Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА
ИНСТИТУТЫ
А. Балабаева
Қарапайым математикалық
түсініктерді қалыптастыру әдістемесі
Мамандық 050101-Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту
(Студенттерге арналған оқу құралы)
«Ардақ баспасы»
Алматы 2014
УДК 51(075. 8)
ББК 22 . 1я7
Б 14
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақ мемлекеттік
Қыздар педагогикалық университеті базасындағы жоғарғы және жоғарғы оқу
Орнынан кейінгі білім берудің Республикалық оқу -әдәстемелік кеңесі шешімімен бекітілген (№1 хаттама 14 қазан2008жыл )
Пікір жазғандар : Б. М. Қосанов- п. ғ. к. ж, доцент
Ә. С. Әмірова- п. ғ. к., доцет
Б. И. Иманбекова - п. ғ. к., доцент
Б14 А. И. Балабаева Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі:- Студенттерге арналған оқу құралы. -Алматы «Арда» баспасы, 2014. -127бет.
ISBH 9965-19-039-9
Бұл оқу құралы педагогикалық жоғарғы оқу орындарында 050101-Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығы бойынша оқитын стуенттерге және тәрбиешіге арналған. Қарапайым математикалық
Түсініктерді қалыптастыру әдістемесі пәні балалардың математикалық білімдерін қалыптастыруға бағытталған.
ISBN9965-19-039-9
УДК 51(075. 8)
ББК 22 . 1я7
© А. балабаева, 2014
© «Арада» баспасы, 2014
Екінші басылым
Түсініктеме
Елбасы Н. Ә. Назарбаев ұсынған «қазақстае-2030»стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттыұ моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білім мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастармен қатар тұрда алатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттілігі баса айтылған.
Мектеп жасына дейінгі балалардың мемлекеттік міндетті білім беру стандартының жобасына :«Мектепке дейінгі білім беру -Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесінің құрлымдық бөлім ретінде маңызды рөл атқарады, себебі оның ішіндегі баланың табиғилық сапалары мен ерекшеліктері анықталып, олардың даму жағдайлары қамтамасыз етіледі . . . » деп көрсетілген.
Жоғарғы оқу орындарында болашақ тәрбиешілерді дайындайтын «Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым матетатикалық түсініктерді қалыптастыру » деген пән оқытылады . Бұл пән -педагогика ғылымдары жүйесі қатарында, мектеп жасына дейінгі балаларды -бастауыш мектептегі негізгі оқу пәндерінің бірі болып саналатын математиканы меңгеру және қабылдауға дяарлау мақсатында қолданылады, сонымен қатар қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың мектеп жамыеа дейінгі балалардың танымдық және ойлау іс-әрекеттерін дамытудағы маңызын, ақыл -ой белсенділігін дамытудағы маңызды, қоршаған ортаны тануда аса маңызды болып санатын ақыл-ой әрекетінің қалыптасудағы әсерін зерттеп, зерделеп түсіндірелі. Курсты оқу барысында студенттер қарапайым матаматикалық түсініктердің шығу тарихымен, оның негіздермен, зерттеу әдістермен, қалыптасу процестерімен танысады (жиын, сан, көлем, уақыт кеңістік, бағдарлау, санау, т. б. ) . Студерттер баланың әрбір жас кезеңіне сай оқыту мүмкіндіктерімен және олардың ерекшеліктерімен және олардың ерекшеліктерімен танысады.
Мектепке дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру пәні, математиканы курсының аса маңызды мәселерімен танысуға, оқыту әдістемесінің жаңа тәсілерін игеруге мүмкіндік береді . Сондай -ақ, кәсіби білім, білік және дағдыларды өздікрерінен меңгеруге және жетілдіруге себепші болады.
Мектепке дейінгі балардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру курсы «Балалардың қарапайым математика лық түсінігін қалыптастыру пәнінің теориялық негіздері», «Қазақстандағы мектеп жасына дейінгі балаларды қарапайым
3
математикалық түсінігін қалыптастыру әдістемесінің дамуы» «Мектеп жасына дейінгі»балалаоға балабақшада математиканы оқытуды ұйымдастыру », «Сандақ ұғымдады қалыптастыру және санауға үйрету», «Есептеу және есеп туралы ұғымын қалыптастыру әдістемесі », «Арифмитикалық есептер », «Балалардың зат түсінігі туралы ұғымын қалыптасыру », «Балаларда кеңістік ұғымын қалыптастыру әдістемесі », «Балалардың уақыт туралы түсініктерін қалыптастыру », «мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін дамыту жұмыстарын жоспапрау », тәрізді мазмұндық -әдістемелік желілер бойынша ұғымдар мен амалдар тәсілдерін оқыту әдістемесі ашылады.
Бұл нән арқылы болашақ тәрбиеші:
-қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруды ұымдастыру формаларын меңгеруі;
-мектеп жасыга дейінгі балаларды қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың - тәсілдерін дұрыс таңдай біліуге дағдылануы;
-қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің тиімді әдістерін пайдалану;
- қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесін оқу барысында қолданылатын көрнекіліктердің түрін, оны тиімді қолдана алу біліктілігі ;
-мектеп жасына дейінгі балалардың математиканың элементтерін оқытуды жүйелі жүргізе білу ;
-балалардың математикалық түсініктерді қалыптастыруда жаңа технологияны қолдана біліу ;
- сабақтың жоспарын құрастыра біліу ;
-түрлі ойындарды, жаттығуларды ұйымдастыра алу тиіс.
4
ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРДІ
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ПӘНІНІҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ, МАЗМҰНЫ
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру пәні-жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға әсер ететін негізгі оқу пәндерінің бірінен саналады . Мектеп жасына дейінгі педагогикадан сала ретінде бөле отырып, ол жеке дара ғылыми пән және әдістемелік құралға айналады. Пәннің ең басты зерттеу мақсаты -мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық ұғымдарының қалыптасуының негізгі заңдылықтарын зерттеу болып табылады.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру пәнінің жалпы міндеттері-мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастырудың дидактикалық негіздерін зерттеу . Ал теориялық базасы -философия, педагогика, психология, математикат. б . ғылымдардың жалпы негізгі ұғымдары болып саналатын табылады. Педагогткалық білімдер жүйесі ретінде, оның өзіндік теориясы мен қайнар көздері де бар. Олар :
-білім беру мәселесі жөніндегі үкімет құжаттары, мемлекеттік каулылар, заңдар;
-ғылыми ізденістер нәтижесі болып саналатын ғылыми ізденістер мен басылымдар мен басылымдар, ақпарат көздері;
-бағдарламалық- нұсқау құжаттары ;
-әдістемелік әдебиеттер (арнаулы мерзімдік басылымдар ) «Отбасы және балабақша» журналы, ойындар мен жаттығулар жинағы, әдістемелік нұсқаулар т. б. )
Бұл пән және оның мазмұны, ғылыми-зерттеулер және озық педагогикалық тәжірибе есебінен үнемі даму үстінде
Бүгінгі таңда қарапайым мамематикалық ұғымдарды қалыптастыруға бағытталған, оны дамытуды көздейтін негізгі әдістемелік жүйе бар. Оның басты қызметі - әдістемелік жұмыстардың мақсатын, мазмұнын, әдісін, құралдары мен формаларын анықтау. Бұл ұғымдар өзара тығыз байланысты, әрі бір-бірін толықтырып, тұруы заңдылық болып табылады.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру пәнінің негізі элементтері-оның мақсаты, міндеттері, мазмұні, әдістері мен ұйымдастыру түрлері және құралдары болып табылады. Олар өзара тағыз байланысты әрі бір-бірін толықтырып тұрады осылардың ішіндегі ең жетекшісі әрі анықтаушысы- мақсат болып табылады. Мақсат әлеуметтік сипатқа ие, әрі оның объективті заңдылықтары бар. Мектепке дейінгі ұйым өз кезінде қоғамның әлеуметтік тапсырыс -
5
тарының орындалып, балалардың мектепте үйретілетін ғылым негізінде баулиды.
Үйрету, оқыту мен дамыту өзара дидкатикалық сипатта байланысқа ие. Нақты бір даму сатысына сәйке, үйрету одан басымдылықпен асып түседі. Сондықтан үйрету барысында баланың қабілеті мен мүмкіндіктерін ескеріп қана қоймай, сонымен қатар жаңа операцияларды да үйрету қажет. Өйткені бүгін ересек адамның жетекшілігімен үйренген әрекетін ертең бала өз бетінше орындайды.
Үйрету барысында даму процесі жүзеге асады.
Баланың математикалық ұғымдарының дамуының ең алдымен оның жеке тұлғасынң танымдық өзгерістер мен ілгері жылжыудан байқамайсыз, яғни логикалық операцияларды жүзеге асыруға икемділіні қалыптсады.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру пәні мектепке дейінгі балалардың жеке тұлғасы мен іс-әрекетін оны оқыту мен тәрбиелеуге бағытталған ғылымдармен байланысты.
Әсіресе, педагогика ғылыммен байланысты. Өйткені педагогика сұрапталған өскелең ұрпақтың ақыл-ой тәрбиесі және оқыту міндеттеріне арналған мәселелерді қарастырады, атап айтқанда принциптер, мазмұн және құралдар, ұйымдастыру әдістері мен формалары, технологиялары. Мектеп жасында дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдар туралы мәселелерін зерттеу және талдау өз кезегінде педагогикалық теорияны да жетілдіріп, жаңа фактірлер мен материалдарды толықтырады.
Әдістемелердің ішінде мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу негізі заңдылықтарын зерттеу: қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру, дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі өзара тығыз байланысты.
Баланың мектептегі математика пәнін оқытуға даярлау мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық ұғымдарын қалыптастырудың теориялық қайнар көзі болып табылатынын математикалық аспектілерді үйретумен тығыс байланысты.
Мектеп бағытындағы математиканы оқытуды, оның мазмұндары мен әдістерін жетілдіру мектепке дейінгі кезеңдкгі математикалық ұғымдарды қалыптастырумен тығыз байланысты . Бүгінгі таңда мектепке дейінгі балалардың математикалық ұғымдарын дамыту бағдарламасына да айтарлықтай өзгерістер енгізілген (ауызша есептеуге үйрету көлемі ұлғайтылды, топтап санау, жиын ұғымын қалыптастыру, жекелеген көлемді өлшеу, жиынды бөлшектеп санау, геометриялық білімдерін ұлғайту т. б. ) оқытуға үйретудің неғұрлым тиімді тәсілдерін іздестіру жалғасуда (модельдеу , проблемалық есептер мен жағдайаттар,
6
дамытушы ойындар т. б. ) Өйткені оқыту арқылы ғана баланы жан - жақты дамытуға қол жеткіземіз.
Оқыту мен дамыту өзара тығыз байланысты.
Оқыту процесінде, әсіресе мектеп жасына дейінгі балада сан туралы ұғымдарын қалыптастыруға ерекше мән беріледі, өткені қоршаған ортадағы заттардың саны-ең алдымен оның кеңісттік-сапалық белгісі. Осы сан және санау арқылы баланың жиын бөлшектерін анықтау, заттар арасындағы өзара айырмашылақтарын анықтау дағдылары дамиды.
Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру-баланың ақыл-ойын дамытуда жетекші орынға ие.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптасыру әдістемесін жасауда ең алдымен баланың жиын, сан, кеңістік, уақыт ұғымдарын қабыдау заңдылықтарын және психологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет. Психология нақты бір білім, дағдыларды меңгерудегі бала мүмкіндіктерін анықтайды.
Жаңа психологиялық зерттеулер пектепке дейінгі жастағы баланы математикалыық ұғымдарды меңгерудегі қабілеттерін шексіз екендігін, оны әлі де жан жақты зерттеу қажеттілігін дәлелдеп отыр. Оқыту процесінің ұғымдылығы кіші балалардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін негізге алумен ерекшеленеді. Бала ерте жастан-ақ қоршаған ортадағы небір қозғалыстарды, заттардың жиынын, сан алуан құбылыстарды анализаторлардың көмегімен (есту, сипау, көру т. б) қабылдайды, оларды салыстырып, естерінде ұстайды. Осы баладағы физиологиялық процестердің заңдылықтары қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру мазмұнын анықтауда және оны жоспарлауда паста негіз етіп алынады, соған байланысты сабақ құрылымы жасалып, оқыту әдістері мен құралдары белгіленеді (сергіту сәті, оқу-танымдық міндеттердің анықталуы т. б) .
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру пәні-өте жас педагогикалық пән болғанымен, бастаулары көне тарих қойнауларында жатыр. Ежелгі заманда-ақ аға ұрпақ өкілдері өз балаларын есептеуге, санауға ерте бастан дағдыландыруға ұмтылған.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру пәнінің зерттеу мәселелерінің өзіне тән логикасы мен құрылымы ғылыми педагогикалық зерттеулерге қатысады. Ол зерттеу пәні мен объектісін, мақсаты мен міндеттерін, болжамын белгіліуден басталады.
Негізгі теориялық көзқарастар мен әдіснамалық негііздемелер анықталады. Осыған сәйкес зерттеу әдістері талданып, содан кейін алынған нәтижелер айқындалып, соның негізінде қорытынды жасалып, ғылыми-тәжірибелік ұсыныстар айтылады.
7
Ең алдымен, зерттеу объектісі мен пәнінің анықтау маңызды. Ол мекткп жасына дейінгі балалардың Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың сан алуан қырлары болуы мүмкін. Егер зерттеу объектісі ретінде балалардың практикалық әрекеті алынса, зерттеу пәні баланың жиыны мен әрекеті, сан ұғымдарын қалыптастыру болуы мүмкін.
Зерттеу мақсатында мыналар ескеріліді:
- баланың қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру мазмұнын талдау;
-жаңа әдіс, форма, оқыту технологиялары құралдарының ғылыми негіздемелері;
-баланың математикалық түсініктерін қалыптастыру процестерінің жаңа заңдылықтары және оны негіздеу;
-баланың математикалық даярлығын жетілдіру.
Зерттеу барысында әдеттегідей бірнеше міндеттер қатар шешіледі. Ол мақсаттан туындап, оны айқындайды. Ол міндеттер мазмұны төмендегідей болуы мүмкін:
-нақты бір математикалық ұғымдардың қалыптасуының мәнін зерттеу ерекшелігі, құрылымы, басқа процестер және құбылыстармен байланысты;
-математикалық ұғымдар негізіндегі ақыл-ой және практикалық әрекеттерінің қамтамасыз ететін жағдайлар;
-математикалық ұғымдар қалыптастыру процесіндегі балалардың оқу-танымдық әрекетіне педагогикалық басшылықты теуксеру;
-мектепке дейінгі ұйым қызметкерлеріне арналған әдістемелік нұсқауларды талдау.
Мысалы, балалардың көлем және қарапайым өлшеу әдістерін ұйренуіне арналған ғылыми зерттеуде төмендегідей міндетер алға қойылады:
1. Балалардың заттаң көлемін анықтау және тану ерекшеліктерін зерттеу.
2. Балалардағы түрлі объектілерді өлшеу және оның әдістері туралы ұғымдарының деңгейін анықтау.
3. Мектеп жасына дейінгі балаларды көлем туралы және оны өлшеудің әдістері туралы ұғымдар жүйсін жасау.
Зерттеу жұмысындағы басты кезкең болжамды қалыптастыру болып табылады. Ол түрлі әдебиеттерді оқу және талдау барысында қалыптастырады.
8
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру мәселесін зерттеуде басты көңіл бөлетін жағдайлар -зерттрушінің әдіскерлік және теориялық мәселе туралы білімдердінің терең болуы.
Теориялық жағдайды талдау және тексеру түрлі зерттеу әдістерінің көмегі арқылы жүзеге асырылады :бақылау, сауалнама, әңгімелесу диагностикалық тапсырмалар, педагогикалық құжаттарды зерттеу, эксперимент, баланың іс-әрекетін талдау. Нақты жүйе бойынша (зерттеу әдістемесі) оларды бағытты, мақсатқа сай қолдану, зерттеуміндеттерін шещуге мүмкіндік береді, әрі дәйекті ғылыми анықтамалар мен фактілерді алуға негіз болады . ал зерттеу нәтижелерін жан-жақты статистикалық -математикалық әдәстерді қолдана отырып, талдау заңы байланыстыра мәнін анықтауға, теортялық және практикалық қорытынды жасап, ұсыныстар айтуға ықпал етеді.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру пәнінің жетекші әдісі -экспермент, оның лабораториялық және табтғи түрлері болады.
Экспермент анықтау, қалыптастыру және бақылау кезеңдерінен тұрады. Оың әрқайсысы әбден жіктеуді, құрлымдық принциптердің сақталуын, балаларды бақылау және эспериментттік топтарға бөлуді, эксперримент нәтижелерін түрлі құралдар көмегімен анықтауды қажат етеді.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру пәнін оқытудың маңызы-мектеп жасына дейінгі кезеңде үйретілетін математикалық ұғымдарды қалыптастыру, түсіндіру, бала санасына жеткізе білу, оған педагогикалық тұрғыда басшылық жасау педагогтың ең басты міндеті -балаға жоспарлы ұғымды қалыптастыру барысында, бала әрекетін соған жұмылдыра білу, ұғымдар тізбегі кеңейген сайын, бала ойы мен әрекеті жаңа мазмұнға ие болады . Математикалық ұғымдарды жүйелі дамыту -баланың мақсаты ұйымдасқан әрекетіне кепіл болады.
Әдістемені оқыту -математикалық ұғымдарды дамытудың негізгі формасы болып табылады . Ол жалпы дидактикалық принциптер негізінде құрылды, яғни ғылыми негізде жүйелі, кезекті мүмкіншілігі, көрнекілігі қамтылған өмірмен байланыста, балаға жеке дара әрекет ету барысында т. б.
Дұрыс ұйымдастырылған танымдық әрекет барысында балаларда ақыл-ой операциялары мен процестері дамиды, шығармашылық қиялды қалыптастырады, қызығушылықтары оянып, жеке ерік күштері, оқуға деген ықылысты тәрбиеленеді, ақыл-ой әрекетіне ынталары артып, еңбеутенуге үйреенеді.
9
Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Қарапайым математикалық ұғымдар туралы не айта аласыз ?
2. Курстың мақсаты туралы не айтасың ?
3. Қандай мерзімдік басылымдарды білесің ?
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің ғылыми негіздері
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың теориялық негіздері 20 жылдай уақыт аралығында ғана арнаулы атау алып "математикаға дейін" ұғымы қалыптасты (ағылшынша - premathematics) .
Дәстүрлі қалыптасқан ұғымдарға орай оқытудың теориялық негіздеріне нақты бір ұғымдарға сәйкес математикалық теория алынады. Ал дедуктивті түрде құрылған математикалық теория абстрактілі құрылымы арқылы мектепке дейінгі кезеңде математиканы үйретуге негіз бола алмайды.
Мектепке дейінгі кезеңдегі ұғымдар мен фактілер нақты дәйекті жағдаяттардан бастау алғанмен, басқа ұғымдар көмегімен түсіндіріледі. Дедуктивті математикалық теорияны түсіндіру - формальды сипатқа ие болады, ал мектепке дейінгі ұғымдар - мағыналы мазмұнда беріледі. Математиканың басты өзекті түйіні дедукция бұл жерде локальды сипатқа ие болып, қосымша қызмет қана атқарады.
"Мектепке дейінгі " даярлықты - балалар математикасы деп шатастыруға болмайды. Мектепке дейінгі деңгейде де нақты математикалық ұғымдар қарапайым түрде оқытылады. Бұл деңгей көптеген ғылыми әдебиеттерде де сақталады. Ал, мектепке дейінгі кездегі оқытуда осы мазмұн сақталғанымен ол өзіне тән математикалық білімдердің кезеңіне сай болады. Сондықтан "мектепке дейінгі" оқытуды үлкен нағыз математиканы үйренуге даярлық кезеңі десе де болады.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың теориялық негіздерінің басты мақсаты - мектепке дейінгі жаста үйретілетін ұғымдарға математикалық түрде талдау жасау, балаларға ұғымдарды нақты ғылыми негізде түсіндіру. Бұл жерде әрине, нақты математикалық ұғымдар мен теориялар сол қалпында қатаң сақталмайды. Барлығы баланың санасына, ой-қабілетіне сәйкес алынады. Түрлі ұғымдар фактілер мен құрастыруларды иллюстрациялау үшін ойындар, осы ұғымды не құрылымды модельдейтін түрлі үлгілер
10
алынады. Олардағы басты түйін логикалық және құрастырушылық құрылымы болып табылады. Сонымен теориялық негіздер қарапайым математикалық ұғымдармен тығыз бірлікте қарастырылады. Бұл өз кезегінде педагогқа баладағы қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруда дамытушылық эффектіні көтеруге мүмкіндік береді.
Теориялық негізді түсіндіруде әдетте қолданылуға тиіс арнаулы логикалық және математикалық ұғымдар мен символика мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда қолданылмайды. Математикаға дейінгі даярлық баланы мектепке жалпы даярлаудың басты бөлігі болып табылады. Бұл процесс барлық оқу-тәрбие шараларымен тығыз бірлікте қарастырылады және ең алдымен баланың математикалық ой-әрекетін дамытуға және ақыл-ой тәрбиесі міндеттерін шешуге бағытталған. Оның басты ерекшеліктері - жалпы дамытуға бағытталуы, ақыл-ой, тіл дамыту, ой, тұрмыс, еңбек іс-әрекеттерімен байланысты болуы.
Балалардың математикаға дейінгі даярлық кезеңінде ескерілуі тиіс мәселелер:
- танымдық қабілет, ақыл-ой процесі мен қабілеті, баланың жеке тұлғасының жалпы дамуының негізгі заңдылықтары;
- білімді және соған байланысты дағдылар мен іскерліктерді меңгерудегі баланың жас ерекшелігіне сай мүмкіндіктері;
- мектеп және мектепке даярлау шаралары арасындағы сабақтастық.
Математикаға дейінгі даярлықтың басты міндеттеріне мыналар жатады:
1. Балаларда қарапайым математикалық ұғымдар жүйесін қалыптастыру.
2. Мектептегі математика пәнін игерудің және ақыл-ой дамуының алғышарты болатын - математикалық ойлау және жекелеген логикалық құрылымдардың қарапайым түрлерін қалыптастыру.
3. Сенсорлық процестер мен қабілеттерін дамыту.
4. Балалардың байланыстыра сөйлеуі мен сөздік қорларын дамыту.
5. Оқу әрекетінің бастапқы формаларын қалыптастыру.
Бұл міндеттер үйлесімді, өзара тығыз байланыста жүргізілсе ғана нәтиже береді және міндеттері математикаға дейінгі даярлықтың мазмұнын аяқтайды.
Соңғы уақытта жүргізілген педагогикалық және психологиялық зерттеулер нәтижесінде балалардағы ойлау қабілетінің деңгей қоры
11
ауқымды екендігі айқындалды. Н. Н. Подъяковтың зерттеулерінде баладағы көрнекі-әрекеттік және көрнекі-бейнелі ойлаудың нәтижесінде заттар мен құбылыстардың қасиеті және жеке бөліктері туралы балалардың ұғымдары жинақтала келе тұтас жүйелі білімге ұласады.
Математика ұғымдарының дамуына арнаулы бағыттағы әрекеттердің де әсері бар. Оларды екі топқа бөліп қарастыруға болады. Алғашқысына математикалық сипаттағы әрекеттер: санау, өлшеу, қарапайым есептеу, арифметикалық әрекеттерді орындау жатады.
Екінші топқа - дидактикалық мақсатқа құрылған, математикаға дейінгі әрекеттер, заттарды бір-бірімен беттестіре отырып салыстыру (А. М. Леушина) талдау және жинақтау (В. В. Давыдов) теңестіру және салыстыру (Н. И. Непомнящая) .
Екінші топқа жататын әрекет түрлері нақты, заттық-сезімдік негізді арқау етеді. Ал, бірінші топ күрделі болғаныымен, мазмұнды, баладағы жиын, кеңістік, уақыт ұғымдары нақтыланады.
Бұл бағытта көптеген әдістер қолданылады: сөздік, практикалық, көрнекілік, ойын. Әдістер мен тәсілдерді таңдауда ескерілуге тиіс мақсаты, міндеттері, мазмұны балалардың жеке және жас шамасы ерекшеліктері, дидактикалық құралдардың болуы, нақты жағдайлар т. б. Олардың ішіндегі ең бастысы бағдарлама бойынша оқу- әрекетін жан-жақты ұйымдастыру болып табылады.
П. Я. Гальперин теориясы бойынша практикалық және сыртқы материалдармен әрекеттер ауызша сөйлеу арқылы бекітіліп, тұжырымдалып, ішкі жоспарға айналады, ой әрекеті ретінде көрініс береді. Ой бірнеше даму этаптарынан өтеді.
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру пәнінің практикалық әдістеріне тән сипатты ерекшеліктері:
- түрлі практикалық әрекеттері, ақыл-ой әрекетінің негізі болып табылатынын орындау;
- дидактикалық материалдарды көптеп қолдану;
- практикалық әрекеттер мен дидактикалық материалдардың нәтижелігіне көз жеткізу;
- санау, өлшеу, есептеу дағдыларын қалыптастыру;
- тұрмыс, ойын, еңбек, т. . әрекет түрлерінде қарапайым математикалық ұғымдарды қолдану.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz