Түркістан облысы Қазғұрт ауданында орналасқан Жасыл Желек табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының коммуналдық мемлекеттік мекемесінде орман көшетжайын ұйымдастыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І. Жалпы бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
1.1 Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3
1.2 Көшетжайдың орналасқан жері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4
1.3 Географиялық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
6
1.3.1 Геологиялық орналасуы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6
1.3.2 Климаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7
1.3.3 Өзен мен көлдер ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
8
1.3.4 Топырағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
8
1.3.5 Өсімдіктер дүниесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
9
1.3.6 Аудандағы көшетжай жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
9
ІІ. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
10
2.1 Көшетжайдың өндірістік бөлімін және көлемін есептеу ... ... ... ...
10
2.2 Көшетжайдың аумағын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
17
2.3 Көшет материалын өсіру технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
21
2.4 Техникалық есептеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
38
2.4.1 Тікелей шығындарды есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
38
2.4.2 Жалпы шығындарды есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
41
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
46
IV. Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
47

І. Жалпы бөлім

0.1 Кіріспе
Орман - жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғасының басты бір типі.Қазақстан Республика ауданы 2717,3 мың кв км2 алады. Оның ішінде, орманды жерлер 27 мың га алды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының флорасында ағаштың 68 түрі, бұталардың 266 түрі, жартылай бұталардың 433 түрі, бұталардың және жартылай шөптердің, шөптердің 2598 түрі бар.Орман алқабының % үлесін 7,9% қарағай, 5,7% самырсын, 2,3% балқарағай, 1,8%шырша, 52,2% сексеуіл, 8,7% қайың, 3,4% көк терек, 1,3% теректің барлық түрлері, 12,2% бұталы ағаштар, 2,3% шоқталдар, аз аудандарында алма, арша, ильма, шегіршін, балқарағай, шабдалы, бадам, миндаль,пісте және т.б. Тек Қазақстан территориясында ғаламшардың басқа жерлерінде кездеспейтін ағаштардың және бұталар 115 түрі, М: астрагань (35 түрі), джузгунь (28 түрі), қырғыз қайыңы, түркістан және шренк раушан гүлі, вилова алмасы және т.б. Қазақстан Республикасы орман шаруашылығының иелігінде ағаш қоры 292,42 млн м3 құрайды.
Орман көшетжайы өңделген жерге көшеттерді өсіретін мамандандырылған кәсіпорын немесе оның бөлігі. Көшет материалын өсіру мақсаты - екпе орман, қорғаныш орман жолақтары, елді мекендерді көгалдандыру және бақ отырғызу үшін жүргізіледі. Атқару міндеттеріне көлеміне және жұмыс мерзіміне байланысты көшетжайлар бірнеше типке бөлінеді. Орман көшетжайлар атқару міндеттеріне және жұмыс істеу кезеңдеріне байланысты уақытша және тұрақты болады. Уақытша орман көшетжайы - бес жыл уақытқа дейін жұмыс істейді, негізінде жасанды орман көлемдердің жанында орналастырады. Айтылған көшетжайлар вахталы ауылдарда, транспорт жолдары, жолдары сирек аумақтарда және көктем кезінде тұрақты көшетжайдан көшет жеткізу мүмкін болмаған жағдайда құрылады.
Тұрақты орман көшетжайлар - ұзақ уақытқа жыл сайын көшеттер өсіру үшін пайдаланады.
Көшетжай орналасқан көлемі бойынша олар бөлінеді:
1. Ұсақ - көлемі 5 га дейін
2. Орташа - 5-25 га дейін
3. Ірі - 25 га-дан асатын
Қазақстан орман шаруашылығында негізінде орташа және ұсақ тұрақты көшетжайлар пайдаланылады. Тұрақты жұмысшы кадрлармен толық қамтамасыз етілуі аса қиынға түседі және механизмдер пайдаланылады. Айтылған көшетжайлар прогрессивті агротехникаларды енгізу және тыңайытқыштар мен гербицидтерді қолдану қолайлы.

1.2 Көшетжайдың орналасқан жері

Көшетжай "Жасыл Желек" табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу Басқармасының Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы Ынтымақ 61 мекен-жайында орналасқан.
Қазығұрт ауданы-Түркістан облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде,Солтүстік жағынан Арыс,Сайрам,Төле би аудандарымен ,оңтүстік-шығысында Өзбекстан Республикасымен,оңтүстігінде Сарыағаш ауданымен,Тянь-Шань тау сілемдері арқылы Қырғыстанмен шекараласып орналасқан. Жер көлемі 4,1 мың шаршы километрді алып жатыр.Бірнеше ұлттың өкілінен құрылған 100,8 мыңдай адам астам өмір сүреді. Әкімшіліктің аймақтық құрылымында 13 ауылдық округ, 64 елді бар. Аудан орталығы -Қазығұрт.
Қазығұрт тауының бойына орналасқан, жүз жылдан астам тарихы бар.
Ауданның шығысында Машат өзені, орталығында Ақсу өзені, ал солтүстігінде Арыс өзені ағып өтеді.
Қазығұрт ауданы Түркістан облысындағы өндірістік-экономикалық потенциалы жоғары аймақтардың бірі болып саналады,себебі,ауданда астық шаруашылығы мен мал шаруашылығы да өндірістік жағынан жақсы дамыған.
Жоғарыда айтып өткендей аудан негізінен астық, жеміс, көкөніс, жүзім, майлы дақылдар, ет-сүт өнімдерін өндірумен және сатумен айналысады. Ауданда егін шаруашылығы жақсы дамығанының дәлелі ретінде көптеген жылыжайлар мен жаппалардың кеңінен қолданылатыны мен ет-сүт өнімдерінде арнайы әрі жеке орналасқан кәсіплорындармен цехтар бар екенін атап айта аламыз.
Облыстың Оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшiлік. аумақтық бөлік. 1928 жылдары құрылған. Жерінің аумағы 4100 км²,Облыс территориясының 3,4% құрайды.Тұрғын саны 100,8 мың адам (2015). Аудан аумағындағы 64 елді мекен 13 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы - Қазығұрт ауылы Шымкент қаласынан оңтүстікке қарай 74 км жерде Қазығұрт тауының оңтүстік баурайында,Келес өзенінің оң жағалауында орналасқан.Ең жақын темір жол бекеті-Сарыағаш.Климаты континенттік, қысы жұмсақ, жазы ыстық, қуаң, аңызақты. Ауданның орташа жылдық температурасы қаңтарда 22 - 25 °С, шілдеде 35 - 44 °С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері жазықты жерлерде 400 мм-ді құраса,таулы аймақтарда 500-700 мм құрайды. Аудан жерімен Келес, Өгем, Қаржансай, Мұғалысай т.б өзендер ағып өтеді. Аудан аумағының жер қойнауында минералды су,ақ құм,қиыршық тас сияқты т.б құрылыс материалдары барланған. Жерінің басым бөлігі сұр,қара-қоңыр,қызыл топырақты болып келеді. Аудан жерінің көп бөлігі жыртылған. Таулы өңірі мен өзен бойларында итмұрын,долана,тобылғы,жабайы алма,арша,шырша т.б өсімдіктер дүниесі өседі.Жануарлардан қасқыр, түлкі, таутеке, қоян, саршұнақ, қырғауыл, мекендейді.
Қазығұрт ауданының тұрғындары көп ұлтты,12 ұлт өкілі бар. Халқының негізгі бөлігі қазақтар - 93,4%, өзбектер - 5,6%,орыстар-0,2%,татарлар - 0,2% тағы біршама басқа ұлт өкілдері тұрады. Орналасу тығыздығы орташа есеппен 1 км 224,6 адамнан келеді (облыстағы халқы ең тығыз орналасқан ауданның бірі). Ірі елді мекендері: Қазығұрт ауылы (14,9 мың адам),Жаңабазар (2,8), Қақпақ (5,8), Қаржан (4,5), Шарапхана (3,9), Рабат (4,3), Тұрбат (4,2), Қызылқия (3,9), Шарбұлақ (3,7) ауылдары.Көбіне тау бөктерлері,өзен аңғарлары,автомобиль жолдары бойында қоныстанған. Ауданда сүтті-етті мал, биязы жүнді қой, мал азықтық дақыл, астық, көкөніс, жеміс, жүзім т.б егін шаруашылықтары бар.

1.3 Географиялық жағдайы

1.3.1 Геологиялық орналасуы.
Жер бедері. Түркістан облысының жер бедері негізінен жазық (орташа биіктігі 200 - 500 м). Ал Қазығұрт ауданының жері көп бөлігі теңіз деңгейінен 800-1200 биіктікте орналасқан. Шығысында Қаржантау (2000-2800 м),Өгем (3000-3600 м) биік таулы жоталары,орталығында оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай Қазығұрт жотасы (800-1700 м) созылып жатыр .Солтүстік-батыс және батыс бөлігі қырқалы жазық.Қазығұрт ауылының Солтүстік Шығысынан Тянь-Шань тауымен ұласқан Қаржантау тауы көрінеді.Келес және Өгем өзендері Қаржантау қыратында бөлініп, солтүстік шығыс жағындағы Сайрам тауларының етегіндегі Бадам өзеніне құйылады. Қыраттың орташа биіктігі теңіз деңгейін алғанда 2000-2500 м.Қазығұрт және Қаржантау таулары өзінің тік жартасты және тегістігімен ерекшеленеді.Облыс жерінің көпшілік бөлігі Тұран[ плитасының құрамына кіреді. Геологиялық құрылымы негізінен кембрийлік, девондық, тас көмірлік жыныстардан (тақтатас, құмтас, әктас), таулы бөлігі төменгі палеозойлық жыныстардан (құмтас, гранит, конгломерат, жоталар аралығындағы ойыстар девонның қызыл түсті шөгінділеріне толған) түзілген. Жер қойнауында минералды су,ақ құм,қиыршық тас сияқты т.б құрылыс материалдары барланған. Алтын қорына да бай екенін атап айтуға болады.

1.3.2 Климаты.
Ауа райы ерекшеліктері географиялық орнына байланысты өзгеріп отыратыны бізге белгілі.Қазығұрт ауданы қоңыржай белдеудің оңтүстігіндегі шөл зонасында орналасқан. Аудан климатының қалыптасуына жазда тропиктік ауа массалары әсер етеді. Бұл территорияның климаты құбылмалдығымен сипатталады. Жоғарғы континенталдық күн мен түннің, қыс пен жаздың шұғыл температуралық өзгерістерінен байқалады.Ауа райы жағдайы - тез құбылмалы. Қысы біршама жұмсақ, қаңтардың жылдық орташа температурасы 20-28°С. Жаз айлары ыстық, шілденің ортасы температурасы 35-44°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150 - 200 мм. Ауаның орташа тәуліктік температурасы 0°С-тан жоғары жылы кезең шамамен 10айға созылады. Жазы ыстық, ұзақ және құрғақ.Ең ыстық ай шілденің орташа температурасы +45°С құрайды. Абсолюттік максимумы +47°С. Жаздағы аптап ыстық Иран жақтан соққан желге байланысты. Ондай күндері ауа құрғап, температура +47°С-қа дейін көтеріледі.
Маусым айының 25-інен тамыз айының 5-іне дейін "шілде" түседі. Бұл 40 күн шілде жылдың ең ыстық мезгілі. Күннің ыстығы соншалық күндізгі сағат 12-ден кешкі 18-ге дейін даладағы қызу еңбек, тіршілік тоқтап қалғандай болады. Жаздағы болып тұратын желдың жылдамдығы 3-5,5мсек. Аңызақ жиі болып тұрады. Қыс аудан территориясында ұзаққа созылмайды және қоңыржай суық болады. Қыстағы ауаның абсолюттік максимумы -20°С. Қыстағы жалпы қар жамылғысының қалыңдығы 8-20см-ге жетеді. Қыс қатты, ұзақ болған жылдары қар жамылғысы 25-30см-ге барады. Жылдың суық мезгілдерінде аудан территориясында солтүстік-шығыс пен шығыстан соғатын жел басым келеді. Желдің жылдық орташа жылдамдылығы 3-5мсек. Аязсыз күндері топырақ қабатының 30-40см-і тоңданып қалады. Көктайғақ болмайды. Жылдың көп мезгілінде күн ашық болады. Жыл бойына дауылды желдер болып тұрады. Әсіресе көктемнің соңында және жаз айларында шаңды дауылдарды көруге болады.Территорияға түсетін атмосфералық жауын-шашын көп орташа, оның орташа жылдық мөлшері 200-400 мм. Бұның өзі маусым бойынша әрқалай таралады..

1.3.3 Өзен мен көлдер.

Қазығұрт ауданының су жүйесі айтарлықтай жақсы дамыған.Су ресурстарына бай деп айта аламыз.Аудан аумағынан өтетін Өгем,Келес,Қаржан және де 20 кіші өзендер бар. Құрамында минералды бай қоспалары бар емдік,шипалы суы арқылы Республикадан бөлек шет елдер көлемінде жақсы танымал "Сарыағаш" шипажайы бар.
Аудан орталығынан ағып өтетін негізгі су жинау алабы,ең ірі өзені Келес өзені болып табылады.Оның ұзындығы 241 км,су жиналатын алабының ауданы 3310 км2.Басты салалары-Көкпарсай,Қаржансай,Ұялыса й,Ащықарабусай.Келес өзеніне Ұя,Су,Қаржан, Суықбұлақ сияқты кішкене өзендер келіп құяды.Ауа райының күрт ысуы кезінде өзеннің суы азаяды.Келес өзені Сырдарияға келіп құяды.
Тағы бір ірі өзені-Құркелес өзені.Ұзындығы 98 км.Су жинайтын алабының ауданы 3600 км2.
Бұдан бөлек ауданда егін шаруашылығына байланысты көптеп арнайы қазылған каналдар да бар.Суару жүйесі жақсы жетілген.Кейбір жылыжайларда тамшылатып суару жүйесі бар. Жалпы ауданның шаруашылығында климат жағдайына байланысты суару шаралары кеңінен қолға алынған.
Қазығұрт ауданы өзінің су байлығымен әлемге әйгілі.Аудан орталығынан екі сағаттық қашықтықтаорналасқан Өгем өзенінде форель,маринка балығы өте мол.Балықтың бұл түрі тек қана таза су алқаптарында мекендейді.Осыдан ақ ауданның су жүйесіне баға беруге болады.Өгем форелінің ұзындығы 15-30 см.Аудан аумағында өзендер таулы аймақтардан бастау алады.

1.3.4 Топырағы.
Қазығұрт ауданының жазық бөлігінде топырақ жамылғысын сұр, бозғылт сұр,қоңыр-қара құмды, құмдақты топырақ құрайды. Таулы аймақтарында таудың қызыл-қоңыр топырағы таралған.Таулы жазығы ылғалды болып келеді.Қазығұрт жерінің асты да үсті де бай пайдалы қазбаларға толы.Ауданды үш жағынан Өгем,Қаржан,Қазығұрт таулары қоршап жатыр.Бұл таулар топырақ жағдайына әсер етпей қоймайды және бұл таулар ауданның ғана емес елдің алтын қоры болып саналады. Негізінен шөл белдеміне тән өсімдік жамылғысы қалыптасқан. Сексеуіл, жүзгін, жусан, , жантақ;Келес,Өгем өзендерінің бойында итмұрын,үйеңкі, жиде, жыңғыл, тал,терек; тау етегінде бетегелі-жусанды дала, тауларында жеміс ағаштары, арша,шырша өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, таутеке, сусар, борсық, шөлді аймақтарда бауырымен жорғалаушылардың түрлері тіршілік етеді. Құстардан ұлар, кекілік, бүркіт, шіл, торғайдың көптеген түрлері мекендейді. ұйымдастырылған.

1.3.5 Өсімдіктер дүниесі.

Аудан өсімдіктер дүниесіне бай.Қазығұрт ауданының флорасын таулы аймаққа,жазық жерлерге байланысты бөліп қарастыруға болады. Мүк пен қынаның 50-ден астам түрлері, жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің 190 түрі өседі. Таудағы тоғайларда жапырақты ағаштардан терек, тал мен қайыңның түрлері кездеседі. Тау беткейлерінде жабайы алма, долананың бірнеше түрі кездеседі. Бұта тектестерден ағаштардың 45-тей түрі бар. Олардың ішінде ұшқаттың 4 түрі, итмұрынның 6 түрі, қарақат бұталар көбірек тараған. Сондай-ақ, шиенің 2 түрі бар. Жем-шөптік, дәрі-дәрмектік, техникалық эфир майы, жеміс беретін өсімдіктер өте көп. Қазақстанда шипалы маңызы бар 3 мың өсімдік түрі болса, оның 80-ге жуық біздің ауданымыздан табылады. Мұнда әсіресе, емдік қасиеті жоғары жалбыз, шайқурай,райхан,адыраспан сияқты өсімдіктердің қоры көп. Сондай-ақ тауға әртүрлі реңді сән беретін қызғалдақ,қалампыр сияқты өсімдіктер гүлдеген кезінде маңайды құлпыртып жібереді. Ауданның ауыл шаруашылығында егіншілік және мал шаруашылығы жақсы дамыған. Егіншілік шаруашылығында дәнді және майлы дақылдар басым. Аудан аумағында тамшылатып суғару, аудан тұрғындарының жартысынан көбі бау-бақша өсірумен айналысады. Таулы аймақтардың әрбір ауыл тұрғындарының өзінің жекеменшік бақшасы бар. Ауданда бау бақша дақылдарын жетілдіру жақсы дамыған. Аудан бау бақша шаруашылығында картоп, пияз, қияр, қызанақ, бұрыш, жүзім, құлпынай, қауын және қарбыз сияқты дақылдар өсіріледі.
1.3.6 Аудандағы көшетжайдың жұмыстары
Қазіргі таңда аудан көлемі бойынша қарқынды түрде көгалдандыру жұмысы жүргізіліп жатыр.Осы уақытқа дейін көптеген шипажайлар салынған кезде аудандағы ағаштар саны 5 есеге өсті.Яғни,көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүруде.Аудан тек өз ауданына ғана ағаш өсіріп қоймай Жасыл аймақ бағдарламасы бойынша Шымкент қаласы,сонымен қатар көрші аудандар (Сарыағаш,Төлеби т.б) мен облыстарды (Тараз,Қызылорда,Маңғыстау) көшеттермен қамтамасыз етіп отыр.Бұл іске себепші болып отқан Жасыл Желек КММ .Мұнда жылына 1,5 млн-дай көшет тұқымы отырғызылады.Қазіргі таңда 40 тан аса көшет түрі өсірілуде.Және бұл жерде жабайы өскен көшеттен декоративті көшет түрін шығару қолға алынған.Тағы бір ерекшелігі мұнда көшет алу мақсатында егілетін тұқымдар шет жақтан емес өз көшетжайларында алдынғы жылғы көшеттерден алынады.Тұқымдарды алып,кептіріліп,арнайы сараптамадан өткен соң ғана егеді.Осы жерде өскен көшеттен алынған тұқым ол жерде өсіп-өнуі өте жақсы болады.Және көшетжайдан алып басқа жерлерге отырғызылғанда да бейімделуі тез жүзеге асады.Жалпы көшетжай жұмыстары жылдан-жылға қарқынды дамып келеді.

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Көшетжайдың өндірістік бөлімін және көлемін есептеу
Көшетжай жобалаудың жоспарлы тапсырмасындағы өндірістік қуатында жыл сайын өсірілетін көшет материалының барлық түрлерінің саны берілді. Бұл сан жобалау кезінде нақтыланып, көшетжай ауданын есептеужүргізіледі.
Көшетжайдың жалпы ауданы пайдалы ( сеппе,тікпе немесе мектеп,аналық плантация) және қосымша (су жолдары,техникалық орындар,жолдар,қоршаулар т.б) ауданнан тұрады.
Пайдалы аудан - көшетжайдың барлық өндірістік бөлімдері, яғни көшет материалы өсірілетін өндіруші аудан және парлар.
Тапсырма бойынша көшетжайды жобалауда қарастырылған келесі өсірілетін өнімдер:
Қарағай 475,231 дана
Сексеуіл 158,392 дана
Үйеңкі 158,392 дана
Көшетжай төрт бөлімнен тұрады; Сеппе, Тікпе, Аналық, Шаруашылық бөлімнен тұрады.
Сеппе бөлімі - 13,5 га
Тікпе бөлімі - 10,8 га
Аналық бөлімі - 0,2 га
Шаруашылық бөлімі - 6,1 га

1 - кесте . Көшетжайдың сеппе бөліміндегі ауыспалы егістіктің жылдық толық игерілуі бойынша өндірістік қуаттылығы.
Ағаш түрінің атауы
Сеппелердің жылдық шығарылуы, мың. Дана
Сеппелердің есептік шығарылуы, 1 га, мың дана
Жылдық себудің ауданы
Өсіру жыл саны
Өндіруші
аудан, га

Пайдаға асыру үшің
Мектеп бөліміне
Барлығы

1
2
3
4
5
6
7
8

Қарағай
475,231
-
475,231
450,
1,1
2
2,2

Сексеуіл
158,392
-
158,392
450,
0,4
2
0,8

Үйеңкі
158,392
-
158,392
400,
0,4
1
0,4

Барлығы
792,015
-
792,015
-
1,9
-
3,4

Кесте 1. Жеке тапсырма 42 га бойынша сеппе бөлімінің пайдалы аумағын есептеу:
1. Қоректік ауданын есептеу
1,0*0,7=0,7
2. Қоректік аудан бойынша 1 га отырғызуға болатын көшет саны
10,0000,7=14,286 дана
3. Ағаш құрамын анықтау

60%-Қарағай (Қғ)
14,286-----100%
х-------60%
х=8572 дана

20%-Сексеуіл (С)
14,286-----100%
х-------20%
х=2857 дана

20%-Үйеңкі (Ү)
14,286-----100%
х-------20%
х=2857 дана

4. 42 га қажетті көшеттер саны.
Қғ- 8572*42=360,024
С-2857*42=119,994
Ү-2857*42=119,994
5. 20% шықпай қалған көшеттерге
Қғ- 360,024---20%---72,005
С-119,994---20%---23,99
Ү-119,994---20%---23,99
6. Келер жылға жоспар бойынша
Қғ-360,024+72,005=432,029
С-119,994+23,999=143,993
Ү-119,994+23,999=143,993
7. 10 % қ.к.к
Қғ-432,029---10%---43,202
С-143,993---10%---14,399
Ү-143,993---10%---14,399
8. Нақты көшет саны
Қғ-432,029+43,202=475,231
С-143,993+14,399=158,392
Ү-143,993+14,399=158,392
9. 1 га отырғызуға болатын норма
Қғ- 450,000
С-450,000
Ү-400,000
10. Жасын анықтау
Қғ-2
С-2
Ү-1
11.
Қғ-475,231450,000=1,1
С-158,392450,000=0,4
Ү-158,392400,000=0,4
12.
Қғ-1,1*2=2,2
С-0,4*2=0,8
Ү-0,4*1=0,4
13. (2,2+0,8)*2=6
0,4*1=0,4
14. 64=1,5
15. 1,5*9=13,5 га

Сеппе бөлімінің ауданы-13,5 га

Кесте 2 - Тікпе бөлімнің пайдалы аумағын есептеу.

Ағаш түрінің атауы және көшет материалының түрі
Жыл сайын шығарылатын өнім, мың дана
Өсіру жыл саны
Орналастыру, метр
1 өсімдіктің алатын қоректік ауданы м2
Жарамсыз қосымша көшеттер
1 га - дан өнімнің есептік шығарылуы, мың дана
Жыл сайын отырғызу үшін қажетті аудан
Өндіруші, га
Жыл сайын отырғызу үшін сеппелер қажеттілігі

%
1га-да мың дана

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Қарағай
35000

1,0*0,7

0,7
10%
3500
26950
2,7
10,8
38500

Талдау :
Тікпе бөлімінің пайдалы аумағын есептеу.
1. Берілген тапсырыстың 10% табамыз
35,000----10%----3500
2. Қоректік ауданын есептейміз
1,0*0,7=0,7
3. Жалпы отырғызылатын көшет саны
35000+3500=38500
4. Берілген көшетті отырғызу ауданы
38,500*0,7=26,950 м2
5. Берілген ауданды гектарға айналдыру.
26,95010,000=2,7 га
6. 2,7*4=10,8 га
Тікпе бөлімінің жалпы ауданы-10,8 га

Кесте 3- Аналық - кесінді плантациясының өндірістік қуаты.
Ағаш түрінің атауы және көшет материалының түрі
Жыл сайын шығарылатын кесінділер, мың дана
Плантацияда түптерді орналастыру, м
Бір түптің алатын қоректік ауданы, м2
Плантациядағы түптер саны,мың дана
Кесінділердің есептік шығарылуы
Жыл сайын кесілетін аудан, га

Пайдаға асыру үшін
Тікпе бөлімге отырғызу үшін
барлығы

1 түптен, дана
1 танап га

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Терек
50,
38,5
88,5
1,5м*0,5м
0,75м2
2,0
25
0,05
0,2га

Кесте 3. Берілген тапсырма бойынша аналық плантацияның пайдалы ауданын есептеу
1.Берілген тапсырыс
Тапсырыс-50,000
1 түптен-25 қалемше алынады.
2.Қоректік ауданын есептеу
1,5*0,5=0.75
3.Тапсырысты алу үшін қажет түп санын анықтаймыз.
50,00025=2000
4.Барлық түптерді қоректік аудан бойынша алатын ауданы
2000*0,75=1500 м[2]
5.м2 га-ға айналдырамыз
150010,000=0,15 га
6.3 танап қолданылатындықтан 3-ке көбейтеміз.
0,153=0,05
7.Жалпы ауданын табу үшін жалпы танап санына көбейтеміз.
0,05*4=0,2 га
Аналық плантацияның жалпы ауданы-0,2 га

Көшетжайдың барлық пайдалы ауданын есептеу

Көшетжайдың пайдалы ауданы өндірістік бөлімдерден - сеппе, тікпе, аналық плантация, кесінділерді тамырландыру бөлімдерінен және т.б парлы танаптардан тұрады.Сондай-ақ пар, шөптесін, ауыл шаруашылық дақылдар алатын танаптардың көлемі пайдалы ауданның 50%-дан артық болмауы тиіс. Бір танаптың көлемі өндіруші ауданның бөліндісі арқылы ( кесте 1 және 2 ) егіс схемасында өсірілетін өнімдер танап бойынша анықталады. Барлық пайдалы аудан пайдалы ауданның барлық өндіруші аудандардың қосқандағы суммасы болып табылады.
Біздің мысалымызда пайдалы аудан:
Сеппе бөлімі - 13,5 га
Тікпе бөлімі - 10,8 га
Аналық плантация - 0,2 га
Барлық пайдалы аудан - 24,5 га
Бұл мәліметтер 4-ші кестеде көрсетілген.

Көшетжайдың қосымша ауданын есептеу
Қосымша аудандарға мыналар жатады:
* Барлық жолдар ауданы( магистралды, танап аралық )
* Қорғаныш орман жолақтары, жасыл,т.б. қоршаулар
* Көшетжайдың шаруашылық учаскесі;
Шаруашылық ауданы питомник ұсақ,орташа,ірі екендігіне байланысты ұйымдастырылады.Бізідің мысалымызда 15 га жоғары ірі питомник.Ал ірі питомниктерде шаруашылық бөлімінің ауданын пайдалы ауданның 20-25 % есептеп алады.Біздің есебіміз бойынша 20%- 4,9 га.
Егер питомниктің енін 350 м деп алсақ, питомник 24,5 га болғанда питомниктің ұзындығы 700 м ( 245000м2350м) болады. Есептеу үшін питомниктің енін 350 м деп, танап енін бекіткеннен кейін ( 50 м ) сеппе бөлімінде неше танап болатынын анықтауға болады: 350м50м=7. Танаптар арасына 5 танап аралық ені 6 м жолдар саламыз, питомник ені: 50м*7+6м*5=380м тең болады.
Питомниктің батыс жағына қатарлап орналастырылатын сеппе бөлімнің ұзындығын - олардың ауданы мен бекітілген ені бойынша 1,5га50м=300м анықталады. Питомниктің батыс бөлігінде орналасқан сеппе бөлімді шығыс бөліктен ажырату үшін арасына ені 10м магистральді жол саламыз.
Тікпе бөлімінің танап көлемі, сеппе бөлімінің 3 танабы, аналық плантацияның учаскесін және шаруашылық учаскені келесідей анықтайды. Осы танаптар арасынан 8 танап аралық жолдар өтуі керек. Олардың енін 3 м деп бекітіп, барлық танаптар ені 380м-( 3*8м )=356 м. Питомниктің шығыс бөлігінде танаптар енін анықтау ( 27000+45000м2*3+2000м2+4900 м2 )356=474м.

Танаптардың ұзындығын тапқаннан кейін енін анықтаймыз:
1. Сеппе бөлімінің танабы - 45000м2474=95м
2. Тікпе бөлімінің танабы - 27000м2474=57м


Аудан атауы
Аудан

га
%
1
Сеппе бөлім,барлығы
13,5
45,9

Оның ішінде: пар
Сеппелер
Шөптер
1,5
7,5
4,5
11,1
55,5
33,4
2
Тікпе көшеттер және тікпе кесінділер
10,8
36,7

Оның ішінде: пар
Тікпелер мен кесінділер
2,7
8,1
25
75
3
Аналық - кесінді плантация
0,2
0,7

Барлық пайдалы аудан
24,5
83,4
4
Қосымша аудан
4,9
16,6

Шаруашылық учаске
0,49
10

Жолдар
3,11
64

Қорғаныш орман жолағы
1,3
26

Питомниктің жалпы ауданы
29,4
100

Кесте 4 - питомниктің жалпы ауданын пайдалануы бойынша бөлу

3. Аналық плантация және шаруашылық учаске - ( 2000м2+4900м2 )474=15м ( аналық плантация ұзындығын оның ауданын еніне бөлу арқылы табылады- 200050=40м ).
Питомникте танап аралық жолдар мен магистральды жолдардан басқа ені 5 м айналмалы жол болуы тиіс. Сондай - ақ ені 10 м, қатар арасы - 2м, екі шеті - 1м болатын 3 қатарлы қорғаныш орман жолағы жобалануы мүмкін.
Питомниктің нақты көлемі 430м*853м-ге тең( ені 50м*7+6*5+50=430м, ұзындығы 300м+10+6*2+474+57=853м). Яғни, питомниктің жалпы ауданы: 366790=36.7 га - ды құрайды.
Қорғаныш орман жолағын және жолдардың ауданын келесідей анықтайды.
Қорғаныш орман жолағының ауданы.Питомник жалпы ауданынан қорғаныш орман жолағысыз ауданды есептеп алу керек, яғни 366790м2-420м*843м=1,3га

2.2 Көшетжайдың аумағын ұйымдастыру
Өндірістік бөлімдердің танаптарын орналастыру және көлемдері
Бөлімдердің топографиялық, топырақ және гидрологиялық жағдайлары бойынша территорияның тиімді пайдалануын есепке ала отырып орналастырады.
Сеппе бөлімі үшін жер бедері тегіс, құнарлығы жеткілікті,механикалық құрамы жеңіл топырақтарда учаскелер бөлінеді.
Терек және тал, жидекті бұталардың плантациялары үшін ылғалды учаскелер бөлінеді.
Территорияны ұйымдастыру кезінде машина мен механикаларды тиімді пайдалануы қарастырылады, сондықтан ұсақ питомниктерде танаптардың ұзындығы 50-100м, орташада- 150-200м, ірілерде - 300-500 м.
Көшетжайдың жобалы ұйымдастыру жоспары бөлу сызбасында көрсетіледі.
Ауданы ең тиімді пайдалануына және механикалық жұмыстарды максималды қамтамасыз етуіне қарай әртүрлі шаруашылық маңызы бар орман питомнигі әдетте тік төртбұрыш пішінде болады.
Отырғызу материалдарының түрі, жасы мен 1 га-дан шығарылатын жоспарлы нормаларын есепке ала отырып сеппелер немесе тікпелердің жыл сайын қажеттілігінің негізінде өсіру ауданын келесідей формуламен анықтайды:
S=( N A q ) n q1
Мұнда N- жыл сайын шығарылатын отырғызу материалы, мың дана;
A - сеппелердің немесе тікпелердің жасы, жыл;
q - ауыспалы егісте қабылданған танаптардың жалпы саны;
n - өндіруші ауданның 1 га - нан жоспарлы шығатын отырғызу материалы,мың, дана;
q1 - сеппелер немесе тікпелер орналасқан танаптар саны.
S=(4,752*2*8) 450,0*4=4.2
Бөлімнің өндіруші ауданы ағаш түрлері бойынша аудандардың суммасымен анықталады. Өндіруші аудандардың жиынтығы питомниктің жалпы өндіруші ауданын көрсетеді.
Шаруашылық учаске және құрылыстар
Шаруашылық учаске (компостты және көму учаскелері) қосымша ауданның шамамен 1 % алады және отырғызу материалын өсіру үшін жарамсыз топырақтарда орналастырылады. Ірі питомниктерде кеңсе, қарауыл үшін тұрғын үй, қоймалар, аулалық құрылыстар жоспарлауы мүмкін, құрылыстың қажеттілігі негізді болуы тиіс. Көшет материалын көму, қалқандар мен көшет жабындылау үшін материалдарды сақтау үшін орын бөлінеді.
Жол торабы
Жолдар қосымша ауданның шамамен 10% алады. Жолдар питомниктегі барлық бөлімдерге кіру, машиналар мен агрегаттардың айналуды қамтамасыз етеді. Айналмалы және магистралды жолдар ені 5-10 м, қосымша жолдар (кварталдар немесе танап аралық) ені 3-4 м. Жол торабы су жүйесімен үйлесімді.
Суару жүйесі
Су жүйесі қосымша ауданның шамамен 1 % алады. Сеппелерді суару - барлық орман өсу аймақтарында сеппелерді өсіруде керекті әсерлі агротехникалық әдіс. Орман питомниктерінде суару негізінен тамшылатып суару әдісімен жүргізіледі.Суару жүйесі өсірілетін тұқымдардың биологиялық ерекшелігімен, климаттық факторымен және сеппелердің даму кезеңімен (фенологиялық кезеңі) анықталады.
Суару тәсілі мен механиздер,суару жүйесі бойынша негізі мәліметтер негізделеді. Суару жүйесіне су жинау тоғандар (өзендер мен жылғалар)орналастыру,немесе түрлі насосты станциялар пайдалану арқылы жүргізілуі мүмкін.Өздігінен ағып суару кезіндеашық магистралды және бөлу қалқандарынан құралып,танаптардың ұзындығы 100-150 м аспауы керек , ашық суару жүйесінің ені 1,0-1,5 м . Түрлі маркалы тамшылатып суаруда дөңгелекті құбыр пайдалану кезінде гидротехникалық құрылғыны қосу үшін гидранттары бар құбырлар салынады.Бөлгіш құбырғыларды гидранттар арақашықтығы 18-100 м .
Суару санын, тұқымдардың ылғалдылық талап етуіне, орман өсу аймағына және сеппелердің даму фазасына байланысты анықталады. Ылғалдылықты талап ететін түрлер (ақ қайың, терек, қараағаш, қара сексеуіл) үшін бірінші фенологиялық кезеңде суару саны 4-тен - 5-ке дейін өседі, ал орманды аймақтарда 8 - 10-ға дейін, шөлейт және екінші және үшінші кезеңде - 2-ден 5 - 7-ге дейінгі суаруға жетеді. Қара жемісті арония, аюбадам, тобылғы, шырша, шегіршін, қарақат, шырғанақ, самырсынды қарағайлар үшін суару саны орманды аймақтарда 1-ден бастап құрғақ далалы аймақта 5 - 7-ге дейін ауытқыйды. Басқа түрлер үшін бірінші жылы 1 - 3 суару жүргізіледі. Екінші жылы екпе көшеттерді өсіргенде негізінде 2 - 3 суару жүргізеді.Терек егістігін бірінші он күндігінде күніне 2 - 3 рет суарады, ал екінші он күндікте 2 рет, үшінші он күндікте 1 рет суарады. Суару саны сонымен қатар ауа райы жағдайына байланысты болады. Егер жауын - шашын түсуі 20 мм асатын болса суаруды қажет етпейді; 10 - 20 мм жауын - шашында суару мерзімін 3 - 4 күнге ауыстырады; 10 мм жауын - шашында суаруды мерзімінде жүргізеді, ал құрғақшылықта - күн сайын.

Қорғаныш орман жолақтары және қоршаулар

Питомникті далалы аймақтарда кептіретін желдерден қорғау үшін 2 қатарлы қорғаныш орман жолақтарын құрылды, қатарлар және шетінің ені 1,0-2,5-2,5 м, мысалға схемасы Б-Қт-Қт-Б (Б - бұталы өсімдік, Қт- қосымша ағаш түрі).Қолайлы жағдайларда питомниктерді жабайы және үй жануарларының кіріп кетуінен қорғау үшін шекара бойынша жасыл қоршау (тікенекті бұта түрінен немесе қырқуды көтеретін, арша, сары қараған, шырғанақ, алмұрт, боз жиде ағаш түрінен) немесе металл қоршау құрады. Жасыл қоршауды екі қатарлап құрады, ені 1 м дейін, орналастыру сүлбесі 1х0,5м. Питомник айналасында қорғаныш орман жолақтарын немесе жасыл қоршау құру қажеттілігі негізделеді және олардың негізі сипаттамасы -қатар саны,қатарлар мен шетінің ені,жалпы ені,ағаш-бұталы өсімдіктер түрі келтіріледі.Ілеспелі ағаш түрі (қосымша ағаш түрі) - жиде, бұта - сары қараған.

2.3 Көшет материалын өсіру технологиясы
Топырақты өңдеу түрлері.Орман питомнигі топырақты өңдеуді бастапқы, негізгі және себу алдындағы немесе отырғызу алдындағыларға бөлуге болады.
Бастапқы өңдеу - бұл питомник территориясын алғашқы рет игергенде топырақты өңдеу. Бұндай аудандардың технологиялық өңдеуі, питомникке таңдалынып алынған участік категориясы (ағаш кексіліп кеткен жер, тыңайтылған жер, тоғайлы жер және тағы басқалар), орман өсу аймағына, топырақ түрі және өнетін өсімдікттер сипаттамасына байланысты болады.
Көбінесе питомникке алғаш кесілген және тоғайлы жерлер қолданылады. Бұл категориядағы жерлерде территорияны игеру ауданды түбірден, бұталардан және ұсақ қалған ағаштардан тазартудан басталады. Тазарту және тамырдан тазарту жұмыстары қопарғыш және бұта кескіштермен жүргізеді. Содан соң түбірлерді қазып алады, жер бетін бульдозермен тегістейді және оны жыртады. Осыдан кейін участокты бір-екі жыл қара парда ұстайды. Аудара жырту тереңдігі бірте - бірте үлкейтеді, керек мөлшерге дейін, әр өңдеген сайын терендетілу 6-8 см құрауы керек. Егістік қабатын құнарлатқанда органо-минералды тыңайтқышты міндетті түрде енгізеді (100тга). Тыңайтылған жерді меңгергенде негізгі назар топырақтың құңарлығын сақтау және арам шөптермен күресуге аударады. Бұл жағдайда топырақты шым аударғышты соқамен 25 см және одан жоғары тереңдікте, жаздың басында немесе көктемде жыртады. Сосын топырақы тырмалайды, ал келесі жазда арам шөптермен күресу мақсатында қопсытады.
Питомниктегі топырақты негізгі өңдеуге ауыспалы егіс танаптарын өңдеу кіреді және парды өңдеу кіреді. Орман питомнигінде топырақты негізгі өңдеудің бірнеше жүйесі қолданылады:сидералды пар, қара пар, ерте пар,шұбар шымшық,көктемгі парлар.
Шұбар шымшық топырақты сыдыра жыртудан, күзгі жыртудан және көктемгі тырмалаудан тұрады. Топырақты сыдыра жырту немесе қопсыту топырақ қабатының бетіндегі тереңдігі 4 - 7 см-де, өнімді жинап алғаннан кейін жүргізеді.
Сыдыра жыртудан кейін екі аптадан соң топырақты шым аударғыш соқамен егістік қабат тереңдігінде жыртады. Жыртылған топырақты қырлы жағдайында қысқа қалдырады. Ерте көктемде ылғалдылықты сақтау және топырақ қабатының тегістеулі мақсатында көктемгі тырмалау жүргізіледі.
Қара пар жүйесіне келесі әдістер кіреді: шұбар шымшақ өңдеу, ерте көктемгі тырмалау, бірнеше жазғы қопсыту (3 - 4 рет), күзгі топырақты сыдыра жырту, көктемгі тырмалау. Шұбар шымшақ өңдеуді осы мерзімде жүргізеді: бірінші қопсыту - мамырдың үшінші кезеңінде 8 - 10 см терендікте парда қолсыту, екінші - маусымның екінші кезеңінде 10 - 12 см терендікте, үшінші - шілденің аяғында 12 - 15 см-де қопсытады.
Ерте пар жүйесінде топырақты өңдеу көктемде аудара жыртумен жүргізеді, жаз бойы 3 - 4 рет қопсыту, күзгі аудара жыртусыз жырту және көктемгі тырмалау жүргізеді.
Екпе пар жүйесіне сыдыра жырту, аудара жырту, тырмалау, ауыл шаруашылық дақылдары немесе көп жылдық шөптерді себу, оларды жинау, аудара жыртусыз қайта жырту, көктемгі тырмалау сияқты әдістер кіріді.
Орман тұқымбақтарында ең жиі қолданылатын жасыл пар жүйесінде сыдыра жырту, аудара жырту, жасылтыңайтқыш себу, жасылтыңайтқышты жырту, қопсыту, аудара жыртусыз жырту, көктемгі жабдықтан тұрады. Жасылтыңайтқышты 12 - 15 см тереңдігінде шанақтану, гүлдеу немесе түйін құрылғанда жыртады. Топырақты 8 - 10 см тереңдігінде қопсытады.
Топырақтарды өңдеуге арналған құралдар келесідей топтамамен шығарылады. Тамырды алу және ауданды тазалау үшін Д - 513А, Д - 496А қопарғышы,Д - 514А қолданылады. Топырақты аударып жыртуды ПЛН - 3 - 35, ПЛН - 4 - 35, ПКУ - 3 - 35 соқалары; тырмалауды БЗСС - 1,0 және БЗТС - 1,0 тісті тырмалар және тағы басқалары; қопсытуды КПС - 4 және тағы басқалары қамтамасыз етеді. Егу алдында топырақты дайындауда әр түрлі тереңдіктегі қопсытқыш, тырмалар қолданылады.

Ауыспалы егістер

Көшетжайдың топырақ құнарлығы
Топырақтың структурасы, онын қажеттілігі, күйзелуі мен сақтау және қалпына келтіру.
Пар танапты, шөп танапты және пар алмасатын ауыспалы егістер.
Тұқымдардың өнгіштігі көшетжайдың топырақ құнарлығына байланысты. Егер көшетжайға арналған жердің топырағы құнарлы болса, онда себілген тұқымдарда жақсы көктеп өніп өседі. Сол жақсы құнарлы топыраққа біз жыл сайын бір түр көшеттер отырғыза берсек, онда сол топырақтың құнарлығы жылдан жылға төмендей береді, сонымен бірге көшеттердің өнгіштігі төмендейді.
Осы айтылған жағдайларға мысал келтіруге болады: 1951-1957 жылдары Лениногорск орманшаруашылық питомнигінде үздіксіз бір жерде қарағай көшеттерін отырғызған, бірінші жылдары бір гектардан миллионнан аса көшеттер алған, ал соңғы жылдары осы көрсеткіш 800 мыңға дейін төмендеді, бұл нормадан төмен. Целиноград облысында Сандықтау орман шаруашылықта 198 жылдан 13 жыл қатар ауыспалы егіс сақталатын көшеттер өсірілген, сондықтан топырақтың құнарлығы өте төмендегеннен көшетжайды басқа жерге ауыстыруға мәжбүр болды. Айтылған себеп бойынша Алатаудағы Кіші Алматы орманшылығындағы көшетжайды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орман шаруашылығы туралы
Алматы облысы Кеген ауданындағы марал қоры және оны тиімді пайдалану
Шардара орман шаруашылығы мекемесінің орманды қалпына келтіру жұмыстарының көрсеткіші
Орман шаруашылығы туралы ақпарат
Орман шаруашылығы жұмыстары
Алматы қаласына физикалық-географиялық сипаттама
Қаратау таулы жотасы
Қырғауылға аңшылық жасау
Басталған жылға жоспар көп
ТЫРАУ ӨҢІР АУАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Пәндер