ҚАЗІРГІ САБАҚ ЖҮЙЕСІНДЕ ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ


КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісі технологияландыру мәселесін қойып отыр. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттерінің бірі- жастарға терең білім беру. Ал, оның негізі техникалық және кәсіптік білім берудің оқыту үрдісін жақсартуға жаңа технологияларды енгізу болып табылады. Оқу тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып өз бетімен ізденуге шығармашылық еңбек етуге жол салады. Оқушылар терең де жүйелі білім және әдістемелік тәсілдерді жетік меңгерген болуы тиіс. Пәндерді оқытуда тиімді әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты қызғылықты да тартымды өткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Қoғaм дaмығaн сaйын, бaрлық құрылым бiргe дaмиды. Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет», деп атап көрсетті. Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі үшін жаңа модульдік оқыту бағдарламасын жасау халықаралық талаптарға сай және жұмыс берушінің талаптарын анықтайды. Мұндай бағдарлама біріншіден, халықаралық еңбек нарығында Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі белсенді ойыншы болуы, екіншіден білім беру шарттарының сапасына ұсынылатын қатаң талаптар негізінде дайындау сапасын арттыру. Қазіргі таңда кәсіптік және технологиялық білім беру үрдісінде кеңінен қолданылып жүрген бірнеше инновациялық технологияларды атап көрсетуге болады. Қоғамдық өмірде көрініс тапқан сан-салалы сапалық өзгерістер, жыраулар, жаңалыққа бетбұрыстар педагогтерді өз істеріне сын көзбен қарауға итермелеуде. Өйткені оқушыларға берілетін білім де, тәрбие де, дүниеге көзқарас та мұғалімнің іс-әрекеті, беретін білімі мен үлгі-өнегесі арқылы қалыптасады. Осындай жүгі бар, жауапкершілігі бар мол мәселелерді шешу педагог-мамандардың алдына зор міндеттер жүктейді.
І ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БЕРУ
1. 1 Жаңа технологияның маңызы
Қазақ тілін оқыту методикасы, әлі аяғынан тік тұра алмай келе жатқан ғылым. Қазіргі жаңа талап, жаңа міндет, оқыту технологиясындағы жаңалықтар, оны қалай пайдалану керек деген көптеген сұрақтарға мұғалімдер жауап іздеуде. Егеменді еліміздің болашағы- жас ұрпақтың әлемдік стандартқа сай білім алулары үшін барлық жағдай жасалып жатқаны белгілі. Оқу құралдары, көрнекіліктер, компьютер, интерактивті тақта, әдістемелік нұсқаулар, әдеби кітаптар, т. б. қажетті құралдармен толығуда. Өмір талабына сай қазақ тілін оқыту әдістемесі де мемлекеттік тіл мәртебесін алуымен бірге өркен дая одан әрі дамып келеді. Барлық ғылымның бастауы - ана тілі. қазақ тілін жақсы, өте жақсы меңгерген оқушылар барлық пәнді ойдағыдай игереді, мақсатына жетеді. Оқушылардың жақсы оқуы, болашағы бақытты білімді ұстаздарға байланысты. Оқыту әдістерін жетік білген мұғалімдер оқушылармен жақсы қарым-қатынаста отырып, сабақ жүргізсе оңайға түседі, ол ұстаздар оқушыларын шын бақытқа бөлейді. Соңғы кездегі оқыту технологиясына қосылған жаңалықтарға тоқталсақ деймін. Деңге йлік оқыту. Деңгей сөзінің ұғымы бойынша оқыту - әдіс. Ж. А. Қараевтың «Оқытудың педагогикалық технологиялы» мен Ж. У. Қобдинованың «Оқыту технологиясын технологияландыру» еңбектерінде деңгейлік оқыту жайлы айтылған. Осы еңбектерді басшылыққа ала отырып, қазақ тілінен деңгейлік тапсырмалар жүйесі - оқулыққа қосымша түрінде енгізіп, бұл мұғалімдер тәжірибесінде (Павлодар, Ақтөбеде) оқушылардың біоһлім деңгейін есепке ала отырып, білім беруге жәрдемін тигізуде. Деңгейлік оқыту жүйесі әдіс емес, мұғалімнің жаттығу дұмысын жүргізудегі бір тәсілі: шебер, білімді мұғалім, ІІ деңгейде оқитын оқушыларды І тоқсанда, І-деңгейлі білімі бар оқушылар қатарына қосады. ІІІ деңгейде білімі бар оқушыларды жыл аяғында ІІ деңгейде білімі бар оқушылар қатарына қосады. Сөйтіп жыл аяғында барлық оқушының білімі жоғары деңгейге көтерілетіндігі айтылды. Кітап жазғандар да, тақырыбы мен мазмұнына сай, мысалды көп көрсетіп, деңгейлеп жазса, оның әдістерін көрсетсе, жас мұғалімдерге жұмыс істеу оңай түсер еді. Ғалымдар жазған кітаптарын пайдалануда оқушылар көп қиналады. Модульдік оқыту әдісі жайлы көп жылдардан беі қарай Я. А. Коменскийден бастап, соңғы жылдары В. Шаталовтың оқыту тәжірибесінде қолданған әдіс. Модуль - латын сөзі - өлшем, шама, математикалық модуль (кейбір коэфиценттің аты) моделировка-1. Интеграциялай оқыту. Интеграция термині (латын сөзі «interatio» қалпына келтіру, қайта құру, толықтыру, өзара жақындасу, байланысу) үрдісі ретінде түсіндіріледі («Советский энцеклопедический словарь - советская энцеклопедия». М., 1984 г. ) . Былайша айтқанда, қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдер әрбір сабақтың мазмұнын жаңартып, қайта құру жаңалықтармен, жаттығулармен, әртүрлі әдістермен (кітаптан тыс) толықтырып отыруды көздейді. Интеграциялай оқыту тәсілін сабақта пайдалану жолы - түсіндіру кездерінде шетел жаңалықтарын елімізде болып жатқан жаңалықтарды да, ұлттық - рухани байлығымызды айтып, не жаздырып, қосымша жаттығу жүргізіп отыру арқылы жүзеге асады. Осыған байланысты Г. Құрманбаева, С. Дүйсенбаевтың «Дарыту, дамыту, интеграция» еңбегі (Алматы, 1998ж. ) жарық көрді [7] . Қазақ тілін оқытудың инновациялық ерекшіліктері: жоғарыда айтқан оқыту ісіне қосылған жаңалықтарды ескеріп отыру қажет, «инновациялық» сөзі- латын сөзі innonus - жаңа, жаңарту, жаңашылдық өзгерту деген ұғымды білдіреді. «Инновация» ұғымы жалпы «жаңалық», «үрдіс», «өзгеріс» деген мағыналарда экономикада қолданыла бастады. Қазақстан Республикасының «Инновациялық қызметке мемлекеттік қолдау туралы» заңында инновацияны өндірістің және қоғамды басқарудың түрлі санамаларына енгізуді экономикалық тұрғыдан маңызы болып табылатындығын айтылған. Ал, оқу процесінде «инновация» ұғымы көптеген ғалымдардың зерттеуінде жаңалықтарды ойлап табу қажетігінен туындап отыр. Былайша айтқанда оқыту процесіне қосқан ғалымдардың жаңалықтары - қазіргі терминдермен айтқанда «инновация» - өмір, ғылым, техника, оқыту жаңалықтары. Ескере кететні жәйт, шетел әдістерінің бәрі жақсы деп қабылдай беруге болмайды. Мысалы, осыдан 2-3 жыл бұрын Ақтөбедегі №24 мектепке келіп, Сорос компаниясынан Американың «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» тәжірибесі жайлы Алматыдан келіп лекция оқып кетті. Оның орнына қазақ балаларының психологиясына сәйкестеп, Қазақстан психолог ғалымдардың оқу-тәрбие іліміне қосқан үлесі жайлы лекция оқыса, оқыта отырып, ұлттық рухани, тәрбие беру жолдарын балалар санасына жеткізсе орынды болар еді. Қазіргі таңда шетел оқыту саласына қосып отырған жаңалықтар: компьютермен оқыту әдісін, интерактивті тақтамен оқыту әдістерін, ересектерді (өзге ұлт өкілдерін) оқыту әдістерін пайдалануға болады. Әр ұстаз оқушыларына тасқындаға білім қорын үйрету үшін, оқыту әдісінде қосылған бұрынғы әдістердің тиімдісін пайдалана отырып, соңғы жаңалықтарды: деңгейлеп (саралап, даралап) оқыту, интеграциялық оқыту, модульдік оқыту технологиясы, ақпараттық (интернет, мультмедия), тест жүйесі (компьютерлік) оқыту интерактивті тақтамен және электрондық оқу құралын пайдалану әдістерін, оны пайдалану жолдары жаңа технологияны меңгеру т. б. ссөз бола бермек. Қазақ тілін саналы және сапалы меңгерту - жаңа технологияларды ұғымды қолданумен тығыз байланысты. Қазіргі уақытта әдістеме ғылымы жаңару, даму үстінде. Өмірімізге жаңа технологиялар дендеп енуде. Білім беру жүйесінің мақсаты мен міндетіне қарай оқытудың проблемалап оқыту (М. И. Махмутов), прогламмалап оқыту (Ю. А. Самарин, Т. А. Илина), саралап, жекелеп оқыту (М. Э. Унт т. б), дамыта оқыту (Ю. Б. Эльконин), ұжымдық оқыту (В. К. Дьяченко), дистанциялық оқыту (Нұрғалиева Г. К., Жүсібалиева Д. М. ) т. б тәрізді түрлері оқу процесінде қолданылып жүр. Технология - шеберлік туралы ғылым деген ұғымды білдіретін грек сөзі. Педагогикалық технологияға әдіскер ғылымдар мынадай анықтамалар береді: «Педагогикалық технология- оқытудың арнай формаларын, әдістері мен тәсілдерін айқындайтын педагогика-психологиялық нұсқаулырдың жиынтығы, педагогикалық процесті ұйымдастырудың әдістемелік аспабы (Б. Т. Лихачев) », «Оқу процесін іске асырудың мазмұндық техникасы, практика жүзінде іске асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйесінің жобасы (В. П. Беспалько) »[10] . Ғалым-әдіскерлердің берген анықтамаларына сүйене келгенде, жаңа технология дегеніміз педагогикалық щеберлікті жетілдірудің жолдары деген қорытынды жасауға болады. Оқыту технологиясы білім берудің тиімді жолдарын зерттейтін ғылым саласы ретінде сипатталады. Сабақ процесінде белгілі бір технолгияны қолдану арқылы мұғалім нәтижеге жетуді мақсат етеді. Бұл мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Дебат технологиясы. Карл Поппердің дебат технологиясы тілдік тұлғаның дамуына көмектеседі. Бұл технология оқушының шығармашылық белсенділігін арттырады, сонымен бірге зерттеушілік, ізденушілік қасиеттері қалыптасады. Дебат технолгиясына құрылған зерделік ойынға екі топ қатысады (бекітуші топ және даттаушы топ) . Әр топтың құрамы да шектеулі болады (3-5 оқушы) . Дебат техникасы белгілі бір уақытты мөлшерлейді. Пән бойынша сабақ немесе сыныптан тыс шара осы уақытқа сәйкестендіріледі. Ойын топтардың бағытын анықтау үшін жеребе тастаудан басталады. Бағыттары анықталған соң әр топтың дайындығына 15 минут уақыт беріледі. Тақырып күрделі болса, мұғалім тақырыптарды алдын-ала беріп қоюына болады. Бұл топ мүшелерінің көп материалдар жинауына, зерттеу жұмыстарын жүргізуіне септігін тигізеді. Әр топқа дауыс беру үшін сыныптағы балаларды жа екі топқа бөлуге болады. Топ мүшелерінің өз бағытын қорғай алуын бақылау үшін бір оқушы бақылаушы болады. Әр топ басщысы өзін және топ мүшелерін таныстырғаннан кейін әр топқа өз бағыттарын қорғауға 5 минут уақыт беріледі. Қарама-қарсы сұрақтарға 3 минут уақыт беріледі. Бұған бүкіл сынып оқушылары қатысуға болады. Бұл кезеңнің мақсаты - компоненттердің сөзіндегі түсінсіз жайттарды нақтылау, қарсы топты қандай да бір сұрақтармен бағытынан жаңылдыру, кейін талдау кезінде осыны пайдалану. Компонент сөзінен, тілінен, пікірінен кемшілік табу. Топтарға қосымша дайындыққа 8 минут уақыт беріледі. Ең соңында бақылаушы екі топтың өз бағыттарын қалай қорғағандарына талдау жасайды. Жеңімпаз топ айқындалады. Дебат технологиясын қолдану кезінде оқушылардың сөйлеу мәдениеті артады. Мұғалім бұған баса назар аударуы қажет. Мысалы, Нұрлан мырза, Айгүл ханым тұрақты тіркестерді қолдану, қарсы топтың пікірлерін байсалдықпен тыңдау. Дебат технологиясы баланың ойлау стилінің бес түрін де (синтезатор, идеалист, прагматик, аналитик, реалист) дамытады. Сөйлесім әрекетінің түрлерін жетілдіреді. Жалпы мәдениеттен, пәннен терең білімділігін дамытады. Оқутоптықшы өзінің ойын жинақы түрде дәл, анық, түсінікті дәлелді жеткізуге тырысады. Пәнге қызығушылығы мен ойлау қызметінің белсенділігі артады. Сыни тұрғыдан ойлау дағдысы қалыптасады. Тарихи құжаттармен, статистикалық дағдыланады. Бірақ мұғалім кез-келген тақырыпты дебат технологиясы бойынша өткізуге болмайтынын ескерген жөн. Компьютерлік технология. Қазақ тілі сабағында компьютерді пайдалану оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Нашар оқитын оқушының өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады. Тілдің салаларын өту кезінде бір жүйеге құрылған тапсырмаларды пайдалануға болады. Тест тапсырмаларын компьютер арқылы беріп, білімдерін тексеруге болады. Компьютер оқушының ақыл-ойын дамытумен бірге, өз бетінше жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады. Топтастыру технологиясы. Әдіскер В. К. Дьяченконың пікірінше, топтастыра оқыту оқыту тәсіліне қатысты. Бұл технология өз ішінен сыныптық сабақ ұйымы, лекция-семинарлық жүйе, белл-ланкестерлік жүйе, зертханалық-топталған әдіс, сызба әдісі, трамп әдісі болып сараланады. Белл-ланкестерлік жүйе бойынша үлкен жастағы балалар бірінші мұғалімнің басшылығымен өз беттерінше тапсырмаларды орындайды. Содан соң нәтиже алған оқушылар нашар меңгерген оқушыларға үйретеді. Трамп жүйесін пайдаланған кезде мұғалім оқулықтағы тапсырмаларды орындау үшін сыныпты топтарға бөледі. Әр топ өздеріне бөлінген тапсырмаларды орындайды. Топ мүшелерінің тапсырманы орындауға қатысқандары сараланады. Ұжымдық оқыту технологиясы. Бұл технологияның негізгі әдісі - тапсырмамен алмасу. Ең бірінші алты-жеті адамнан тұратын топ құрылады. Мұғалім әр топқп дайындаған тапсырмаларын таратады. Әр топ мүшесіне жеке-жеке тапсырмалар беріледі. Оқушылар бір-бірімен тапсырма алмасады. Сонда әр топтағы оқушы алты-жеті тапсырма орындайды. Тапсырмаларды орындап болған соң топ ішінде талқылайды. Тапсырмаларды келесі топқа беріп, олардың тапсырмасын алады. Мысалы, бір сыныпта 15 оқушы бар делік. Осы он бес оқушыны мұғалім үш топқа бөлуіне болады. Сабақ соңында бұл технология бойынша әр оқушы он бес тапсырманы орындаған болып шығады. Мұғалім бақылау жұмыстарын сынақ немесе тест түрінде қабылдайды. Дамыта оқыту технологиясы. Бұл технологияда баланың ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда болады. Ол үшін оқушы осы уақытқа дейін өзінің алған білімінің жеткіліксіз екендігін сезінетіндей болуы қажет. Содан барып оның білім алуға деген ынтасы мен қызығушылығы артады. Сабақ оқу мақсатының қойылуы, оны шешудің жолдарын бірлестіре қарастыру, шешімнің дұрыстығын дәлелдеу тәрізді бөліктерден тұрады. Оқушы теориялық материалды жалаң, жаттанды түрде емес, қарапайым бақылаулар жасау, зерттеулер жүргізу арқылы ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей проблемалы сұрақтар болуы қажет. Дамыта оқытуда сабақта жаңа материалды талдауға көп көңіл бөлінеді. Талдау ізденістен тұрады. Талдау жасау барысында мұғалім баланың ой-пікірін бақылауға мүмкіндік алады. Дамыта оқыту жүйесінде мұғалім оқушыларды «жақсы оқитындар», «жаман оқитындар» деп бөлмей, барлық балалардың дамуы үшін жағдай туғызуды мақсат етіп қояды. Мұғалім мен оқушы арасындағы қатынас ынтымақтастыққа, өзара сыйластыққа негізделеді. Сын тұрғысынан оқыту технологиясы. Сын тұрғысынан ойлау - сынап қарау емес, оқушының шыңдалған ойлау әрекеті. Бұл технологияның негізінде оқушылар топпен жұмыс істеу арқылы өзара пікірлесіп, ұтымды жауап тауып айтуға үйренеді, іздене отырып, өз ойын дәлелдеуге мүмкіндік алады. Мақсаты - демократиялық қоғамда өз көзқарасы, пайымдауы бар, өзін-өзі жетілдіріп отыратын, айналадағы үдерістерге сыни көзбен қарап, жауап бере алатын жеке тұлға қалыптастыру. Технология құрылымы 3 кезеңнен тұрады: 1. Қызығушылықты ояту; 2. Мағына тану; 3. Ой-толғаныс. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы. Ж. А. Қараевтың «деңгейлеп саралап оқыту технологиясының» мақсаты - оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында оқушыны дамитын және өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға ретінде қалыптастыру. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі - оқушылар сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатын болады. Ж. А. Қараевтың технологиясына сүйенсек, деңгейлеп саралап оқытуда оқушыларды екі топқа бөліп, топ басшысы тағайындалады. Әр деңгей бойынша орындалған жұмыстың нәтижесін топ басшылары мұғалім көмегімен бақылайды. Оқушылардың білім деңгейін анықтайтын кесте тақтаға ілініп, ұпай саны есептелінеді, қорытындыланады. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті 4 деңгейлік талаптардан тұрады. І деңгей - оқушылық - репродуктивтік деңгей: - жаттап алуға лайықталған анықтамалар, ережелер; - алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімді өзгертпей қайталап пысықтауға арналған сұрақтар; - тапсырмалар жаңа тақырыппен және өмірмен байланысты болуы керек. Байқап отырғанымыздай, тапсырмалар білімнің минималдық шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушының жас ерекшелігіне сай болады. Сынып бағдарламасына байланысты лексикалық тақырыптар мен грамматикалық тапсырмалар, тілдік ережелер, жазба жұмыстарын орындайды. Кейіннен жоғарғы сыныптарда оқыған кезде де есінде тұрақты қалатындай бағытта сөздік минимумдарды меңгереді. Тыңдап, түсініп оқу, аударып, жаза алады. Естігенін қайталап айтады. Жеңіл ережелерді жаттап алады. ІІ деңгей - алгоритмдік деңгей - елеулі белгілерді есте сақтау дағдысына жасалады: Өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар, бірақ оларды орындау үшін алған білімдерін түрлендіріп, тереңдете пайдалануды қажет етеді. Тапсырмалары түрленіп, күрделене түседі, сынып бағдарламасына сай лингвистиканың барлық бағдарламасымен жұмыс істейді. Оқушы өз бетімен керегінше қызмет етеді. Оқу мотивтерді қанағаттанарлық дәрежеде. Ықыласы жоғары. Оқушының сөйлеуі, хабарды түсінуі, қабылдауы, жазба жұмыстарын орындау көрсеткіштері міндетті деңгейден әлдеқайда жоғары болады. ІІІ деңгей - эвристикалық танымдық деңгей - іздену түрінде орындалатын тапсырмалар: Анализ бен синтез, салыстыру арқылы тақырыптағы негізгі білімді анықтау, қорытындылау, ребустар, сөзжұмбақтар құрастыру, проблемалық жағдайларды шешу. Оқушылардың шығармашылыққа деген ықыласы байқалады, логикалық ойлау дәрежесі жоғары болады, белсенділігі артады, білімін практикамен ұштастыра алады т. б. Хабарлау, суреттеу, бейнелеу тапсырмаларын орындайды. Ситуацияға байланысты әр түрлі нұсқада диалог құрады. Мәтін бойынша сұрақ қояды. Талдау, жинақтау, салыстыру жұмыстарын жүргізеді. Эвристикалық жұмыстарды өз бетімен орындап, «жаңалық ашады». IV деңгей - шығармашылық деңгей: - олимпиадалық тапсырмалар; - өз бетімен тақырып бойынша түйін жасау [10] . Жаңа педагогикалық технология ұғымы тың, белгісіз, жаңа оқыту амалдары, іс-әрекеттердің ізденуді, яғни, білім мен тәрбие берудегі ғылымның нәтижесіне қол жеткізуді, жаңа ізденістерін оңтайлы пайдалану, сол арқылы жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізу деген сөз. Оқытудың жаңа технологиясын меңгеру керек дегенде, сабақта тек қана техникалық құралдармен жұмыс істеу деген ұғыммен шатастырмау керек. Польшаның дидактиктері У. Куписович пен Ф. Янушкевич « . . . Біздің оқыту технологиясын жалпы дидактикамен немесе оқытудың техникалық құралдарымен теңестіру ойымызда жоқ, өйткені, бірінші жағдайда өте кең жалпылай салу, ал екіншісінде тым бір жақты пікір болар еді . . . » - деп түсінік береді. Кейінгі кезде ғылым мен техниканың дамуы, еліміздің жас ұрпақтарына үздіксіз білім беру - оны әлемдік сатыға көтеру мақсатында біздің елімізде орасан зор стандарттау жүйесі жүріп жатқандығы белгілі (1999 жылы Білім берудің Халықаралық стандарт дәрежесіне сай жаңа ұлттық моделін бекіткен «Білім заңы») . Әрбір оқушының білім стандарты деңгейіне көтерілуі үшін жақсы әдістемелік-технология қажет. Жаңа озық әдістемелік технология және техникалық жабдықтар болуы - білімді оқушыларға сапалы түрде снасы мен жүрегіне тасқындаған білімдң игеруге мүмкіндік береді. Қазіргі кездеоқыту технологиясы мен әдістемесі жайында түсінісбестіктер де кездесуде. Оқытудың модельдеу технологиясы, компьютерлік технологиясы, ақпараттық технологиясы - технология - «internet» секілді көптеген атаулар пайда бола бастады. Оқыту білім беру технологиясының қызметі: әдістерді жинақтау, техникалық тәсілдерді игерту, шеберлік, т. б. Мұғалімнің кәсіптік әдістемелік тәжірибесі, оқу бағдарламасының мазмұны және білім стандарты талаптары негізінде шағын мақсаттар тізбегі түрінде бүкіл жыл бойына жасалған жобаға (бағдарламаға) негізделеді. Шебер оқытушы өз тәжірибесі нәтижесінде, технологиялық іс-әрекеттер негізінде өзінің авторлық құрылымын құрайды. Қазақ тілінен әдістемелік технология - білім берудің тиімдірек формаларын іздеу, табу, олардың олардың өзара әсерлерін есепке ала отырып, білім игеруді жоспарлау, соны жүзеге асырудың және бағалаудың жүйесін құрайды. Берілген оқу тақырыбы бойынша материалдарда оқушылардың даму өрісін қалыптастыру мақсат қоюда, болжам, түзету және үй тапсырмасын мөлшерлеу, т. б әдістемлік құрал-жабдықтар, мұғалім-оқушы арасындағы қарым-қатынас әсері-ақпараттық карталар жинағы, т. б. түрінде нақтыланатыны көрсетіледі. [12]
1. 2 Қазіргі сабақтың құрылымы мен типтері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz