Диета сақтау және қолданылатын шаралар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
"ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
"Технология және биоресурстар" факультеті
"Азық-түлік өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі " кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: "Диета сақтау және қолданылатын шаралар"

Орындаған: Әлинұр Айдана,
Қуаныш Айгүл
Тексерген: Муратбекова Қ.М.

АЛМАТЫ, 2017ж.

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1 Диета түрлері
2.2 Диеталық тағамдар
2.3 Науқастарға арналған диета түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Адамға деген әсер ететін көптеген сыртқы ортаның факторларынан тамақтану ең маңызды болып табылады. Рационды тамақтану адамның дұрыс өсуін және ағзаның дамуын,сонымен қатар денсаулығының сақталуын және жұмысқа қабілетілігін қамтамасыз етеді.Оған қоса адам өмірінің ұзақтығына әсерін тигізеді.Егер ол ағзаның энергетикалық шығынын толықтырып және керекті дәрумендермен қамтамасыз етсе, рационды тамақтану тиімді болып саналады. Латын тілінен аударғанда сөзі тағамның тәуліктік үлесі деген мағынаны білдіреді. Тамақтанудың емдік маңызы бар.Тамақтанудың сипатын өзгертіп, адамның ағзасындағы зат алмасуын реттеуге болады және жүріп жатқан ауруға белсенді әсер етуі керек. Бір жағдайда емдік, оның қабылданған атауы диеталық, тамақтанудың басты еңбек факторы болып саналады.
Диета (грек тілінен аударғанда )-адам тағамдарының қолданудағы ережелер жиынтығы. Диета тағамның химиялық құрамы,физикалық қасиеті, оларды аспаздық өңдеу, қабылдауының уақыты мен жиілігі сияқты фактрлармен сипатталады. Диеталық тамақтану әр түрлі созылмалы аурулармен азап шегуші адамдардың көңіл-күйін және жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етеді,сонымен қатар ауру құбылыстарының қайталануын және асқынып кетуін ескертеді .Орташа және егде жастағлардың ағзасының жас шамасына байланыты ауруларды алдфн алу диеталық тамақтанудың ең маңызды рөлі болып табылады.Диеталық тағамдармен қамтамасыз ету қоғамдық тамақтандыру жүйесі диеталық асханада және мамандандырылған дүкендерді диеталық жолмен дайындалған апаздықбұйымдарды ату арқылы жүзеге асырылады. Адам денсаулығына әсер ететін әлеуметтік факторлардың ішінде 50co тамақтануға, 20co қоршаған ортаның әсерлеріне, 20co тұқым қуалайтын қасиеттерге, тек 10co ғана денсаулық сақтау жүйесі-нің жұмысына байланысты.Егер адам денсаулығына әсер ететін бүкіл фак-торлардың жиынтығын алсақ, соның 35co тамақтанудың үлесіне тиеді.
Тамақтану, яғни тағамдық қорек алу - тіршіліктің негізі болып саналатын организмдегізат алмасудың дұрыс жүруіне, организмнің гомеостаз деп аталатын өзіндік ішкі тұрақтылығының қалыпты сақталуына, сонымен қатар қоршаған ортамен үйлесімді әрекеттесуіне әсер ететін ең негізгі фактор.Денсаулық дегеніміздің өзі организмнің сыртқы орта факторларының әр деңгейлі әсеріне сәйкес жауап қайтаруы арқылы сыртқы ортаның құбылмалы жағдайларына тез бейімделіп,жағымсыз факторларға қарсы тұра алу қабілеттілігі, күші.Жағдайға сай тамақтанбау көптеген ауруға шалдықтыратын басты себептердің бірі болып саналады.Соңғы жылдары өмір сүру салтының өзгеруіне байланысты ел арасында жұқпалы емес алиментарлық аурулар ( жүрек-қантамыр аурулары, диабет, семіздік, анемия, зоб, ісіктің кейбір түрлері, т.б.) саны көбейіп кетті.Ұзақ өмір сүру үшін, сондай-ақ жас ұрпақтың дұрыс дамып, өсуі үшін тиімді тамақтанудың және азық-түлікті зиянды контаминанттардан қорғаудың маңызы ерекше.

Негізгі бөлім
2.1 Диета түрлері
Әр түрлі ауруларды емдегенде тағамның шипалы әсерлерін пайдалану жөніндегі мағлұматтар көне заманнан бері бізге аян. Жалпы бұл саладағы тәжірибе дами келе тағаммен емдеу - диетология (емдәмтану) жеке ғылым ретінде пайда болды. Диетология (грек diata - өмір сүру салты, тамақтану тәртібі, logos- ілім) - дені сау және әр түрлі ауруға шалдыққан адамның тиімді тамақтануы туралы ілім; дұрыс тамақтандырудың ғылыми негіздерін зерттеу және оны ұйымдастыру әдістерімен шұғылданады. Диетологияның ғылым ретінде пайда болуын көне заманнан бері Гиппократ есімімен байланыстырады.
Диетология тағам гигиенасымен тығызбайланысты. Қазақстанда дието-логия емдеу-профилактикалық мекемелерде, демалыс орындары мен санаторийлерде диетологиялық қызмет көрсету ісін ұйымдастыруға байланысты 1930 жылдан дами бастады. Диетология саласындағы зерттеулерді 1973 жылдан Қазақстан Ғылым Академиясының Тағамтану институты (қазіргі Тағамтану институты жабық акционерлік қоғамы үйлестіріп отырады.
Диетолог мамандар даярлаумәселесімен Алматы қаласындағы Дәрігерлердің білімін жетілдіру институты (1982 жылдан) және Қазақ ұлттық медицина университетінің тағамтану кафедрасы (1994 жылдан) шұғылданады. Ас қорыту органдарының ауруларын, адамның шектен тыс семіріп кетуін, т.б. тағаммен емдеудің биохимиялық, клиникалық негіздері зерттелді (В.Б.Максименко, Е.Изатуллаев, Б.Салханов).
Диета немесе Емдәм (гр. δίαιτα -- тұрмыс салты). Емдәм -- тағамдық өнімдер мен қоректік заттектердің мөлшерлік және сапалық ара қатынасын, аспаздық өңдеу тәсілдерін, тамақтану тәртібін ескере отырып құрастырылған мерзімдік тамақ мөлшері мен құрамы.
Нольдік диета -- адам организміндегі қоректік қорын зат алмасу процесіне қатыстыру үшін қолданылатын толық ашықтыру курсы. Бұл диетаны ұстаған адамдар күніне үш литр сұйықтықтан басқа еш нәрсе қабылдамауы қажет. Дәрігерлердің қадағалауымен жүргізілетін диета.
Дженни Крейг диетасы
Дженни Крейг диетасының артықшылығы - оның әсері клиникалық деңгейде дәлелденген. Бір кемшілігі - бұл таза коммерциялық емдәм. Себебі, дайын тағамдарға тапсырыс беру қажет. Ал диетаның негізгі шарты: кальций мен жасұныққа бай азықты пайдалану.
Нутрижүйе диетасы
Арықтататын тауарларды сататын тағы бір компания. Бұрын теле-дүкендер арқылы жарнамаланған. Қазір клиенттеріне дайын тағамдар мен биологиялық белсенді қоспаларды тікелей таратады. Компания емдәмі қауіпсіз және құнарлы болып есептеледі. Дегенмен, калий, В12 мен D дәрумендерінің жетіспеушілігінен зардап шегеді. Қазақстандықтар үшін бұл емдәм тек ғаламтор желісі арқылы қолжетімді.
Вегетариандық диета -- ет, балық, құс еттерін жемейтін диета. Вегетариан диетасының бірнеше деңгейі бар:
1. Вегетариандық -- балық пен еттен басқаның барлығын жейтіндер;
2. Веганизм -- мал өнімдерінің ешқайсысын да жемейді;
3. Шикілей жейтіндер: тағамдағы барлық энзимдер 46°С-та жойылатын болғандықтан, тағамдарды жылытпай жейді;
4. Жеміс және жаңғақтар: экологиялық таза жемістерді жейтіндер;
5. Фрукториандықтар: тек жемістер ғана жейтіндер.
Зона диетасы -- адам организміндегі инсулин деңгейін реттеу үшін 40% көмірсулардан, 30% белоктан, 30% майдан тұратын Барри Сире деген дәрігер жасаған диета.
Микробиотикалық диета -- барлық тамақ өнімдерін инь (салқын, тәтті, бейтарап) және янь (ыстық, түзды, белсенді) деген категорияларға бөледі. Тек екі өнімдердің (көкөністер мен бұл жармалар) қасиеттері ерекшеленбеген. Бұл диета бойынша жоғарыдағы айтылган қасиеттері жоғары болса, ондай тағамдарды азырақ жеу қажет.
Қырыққабат сорпасы диетасы -- әр түрлі қырыққабаттан дайын-далған сорпалар ішілетін диета.
Орниш диетасы -- жүрек ауруларының алдын алу үшін Дина Орниш деген дәрігердің жасаған диетасы. Бұл диетада аспаздық майлар мен мал өнімдерін жеуге болмайды. Бұлардан басқа қан типіне байланысты, майдың, тұздың, көмірсудың мөлшерлері аз болатын диеталар болады.
2011 жылдың ең нашар 3 диетасы
1.Палеотикалық диета
Палеотикалық диета мағынасы - үңгірде тұрған адамдардың тамақ мәзіріне барынша жақын тамақтану жоспарын құру. Біздің ата-бабаларымыз азығын аң аулап тапқан. Ал ауыл шаруашылығы - егін мен мал шаруашылы бертін келе пайда болды. Сондықтан, палео-диета ас үлесінде негізгі сүт және дәнді азық-түліктер толығымен жойылады. Ежелгі адам орманнан ғана таба алатын азық-түлікті жеуге болады.
2. Шикі тамақты пайдаланушылар диетасы
Вегандық диетаның бір түрі. Шикі тамақ жеуді қолдаушылар термикалық өңдеуден өтпеген ғана азықпен қоректенеді. Ал шикілей жеуге қауіп- ті еттен бас тартады. Бұл емдәмде құнарлылық, кальций, В12 және D дәрумені тапшы. Осы кемшіліктері үшін мамандар оны ең нашар диеталар қатарына жатқызған. Сонымен қатар, шикі тамақ жеудің термикалық өңдеуден өтпеген тағамнан улану қаупі үлкен.
3. Аткинс диетасы
Кардиолог Роберт Аткинстың диетасы рейтингте ең соңғы орынды иеленді. Бұл емдәмнің өзгертілген түрі ТМД елдерінде кремль диетасы деген атпен белгілі. Бұл тәсілде май тым көп, ал көмірсу тым аз,- дейді сарапшылар. 2010 жылы ғалымдар көп мөлшерде ақуыз бен малдың майы бар, аз көмірсулы диеталар адамның өмір жасын қысқартатынын дәлелдеген. Сондықтан, Аткинс диетасы өмір мен денсаулық үшін аса қауіпті.
Тағам құрамындағы қоректік заттектер организмге жеткілікті мөлшерде түсіп тұрмаса, адамның қуат-қарымы кеміп, дертке шалдығады. Науқасты емдеу барысында қолданылатын шипалы әсері мол заттектердің басым көпшілігі тағам құрамына кіреді. Ежелгі заман емгерлері емдәмді тек клиникалық тәжірибеге сүйене отырып, эмпириялық жолмен құрастырған. Ал ғылым дами келе емдәмді құрастыру физиология, биохимия, гигиена, т.б. жетістіктеріне сүйеніп жасалады. Қазіргі кезеңде емдәм үйлесімді тамақтану теориясына негізделіп, адам организміне қажетті қоректік заттектердің мөлшерін есептеп, жеткіліксіз заттектердің орнын толтыруға, ауруға шалдыққан организмдегі заттек алмасуын реттеуге бейімделіп құрастырылады. Аурудың ағымына, ауырлығына, т.б. белгілеріне сәйкес арнайы құрастырылған Емдәм құрамындағы қоректік заттектердің басымдығына байланысты: белокты Емдәм, майлы немесе көмірсулы Емдәм, тұзсыз Емдәм, т.б., ал химиялық құрамына қарай: жеңілдетілген Емдәм, ықшамдалған Емдәм, элиминациялық Емдәм, гипоаллергенді Емдәм, т.б., кейде авторының атымен: Карел Емдәмі, Лейбе Емдәмі, т.б. деп аталады. Мұндай емдәмнің мақсаты -- қоректік заттектердің мөлшерлік қатынасын өзгерте отырып, организмдегі зат алмасуды ретке келтіру. Аурудың өршіген кезеңінде функциясы әлсіреген органға жеңілдік туғызу үшін белгілі мерзімге аялауыш емдәм беріледі, кейде арнайы емдәмді орган функциясын арттыру үшін де береді. Әрбір емдәмнің әр түрлі нұсқалары болады. Оларды аурудың ауырлық деңгейінің өзгеруіне байланысты сәйкестіре отырып тағайындайды.
2.2 Диеталық тағамдар
Емдік тамақтану .
Асқазан немесе ұлтабар жарасы болса, секрециясы қалыпты немесе жоғары созылмалы гастрит болса мына диетаны сақтаңыз:
1. Шырыш бөлгіш күшті әсері бар, асқазанның шырыш қабығын тітіркендіретін тағам-дардан, соның ішінде сорпадан, балық сорпасынан, қуырғанеттент.б.тартыныңыз.
2. Құрамында клетчатка көп тағамдарды (қара бидай нанын, саңырауқұлақты, кепкен жемістерді, бұршақ тұқымдастарды, ақталған тары және арпа жармасын) шектеңіз.
3. Ақ қауданды капуста (қырыққабат), шалқан, шалғам, қымыздық, саумалдық, пияз, шомыр, тарна жеуден сақтаныңыз.
4. Өз диетаңызда саңырауқұлақты, жеміс пен жидектің қышқыл сорттарын пайдаланушыболмаңыз.
5.Тамақты суға қайнатып немесе буға пісіріңіз.
6. Есіңізде болсын, әр жол-ғы жейтін тамағыңыз тым көп болмауға тиіс. Тамақтың температурасы - кәдуілгі. Тамақтану саны - күніне бес - алты рет. Тұзды аздап пайдаланыңыз. Күндік рационның жалпы көлемі сұйықты қосқанда сау адамға ұсынылатын мөлшерден, яғни 3 литрден аспауға тиіс.
7. Күн сайын итмұрын қайнатпасын, жатар алдында - бір стақан сүт немесе кисель ішуді ұмытпаңыз.
Қышқылы мен секрециясы жеткіліксіз созылмалы гастрит, созылмалы
колит болса мына диетаны сақтаңыз:
1. Өз рационыңыздан өткір дәмдеуіштерді, сүрлерді, басытқылық консервілердішығарыптастаңыз.
2. Көкөністен - қырыққабатты, шалқанды, бұршақ тұқымдастарды алып тастаңыз.
3. Картопты, көк пиязды, қаймақты, майшабақты шектеп пайдаланыңыз.
4.Жүзім шырыны мен қауыннан тартыныңыз.
5. Есіңізде болсын: рационның көлемі әдеттегідей - сұйықты қосқанда 3 килограмм. Еркін сұйықтың мөлшері - 1,2 - 1,5 литр. Тамақтың температурасы әдеттегідей. Тамақтану саны - күніне бес рет.
6. Күн сайын итмұрын қайнатпасын, ал жатар алдында - бір стақан айран ішуді ұмытпаңыз.
Созылмалы колит, созылмалы энтероколит болса мына диетаны сақтаңыз:
1. Тамақтан бұршақ тұқымдастарды, бұршақты лобияны, жасымықты, шалқанды, шомырды, шалғамды, тарнаны, саңырауқұлақты шығарып тастаңыз. Өйткені олар асқазан - ішек жолының шырыш қабығын тітіркендіреді.
2. Физиологиялық толыққұнды диета қолданыңыз, ірі клетчатканы, майы алынбаған сүтті, өткір басытқылар мен дәмдеуіштерді шектеп пайдаланыңыз.
3. Тамақты негізінен пюре етіп немесе майдалап турап жасаңыз: қуырған кезде қабықтандырмаңыз (ұнға аунатпай қуырыңыз).
4. Есіңізде болсын: рационның көлемі әдеттегідей, сұйықпен қосқанда - 3 литр мөлшерінде. Тамақтың температурасы әдеттегідей. Тамақтану саны - күніне бес рет. Тұз пайдалану қалыптағыдай (күніне 10-15 грамм).
5. Күн сайын итмұрын қайнатпасын, жатар алдында - бір стақан айран (кефир) ішуді ұмытпаңыз.
Холецистит, созымалы гепатит, бауыр циррозы, бауыр мен өт жолдарының қызметін бұзатын аурулар болса мына диетаны сақтаңыз:
1. Тамақ рационында ет, балық, саңырауқұлақ сорпалары мен тұздарды мейлінше шектеуге тырысыңыз. Май, ең алдымен еруі қиын май жеуді шектеңіз.
2. Құрамында холестерин көп өнімдерді (ми, жұмыртқаның сары уызы) жеу-дентартыныңыз.
3. Қуаттылығы (калориялығы) жағынан толыққұнды, белогы қалыпты мөлшердегі диета қолданыңыз, сүзбені, өткір емес сырды кеңінен пайдала-ныңыз.
4. Есіңізде болсын: рационның көлемі сұйықты қосқанда - сұйықтың мөлшерін көбейту есебінен 3,5 килограмм. Тамақтың температурасы әдеттегідей. Кулинарлық өңделуі - тамақ негізінен майдаланбай, асылып және духовкада пісірілген күйде пайдаланылады. Тамақтану саны - күніне бес-рет.
5. Күн сайын итмұрын қайнатпасын, ал жатар алдында - бір стақан айранды ішуді ұмытпаңыз. Сорпа, басқа да сұйық тағамдарды қосқанда сұйықтың жалпы мөлшерін күніне 7-8 стақанға дейін көбейтіңіз.
Әртүрлі себептен семіздікпен ауырсаңыз мына диетаны сақтаңыз:
1.Тәбет шақыруға көмектесетін тағамдардан, атап айтқанда маңызды ет және балық сорпаларынан; тұзды және өткір тағамдардан; басытқылардан; консервілерден қышадан, бұрыштан тартыныңыз. Тәтті жемістер мен жидектерді,сондай-ақ картоп,қызылша, сәбіз пайдалану-ды шектеңіз.
2. Өз тамағыңыздан тортты, пирожныйды, балмұздақты, тәтті жеміс суларын, дәмдеуіш қосылған тоқаштарды, тәтті сүзбе сыроктарын, басқа да тәтті тағамдарды шығарып тастаңыз. Қантты алмастырғыш ретінде ксилитті (немесесорбитті)пайдаланыңыз.
3. Сұйық ішуді (күніне 3-4 стақанға дейін) және тұз тұты-нуды шектеңіз (күніне 5 грамға дейін дайын тағамға қосу үшін ғана пайда-ланыңыз,тамақтың өзі тұзсыз дайындалады).
4. Тамақты негізінен асып немесе булап пісірген күйде пайдаланыңыз.
5. Есіңізде болсын: арасында ұзақ үзіліс жасамай, тамақты мезгіл-мезгіл ішіп отырыңыз. Тамақтану саны - күніне кемінде 4-5 рет. Соның өзінде әрбір ішкен тамақтың тым көп болмауы маңызды.
6. Оқтын-оқтын жеңілейту күндерін өткізіңіз (ол үшін алдын-ала дәрігермен кеңесіпалыңыз).
7. Күн сайын (жақсысы - күніне 2-3 мәрте) гимнастика жасауды және спортпен шұғылдануды ұмытпаңыз (желіп жүгіру, жаяу және велосипедпен серуендеу, жүзу, теннис, шаңғы, коньки, т.б.).
Жүрек ауруы, гипертония ауруы, атеросклероз, бүйрек пен несеп жолының кейбір аурулары болса мына диетаны сақтаңыз:
1. Тамағыңыздың калориялығын азайтыңыз. Есептелген рацион калориялығының артуына жол бермеңіз. Төсек тартып жатқанда тамақ-тың калориялығын 20-40 пайызға кемітіңіз.
2. Ас тұзын пайдалануды шектеңіз, тамақты пісірген кезде тұз салмаңыз, дастарқан үстінде ғана күніне 3-5 грамм мөлшерінде тағамға
қосыңыз(дәрігеркеңесінедейін).
3. Ет, балық, саңырауқұлақ суптарын, сорпалардан, тұздықтардан, қою қара шайдан, кофеден, какао ішуден, шоколад, өткір және тұзды басыт-қылар мен дәмдеуіштерден аулақ болыңыз.
4. Қырыққабатты, бұршақ тұқымдастарды, газды суды тұтынбаңыз, бұлар газдың көп жиналуы нәтижесінде ішті кептіреді.
5. Рационыңыздан холестеринге бай өнімдерді (малдың ішкі органдарын, миды, уылдырықты) шығарыңыз, сондай-ақ мал майын тұтынуды шектеңіз.
6. Тамағыңызда майлы тағамдар, дәмдеуіш қосылған және ұннан
жасалған тағамдар тұтынудан тартыныңыз.
7. Алкогольды ішімдіктер болмашы мөлшердің өзінде, сөз жоқ, зиянды.
8. Есіңізде болсын: шай, сүт, сорпа, кисель, т.с.с. түріндегі сұйықтың жалпы мөлшері күніне 4-5 стақаннан аспауға тиіс. Рационның көлемі сұйықты қосқанда 2 - 2,5 килограмм. Тамақтың температурасы әдеттегідей. Тамақтану саны-күніне бес-алты рет. Аспаздық өңдеу - барлық тағамдар тұзсыз дайындалады; ет пен балық - асқан күйде немесе асқан соң қуырған күйде.
9. Күн сайын қайнатқан итмұрын суын, ал жатарда - бір стақан айран немесе простокваша ішуді ұмытпаңыз (Бұл емдік тамақтану диетасын жасаған ресей медицина ғылымы академиясының академигі А.А. Покровский).
Тиімді тамақтану дегеніміз - тамақ ішу режимін бұзбай,күнделікті
рациондағы негізгі қоректік заттар мен биобелсенді заттардың организмге
қажетті үйлесімдігін сақтай отырып, энергия кірісі мен шығынының тепе- теңдігін сақтау.
Күнделiктiдұрыс тамақтануға қажеттiтағам түрлерiн алты топқа жiк-теуге болады.Оның алғашқысы құрамында ағзаға қажеттiбелок, май, көмiрте-гi, дәрумендер (витаминдер) мен минералды тұздары бар сүзбе, сүт, қаймақ, айран, iрiмшiк, құрт, құрғақ сүт, қаймақты балмұздақ, қымыз, шұбат деймiз.
Бұдан кейiнгiөте пайдалы белоктарға бай әр түрлiеттер, шұжық, балықтың
түрлерi және жұмыртқа. Бұлардың құрамында белоктан басқа майлар, көмiртегi, дәрумендер, минералды тұздар бар.
Құрамында көмiртегiкөп тағамдарға қара және ақ нан, кептiрiлген нан, қант,бал, шоколадты конфеттер, халуа, печенье, макарон, тосап, манна жармасы, картоп, бұршақ, жүгерi және күрiш жатады.Ал, құндылығы жағынан күштi тағам ретiнде түрлi майларды атауға болады. Олардың 100 грамындағы қуаттылық 700-800 калориядан кем түспейдi. Тағамның V және VI топтарына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Емдік тағамдар
Біліктілікті медициналық көмек
Дәрігерге дейінгі медициналық көмек
Ем – дәмдік тамақтану
Диеталық тамақтану туралы ақпарат
Спонтанды қант диабеті
Медициналық көмек көрсету үшін сырқатты қабылдау
Дұрыс тамақтану – денсаулықтың басты кепілі
Емдік тағам белгілеудің негізгі принциптері
Дұрыс тамақтану ережелері
Пәндер