Қазақ мәдениетінің қалыптасуы туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ мәдениетінің қалыптасуы

Қазақ мәдениеті - Әлемдік мәдениет ырғақтарын анықтаған соң, қазақ мәдениетіне тоқталайық. Қазақтар - Қазақстан Республикасының негізгі тұрғындары, әлемдегі жалпы саны 13 миллионнанасады, исламдық суперөркениеттің солтүстік шығыс жағын мекендейді, діні жағынан ханифиттік мағынадағы мұсылман сунниттер, Алтай тіл бірлестігінің түрік тобының қыпшақ топтамасына жатады. Бұл мәдениетті түсіну мақсатында алдымен оны кеңістік өрісі мен уақыт ағынында қарастырып, кейін қазақ мәдениетінің типтік ерекшеліктерін айқындайық. Қазақ мәдениеті еуразиялық Ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті талдауды номадалық (көшпелілік) өркениет ерекшеліктерінен бастайық.

Көшпелілердің музыкалық мәдениетінің тамыры өте тереңде жатыр. Жартастардағы суреттерден билеп жүрген адамдардың, таяққа ілінген сылдырмақтарда ойнап тұрған адам бейнелерін кездестіруге болады. Әсілі, көшпелілердегі ең көне музыкалық аспаптар - ұрмалы даңғыра, құрайдан жасалған үрмелі сыбызғы, ілмелі-шертпелі қобыз, домбыра іспеттес қарапайым аспаптар болған. Эпостардағы "адырнасын ала өгіздей мөңіреткен" деп келетін жыр жолдары өнерпаз жауынгердің садағының адырнасын іркіп- тартып музыкалық үн шығаратынын білдірсе керек. Орталық Азия, Сібір, Тибет халықтарында бүгінге дейін кездесетін бір ішекті қобыз осы музыкалық аспаптың көне түрі болуы мүмкін.

Көне Хорезм жеріндегі Қойкырылған қала деп аталатын дөңгелек бекіністен домбыра сияқты екі ішекті аспапта ойнап отырған адамдардың бейнесі табылған. Зерттеушілердің ойынша, бұл домбыраның көне түрі. Академик В. В. Виноградовтың пікірінше, қазақтың домбырасы мен қырғыздың қобызы сиякты аспап кем дегенде бүдан екі мың жыл бүрын пайда болған, қазақтың қобызы осы күнгі виолончель, скрипкалардың арғы атасы.

Музыка, музыканың аспаптар тарихын зерттеуші ғалымдардың пайымдауынша, ән түріндегі музыкалық мұра (вокалды музыка) және сарын, күй түріндегі мұраның (аспапты музыка) жіктеліп бөлінуі, бері дегенде, VI-VIII ғасырларда басталды. Ұлытау төңірегінен табылған түркі дәуіріне жататын тас мүсіннің бір бүйірінде қобыздың суреті, ал арқасында қоңыраудың суреті салынған. Қобыз бен қоңырау бақсының аспаптары. Олар қоңырау, әр түрлі сылдырмақтарды қағып жүріп би билеп, қобызбен сарын ойнап, жын шақырған. Тас мүсінде осындай бақсы бейнеленген болуы керек. Жалпы, көшпелілердегі алғашқы кәсіпқой музыкант бақсы болған. Сонау VIII ғасырда өмір сүрген, түркі әлеміне ортақ Қорқыт алғашқы шебер музыкант, күй атасы, бақсылардың пірі болып саналады.

Ауызбен үрлеп ойнайтын қазақтың қыштан жасалған уілдек деп аталатын аспабының көне түрлері ортағасырлық Отырар қаласынан, Жамбыл облысындағы Ақтөбе (Баласағұн) қаласынан табылған. Олар X-XII ғасырларға жатады.

Қорқыт ата бүкіл түркілер әлемінің сарын, күй, әуен өнерінің атасы болса, одан бергі музыка өнері әл-Фарабидің (IX-X ғасырдарда), ибн-Синаның (X ғасыр), ұлы жыршы Кетбұғаның (XIII ғасырда), Сыпыра жыраудың (XIV ғасырда), Асан қайғының (XV ғасырда), Қазтуғанның (XV ғасырда), Әбу әл-Қадырдың (XV ғасырда), Әбдірахман Жәмидің (XV ғасырда), Бұқардың (XVIII ғасырда), Нысан абыздың (XVIII ғасырда) аттарымен байланысты. Олар күйші-сазгер, жыршылар болған. Ал әл-Фараби, ибн-Сина музыка ілімінің теориясын алғаш жасаушы ғалымдар.

Музыка тарихының кезеңдері

Этнограф-ғалым Ақселеу Сейдімбеков қазақтың музыкалық фольклорын бес кезеңге бөледі.

Бірінші кезең - Біздің заманымызға дейін III ғасыр мен біздің заманымыздың VI ғасыры аралығы. Бұған сақ заманынан бастап, көне түркі тайпаларының қиял-ғажайып тақырыптарға арналған күйлері, жорық сарындары, айтулы батыр, дана ару, ерге серік қанатты пырақ-ат, киелі жан-жануарлар туралы өте ертеден келе жатқан күйлер сарыны жатады. Мәселен, "Қос мүйізді Ескендір", "Көк төбет", "Көк бөрі", "Шыңырау", "Аққу", "Сарын", "Өгіз өлген", "Тарғыл бұқа", "Боз іңген", "Боз айғыр" сияқты күй-сарындар. Бұл күй-сарындар міндетті түрде аңыз-әңгімелермен қосарланып жүреді.

Екінші кезең - оғыз-қыпшақ күйлері (VI-XII ғасырларда) . Бұған Қорқыттың күйлері - "Қорқыт", "Тарғыл тана", "Ұшардың ұлуы", "Желмая", қазір аты белгісіз сазгерлердің "Абыз толғауы", "Саймақтың сары өзені", "Айрауықтың ащы зары", т. б. күйлер жатады.

Үшінші кезең - ноғайлы дәуірінің күй-жырлары (XIII-XVI ғасырларда) . Бұл кезде ауызша және әуенмен айтылатын батырлық, ғашықтық - "Алпамыс", "Қобыланды", "Қамбар батыр", "Ер Тарғын", "Едіге", "Қырымның қырық батыры", "Орақ-Мамай" сияқты жырлар туған. Дәл осы заманда Сыпыра жырау, Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіздердің өлең-жырлары дүниеге келген. Осы жырлардың бәрінің шып-шырғасын шығармай сақтап қалған - тек қазақ халқы. Өйткені "Қазақ" атауы орныққанға дейінгі ортақ жиынтық атау -"ноғайлы елі" деген жұртқа, негізінен, қазақ ру-тайпалары кірген еді. Ноғайлы заманының музыкалық мұрасына "Ақсақ құлан", "Жошы ханның жортуылы", "Шора батыр", "Әмір ақсақ", "Қамбар күйі", Асан қайғының "Ел айырылған", Қазтуғанның "Сағыныш" сияқты күйлері жатады.

Төртінші кезең - Жоңғар шапқыншылығы кезеңі (XVII-XVIII ғасырларда) . Оған: "Елім-ай" әні, "Қаратаудың шертпесі", "Қалмақ биі", "Беласар", "Абылайдың қара жорғасы", т. б. күй, әндермен қатар сол заманғы қазақ батырлары жөніндегі жыр-дастандарды жатқызуға болады.

Бесінші кезең - XVIII-XIX ғасырларда және XX ғасырдың басында туған музыкалық мұраларымыз. Оған: Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Тоқа, Сейтек сияқты күйшілер күйлерін, Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Абай, Мәди, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Ыбырай, Майра, Кенен Әзірбаев, Жамбыл, т. б. әндерін жатқызуға болады.

Қазақта би өнері ертеден дамыған. Өкінішке орай, қазақ би өнері олі жақсы зерттелдеген. Қазақ билері көбінесе би биленетін әуен, күй атымен аталып жүр. Мысалы, "Былқылдақ", "Айжан қыз", "Боз іңген", "Сәулем-ай", "Кербез сылқым", "Қос алқа". Ескі билер қатарына "Алқа қотан", "Ұтыс би", "Киіз басу", т. б. жатады.

Қазақтың әдет-ғұрыптық фольклорына "Жар-жар", "Беташар", "Сыңсу", "Жоқтау", "Бесік жыры", "Тойбастар", т. б. жатады.

Жар-жар - келін түскенде жиналған жастар, көпшілік айтатын өлең.

Беташар - жаңа түскен келінді таныстыру, күйеуінің туыстарына, ауыл ақсақалдарына сәлем бергізу, жас келінге ақыл-нақыл айту өлеңі. Оны бір адам орындайды.

Тойбастар - той басталар алдындағы тойшыларға арнап айтатын, сонымен қатар тойдың соңында әр дастарқанда отырған тойшылардың тойға арнап айтатын әні.

Сыңсу - қыздың елінен ұзатыларда елімен, қыздық ғұмырымен, туыстарымен қоштасу, мұң-шерін ақтару әні.

Бесік жыры - бесіктегі жас баланы алдарқату, уату әні. Бесік жыры арқылы бала сәби кезінен елінің әуеніне, тіліне үйренеді. Оның тәрбиелік мәні үлкен.

Жоқтау - елген адамның туыстарының фәниден кеткен адамға арнап айтатын мұңды жылау өлеңі. Оны көбіне әйелдер, қыздар айтқан. Осы аталған ғұрыптық ән түрлерінің өзіндік сөзі, әуендері болады.

Қазақ музыка өнері өзінің болмысы жағынан біртұтас дүние. Мысалы, сонау VIII ғасырдан келе жатқан Қорқыт ата күйлерінің Сыр бойында, Қаратау бөктерінде, Сарыарқа белдерінде, Ертіс, Еділ бойларында еш өзгеріссіз бірдей орындалуы қазақ музыка дәстүрінің бірлігін көрсететін сияқты. "Ақсақ құлан" күйінің Алтай мен Атырау аралығында бірдей орындалуы қазақтың рухани тұтастығын көрсетеді. Ұлан-ғайыр қазақ даласында әншілік, күйшілік өнердің өзіндік аймақтық мектептері де қалыптасқан. Мысалы, қазақтың домбыра күйлері шертпе және төкпе күйлер болып, негізінен, екіге бөлінеді. Шертпе күй Орталық, Шығыс Қазақстанда, Жетісуда, Қаратау аймағында кең тараса, төкпе күй Қазақстанның батыс өлкелерінде, Сырдың төменгі ағысында кең таралған. Шертпе күйдің өзі шығыстағы Байжігіт мектебі, Қаратау шертпелері болып бөлінеді.

Қазақ музыкалық аспаптары: ішекті, үрмелі және соқпалы болып үшке бөлінеді. Ішекті аспаптың өзі шертпелі және ысқышты болып екіге бөлінеді. Шертпелі ішекті аспаптарға: домбыра, шертер, жетіген жатады. Ал ысқымен ойнайтын ішекті аспапқа қобыз жатады.

Үрмелі аспаптарға - сыбызғы, қамыссырнай, қоссырнай, мүйіз сырнай, сазсырнай, үскірік, тастауық, керней жатады. Осы топтың ерекше бір тілді аспабы - шаңқобыз.

Соқпалы аспаптарға - дабыл, даңғыра, кепшік, дауылпаз, шыңдауыл, асатаяқ, қоңырау жатады.

Домбыра - екі ішекті, 9-14 пернеге дейін болатын шертпелі аспап. Домбыраның ішегі, пернесі ешкінің, қойдың ішегінен жасалады. Домбыраның қазақта көптеген түрі болған. Негізі көп тарағаны екі түрі. Бірінің кеудесі томпақ та, ал екіншісінікі ұзынша текше. Томпақ кеуделі домбыра, негізінен, батыс аймақта, ал шығыста жайпақ домбыра көп таралған. Домбыраның осы формаларының өз ішінде әр түрлі пішіндері де кездеседі. Домбыраның кейде үш ішекті түрі де кездеседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ мәдениетінің қалыптасуы туралы
Мәдениет морфологиясы туралы
Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі
Ұлтаралық қатынас мәдениеті
Қазақстан Республикасының бүгінгі тәжірибесі негізінде ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті
Саяси процестер жүйесіндегі ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін зерттеу
Оқу процесінің мəн-мағынлары
Ұлттық сананы қалыптастыру
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар
Құқықтық мәдениеттің жастардың құқықтық белсенділігін қалыптастырудағы ролі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz