Қаржылық рентабельділікті бағалау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қаржылық рентабельділікті бағалау

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда рентабельділік көрсеткіштерінің маңызы зор. Олар шаруашылық субъектінің іскерлігінің қаншалықты пайдалы екенін көрсетеді. Кәсіпорынның барлық активтерінің рентабельділік көрсеткіші кәсіпорынға пайданың бір бірлігін алу үшін ақша қаражатының қанша бірлігі қажет болғанын көрсетеді. Бұл көрсеткіш әсіресе инвесторлар қатарынан толығымен зерттеледі. Теориялық жағынан бөлшектің бөлімінде меншікті қаражатпен тартылған қаражаттың жиынтығының бағалауының мәнін алған дұрыс, яғни ол жалпы капиталдың тиімділігін сипаттайтын көрсеткіш алгоритмі.

№1-кесте-рентабельділік көрсеткіштері

Рентабельділік көрсеткіштері
Формуласы
Жолдың коды
Мәні
Рентабельділік көрсеткіштері: 1. Активтер Рентабельділігі
Формуласы: Таза пайда/активтердің орта жылдық құны
Жолдың коды: 39. 011/38. 024жб-38. 023/2жб+38. 024жа-38. 023/2жа
Мәні: 0, 7
Рентабельділік көрсеткіштері: 2. Өткізілген өнімнің рентабельділігі
Формуласы: Таза пайда/өнімді өткізуден түскен таза түсім
Жолдың коды: 39. 011/39. 001
Мәні: 238, 7
Рентабельділік көрсеткіштері: 3. Меншікті капиталдың рентабельділігі
Формуласы: Таза пайда/меншікті капиталдың орта жылдық құны
Жолдың коды: 39. 011/38. 030жб+38. 030жа/2
Мәні: -0, 53

жолдың коды
Көрсеткіштер
2005 жыл басына мәні
2005 жыл басына мәні
жолдың коды: 100. 39. 011
Көрсеткіштер: Таза табыс
2005 жыл басына мәні: 0
2005 жыл басына мәні: 323740276
жолдың коды: 100. 38. 024
Көрсеткіштер: Ағымдағы активтер бөлімінің түпкі сомасы
2005 жыл басына мәні: 7914519147
2005 жыл басына мәні: 959568876
жолдың коды: 100. 38. 023
Көрсеткіштер: Ағымдағы активтер бөлімінің жиынтық сомасы
2005 жыл басына мәні: 401839447
2005 жыл басына мәні: 455687537
жолдың коды: 100. 39. 001
Көрсеткіштер: Тауарларды өткізуден түскен түсім
2005 жыл басына мәні: 1355970
жолдың коды: 100. 38. 030
Көрсеткіштер: Меншік капитал бөлімінің түпкі сомасы
2005 жыл басына мәні: 446165582
2005 жыл басына мәні: 769905858

Айналым көрсеткіштері кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалағанда алатын маңызы зор, өйткені қаражаттар айналымының жылдамдығы, яғни оның ақшалай формаға ауысу жылдамдығы кәсіпорынның төлемқабілеттігін тікелей әсер етеді. Қаржылық менеджментте айналымның келесідей көрсеткіштері ең көп қолданылады:

Активтердің айналым коэффиценті-өнімді өткізуден түскен табыстың баланстың жалпы активінің сомсына қатынасы-(фирманың ресурстарды тарту көзіне байланыссыз қаншалықты тиімді қолданатынын), яғни жылына қанша рет өндіріспен айналымның толық циклы жүретінін, немесе активтің әбір ақшалай бірлігі сатылған өнімнің әрбір бірлігі қанша ақша әкелгенін көрсетеді.

Екінші көрсеткіш- өткізілген өнімнің рентабельділігі -біздің жағдайымызда өнімді өткізуде түскен пайда мен түсімді пайдаланып жалпы тауарлар бойынша оның рентабельділік көрсеткіші есептелген. Батыс есептік-талдау тәжірибесінде бұл көрсеткіштің әр түрлі есептелуін кездестіруге болады, ол есептеу негізіне қандай көреткіштердің алынуына байланысты. Көбінесе рентабельділіктің негізгі 3 көрсеткішін есептейді:

-Үлестік жалпы пайда(өткізілген өнімнің жалпы рентабельділігі, жалпы маржа, үлестік салымдар) . Ол жалпы пайданың өткізуден түскен түсімге қатынасымен есептеледі.

-Үлестік операциондық пайда(өткізілген өнімнің операциондық рентабельділігі, операциондық маржа) . Ол операциондық пайданың өткізуден түскен түсімге қатынасымен есептеледі.

-Үлестік таза пайда(өткізілген өнімнің таза рентабельділігі, таза маржа. Ол таза пайданың өткізуден түскен түсімге қатынасымен есептеледі.

Жалпы әрбір талдаушы үшін рентбельділікті бағалауда келесідей факторларды анықтау маңызды болып табылады:

Қол жеткізілген қаржылық нәтижелерге әсер еткен факторлар. Бұл факторлардың идентификациясы пайда жағынан да және рентабельдлікті одан ары жоғарылату жағынан да қарастырылады. Айта кететін жайт, мұндай әдістер батыс есептік талдау тәжірибелерінде де кеңінен қолданылуда.

Келесі көрсеткіш- меншікті капиталдың рентабельділігі бұл көрсеткіш бойынша меншік иелерінің кәсіпорынға салған әрбір ақша бірлігі қанша пайданың бірлігін әкелгенін көрсетеді.

Пайданың көрсеткіштеріне келетін болсақ табыс пен шығындар туралы есептілікке тігінен жасалған талдау тиімді болып келеді. Оның мәні-коммерциялық ұйымның жалпы табысының негізгі элементтерінің үлестік шамасынының динамикасын, өнімнің рентабельділік көрсеткіштерін, таза пайданың өзгерісіне әсер ететін факторлардың динамикасын сипаттайды.

Меншікті капиталдың рентабельділігіне талдау жасауда нақты қорытынды шығару үшін бұл көрсеткіштің негізгі үш ерекшелігін ескеру қажет:

Біріншісі, коммерциялық ұйымның іскерлігінің жұмыс істеу мерзіміне байланысты. Өнімнің өткізілуінің рентабельділігінің көрсеткіші есептілік мерзімнің жұмысының нәтижелілігімен анықталады; ұзақ мерзімді инвестициялардың жоспарланған және ықтимал мәнін ол көрсетпейді. Коммерциялық ұйым жоғары көлемді инвестицияларды қажет ететін жаңа дамыған технологияға көшкенде немесе өнімнің жаңа түрін шығара бастағанда рентабельділік көрсеткіштері уақытша төмендеуі мүмкін. Бірақ, стратегияның құрылымы дұрыс таңдалса, орын алған шығындардың орны тез арада жабылады, немесе есептілік мерзімде рентабельділік көрсеткіштерінің төмен болғанымен оның ағымдағы қаржылық жағдайын төмен деп қарастыруға болмайды.

Екінші ерекшелігі тәуекел мәселесінде. Көптеген басқару шешімдері келесідей дилеммамен байланысты: «жақсы тамақ жеу немесе жақсы ұйықтау?(тікелей аударма) ». Егер бірінші нұсқаны таңдайтын болсақ, онда жоғары тәуекелмен жоғары пайданы көздейтін шешім қабылданады. Ал екінші нұсқаны таңдайтын болсақ-керісінше. Жалпы бизнестің тәуекелдігінің басты көрсеткіштерінің бірі-қаржылық тәуекелдік көрсеткіші болып табылады:неғұрлым оның мәні жоғары болса құрылтайшыларға, инвесторларға және кредиторларға бұл кәсіпорынның тәуекелі соғұрлым жоғары болып келеді.

Үшінші ерекшелігі бағалау мәселесіне байланысты. Меншікті капиталдың рентабельділігінің көрсеткішінің алымы мен бөлімі өтімділігі әр түрлі ақшаның бірліктерімен көрсетіледі. Бөлшектің алымы, яғни пайда-өткен кезеңдегі тауарлар мен қызметтерге құралған бағамен, іскерлік нәтижесін көрсетеді. Бөлшектің бөлімі, яғни меншікті капитал бірнеше жылдар көлемінде құралады. Ол есептілік бағамда көрсетілген. Оның мәні ағымдағы бағалау нәтижесіне қарағанда анағұрлым ерекшеленеді.

Сонымен қатар, меншік капиталдың баланспен бағалануы толық ақпарат бермейді. Одан, мысалы кәсіпорынның беделін, саудалық маркасын, жаңа заман технологияларын және жоғары білімді қызметкерлер туралы мәліметтерді көре алмайсыз.

Капитал құрылымының көрсеткіштерін бағалау

Келесі капитал құрылымының көрсеткіштерін қарастырайық. Бұл көрсеткіштер кәсіпорында ұзақ мерзімді қаражаттары бар инвесторлар мен кредиторлардың қорғаныс дәрежесін сипаттайды.

№ 2-кесте-капитал құрылымының көрсеткіштері.

Капитал құрылымының көрсеткіштері
Формуласы
Жолдың коды
Мәні
Капитал құрылымының көрсеткіштері: 1. меншік коэфиценті
Формуласы: Меншік капитал/баланстың түпкі сомасы
Жолдың коды: 38. 030-38. 028/38. 024-38. 023
Мәні: -1, 57
Капитал құрылымының көрсеткіштері: 2. Қаржылық тәуелділік көрсеткіші
Формуласы: Қарыз каитал/меншік капитал
Жолдың коды: 38. 033+38. 042/38. 024-38. 023
Мәні: 1, 9
Капитал құрылымының көрсеткіштері:

3. Кредиторлардың

қорғаныс коэфиценті

Формуласы: Таза пайда+пайыздарды төлеу бойынша шығындар+пайдаға салық/пайыздарды төлеу боынша шығындар
Жолдың коды:

39. 011+39. 004(с) +39. 008/

39. 004(с)

Мәні: 4, 2

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнеркәсіптік компанияның қаржы ресурстарын басқару
Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын ұйымдастыру және оларды пайдалану тиімділігі
Кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдаланудың теориялық және әдістемелік негіздері
Кәсіпорын ұжымының әлеуметтік даму жоспары
Банк табыстылығын басқару
Корпорациялардың қаржылық ресурстары мен қаржы қорлары
Кәсіпорын қызметінің негізгі факторлары
«Экономикалық талдау» пәні бойынша теориялық материал
Банк табыстылығын талдау
Қаржы менеджменті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz