Башқұрт халқының әдебиеті



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Башқұрт халқының әдебиеті
Башқұрт жазба əдебиеті Октябрь революциясынан кейін қалыптасты. Одан бұрынғысы - негізгінен халық поэзиясы, фольклор.
Ауыз əдебиетінде форма жағынан ерекше жетілген жанр - қобайыр. Ол қазақ поэзиясындағы толғауға жақын. Қобайырдың өзегі əлеуметтік сарын, яғни Орал тауын, Ақ Еділді, туған жерді, халқын мадақтау. Ал Ақбозат, Қозы Көрпеш - Баян Сұлу, Күсəк бей секілді эпикалық поэмалар - башқұрт тарихының түрлі кезеңдерін бейнелеген кесек туындылар. XVI I-XIX ғасырда əуезді, сырлы, шерлі, əнмен айтылатын Салауат, Азамат, Орал сияқты тарихи жырлар, Зұлхиза, Шаура секілді аңыздар туды. Революцияға дейін Башқұрт поэзиясының кейбір нұсқалары қолжазба түрінде тараған. Башқұрт əдебиетінің тарихында Салауат Юлаевтың есімі əйгілі. Жауынгер ақынның ел аузында қалған, кезінде орыс тіліне аударылған жырларына тəн сипат - ереуіл рухы, əлеуметтік идея, азаматтық пафос.
Діни уағызға арнап шығарма жазған. Т. Ялсыгул (1787-1838), Ə. Қарғалы (1784-1825), Г. Салихов (1794-1867), Ш. Заки (1825-1865), Ғ. Сокрый (1826-1889) секілді ақындар мистика, софизм шырмауында қалып қойды. XIX ғасырдың 2-жартысында башқұрт əдебиетінде ағартушылық бағыт өрлей бастады. Бұл кездің көрнекті өкілі көп қырлы талантты ақын, тілші, фольклорист, этнограф, тарихшы, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері М. Үмітбаев (1841-1907) болды. Оның 1897 ж. шыққан Жəдігер жинағында ғылыми еңбектері, өлеңдері топталған.
Қазақ, татар поэзиясында елеулі із қалдырған Ақмолла ақын - башқұрт демократтық əдебиеттегі ірі тұлға. Башқұрт совет əдебиетінің іргетасын қалауда Мəжит Ғафуридің Қызыл ту, Ант, Еңбекші, Татар жігітіне, Д. Юлтыйдың Октябрь, Аттан, жігіт, Майсара, Ш. Бабичтің Халыққа арнау, С. Құдаштың Қызыл əскер, Айтшы секілді революция жырлары аса зор рөл атқарды. 30-жылдарда халық өмірінің əр түрлі кезеңін бейнелейтін реалистік проза туды. Олар - С. Құдаштың Қос қайың, С. Агиштің Жағдайға орай повестері, Д. Юлтыйдың Қан, А. Тагировтың Солдаттар, Қызыл гвардияшылар, Қызыл əскерлер, И. Насыридың Кедей романдары, Х. Ибрагимовтың Башмақшы, К. Даянның Таңшолпан, Н. Кариптің Алма пьесалары, С. Құрыштың Бақыт заңы (1935), Республика жырлайды (1938), Б. Ишемғұлдың Отан (1936), Х. Каримнің Салтанат, Р. Нигматидің Ақ Еділдің əсем айдыны (1940) өлең-жырлары. Отан соғысының қаһарлы шындығы əдебиетте жан-жақты бейнеленеді. А. Бекчентаевтің Аққулар Оралда қаладысы (1956), Үлкен оркестрі, Х. Дəулетшинаның Ырғызы - прозадағы; Р. Нигматидің Большевигі, Х. Каримнің Алтын масағы, С. Құдаштың Отаным менің - поэзиядағы елеулі шығармалар. Ежелден іргесі бір, тілінде, тұрмысында, салт-санасында ұқсастық көп, қазақ пен башқұрт - туысқан халықтар. Башқұрт жазуларының шығармалары қазақ тілінде көп аударылады. Үлкен ақын əрі драматург Мұстай Кəрімнің Ай тұтылған түн пьесасы қазақ сахнасынан көп жыл бойы түскен жоқ. М.Əуезовтің Абай эпопеясы, т.б. көптеген қазақ шығармалары башқұрт тілінде жарық көрді. С. Құдаш пен Б. Майлиннің, С. Мұқановтың творчестволық достығы үзілген емес.
Башқұрттар -- Башқұртстан Республикасының байырғы халқы, түркі халықтарының бірі. Ресейдің Челябі, Қорған, Орынбор, Пермь облысы, Свердлов облысы, Саратов облыстарында, шағын тобы Қазақстан мен Орта Азияда да тұрады. Жалпы саны 1 млн. 500 мың адам (1995), Башқұртстанда 1 млн-дай. Түркі тілінің қыпшақ бұтағына жататын башқұрт тілінде сөйлейді. Орыс және татар тілдерін де қолданады. Жазуы кириллицаға негізделген. Башқұрттар этногенезінің қалыптасуына VII - X ғ-лардағы әр алуан түркі тайпалары (үсерген, байлар, сұраш, маңғауыр, жағалбайлы, тама, бешуыл, кедей, табын, мың, керей, қаңлы, арғын, байұлы, т.б.) ұйытқы болды. XI-XIII ғ-ларда қазіргі башқұрт жерін мекендеген бесене, Еділ бұлғары мен мадияр тайпаларына қыпшақтардың әсері күшейіп, көне башқұрт этносының қыпшақтану бағытында дамуы арта түсті. Бату шапқыншылығы, башқұрт жеріне Қыпшақ даласынан халықтың көптеп қоныс аударуы башқұрттардың қыпшақтану процесін одан әрі жеделдетті. Қазақ халқының этногенезінде шешуші орын алатын түркі тайпаларының басым көпшілігі башқұрт халқының құрамында да кездеседі.
Қыпшақ дәуірі башқұрт халқының қалыптасуының (XV - XVI ғ-лар) басты кезеңі болып табылады. XVI ғ-дың орта кезінен Башқұрттар Ресей ипериясының отарына айналды. Башқұрттар әскери қызметке, алтын кен орындарына жұмысқа тартылды. Бұрынғы кезде Башқұрттартар негізінен көшпелі мал ш-мен шұғылданып, аң ауласа, XVII-XIX ғ-ларда егіншілікпен айналысып, отырықшылыққа көшті.
Тілі мен мәдениеті, қоршаған ортасы татарларға жақын болғанымен, ұлттық тұрмыс-тіршілігі мен дәстүрінде қазақ халқына ұқсастық басым. Мысаслы, қайыстан, теріден жасалған бұйымдар, ер-тұрман, үй жиһазы, ыдыс-аяғы, киіз басу, кілем мен алаша тоқу кәсібі қазақ қолөнеріне ұқсас. Ұлттық тағамдары да қазақ халқының ұлттық тағамдарына ұқсайды: айран, құрт-ірімшік, қаймақ, қымыз, т.б. Бишбармақ, құлдама, салма, чурпаря аталатын тағам түрлері де бар. Далалы жерлерде кірпіштен, орманды-далалы аймақтарда ағаштан қима үйлер салады. Ұлттық киім үлгісінде: әйелдер "кюлдэк" аталатын ұзын, кең етекті қынама көйлек, зерлі қамзол, әсем тақия, ерлер кең балақты шалбар, бағалы аң терісінен тігілген дөңгелек бөрік, тымақ киеді. Кең тараған музыка аспабына қазақтың сыбызғысына ұқсас қурай, шаңқобызына ұқсас қобыз, варган, домра жатады. Жыл сайын ораза мен құрбан айты, наурыз мейрамы, көктемгі егіс жұмыстарынан кейін сабантой тойланады.
Башқұрттардың қазақ халқымен тарихи-мәдени байланысын растайтын еңбектердің бірі башқұрт әдебиетінің көрнекті өкілі М.Ғафуридің Ақынның алтын кенінде (1931) атты өмірбаяндық шығармасы. Бұл туындыда автор қазақ тұрмысын бейнелейді.Башқұртстан жазушыларының шығармалары қазақ оқырмандарына да жақсы таныс. М. Кәрімнің Ай тұтылған түн пьесасы қазақ сахнасынан көп жыл бойы түскен жоқ. Р. Ниғмати, Х. Карим, Бикчентаев, К. Мерген, Р. Бикбаев, Р. Гарипов, Р. Сафин, Н. Мусин, т.б. қазіргі башқұрт әдебиетінің көрнекті өкілдері, М.Әуезовтің Абай жолы эпопеясы, т.б. көптеген қазақ шығармалары башқұрт тілінде жарық көрген.Қос туысқан халықтың әдебиетінде зерттелетін құнды мұралар көп-ақ. Мәселен, Айтулы ақын С.Құдаштың қазақ әдебиетінің белгілі өкілдерімен рухани байланысы туралы дүние бөлек зерттеудің қажет етеді "
30-жылдарда халық өмірінің əр түрлі кезеңін бейнелейтін реалистік проза туды. Олар - С. Құдаштың Қос қайың, С. Агиштің Жағдайға орай повестері, Д. Юлтыйдың Қан, А. Тагировтың Солдаттар, Қызыл гвардияшылар, Қызыл əскерлер, И. Насыридың Кедей романдары, Х. Ибрагимовтың Башмақшы, К. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ, башқұрт әдеби байланыстары (А.Мұхамедияров және М.Кәрім шығармашылығы бойынша)
Әдеби дәстүр мен жаңашылдық. Халықаралық әдеби байланыс
Бүркіт ысқақовтың шығармашылығы
Қазақ ауыз әдебиеті - қазақ әдебиетінің түп тамыры
Ескі қыпшақ тілі
Қазақ, шығыс және еуропа әдеби байланыстары
ХIХ ғасырдағы қазақ- татар әдеби байланыстары
Түркі тектес халықтардың аңыздарындағы Асан Қайғы бейнесі
Кузеевтің шежіретануға қосқан үлесі
Б.КЕНЖЕБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Пәндер