Есімше. Көсемше. Шақ категориясы


Есімше. Көсемше. Шақ Категориясы
Есімше - етістіктің есім сөздерге ұқсас белгілері бар түрі. Ол түбір етістіктен арнайы жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы, “-ған, -ген”, “-қан, -кен” жұрнағы етістікке жалғанып, оған өткен шақ мәнін қосады: “жазылған хат”, “келген адам”, “ол кеткен”, “сен бергенсің”, “мен барғанмын”. Сондықтан ол бұрынғы өткен шақтың көрсеткіші қызметін атқарады. Ал “-атын, -етін”, “йтын, йтін” жұрнағы қимылдың келешекте жасалу мәнін білдіреді: “істелетін жұмыс”, “ол ертең келетін сияқты”. Сөйлемдегі мағынасына қарай өткен шақ мәнінде де қолданылады: “ол бұрын бізге жиі келетін”. Келесі “-ар, -ер”, “-р”, “-с” жұрнағы қимылдың келешекте жасалуы да, жасалмауы да мүмкін екенін білдіреді: “айтылар сөз”, “бермес ас”, “келер күн”, т. б. Осымен байланысты бұл жұрнақ тілде болжамды келер шақ қызметінде қалыптасқан: “ол бүгін-ертең келер”. Сондай-ақ, “-мақ, -мек”, “-пақ”, “-пек” жұрнағы алда жасалатын істі мақсат етуді білдіреді. Мысалы: “кездеспек күн”, “орындалмақ жұмыс”, “айтылмақ сөз”. Есімшенің осы мағынасына байланысты ол тілде мақсатты келер шақ көрсеткіші болып қалыптасқан: “Ол ел сенімін ақтамақ”.
Есімшенің басқа етістіктерден өзіндік ерекшелігі бар. Ол заттық белгі білдіріп, сөйлемнің анықтауыш мүшесі қызметінде қолданылады. Мысалы: “Айтылған сөз - атылған оқ”. Осындағы “айтылған” - сөздің анықтауышы, “атылған” - оқтың анықтауышы. Есімше анықтауыш қызметінде заттың қимылын оның бір белгісі ретінде көрсетеді. Есімшеден болған анықтауыш заттың тұрақты белгісін емес, тұрақсыз белгісін білдіреді. Есімше өте жиі заттық мәнде қолданылатын сөздерге жатады. Есімше заттанғанда, ол зат есімнің жалғауларын қабылдайды: “көргеніңді айт, келгендерді қарсы ал”, т. б.
Көсемше - өзіне тән синтаксистік қызметі, морфология тұлғалары бар дербес категория. Қазіргі қазақ тілінде көсемше атқаратын қызметіне қарай негізгі және кейіпті болып екіге жіктеледі. Іс-әрекетті білдіретін жай сөйлемдегі негізгі етістіктің әр қилы амалдарын сипаттайтын тел қызметтегі көсемше негізгі, ал ашық райдағы шақ, күрделі етістіктік, аналитикалық форма тудыратын қызметтегі көсемше кейіпті деп аталады. Негізгі көсемшені сөйлемдегі басты функциясы негізгі іс-әрекеттің өту амалын жанама түрде сипаттау.
Негізгі іс-әрекет әр түрлі формада және түрлі қызметте тұруы мүмкін (әсерлене оқыды, сылдырап аққан су, ишаралап айтқанды түсінбедің т. б. ) . Негізгі көсемше сөйлемде пысықтауыштық қызмет атқарады. Бұл жағынан алғанда ол үстеу мен етістікті жалғастырушы буын ретінде әрекет етеді. Үстеулердің сөйлемде пысықтауыштық қызмет атқарып, етістіктің сын-сипатын, мақсатын, мезгілін т. б. амалдарын сипаттайтыны секілді негізгі көсемшелер де осы міндеттерді толығымен орындайды. Көсемше тұлғалы сөздер қосарланып та қолданылады. Бұл қасиеттеріне орай қайтапама ("Көре-кере көсем боларсың . . . "), және қосарлама (шаршап-шалдығып, өліп-өшіп), қос сөзді көсемшелер деп жіктеледі. Қосарлама қос сөзді көсемшелердің екі сыңары да мәнді немесе мағыналары әр түрлі немесе бір сыңары мәнді екіншісі мәнсіз болып, сондай-ақ тұлғаласып та, тұлғалас болмай да қолданыла береді.
Көсемшелер құрмалас сөйлемдегі бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарумен қатар басыңқы сөйлемді байланыстыруға да белсенді түрде қатысады. Сонымен бірге күрделенген сөйлемде оралымдар тудыруға ұйытқы болып, өз алдына бөлек категорияның пайда болуына септігін тигізеді. Негізгі көсемше әрқайсысының басым мағыналық сипаттарына орай: амалды көсемше, мақсатты көсемше, мезгілді көсемше болып бөлінеді. Бұлар қайтіп? қалай? не істегелі? қашан? деген сұрақтарға жауап береді. Амалдық. көбінесе негізгі іс-әрекеттің алуан түрлі қимылдық сын-сипатын керсетеді. Тұлғалық, мағыналық өзгешеліктеріне қарай өз ішінде амалды Көсемше тұжырымды амал (-ып, -іп, - п/ағаштар баяу қозғалыл тұр), созылыңқы амал (-а, -е, -й/құстар қанаттарын суылдата ұшты), болымсыз амал (-пастан, -пестен, -бастан, - бестен, -мастан, -местен/жаңбыр тынбастан жауды) болып топтапады.
-Ып, -іп, -п аффиксті көсемшелер көп жағдайда салыстырмалы түрде тиянақтала айтылады, aн -а, -е, -й жұрнақты көсемшелердің -п формантты көсемшелерге қарағанда созылыңқылығы байқалады. Бұл айырмашылық біреуінің өткен шақты, екіншісінің келер шақты тудыруға қабілеттілігінен, аналит. етістіктегі түр жасау ерекшеліктерінен де айқын байқалады. -Қалы, -келі, -ғалы, -гелі қосымшалары түбір етістіктерге жалғанып, мақсатты көсемше жасалады (хал-жайы-щы білгелі келдім) . Мезгілді көсемше -қан- ша, кенше, -ғанша, -генше тәрізді күрделі қосымшалар арқылы көрінеді (Биыл жапырақтар қар түскенше сарғаймады) .
Етістіктің шақ категориясы -іс-әрекет, жай-күйдің болу мезгілі мен сөйлеп тұрған уақыт арасындағы қарым-қатынасты білдіретін грамматикалық категория. Етістіктің шақ категориясы қимыл, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен байланысты болып өткендігін немесе болып жатқанын, не әлі болмағанын, бірақ болатынын білдіріп, әр түрлі жолдармен жасалады. Қимыл мен әрекеттің жүзеге асу кезеңін білдіру етістік шағы деп аталады. Етістік шақтары етістік түбірге -ды, -ді, -ты, -ті, -мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек жұрнақтары қосылу арқылы жасалады. Шақтық мағына дара етістікпен де, күрделі етістікпен де беріледі. Мысалы: Мен 1990 жылы тудым немесе биыл мен 14 жастамын. Бұл сөйлемдерде мезгілдің нақты уақыты айтылған. Ал шақ жұрнақтары арқылы іс, қимылдың өту кезеңдері сөйлеп тұрған кезбен анықталады. Осыған орай етістік шақтары үшке бөлінеді: өткен шақ, осы шақ, келер шақ.
Осы шақ сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың, іс-әрекеттің болып жатқанын, не дағдылы түрде болып тұратынын білдіреді. Мысалы, “келе жатыр”, “оқып отыр”, “жел соғады”.
Осы шақтың 2 түрі бар:
1) Ауыспалы осы шақ.
2) Нақ осы шақ.
Ауыспалы осы шақ “-а”, “-е”, “-й” көсемше тұлғалы етістіктің жіктелуі арқылы жасалады (“Мен жүземін, оқимын”. “Сен жүзесің, оқисың”. “Сіз жүзесіз, оқисыз”. “Ол жүзеді, оқиды”) . Немесе дағдылы түрде болып тұратын құбылыстарды білдіреді: “жаңбыр жауады”, “құс ұшады”, “ит үреді”. Бұл етістіктің осы не келер шақты білдіріп тұрғаны сөйлемнен анықталады.
Нақ осы шақ қалып етістіктің (“жүр”, “жатыр”, “отыр”, “тұр”) тікелей жіктелуі арқылы немесе негізгі етістіктерге осы қалып етістіктердің тіркесіп, жіктеліп келуі арқылы жасалады (“Мен отырмын, жазып отырмын”. “Сен отырсың, жазып отырсың”. “Сіз отырсыз, жазып отырсыз”. “Ол отыр, жазып отыр”) . Мұнда нақ осы шақтық мәнді қалып етістіктердің семантикасы береді, сондықтан өзге түбір етістіктерден өзгеше тікелей жіктеледі. Оның мәні қалып етістіктердің қазіргі тұлғалары түбір емес: “отыр” - “ол турур”, “тұр” - “тұрұр”, “жүр” - “Жүрүр”, “жат” - “жатыр”, яғни болып жатқан қимылды білдіретін “ур”, “ұр”, “үр”, “р” қосымшаларының кірігуінен жасалған. жақ жекеше көпше I Мен отырмын (жүрмін, тұрмын, жатырмын) Біз отырмыз (жүрміз, тұрмыз, жатырмыз) II Сен отырсың (жүрсің, тұрсың, жатырсың) Сіз отырсыз (жүрсіз, тұрсыз, жатырсыз) Сендер отырсыңцар (жүрсіңдер, түрсыңдар, жатырсыңдар) Сіздер отырсыздар (жүрсіздер, тұрсыздар, жатырсыздар) III Ол отыр (жүр, түр, жатыр) Олар отыр (жүр, түр, жатыр) .
Күрделі нақ осы шақта негізгі етістік -ып, -іп, -п жұрнақтарымен келіп, отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктері көмекші етістік қызметінде жіктеліп жұмсалады. жекеше көпше Мен оқып жатырмын Біз оқып жатырмыз Сен оқып жатырсың Сіз оқып жатырсыз Сендер оқып жатырсындар Сіздер оқып жатырсыздар Ол оқып жатыр Олар оқып жатыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz