Сөздердің іштей бір категориядан екінші категорияға ауысу құбылыстары: адвербиалдану



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Сөздердің іштей бір категориядан екінші категорияға ауысу құбылыстары: адвербиалдану
Тілдің тарихи даму барысында ондағы барлық кұрылым, жүйе, құбылыс атаулы өзгеріске ұшырап дамып отырады. Бұл процестен, әрине, тілдегі лексика-грамматикалық категория ретінде танылатын сөз таптары да шет қала алмайды. Сөз таптарының дамуы ең алдымен олардың жаңа сөздермен толығуьнан, жаңа грамматикалық категориялар мен грамматикалық формаларға ие болуынан аңғарылады.
Сөз таптарының соны сөздермен толығып, молайьп отыруының, біздіңше, екі жолы бар: а) сөзжасамның жалпыға белгілі сөз тудыру тәсілдері арқылы (мысалы, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік және т.б. ә) басқа сөз таптарынан ауысып келген сөздердің негізінде. Соңғы тәсіл жалпы тіл білімінде сөзжасамның бір амал-тәсілі ретінде қолданылады да, ол конверсиялык тәсіл деп аталады.
Конверсиялық тәсіл арқылы яғии сөз таптарының бір-біріне ауысуы негізінде жаңа сөз тудыру дүниежүзіндегі көптеген тілдерде, атап айтқанда, ағылшын, неміс, француз, молдован және т.б. тілдерде кең тараған құбылыс. Аталған тәсіл бойынша сөз тудыру амалы қазақ тіл білімінде енді-енді ғана зерттеліп, ол жайында ғылыми-ой тұжырымдар бірте-бірте орнығып келеді. Конверсия проблемасын, әлбетте, бір мақаланың аясында талдап-таразылап, шешіп тастау мүмкін емес. Сондықтан біз бұл еңбегімізде сөздердің бір категориядан екінші бір категорияға ауысуына түрткі болатын факторларға, олардың түрлеріне тоқталып өтуді жөн көрдік.
Сөздер бір сөз табынан екінші бір сөз табына қалай болса солай ауыса салмайды. Олар белгілі бір зандылыққа бағынады. Басқа сөз табынан ауысып келген сөздің категориальды мағынасы мен түрлену жүйесі (парадигмасы), синтаксистік функциясы өзгереді. Осыған байланысты лингвистикада, сөз таптарының бір-біріне ауысуы сөз болғанда, осы өзгерістерге әсер еткен, олардың әрқайсысы сөздердің бір сөз табынан екінші сөз табына өтуіне қолайлы жағдай жасаған факторлар ретінде жеке-жеке қарастырылады. Сонымен, сөз таптарының бір-біріне ауысуына себеп болатын үш түрлі тілдік фактор бар. Олар: а) лексика-семантикалық фактор, ә) морфологиялық фактор, б) синтаксистік фактор.
А двербиалдану процесінің негізгі ұйтқысы болып табылатын жекеленген сөз таптары. Адвербиалдану яғни, өзге сөз таптарының үстеулер қатарына өтуі басқа тілдік құбылыстар сияқты белгілі бір заңдылықтар мен тілдік нормаға сүйенеді.
Адвербиалдану процесіне күрделі, жай және туынды сөз құрылымдарының барлық түрлеріне қатысады. Әрбір құрылымның үстеу сөз табын қалыптастыруда алатын алуан түрлі орындары бар. Арадағы өзгешеліктер мен ұқсастықтарды саналамаған жағдайдың өзінде бұл құрылымдар бір-бірімен өте тығыз байланыста дамып отырады. Осындай сөздер мен тілдік құрымдар адвербиалдық мән-мазмұнға ие болады да семантикалық мазмұн бірлігі, функционалдық дистрибуция және ситуативті контекске байланысты - мекендік, мезгілдік, өлшем бірлігін, қимылдың алуан түрлі белгілерін білдіру мәнінде қолданысқа түседі.
Адвербиалдану процесінде семантикалық факторлардың үстем болуын барлық сөз таптары негізінде есептей келе мынадай тұжырымдар жасауға болады. Яғни, белгілі бір сөз таптарының үстеулер қатарына ауысуы лексика-семантикалық, және синтаксисті -тәсілдер нәтижесінде жүзеге асады. Әрбір тәсіл тұлға қалыптастыруда өзіндік ерекшеліктерімен, айырым- белгілерімен оңашаланады. Үстеулердің қалыптасуында есім сөздер елеулі роль атқарды. Әрбір сөз табы үстеулерді туындатуда түрліше ерекшеленеді, танылады. Зат есімдер үстеулер тобына көбінесе екі жағдайда ғана ауысады. Біріншіден, зат есімдер сөз түрлену жүйесінің жалғауларымен грамматикалық қарым-қатынасқа түседі. Белгілі бір септік формаларымен тұрақтанған сөз пысықтауыштық функциалы сөз топтарын жасайды. Грамматикалық көрсеткіштер әрбір сөздің бойына сіңісіп, оның құрамдас бөлігіне айнала бастайды. Сөз төл мағынасынан айырылады, түрлендіруші форма өзінің бастапқы қасиетінен алшақтап, өлі формалар қатарына өтеді. Сөз бен форма тұтастай өздеріңің алғашқы сөз түрлендірушілік қабілетінен айырылып, нәтижесінде бір ғана сұраққа жауап беретін, бір ғана сөз табының единицасы болып қалды.
Қазақ тілі білімінде қалыптасқан сөз таптастыру теориясы бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қазақ тілі сөз жасамындағы лексика-семантикалық тәсілдің көрінісі»
Сөз таптарындағы семантикалық тәсілдің қызметі
Сөздердің іштей бір категориядан екінші категорияға ауысу құбылыстары: субстантивтену
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕ СӨЗЖАСАМ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Сөз және оның морфологиялық құрылымы
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛ ТАРИХЫНДА СӨЗ ЖАСАУ ҮДЕРІСІ
Конверсиялық тәсіл бойынша сөз тудырудың ерекшеліктері
Сын есім мен оның лексика - семантикалық топтары
Сөз таптарының адвербиалдануы
Ономасиология және оның тіл білімі салаларымен арақатынасы
Пәндер