаттарды әзірлеу және ресімдеу
Іскерлік хаттарды аудару кезінде қолданылатын әдіс-тәсілдерді анықтау, ерекшеліктерін сараптамалау
Анықтамалық-ақпараттық құжаттар
Хат алмасу жанры
Жеке құрам бойынша ереже
Қызметтік хат
Салық қызметі органдарының негізгі міндеттері
Ағылшын тілінен қазақ тіліне аударғанда лексикалық және грамматикалық трансформацияның түрлерін талдау
Пәндер