Кәсіпорынның қаржылық қызметінің мониторинг жүйесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Кәсіпорынның қаржылық қызметінің мониторинг жүйесі

Мониторингке қатысушылардың салалық құрамы өндіруші және өңдеуші өнеркәсіпті, көлік және байланысты, құрылыс және сауданы, өндіріс пен электр энергиясын, газ бен суды бөлудің, ауыл шаруашылығын, қонақ үй және мейрамхана бизнесін, жылжымайтын мүлікпен операцияларды, жалдау және кәсіпорындарға қызмет көрсетуді, балық аулауды. балық өсіруді, басқа да коммуналдық, әлеуметтік және дербес қызметтерді құрайды. Кәсіпорындардың ерікті пікіртерімінің негізінде ел экономикасының нақты секторының жай-күйін бағалау мақсаты болып табылады. Экономиканың нақты секторының кәсіпорындарын іріктсудің репрезентативтік деңгейін мониторинг тиімділігінің негізі болады.

Қаржылық көрсеткіштер мониторингі - қаржы саласының құрылымдық жүйесінің элементтері. Мониторинг жүйесі қаржылық бақылау негізін, оның тетігінің ең белсенді бөлігіне де келеді. Қаржылық мониторинг жүйесі кәсіпорында түпкілікті қадағалаудың тетігін, қаржылық қызметтің бақылау көрсеткіштерін ұсынады. Шын мәнісінде, нәтиженің ауытқып кету өлшемінің ұйғарымы көзделеді және осы ауытқулардың себептерін ашуға мүмкіндік береді.

Экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының мониторингі кәсіпорындардың банк қызметіне деген сұранысы, экономикалық коныонктураның жай-күйі, аймақ кәсіпорындарының инвестициялиқ қызметі және олардың қаржылық жағдайы туралы ақпарат жүйесінің кешенін құруға мүмкіндік береді.

Мониторингте пайдаланылуы мүмкөрсеткіштер жүйелерінің тағы бір жеткілікті өзіне тән қасиеті бар. Бұл көрсеткіштер кәсіпорынның ағымдағы жағдайы мен оператинті динамикасын көрсетеді. Әркімге ай сайын активтердің рентабельділігін өлшеу арқылы кәсіпорынның ағымдағы жағдайы туралы қорытынды жасау мүмкін емес, сондықтан бұл көрсеткіш бүкіл жыл барысында қалыптасады және сол себептен оны жылына бір рет есептеу және талдау қажеттігі туындайды.

Мониторинг үшін қажетті көрсеткіштердің құрамы мен санын кәсіпорынның қаржылық директоры бизнес жағдайына, сол немесе басқа факторлардың әсерінің маңыздылығы туралы өздерінің көрінісі негізінде таңдайды. Мониторинг үшін бизнестің оперативтік сипатын анықтайтын көрсеткіштерді қолдану керек және ол уақыттық аспектісінде айына бір рет салыстырууың мәні бар. Мәні бойынша, кәсіпорын жағдайының мониторингі әр кәсіпорынға потенциалды алда төніп тұрған дагдарысты ерте табу жүйесін құрайды.

Мониторинг үшін көрсеткіштер тізімін құрастыру міндеті жеткілікті түрде шешіледі. Топтарға бөлінген барлық қаржылық коэффициенттер қарастырылады, анықталған критерийлер бойынша мониторингке сай келетін көрсеткіштер тандалып алынады. Мониторинг үшін көрсеткіштерді тңдау міндеті жеке болып табылады, алайда бір жалпы ұсыныстар берілуі мүмкін.

Кәсіпорын жағдайының мониторингі үшін көрсеткіштер жүйесі, ең аз дегенде келесі қаржылық коэффициенттерді қолдануы керек:

1) Түсім өзгерісінің үрдісі;

2) Қатысты жалпы табыс;

3) Тауарлы-материалдық қорлардың айналымдылығы;

4) Тез өтімділік коэффициенті.

Осы аталғандардың ішінде түсім өзгерісінің үрдісі көрсеткіші ең маңыздысы болып табылады, яғни кәсіпорын табыстылығының тездеткіші деп айтуға болады.

Түсім мәліметтері негізінде түсім өзгерісінің коэффициенті есептелінеді және есептеуде мына формуланы қолдану ұсынылады:

А ғ ы м д а ғ ы к е з е ң н і ң т ү с і м і Ө т к е н к е з е ң н і ң т ү с і м і Ө т к е н к е з е ң н і ң т ү с і м і \frac{Ағымдағы\ кезеңнің\ түсімі - Өткен\ кезеңнің\ түсімі}{Өткен\ кезеңнің\ түсімі}

Түсім жиі маусымдық сипатқа ие, ол кәсіпорын қызметінің өткен кезеңдерінің статистикасы негізінде белгіленеді. Бірақ, көбінесе осы көрсеткіш сатудың нақты және жоспарлы көлемін салыстыруды көрсетеді. Түсімнің жағымсыз жағы: кәсіпорынның өтімділігі мен пайдасының тез арадағы жогалтуларының тездетушісі деп те қарастырылады. Егер түсімдер жоспарлы мәнінен төмен болса, онда бұл жақын арада кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің төмендеуіне әкеледі және операциондық шығыстарды жаба алмау мүмкіндігінің пайда болуына әсер етуі мүмкін. Мұнда түсімнің трендінің мүмкін болатын себептерінің тізімі мынадай болады:

  • баламалы маркетингтік стратегияның жоқтығы;
  • пассивті маркетингтік тәсіл;
  • сатудың тиімсіз құралдары;
  • тауардың томен сапасы;
  • баламасыз баға белгілеу;
  • клиенттерге қызмет көрсетудің нашар сапасы;
  • ескірген тауарлар;
  • қатал бәсеке.

Кәсіпорын түсімінің жағымсыз өзгерісін бақылай отырып, соңғы нәтижелер жинақталған кезде жыл аягын күтпей сәйкес қабылдауы керек. Жекелеген жағдайда, жаңа маркетингтік стратегия немесе жоспар құрып, немесе әрекеттегі жоспардың деңгейін қайта қарастыру туралы талап қою керек. Қазіргі нарықтық баға өте динамикалы екенін есте сақтау қажет. Нарықтық өзгерістер жаңа стратегияларды қабылдауды талап етеді: кеше тиімді болған нәрсе, бүгін тиімсіз болуы мүмкін .

Ең айқын тактикалық құрал ретінде сатудың менеджменті мен саясатын қарастыру қажет. Жекелей айтсақ, жарнаманы күшейту, жүйесін енгізу, сату жүйесінде ұйымдастырушылық өзгерістерді өндіру, тауарды жеткізудің жаңа бағыттарын ұйымдастыру, тауарларды сатудың жаңа нысандарын жасау, сатушылар тренингін жасау және т. б. тұтынушыларға тікелей әсер ететін құралдарды асыра пайдаланбау керек. Мысалы, телефондық қоңыраулар саны мен тұтынушыларға жіберілген бағдарламалар көлемін арттыру.

Екінші көрсеткіштің жалпы табысқа қатынасы ретінде таңдалуы аталған көрсеткіш жоғары деңгейде бизнестің динамикалық сипаттамасын, яғни сатылған тауарлардың өзіндік құнын сипаттайды, ол келесі формуламен есептеледі:

Ж а л п ы т а б ы с Ө т к і з у д е н т ү с к е н т ү с і м \frac{Жалпы\ табыс\ }{Өткізуден\ түскен\ түсім}

Егер мониторинг көрсеткіштері құрамында қатысты жалпы табысты емес, қағысты операциялық табысты пайдалансақ, біз әкімішілік және маркетингтік шығындарды есепке аламыз. Сол үшін, бұл шығындар түрін мақсатқа сай жыллык уақытша базисте есепке алу керек, ягни маркетингтік бағдарламалар, мысалға, нақты маркетингтік саясаттың нақты танылуымен әр айға бір қалыпты болып бөлінеді.

Өндірілетін тауарлардың өзіндік құнын төмендету үшін, ең алдымен, курылымын әр түрі бойынша талдау, шығындар деңгейін қарастыру мәні оларды төмендету жолдарын бағалау, тұрақты шығындарды өзгермеліге ауыстыруга талпыныс жасау, жалпы откізу табысының төмендеуіне байланысты нашар өнім түрлерін өндіруден бас тартудың салдарын қарастыру.

Кәсіпорынның менеджментіне мұндай ұқсас шараларды мониторинг нәтиҗелері бойынша үздіксізжасап отыру керек:

  • ай өткен соң, егер нәтижелер жағымсыз болса, өзгерістерді қайта жоспарлау жүзеге асыру керек;
  • келесі айдың нәтижелерін тағы да талдап, жағымды, жағымсыз жақтарын қарастырып бағалау керек;
  • егер жақсартулар болмаса, жаңа өзгерістер енгізу керек.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық мониторингі қағидаттары
МЕНШІККЕ МЕМЛЕКЕТТІК МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУДІҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Қазақстандағы қаржы-несие дағдарысы
Несиелік операцияларды жүзеге асыру
Инвестициялық жобалаудың теориялық және ғылыми-практикалық проблемаларын және оның Қазақстан экономикасының экономикалық өсуі жағдайындағы ролін зерттеп, соның негізінде инвестициялық жобалаудың басқару тиімділігін жетілдіруге байланысты ұсыныстар жасау
Қарыз алушы туралы ақпарат
Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау
Қаржылық тәуекелдерді басқару
Нарық жағдайларына сай коммерциялық банктердің клиенттермен арадағы қарым-қатынасының нығаюына ықпал ететін оңтайлы несиелік саясат қалыптастыру және оны іске асырудың теориялық және әдістемелік аппаратын жасау
Заңды тұлғаларды несиелеуді ұйымдастыру және оның ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz