МЕНШІККЕ МЕМЛЕКЕТТІК МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУДІҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ


1-тарау.
МЕНШІККЕ МЕМЛЕКЕТТІК МОНИТОРИНГ
ЖҮРГІЗУДІҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
1. 1 Меншікке мемлекеттік мониторинг жүргізудің мақсаты, міндеттері және маңыздылығы
Қазақстандағы дербес экономикалық саясатты жүргізудің басталуы құлдыраған тауар рыногі жағдайындағы кәсіпорындар арасында бірыңғай экономикалық кеңістіктің құлдырауы, өндірістік байланыстың түзілуін әкелген жүйелі дағдарыспен тұспа - тұс келді. Сол уақыттағы экономикалық жағдайға тәп ерекшеліктер кәсіпорындардың жұмысын тоқтатуы, төлемдердің төленбеуі, дүкендердің босауы, инфляцияның басталуы болды. Осы дағдарыс кезінде қоғамды, қоғамдық процесстерді дамытудың шешімі ретінде республикада мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің жоспарлы жекешелендіру реформасы бастау алды. Сонымен мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процесін қамтамасыз етуде бірінші негіз 1991жылы 22маусымда қабылданған «Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі Қазақ ССР мемлекеттік комитеті» болды. 1993-1995 жылдар аралығында осы жекешелендіруге байланысты бағдарламалар қабылданып көптеген кетістіктерге қол жеткізілді. 2000 жылдан бастап республикада жүргізілген реформалардың қайта орнына келмейтіндігі айқын болғанда және позитивтік экономикалық дамулар орын алғанда осы бағыттағы өзгерістерді тереңдету қажеттілігі туындады, бұл қосымша нормативтік-құқықтық және әдістемелік заңнама құжаттарымен қамтамасыз ету талабын алға қойды.
«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 шілдедегі № 1095 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру тұжырымдамасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 шілдеде №098 «Мемлекеттік меншік объектілерінің, сондай-ақ меншігінде мемлекеттің үлесі бар объектілердің жұмыс істеуіне және оларды басқарудың тиімділігіне кешенді мониторингті жүзеге асыру" қаулысы қабылданды Бұл қаулы мынадай мақсаттарға қолжеткізу бағыттарын карастырды:
- Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігін және тәуелсіздігін қамтамасыз ету:
- мемлекеттік меншік объектілерінің, сондай-ак меншігінде мемлекеттің үлесі бар объектілердің жұмыс істеуіне және оларды басқарудың тиімділігін арттыру;
- жұмыс істеудің және басқару тиімділігінің кешенді мониторингі елдің стратегиялық мүдделеріне сәйкес тұрақты экономикалық дамуды мемлекеттік болжау және реттеу;
- біріңғай мемлекеттік саясаттың шеңберінде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
- мемлекеттегі аймақтар экономикасының ресурстық-энергетикалық негізін сақтауга және нығайтуға әсер ететін ұйымдардың, кәсіпорындардың жағдайын және даму үрдістерін анықтау.
Осы аталған мақсаттарға қол жеткізу бағытында келесідей міндеттер қойылды:
- мониторинг объектілерін басқарудың тиімділігін өндірістік-техникалық, технологиялық, қаржы-экономикалық, құқықтық, экологиялық және басқа өлшемдерінде кешенді талдау және ұлттық экономиканың және оның қауіпсіздігінің мүдделеріне сәйкес объектілердің дамуының болжануы бөлігінде объектінің жай-күйін тұтас бағалау;
- жекешелендірілген объектілерді сатып алу-сату, мемлекеттік меншік объектілерінің шарт, сенімгерлік басқару, жалгерлік талдау;
- мәселелерді анықтау және кәсіпорындардың одан әрі дамуы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
- кәсіпорындар техникасының, технологиясының даму перспективаларын және олардың аймақтардың жай-күйіне әсерін сараптап талдау;
- мемлекеттік меншік обьектілерінің, сондай-ақ экономиканың базалық салаларында меншігінде мемлекеттің үлесі бар объектілердің жұмыс істеуіне және оларды басқарудың тиімділігіне кешенді мониторинг жүргізу және компьютерлік деректер қорын қалыптастыру;
- мемлекеттің экономикалық өсуін камтамасыз ету, мүмкін болатын теріс факторлардан экономиканың осалдық деңгейін мейлінше азайту үшін қолайлы жагдай жасау, ұлттық экономикаға инвестициялардың келуіне жәрдемдесу;
- мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне зиян келтіретін жағдайлардың алдын алу;
- өз құзыретінің шеңберінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапкершілік жүктейтін мемлекеттік органдармен іс-қимылдарды үйлестіру, мемлекеттік меншік объектілерінін, сондай-ақ меншігінде мемлекеттің үлесі бар объектілердің жұмыс істеуіне және оларды басқарудың тиімділігіне кешенді негізгі міндеттері болып табылады.
Осыдан кейінде біршама нормативтік-құқықтық актілер, қаулылар және заңнамалық құжаттар қабылданды, соның бірі 2003 жылы қабылданған «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы болды. Бұл заң қазіргі күнге дейін жұмыс істуде. Бұл заңның маңыздылығы ретінде айтуға болады, оның елдің экономикасын ретке келтіру мен болжауды мемлекет рөлін күшейтті және осыған байланысты тиімді шешімдер қабылдауға құқықтық негіз болды. Бұл заң мониторинг туралы мемлекеттегі жекешелендірудің барлық 1991-ші жылдан басталған, жекешелендіруге байланысты, алғашқы қабылданған Заңы болып табылады.
Аталған Заң қабылдануымен меншіктің мемлекеттік мониторингі экономика объектілерінің жағдайын қадағалау, бағалау, бақылау және болжаудың ұдайы кешенді жүйесі ретінде құқықтық негіздемеге ие болды және экономиканы мемлекеттік реттеудің әр түрлі нысандары мен әдістерін қолдана отырып, орнықты экономикалық дамуды реттеудің негізі болып табылатын, тұрақты жаңарып тұратын ақпаратты заңды түрде алуға мүмкіндік берді. Қазақстан Республикасы Каржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (ММЖК) экономиканың стратегиялык маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізуге уәкілетті мемлекеттік орыан болып табылады. Мыналар:
- мониторинг объектілерін басқарудың тиімділігін арттыру;
- мемлекеттің экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар жасау, ұлттық экюномикага ықпал ету;
- елдің ресурстық-энергетикалық негізін сақтау;
- меншіктің мемлекеттік мониторингі деректері негізінде экономикалық болжамдардың, экономикалық саясаттың ғылыми негіздемесінің дұрыстығын қамтамасыз ету;
- әлеуметтік-экономикалық саясатгын міндеттерін орындауға бағытталған макроэкономикалық, салалық және өңірлік жоспарлауды ақпараттық қамтамасыз ету;
- еншіктің мемлекеттік мониторингі деректерін экономикалық болжамдардың, әлеуметтік-экономикалық саясаттың ғылыми негіздемесінің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін пайдалану;
- мемлекеттік органдармен жасалған шарттардың міндеттемелері мен талаптарының орындалуын талдау;
- мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін оқиғалардың алдын алу, меншіктің мемлекеттік мониторингінің негізгі міндеттері болып табылады.
2004 жылдың 30 шілдесінде аталған Заңды орындау үшін экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілер тізбесі қалыптастырылып және ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 810 қаулысымен бекітілді. Тізбеге алғашқы болып 42 ірі кәсіпорындар мен оның еншілес ұйымдары енді. Меншіктің мемлекеттік мониторингі, мониторинг объектілерін базалық кешенді зерттеулер өткізу арқылы жүзеге асырылады. Базалық кешенді зерттеулер бұл объект қызметі бойынша өндірістік-техникалық, технологиялық, инвестициялық, қаржылық- экономикалық, экологиялық және құқықтық параметрлері жөніндегі ақпаратты жинау және жүйелі талдау жасау бағытында жүргізілді.
Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларына қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілерге жатады:
- Отын-энергетикалық пайдалы қазбаларды (көмірді, мұнайды, газды, уранды) және металл кеніштерін өндіру және қайта өңдеу салаларындағы кәсіпорындар;
- Электр энергиясын өндіру және тарату салаларындағы кәсіпорындар;
- Машина жасау кәсіпорындары;
- Химия өнеркәсібі кәсіпорындары,
- Әскери-өнеркәсіптік мақсаттағы өнімдерді өндіру кәсіпорындары;
- Агроөнеркәсіптік кешендер кәсіпорындары.
Қазақстан Республикасының кейбір ерекше стратегиялық маңызы бар меншік объектілері жекешелендіруге және мониторингтеуге жатпайды. Олар - жер, оның байлығы, су, кеңістігі, өсімдік пен жануарлар дүниесі, елдің тарихи және мәдени құндылықтары.
1. 2 Меншіктің мемлекеттік мониторингінің
мазмұны, мәні, нысандары және түрлері
Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингі мемлекеттік мүліктің сапалық және сандық жай-күйін, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың қызметінде болып жатқан өзгерістерді уақтылы айқындау, одан әрі дамуын болжау және теріс процестердің алдын алу мен салдарын жою жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында осы объектілердің технологиялық, қаржы-шаруашылық қызметін, құқықтық сипатын базалық және мерзімдік жедел қадағалау мен мемлекеттік мүліктің талдамалық бағалау жүйесін білдіреді.
Мониторинг елдің стратегиялық мүдделеріне сәйкес тұрақты экономикалық дамуды мемлекеттикБолжау және реттеу жүйесінің құрамдас болып табылады, колданыстагы заңнаманың негізінде және бірыңғай мемлекеттік саясат шеңберінде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ақпараттық-талдау функцияларын орындайды. Мониторинг мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жай-күйін және дамуының үрдістерін, сондай-ақ, ел және аймақтар экономикасының ресурстық-энергетикалық негізін сақтауға және нығайтуға әсер ететін мемлекеттік мүлікті, оның ішінде сенімгерлік басқарудағы, мүліктік жолдаудағы (жалгерлік), концессиядагы мемлекеттік мүліктің жай күйін анықтайлы. Мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың мемлекеттік мүліктің оның ішінде сенімгерлік басқарудағы, мүліктік жолдаудағы (жалгерліктегі), концессиядагы мемлекеттік мүліктің жай-күйі мен дамуының үрдістері туралы талдамалық ақпаратта Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға кіреді:
- республикалық мүлік бойынша - мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган;
- коммуналдық мүлік бойынша - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары.
Меншіктің мемлекеттік мониторингінің мазмунын, мәнін құрайды:
- мониторинг объектілерін басқарудың жай-күйі мен тиімділігін қадағалау;
- мониторинг нысанасы бойынша ақпаратты жинау және жүйелі талдау;
- мониторинг объектілерін тікелей зерттеу;
- объектілердің қаржылық, экономикалықұқықтық, технологиялық, өндірістік-техникалық, экологиялық жай-күйін талдау;
- мониторинг объектілерін басқару тиімділігін бағалау және мониторинг объектілері қызметінің сала, өңір және тұтас алғанда республика экономикасының дамуына әсерін болжау;
- жекелеген мониторинг объектілерінің қызмет тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды әзірлеу құрайды.
Меншіктің мемлекеттік мониторин інің нысанына жатады:
- өндірістің серпіні мен құрылымы;
- мониторинг обтектілерінің қаржылық және экономикалық жай-күйі;
- мониторинг объектілерінің негізгі құралдарының жай-күйі, өндіріске озық технологияларды енгізу;
- инвестициялық қызмет;
- экологиялық талап газды сақтау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану;
- еңбек ресурстарын пайдалану;
- мониторинг объектілерінің мәртебесі мен жұмыс істеуіне қатысты құқықтық мәселелер.
Меншіктің мемлекеттік мониторингі мына іс-әрекеттерді анықтауға бағытталған:
- меншік нысандарының мониторингі экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы жеке меншіктің, Қазақстан Республикасының мемлекеттік меншігінің және шетел азаматтары мен заңды тұлғалары, ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғалары меншігінің ара қатынасын айқындауға бағытталған;
- мемлекеттік меншік объектілерін басқару тиімділігінің мониторингі мемлекеттің меншік құқығының субъектісі ретіндегі құқықтарын пайдалануға негізделген және экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы мемлекеттік сектордың жұмыс істеу тиімділігін арттыруға бағытталған;
- экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы жеке меншік объектілерін басқару тиімділігінің мониторингін жүргізуге бағытталған.
Жеке меншік объектілерін басқару тиімділігінің мониторингі мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өнеркәсіптік әлеуетті сақтау мен нығайту, өндіргіш күштерді дамыту мақсатында жүзеге асырылады.
1. 3 Мемлекеттік активтерді басқару тиімділігі және меншікті реформалау ерекшеліктері
Мемлекеттік мүлік - Қазақстан Республикасының және әкімшілік-аумақтық бірліктің мүлкі. Мемлекеттік мүліктің құқықтық режимін, мемлекеттік мүлікті басқарудың құқықтық негіздерін, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мүлікті және жарғылық капиталдағы мемлекетке тиесілі акциялар мен үлестерге, мемлекеттің ұлттық холдингтерге, ұлттық компаниялар мен стратегиялық объектілерге ықпалының аясын ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес айқындалады.
Бұл Заң мынадай мақсаттарды шешуге бағытталған:
- мемлекеттің мемлекеттік мүлікке иесі ретінде де және басқа да құқық иеленушісі ретінде де құқықтарының тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге;
- мемлекеттік мүлікті басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың құзыретінің аражігін айқын ажыратуға және осы органдар мен олардың басшыларының мемлекеттік мүлікті басқару саласында мемлекеттің саясатын жүргізуге жауапкершілігін арттыруға;
- ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялар арқылы мемлекеттік мүлікті корпоративтік басқарудың құқықтық негіздерін бекітуге, олардың мемлекеттік органдармен нақты іс-қимылын және олардың мемлекеттік мүлікті басқару саласында мемлекеттің саясатын жүргізуді қамтамасыз етуге жауапкершілігін айқындауға.
Мемлекеттік мүлік республикалық мүлік және коммуналдық мүлік болып бөлінеді.
Республикалық мүліктің құрамына кіреді:
1) мемлекеттік қазынаның мүлкі: республикалық бюджеттің қаражаты және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты; республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік;
2) республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлік кіреді.
Коммуналдық мүліктің құрамына кіреді:
1) жергілікті қазынаның мүлкі: жергілікті бюджеттің қаражаты; коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де коммуналдық мүлік; коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлік кіреді.
Мемлекеттік мүлік түрлеріне байланысты мемлекеттік мүлікті басқаруды Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік мүлікті басқаруды ұйымдастырады және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес республикалық мүлікті басқарады.
Коммуналдық мемлекеттік мүлікті басқаруды әкімшілік-аумақтық бірліктің атынан Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерде, осы органдардың мәртебесін анықтайтын ережелерде және басқа да актілерде белгіленген өз құзыреті шектерінде жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
Республикалық мүлікті басқару кезінде Қазақстан Республикасының органдарының мәртебесін айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, ережелерінде және басқа да актілерде белгіленген олардың құзыреті шегінде республикалық мүлікке олардың Қазақстан Республикасының құқықтарын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының өзара іс-қимылын ұйымдастырады.
Коммуналдық мүлікті басқару кезінде жергілікті өкілетті және атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және осы органдардың мәртебесін айқындайтын Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерде, ережелерде және басқа да актілерде белгіленген олардың құзыреті шегінде олардың коммуналдық мүлікке құқықтарын іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдарының өзара іс-қимылын ұйымдастырады.
Мемлекеттен меншікті алу - жай іс емес, ол кең көлемді процесс. Ол мемлекеттік кәсіпорынның мемлекеттік емес меншік түрінің саласына ауысуын қарастырып, акционерлік кооперативтік және жеке кәсіпорындардың құрылуын көздейді. Мемлекеттен меншікті алудың мақсаты - әртүрлі меншік түрінің қалыптасуына, бәсекелестік пен кәсіпкерліктің және әлеуметтік бағытталған нарықтық экономиканың дамуына бірлей жағдай жасау.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік меншік объектілерін мемлекеттен алу мен жекешелендірудің төмендегідей түрлері қолданылады:
a) мемлекеттік кәсіпорын мүлігін жалға беру;
ә) жалға берілген мемлекеттік кәсіпорын мүлігін сатып алу;
б) мемлекеттік объектілерін концессияға беру;
в) мемлекеттік кәсіпорынды акционерлік қоғам немесе серіктестік ретінде құру:
г) еңбек ұжымы мүшелерінің мемлекеттік кәсіпорын мүлігін алуы;
ғ) мүліктері мемлекеттік меншікке жатпайтын мемлекеттік кәсіпорын мүлігін заңды тұлғаға және азаматтарға конкурс немесе аукцион арқылы сату.
Жекешелендірудің төмендегідей тәсілін айтуға болады:
a) аукциондық, жекешелендірілетін меншікке кім жоғарғы баға ұсынса соған сатылады;
ə) конкурстық-таңдау сатушының ойынша дұрын жағдай ұсынған сатып алушыға артықшылық көрсетіледі;
б) кәсіпорын акциясын ересек тұрғындарға беру;
в) купондық тәсіл.
Қазақстан экономикасын терең қаржылық және құрылымдық дағдарыстан алып шығу үшін, нарықтық шаруашылық жүргізудің бейімделген жетістіктерін, қарқын алып отырған елдің жаңа халықаралық икемділігіне, тиісті жағдай жасауды талап етті. Республика экономикасының перспективалық болашағы, меншік қатынастарының барлық нысанының сан алуандылығы және тең құқықтық дамуы жағдайында шаруашылық жүргізудің бағдарлары қаншалықты дәйекті және қатаң сақталатындығына байланысты болды. Меншік қатынастарын қайта өзгертудің негізгі әдісі осы қатынастардың субъектілерін дербестендіруге апаратын жекешелендіру, демек ол жеке меншікті қалыптастырудың факторы болып табылалы. Жекешелендіру бұл құқығың мемлекеттен фирмаларға және жекелеген тұлғаларға беруін жеке секторға мемлекеттік қызмет көрсетуді шектейтін немесе жеке бастамаға неғұрлым кең мүмкіндіктер беру мақсатында мемлекеттің қызмет аясын тарылтуды қамтитын кең ұғым.
Мемлекеттік меншік реформасын өткізу үшін ұйымдық негізі - 1990 жылдың 20 желтоқсанында уәкілетті мемлекеттік орган - Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі Қазақ ССР Мемлекеттік комитетінің құрылуы болды, кейіннен «Мемлекеттік мүлікгі басқару жөніндегі Қазақ ССР Мемлекеттік комитетінің мәселелері» туралы Қазақ ССР Президентінің 1991 жылы 22 сәуірдегі Жарлығымен комитеттің өкілеттіктері нақтыланды және анықталды, ал 1991 жылғы тамызда мемлекеттік мүлік жөніндегі аумақтық органдар ұйымдастырылды. Кейіннен республикадағы экономиканы қалыптастырудың әртүрлі кезеңдерінде және тиісінше мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың әртүрлі кезендерінде орта мерзімді бағдарламалар мен Үкімет міндеттемелеріне байланысты мемлекеттік басқару органдарының жүйесіндегі құрылым. ық өзгерістер кезінде Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитет қайта ұйымдастырылды. 1995 жылы сәуірде оның базасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру жөніндегі Мемлекеттік комитеті құрылды. 1997 жылдың аяғына дейінгі кезеңде мемлекеттік басқару органы жүйесінде республикамызда мемлекеттік мүлікті басқару және оны жекешелендіру жөніндегі 2 Мемлекеттік комитет жұмыс істеп тұрды. 1997 жылдың күзінде Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитет пен Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік комитет Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне біріктіру арқылы қайта ұйымдастырылды.
Аталған құрылым қазірде жұмыс істеп түр. 1991 жылдан бастап мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін қамтамасыз ету және оны жекешелендіру процестеріндегі заңдық жане нормативтік - әдістемелік базаны ретроспективті талдау, олардың заңды және нормавтивтік-әдістемелік актілерін ретке келтірілгендігі туралы қорытынды жасауга мүмкіндік береді. Бұл мемлекеттік меншікті құруда, жеке меншік институтын, нарықтық экономика негіздерін құру мен дамытуда және мемлекеттік меншікті басқару тиімділігін одан әрі арттыруға ықпал ететін базалық реформаларды жүргізуде өз өкілеттіктерін қамтамасыз еткен заңды және атқарушы билік тармағы ретінде жүйелі жұмыс нәтижесі болып табылады.
Жоғарыда айтылғандарды дамыта отырып, мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процесін занлы қамтамасыз етуде бірінші негіз 1991 жылы 22 маусымда қабылданған "Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру туралы» Қазақ ССР-нің Заны болғандының алып өткен жөн, ол республикадағы мемлекеттік меншікі і қайта құрудың құқықтық негіздерін, ережесі мен про-цедурасын анықтады. Осы Заңды іске асыру мақсатында Қазақ ССР Президентінің қаулысымен бірінші бағдарлама -1991-1992 жылдарға арналған Қазақ ССР-да мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру бағдарламасы (1991 жылғы 13 қыркүйектегі № 444) әзірленді және бекітілді. Келесі кезеңде 1993 жылы наурызда қабылданған "1993-1995 жылдарға арналган Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы" қабылданды. 1996 жылы ақпанда бекітілген 1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікті жекешелендіру мен құрылымын өзгерту бағдарламасына сәйкес жекешелендірудің жаңа, үшінші кезеңінің бастауы болған, жекешелендіру процесінің қолданыстағы заңды базасын дамытуда 1995 жылы желтоқсанда заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің «Жекешелендіру туралы» Жарлығы қабылданды. Бұл кезеңнің ерекшелігі экономиканың әлеуметтік, сондай-ақ стратегиялық салаларында секторлық бағдарламаларды іске асыруға өту болды. 2000 жылдан бастап республикамызда жүргізіліп отырған реформалардың қайта орнына келмейтіндігі айқын болғанда және позитивтік экономикалық дамулар орын алғанда реформаларды одан әрі тереңдету қажет болды, оның ішінде мемлекеттік меншік мәселелерінде. Бұл оларды қосымша заңды, нормативтік-құқықтық және әдістемелік қамтамасыз етуді талап етті. 2000 жылдан бастап қазіргі дейін Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру тұжырымдамасы, 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік мүлікті баскару тиімділігі және жекешелендірудің салалық бағдарламасы бірінші рет әзірленді және бекітілді, «Мемлекеттік мүлік мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы» Қазақстан Республикасының заңдары қабылданды. Бұл ретте мониторинг туралы заң республикадағы жекешелендірудің барлық жылдарында бірінші рет қабылданғандыңын атап өткен жөн, ол стратегиялық маңызы бар салаларда меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды ретке келтіреді, сондай-ақ оны өткізу негізі мен шарттарын анықтайды.
Заң елдің экономикалық даму процестерін ретке келтіру мен болжауда мемлекет рөлін күшейту үшін, республика экономикасын басқаруда тиімді шешімдер қабылдау үшін объективті ақпаратпен мемлекеттік басқару органдарын қамтамасыз ету үшін құқықтық негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы мемлекет қарамағынан алу және жекешелендіру процесін бес кезеңге бөліп қарауға болады, олардың әрқайсысының өз мақсаттары бар. Бұл процестердің басы Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде орнығу кезеңіне тұспа тұс келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz