Ақмола облысы жер ресурстарын пайдалану ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

ТҮЙІНДЕМЕ

Тақырыбы: «Ақмола облысы жер ресурстарын пайдалану ерекшеліктері».

Жұмыстың құрылымы мен көлемі: Дипломдық жұмыс 64 беттен, кіріспеден, негізгі 3 бөлім, қорытындыдан және 45 пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Сонымен қоса, жұмысты жазу барысында 12 кесте, 8 сурет құрастырылып, пайдаланылды.

Жұмыстың мақсаты: Ақмола облысының физикалық-географиялық ерекшеліктерін және әлеуметтік-экономикалық жағдайын ескере отырып, Ақмола облысындағы жер ресурстарын және жер ресурстарын пайдалану ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп, талдау жасау.

Түйін сөздер: географиялық орналасуы, физика-географиялық жағдайлары, мемлекеттік жер мониторингі, жер ресурстары, жер басқару.

Зерттеу әдістері: дипломдық жұмысты жазу барысында статистикалық әдіс, салыстырмалы талдау әдістері қолданылды.

РЕФЕРАТ

Тема: «Особенности использование земельных ресурсов Акмолинской области».

Обьем и структура работы: Дипломная работа состоит из 64 листов, введения, 3-х глав, заключения и 45 списка использованной работы. Также, во время работы было создано и использовано 12 таблиц, 8 рисунков.

Цель работы: Комплексное изучение, а так же анализ земельных ресурсов и особенностей землепользования в Акмолинской области с учетом физико-географических особенностей и социально-экономического положения области.

Ключевые слова: географическое положение, физико-географические условия, государственный земельный мониторинг, земельные ресурсы.

Методы исследования: При определении особенностей природного состояния использовались статистический метод и метод сравнительного анализа.

ABSTRACT

Subject: Fesatures of the use of land resources of the Akmola oblast.

Volume and structure of work: Diploma thesis consists of 64 lists, an introduction, 3 main parts, conclusion and 45 list of references. Includes and used 12 tables, 8 picture.

Objective: arecomprehensive study and analysis of land resources, land use in the Akmola region by paying attention the physical-geographical features and socio-economic situation.

Keywords: Geographical location, physical and geographical conditions, state land monitoring, land resources.

Study methods: Research methods: The features of the natural state, the statistical method and the method of comparative analysis were used.

Мазмұны

КІРІСПЕ3

1АҚЫЛЫ ЖЕР ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ5

1. 1Жер нарығының қалыптасуы мен даму тарихы5

1. 2 Жер ресурстарын тиімді пайдаланудағы мемлекеттік органдардың құзыреті мен міндеттері10

1. 3 Жер ресурстарын пайдалану ерекшеліктеріндегі шет елдік тәжірбиелер15

2АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ22

2. 1Облыстың физикалық-географиялық жағдайына сипаттама22

2. 2Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайы29

2. 3Ақмола облысы жер ресурстарының жалпы жағдайы36

3АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ41

3. 1Облыстағы жер ресурстарының меншіктеу формасы және олардың құрылымы41

3. 2Ақмола облысында жер алқаптарын тиімді пайдалануды экономикалық және экологиялық негіздеу49

3. 3Облыстағы жер ресурстарын тиімді пайдаланудың мәселелері56

ҚОРЫТЫНДЫ60

КІРІСПЕ

Жерді бағалау нәтижелерінің іс жүзінде - нақты мәселелерді шешуде, жерді тиімді пайдалану мен талдауды жоспарлауда; жер төлемдерін реттеуде, жер пайдаланымдардың оптимальды, оңтайлы мөлшерін анықтауда; жерді пайдалануды және қорғауды бақылауда, жерді алып қою кезінде шығындарды қайтаруда атқаратын міндеті зор.

Қазіргі кезде кез келген жағдайда пайдалануға болатын жерді бағалау тәсілі жоқ. Жер халық шаруашылығында әр түрлі рөл атқарады, мақсатына байланысты жерді әр тұрғыдан бағалауға болады. Соған орай бағалау әдістері де әр түрлі болады. Мемлекетіміздің әр даму сатысында жерді бағалаудың әр түрлі жүйелері болды.

Жерді аймақтарға бөлудің негізгі мақсаты - жердің мақсатты пайдалануы мен пайдалану мерзімін бөлу арқылы жер аумағын анықтау.

Қазақстанның ауыл шаруашылығына жарамды жерлерін аймақтау мәселесі де қазіргі таңда өзекті болып отыр, өйткені Кеңес Одағы кезінде ауыл шаруашылық жерлерін экономикалық бағалау негізінде жүргізілген аймақтау жұмыстары топырақтың құнарлығы, балл бонитеті бойынша жасалған. Тәуелсіздік алғаннан кейін жерлер жеке меншікке берілуіне байланысты жердің бағасы (құны) бойынша аймақтау жұмыстары жүргізілді. Ол жұмыстар жердің нормативтік бағасы негізінде жасалды, ал қазіргі таңда республиканың ауыл шаруашылық жерлерін аймақтау үшін бағалау әдістерін жетілдіріп, аймақтау жұмыстарын қайта жүргізу қажеттігі туындап отыр. Осы мәселелерге байланысты дипломдық жұмыста төмендегідей мақсаттар мен міндеттер қойылды.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасы жер ресурстарын басқару және оларды пайдалану ерекшеліктері, жерді аймақтарға бөле отыра пайдалану мақсатында бағалау, жер нарығы - қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Қазіргі жағдайларда жердің алғашқы нарығын құру жер учаскелерін мемлекеттік меншіктен жеке меншікке әртүрлі мақсаттар үшін бір жолғы сату немесе бөліп төлеуге сату жолымен өтеулі негізде беру, сондай-ақ жер пайдалану құқығын өтеулі негізде (жер учаскесіне жалдау құқығын сату) беру жөніндегі операциялардан тұрады. Сондықтан жер кез келген өзге өндіріс құралы сияқты өзінің өндірістік қабілетіне сай бағалануы тиіс және жерді аймақтарға бөлу, алқаптарда тиімді пайдалану кезінде ерекшеліктері ескерілуі тиіс.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Ақмола облысының физикалық-географиялық ерекшеліктерін және әлеуметтік-экономикалық жағдайын ескере отырып, облыстағы жер ресурстарын және жер ресурстарын пайдалану ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп, талдау жасау.

Дипломдық жұмыстың мақсатына сәйкес келесі міндеттер орындалды:

- жер ресурстарын тиімді пайдаланудағы мемлекеттік органдардың құзыреті мен міндеттерінеталдау жасау;

- жер ресурстарын пайдалану ерекшеліктеріндегі шет елдік тәжірбиелерге шолу жасау;

- Ақмола облысының табиғи-климаттық жағдайына сипаттама бере отырып, облыстың жер ресурстарын пайдаланудың ерекшеліктерін қарастыру;

- Облыстағы жер ресурстарының меншіктеу формасы және олардың құрылымына талдау жасау;

- Облыстағы жер ресурстарын тиімді пайдаланудың мәселелерін қарастыру.

Дипломдық жұмыстың объектісі: Ақмола облысының жер ресурстары.

Дипломдық жұмыстың пәні: Экономикалық, экологиялық құқықтық жағдайларды ескере отырып жер ресурстарының меншіктеу формасы мен құрылымын қарастыра отырып, жер ресурстарын тиімді пайдаланудың мәселелерін қарастыру.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі мақсаты, тапсырмалары зерттеліп отырған тақырыптың маңыздылығын көрсетеді.

1 АҚЫЛЫ ЖЕР ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Жер нарығының қалыптасуы мен даму тарихы

Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, қоғамдық қатынастар, жекелеп алғанда жер қатынастары үлкен қарқынмен дами бастады. Жер нарығының қалыптасуы еліміздің нарықтық экономикаға бейімделуінің алғышартының бірі болып табылды. Жер нарығы оның құқықтық реттелуі мен табиғи- экономикалық сипатының санғасырлық тарихы бар. Республикадағы жер қатынастарын реттеу мен жер нарығының қалыптасуы өткен шақтан бастау алады. Қоғам дамуының кезеңдерінде жер ресурстарын пайдалану белгілі бір аумақтың табиғи жағдайымен және материалдық өндірістің бағытына сәйкес болып келген. Ғалымдардың пікіріне сүйене отырып, жер қатынастары, яғни жер нарығының қалыптасуы мен дамуын бірнеше кезеңдерге бөлуге болады. Мәселен, И. Г. Архипов 4 кезеңді бөліп көрсеткен: Қазақстанның Ресей құрамына кіргенге дейінгі, Ресей құрамында болған кездегі, Кеңес кезеңіндегі және Тәуелсіз Қазақстанның жер қатынастары [1, б. 25] .

Қазақстанның Ресей құрамына кіргенге дейінгі жер нарығының қалыптасуы мен дамуы. Ресей құрамына енгенге дейінгі жер қатынастарының қалыптасуына негізгі әсер етуші фактор ол - қазақтардың көшпелі өмір салтын ұстануы болып табылады. Сол кезеңдердегі заңдық көзқарастар бойынша 19 ғасырға дейін жерге жеке меншік құқығы болмады [2, б. 112] . Яғни, жердің нағыз иелері болып билер мен феодалдар табылды. Сол кездердегі қазақ қоғамында руаралық тартыстар мен әлеуметтік қарама-қайшылықтарды тудырған жер мәселесі болған. Бертін келе Қазақстанда жерге жеке меншік болды ма, егер болса оның сипаты қандай болды? Бұл мәселені талдау барысында бірнеше көзқарастарға тап боламыз. Нақтылай айтсақ С. З. Зиманов пен А. Е. Ереновтың пікірлері бойынша, «Қазақстанда жерге меншік құқығының болуы даусыз, қоғамдық көшпенді жер пайдалану мен қоғамдық меншікті шатастыру қателік болар еді. Қазақ феодалдық қоғамның өндірісін саралай отырып, жеклеленген көшпенділік жолға пайдаланылатын жерлерге феодалдық меншіктің болғанын көреміз» [3, б. 48] .

Біріншіден бұл пікірлердің шындыққа жанастындыға дәлел болып, жерлердің сол кезеңдерде иегер - феодалдардың атымен аталуы табылады. Жер дауларын шешкенде жер телімі кімнің иелігінде екендігін анықтау үшін жердің атауы пайдаланылған. Екіншіден, қарапайым халық өзен суын қолдану кезінде ханның немесе өзенге жанасып жатқан жер телімінің иегерінен арнайы рұқсат алуы керек болған. Сәйкесінше егер суға жақын жатқан жайылымдар қауымдық меншікте болса, рұқсаттың қажеттілігі болмас еді. Меншік институты сол кезеңдегі патриархалды - феодалдық қоғамның белгілеріне ие болған. Бұл дегеніміз жерге меншік көшпенділік өмір салтының элементтері бар феодалдық меншік болған. Алайда, мұндай меншік санатының болуына қарамастан жерді сату-сатып алу секілді мәмілелер жасау қатынастары қалыптаспаған еді. Жоғарыда айтылған азаматтық мәмілелердің құрылымы Қазақстанның Ресейге қосылғанынан кейін өзгерді.

Қазақстанның Ресей құрамында болу кезеңіндегі жер нарығының қалыптасуы. Қазақстанның Ресей құрамына қосылуы жер қатынастарының сипатына айтарлықтай әсерін тигізді. Атап айтатын болсақ, біріншіден барлық жер қоры Ресей империясының меншігіне өтті. Яғни, «қырғыз көшпенділері алып отырған жерлер мемлекеттік деп танылады және қырғыздардың қауымдық пайдалануына беріледі» деп «Уақытша ереженің» 210 бабында көрсетілген [4, с. 184] . Екіншіден, жер қатынастарын реттеу қазақтың әдет-ғұрыптық нормалары негізінде жүзеге асырылды, алайда бірқатар өзгерістермен.

Нақтылай айтсақ жеке отбасылардың күздеу және қыстау, шабындықтарға жеке меншігін таныған нормалар пайда болды. Сонымен қатар жер қатынастары қазақ қоғамында қолданылған құқықтармен қатар жалпы патшалық Ресейдің заңдарымен реттелді. Сондықтан да сол кезеңдегі Қазақстанның жер нарығының тарихи кезеңін Ресейден бөлек қарастыру мүмкін емес. Қай жағынан қарасақ та Ресейдегі әлеуметтік процесстер елімізде де тікелей немесе жанама көрінісін тапты. Мәселен, 1909 жылы 24 мамырда «Шаруалар мен жер пайдаланушыларды кейбір басыбайлық және ипотекалық актілерді орындаған жағдайда баждар мен алымдарды төлеуден босату туралы» заңымен азаматтардың жоғарыда аталған санаттарына жеңілдіктер беру қамтамасыз етілген. Нақтылай айтқанда оларды басыбайлы және канцеляриялық актілік баждардан, әртүрлі канцеляриялық алымдар мен баждардан, төлемдерден босатқан. Осы заңның екінші бабында көрсетілгендей, «меншік құқығығының ауысуы және иеліктен шығару немесе меншік құқығының пайда болуы туралы хабарламаны жариялау тегін ақысыз жүзеге асырылған» [5, с. 90] .

1911 жылдың 15 наурызындағы «Жылжымайтын мүлікті жалдаудың шекті мерзімін ұлғайту туралы» заңы, жерді жылымайтын мүлік объектісі ретінде қарастырып, жер телімдерін жалдаудың тәртібі мен мерзімдерін және жер жалдау ақысын төлеу тәртібін реттеген. Яғни, « Жылжымайтын мүлік, сонымен қатар жер телімдері 36 жылдан аспайтын мерзімге жалға берілетін болған» [6 (13), с. 310] . Ресейдегі әлеуметтік процестердің бірі ретінде Столыпин аграрлық реформасын айтсақ болады. Осы реформа негізінде 1911 жылдың 29 мамырында «Жерге орналастыру» туралы заң шықты. Бұл құқықтық акт негізінде қазақтардың жерінен бөлінген жер бөліктеріне ерекше құқықтық тәртіп орнаталды. Ол тәртіпке сәйкес, бөлінген жер бөліктері шаруалардың қоғамдық пайдалануына беріліп, азаматтық айналымнан шығарылған. Яғни, бұндай жер бөліктерін тек қана салық салу және сатып алу құнын толық төлеген жағдайда ғана сатылатын болған [7(15), с. 24] .

Сонымен қатар әскери жер қоры көбейтілген, алайда осы әскери запас жерлерінің белгілі бір бөлігі қазақтарға жалдау ақысын төлету арқылы жалға беріліп отырған. Бұл акт негізінде әскери жердерді жалға беру келесідей шарттардан тұрған: әрбір қазақ шаруаларының қыстап шығуы үшін 2-4 рубль, жаңа қыстақ салу үшін 3-5 рубль, жайылым жерлер үшін әр десятинадан 7-20 рубль болса, шабындық жерлер үшін 50 тиын алынып отырған. Бір жылда казактар қазақтарға жалға берген жерлерден 13474 рубль пайда көріп отырған [8 (16), с. 128] . Жер нарығын реттейтін келесі норматифтік акт 1913 жылы қабылданған Жерді бөлу бас басқармасы және Жерге орналастыру және де Әділет министрлігімен бекітілген «Сату үшін қойылған көші-қон телімдерін жалдауға берудің басты негіздері» болып табылады. Бұл заңға сәйкес келесідей мәселелер қарастырылған: Біріншіден, сатуға арналған көшіп қону телімдерін жалға саудасыз 12 жылдан артық емес мерзімге көшірілуге құқықтары бар тұлғаларға беріледі. Екіншіден, бұл учаскелерді жалдаушы сату туралы заң шығарылғаннан кейін заңмен белгіленген шарттар негізінде жалданған учаскені сатып алуына болады. Үшіншіден, жалдау ақысын жалға алушы әрбір жарты жыл сайын төлеуі қажет. Төртіншіден жалдаушы кепілпұл төлейді және келесідей міндеттер жүктеледі: жалға алынған жерлерге ғимараттар салу, мал басын көбейту бір жыл ішінде (белгілі бір нормаға жеткізу) .

Жалға алушы өзіне жүктелген міндеттерді орындай алмаған жағдайда жер тартып алынып, кепіл пұл мемлекеттік қазына есебіне түседі [9 (23), с. 15] . Осылайша, Қазақстанның Ресей құрамына кіру кезеңінде жер шаруашылық айналысқа түсті. Яғни, жерді сату- сатып алу ғана емес, жалдау институты пайда болды. Сәйкесінше бұл жағдай, жер пайдалану сапасына, жердің тауарлық айналысқа түсіп, дамуына өз әсерін тигізді.

Келесі кезең, Кеңестік кездегі жер нарығының қалыптасуы мен дамуы. Бұл кезеңдегі басты мәселе - жерге меншік құқығы болды. Себебі, 1918 жылы қабылданған «Жердің социалдануы» туралы Декреттің І-ші бабында жерге кез-келген меншік түрі мәңгіге жойылады деп айтылған. Алайда, жерге тек жеке меншік институты ғана тәжірбиелік жойылды, ал мемлекеттік меншік аясы керісінше кеңейіп, меншіктің жалғыз түрі ретінде әрекет етіп, жерге мемлекеттің монополиясы орнады. Қабылданған декретте меншік мәселесімен қоса, жерді пайдалануға қатысты кез келген мәмілелер жасау, яғни сату, сатып алу, жалға алу, беруге тыйым салынды. Бұл іс-әрекеттердің салдары болып, шаруалардың жерден және де өздерінің өнімінен оқшаулануы, өз еңбектерінің нәтижесіне қызығушылық танытпауымен және бірқатар экологиялық шешілмеген сұрақтар табылды. Осы секілді мәселелер жиынтығы 80-шы жылдардың аяғында жер қайта құрулардың қажеттілігін түсінуге әкеліп соқты.

Кейіннен 1922 жылғы РСФСР-дің Жер Кодексіне сәйкес шаруалар мемлекеттік жерді жалдау немесе басқа шарттарды жасамай-ақ пайдалана алатын болды. Жалпы алғанда 1920-1936 жылдар аралығында ҚАССР-да 14-тен артық жергілікті құқықтық нормативтік актілер қабылданды. 1920 жылғы «Жер мәселесі бойынша резолюция», 1921 жылғы «Жер - су реформасын жүргізу туралы» Жетісу облревкомның бұйрығы, 1925 жылғы «Жерге орналастыру» резолюциясы, 1928 жылғы «КАССР халқын жерге орналастыру тәртібі мен жер пайдалануды реттеу тәртібі туралы» қаулы және т. с. с. Осы кезеңдерде өткізілген ұжымдастыру шаралары мемлекет тарапынан шаруалардың жерге билік ету және пайдалану құқығына зардап тигізді, сәйкесінше мемлекет жерге билігін кенеттен арттырды. 1930 жылы КСРО-да Халықтық жер комитетінің құрылуы қарастырылып, оған Кеңес республикаларының жер комитеттері бағынатын болды. Ұжымдастыруды жүзеге асыруға байланысты колхоздық құқық саласы дамыды. Яғни, жер құқығының бір бөлігін жаңа туындаған колхоздық құқық қамтыды. Сәйкесінше бұл Жер кодексінің өзінің заңдық күшін жойып, мақсатына сәйскес пайдалана алмауына әкеліп соқты.

1936 жылғы КСРО Конституциясының жа рияла уына сәйке с колхозда рдың қа ра ма ғында ғы же рле р ола рдың а тына а қысыз па йда ла нуға бе рілді. Сол жылда н ба ста п, колхозда р ме мле ке т а тына же рде н жина ла тын са лықта н боса тылды [10 (26), с. 59] . А лға шқыда а уылша руа шылық, ке йінне н ба рлық же рле рді жа лда уға тыйым са лынды. Же рдің а қша лық ба ға ла нуына н ба с та ртуға не гізде лге н бұл жа ғда й, соғыста н ке йінгі уа қытта а уыл ша руа шылық же рле рін көп мөлше рде жоға лтуға әке п соқты. А уыл ша руа шылық же рле рі «бос же рле р» ка те гориясын толықтырды. Құна рлы же рле рдің ныса на лы ма қса тының өзге руі «же рдің а қысыздығы» конце псиясына н ба с та рту қа же ттілігін тудырды.

Же рді экономика лық құндылық ре тінде та ну, мүліктік сипа тын а нықта п, а қша лық ба ға ла уды С. Д. Че ре мухин және В. П. Шкре дов се кілді ға лымда р те оре тика лық не гізде ді [11 (27), с. 154] . Осы мәсе ле нің бе ле ң а луы нәтиже сінде 1971 жылы Қа зССР-нің Же р коде ксі же р ка да стрының ма змұнын а нықта ға нда, «же рле рдің экономика лық құнын» қа ра стырды. Уа қыт өте ке ле бұл мәсе ле КСРО-ның жоға ры билігінде де қолда у та пты. 1990 жылы а ка де мик С. С. Ша та линнің же те кшілігіме н «на рыққа өту» экономика лық қа йта құрула рдың ба ғда рла ма сы да йында лды, ол ха лық а ра сында «500 күн» ба ғда рла ма сы де ге н а тпе н та ныма л болды. Ба ғда рла ма ға сәйке с ме мле ке ттің ре сми та нуы бойынша, «же р те лімі ба р және де оны мұра ға қа лдыра а ла тын а да м қоға мының тұра қтылығына, әле уме ттік және ұлттық ке лісімге объе ктивті мүдде лі бола ды. Же ке үй ша руа шылығында ғы же р ша руа ның же ке ме ншігі де п жа рияла нды не ме се оға н а з а қыға бе рілді. Қа ла лық тұрғында рдың же ке ме ншігіне жа лда у а қысы не гізінде 6 сотық бола тын ба қша лық- ба ғба ндық уча ске ле р бе рілді. Ре форма да ғы е ң нәтиже лі те тік болып же рдің а қылылығы та былды. Ме мле ке т же рге ба йла нысты са уда мәміле ле ріне ба қыла у жүргізді, а ла йда ре форма ның ба сты ма қса ты - же рді ме мле ке тсізде ндіру болды [12 (28), с. 142] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақмола облысының экологиялық жағдайы
Тақырыптық карталардың мазмұнының элементтері
Салық салу объектілері
Ақмола облысының табиғи жағдайларының ерекшеліктері
Туристік ресурстар тізімін дайындау
Ақмола облысы бойынша су ресурстарының экологиялық жағдайы
Экологиялық менеджменті және экологиялық басқару
Ақмола облысы Шортанды ауданының жер учаскесінің кадастрлық құнын анықтау туралы ақпарат
Туристік ресурстарды игерудегі шетелдік тәжірибе
Экология ғылымы жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz