Мәдениет туралы түсініктің тарихи дамуы туралы


... жалғасыМәдениет дегеніміз - белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы.
Мәдениет (латын. Cultura - өңдеу, егу деген мағынаны білдіреді) - басқаша айтқанда табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның іс-әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанның бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы ұғымда мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді. Мәдениет - адам жасаған «екінші табиғат» депте айтылы бастады. Адамзаттың ертеден өмір сүріп келе жатқанындай мәдениет те ертеден келеді. Мәдениет - деген сөз өзінің толық мағынасында адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан - мәдениет саласының өрісі кең. Мәдени құндылықтарды жинақтау және жеткізу процесі алғашқы қоғамдық дәуірде басталған болатын. Ұрпақтан ұрпаққа берілген мәдени құндылықтар адамзатты бүгінгі күнгі прогресске жеткізіп отыр.
Алғаш рет әдебиетте «культура» термині Римнің атақты философы әрі шешені Цицеронның (б. д. д. 45 ж. ) «Тускул кеңесі» атты еңбегінде кездеседі. Оның этимологиялық негізі «өңдеу», «тазалау» деген сөздерден шығады. Алғашқыда агротехникалық термин (жерді өңдеу) ретінде қолданылды. Ал, Цицерон болса алғаш рет оны ауыспалы мағынада «адам ақыл-есіне ықлал жасау» үшін қолданды. Цицерон философияның адам өміріне ықпал жасау әдістерді қарастыруды мақұл көрді. Тек осымен антикалық азаматтарды дайындау, ессіз баладан ер адамдық деңгейге дейін қалыптасу жағдайлары сипатталады. Гректер бүл жағдайды «пайдейя» (жас бала) түсінігімен белгіледі. Мәдениеттің мақсаты мынада болды: адамның ойлау қабілетін, эстетикалық сезімнің әдемілігін дамытып, адамның іс әрекетінде сезімділік өлшемі мен әділеттілікті қарастыруға жол ашу. Бұл жағдайда антикалық адам табиғатпен біртұтас екендігін жоғалтқан жоқ. Табиғат өзі қанатының астына құдайлар мен адамдарды ала отырып ғарыштың айрылмас негізгі бөлігі болып қала береді.
Мәдениеттің мәнін белгілі бір тұрғыда қарастырсақ, оның басқалардан гөрі айрықша екі жолын көруге болады: зайырлы және діни мәдениеттер. Діни ілімнің түсініктерінін шеңберінде «мәдениет» ұғымы (ғибадат), жоғарғы иенің беретін сенімі, дәстүрі, болмыстың жоғарғы мәні жатады. Мәдениеттің түп-тамыры байырғы заманға барып тіреледі. Оның діни көзқарастардан нәр алатындығы даусыз. Оларға адамдар арасындағы салт-сана, дәстүр, жоғарғы бір күшке табыну, жаратқанның құдіретіне сену сияқты т. б, табынудың түрлерін жатқызуға болады. Діни қарекеттер, діни тәжірибелер - алғашқы адамдардын табиғи жағдайдан шығуы, адам болмысының пайда бола бастауы. Сол себептен «гибадат» (кулът) және «мәдениет» ұғымдарының бір-біріне концептуальдық жағынан жақындасуының өзі әділетті.
Мәдениет дегеніміз - тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.
Ежелгі Шығыс мәдениеті:
Байырғы Шығыс, адамзатты алғашқы қауым мифтерінен тербеп шығарған, ұлы мәдениеттің отаны болғанды. Алайда, Шығыс алғашқы қауымдастықты артқа тастағанымен адамның дүниеге қатынасының мифтік тәсілінен құтыла алмады. Өйткені табиғаттың дүлей күші түгіл, адамдардың ырқынан жоғары тұрған қатал әкімшілдікке негізделген мемлекетке де бас иіп, құдайдай көрді. Мәңгілік табиғаттың көне құдайлары, енді мемлекеттің алғашқы құрылысшылары мен қамқоршылары кейпінде алға шықты, оларды құдай орнатқан жоғарғы тәртіптіліктің жалғасы деп есептеді. Көне шығыстың бұл ерекшелігі көбінесе адамдардың ұжымдық жолмен біріге отырып тірі қалуы, сол дәуірдегі қолайсыз географиялық жағдайдағы бірден бір жол еді. Аман қалудың алғы шарты қатаң, өміршіл мемлекеттің болуыын қажет етсе, ол байырғы адамдардың мәдениеті мен дүние түйсігі арқылы дәлелденіп отырылды. Ежелгі Египет адамзат тарихындағы алғашқы мемлекет және дүниені басып алуға алғаш әрекет жасаған империя. Ежелгі Қосөзеннің тарихы сияқты ертедегі Египеттің тарихы да бір жүйеге келтіріліп, терең зерттеле басталғаны ХІХ ғасыр болды. «Өлімге деген наразылық» сенімінің негізінде Ежелгі Египет патшалық фараондары орасан үлкен тас мазарлар салдырушылар бетінде өз аттарын қалдырды. Себебі адам денесі барынша мықты мазар ішінде сақталуы қажет. Бұлар төрт мыңнан аса жыл өтсе де әлі күнге өзгермеген күйінде дерлік сақталып тұр.
Орта ғасырлық Европа мәдениеті:
Европа қоғамының бүкіл мәдени өмірінің негізі христиандықпен, атап айтсақ католик шіркеуімен анықталды. Христиан ілім-сенімінң негізі Христостың тіріліп келуі, Қасиетті үштікке сену болды. Қасиетті үштік ұғымы құдай барлық үш тұлғасы бойынша біртұтас деп түсіндірді, яғни Әке-құдай, дүниені жаратушы, Бала-құдай, күнәдан арылтушы және Қасиетті Рух, олар шексіз бірге және мәңгілік. Христиан ілімі, адам табиғатынан әлсіз-күнәһәр болып табылады және шіркеудің көмегінсіз өзін құтқара алмайды, деп үйреткен. Батыс және Шығыс шіркеулерінің арасында бұрыннан да болған қарама-қайшылықтар уақыт өте тереңдей берді. Мысалы, ІХ ғ. ортасында Қасиетті Рух тек Әке-құдайдан (Шығыс шіркеуі) немесе Әке және Бала-құдайдан (Батыс шіркеуі) шыққан деген дау болған. 1054 жылы Батыс және Шығыс шіркеулері бір-бірінен толық тәуелсіздігін ашық түрде жариялады. Осыдан кейін екі шіркеу Әлемдік шіркеу рөліне таласты.
Ерте орта ғғ. еретиктік (грек тілінен аударғанда - ерекше ілім, сенім) қозғалыстар пайда болды. Мысалы несториандар Иисус Христостың құдайлық негізін мойындамады. Несториандар Иисус
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz