Мемлекеттік экономикалық бағдарламалау
Мемлекеттік экономикалық бағдарлама - ресурстармен қамтамасыз етілген жəне белгіленген мақсаттарды барынша қысқа мерзімде жəне өте аз шығындар жасай отырып жүзеге асыруға мүмкіндік беретін өзара бір-бірімен байланысқан іс-шаралар.
Мұндай бағдарламаларды əзірлеу мен жүзеге асыруды мемлекеттік экономикалық бағдарламау деп атайды.
Мемлекеттік экономикалық бағдарламалаудың артықшылықтары мыналар:
1. Бағдарламалар əлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық, аймақтық дамуды жүзеге асырудың тиімді тəсілі болып табылады. Дамудың болашағы бар бағыттарына ресурстардың жинақталуын қамтамасыз етеді, міндетті түрде болатын дағдарыстар мен қайшылықтарды жеңіп шығуға көмек береді, экономиканың жаңа, жоғары деңгейге көтерілуіне ықпал етеді.
2. Бағдарламалар нарықтық экономиканың өзіндік реттелуінде, мемлекет қолдауымен кəсіпкерлердің инновацияны игерудегі стратегиялық мəселелерді шешуде дербес шешім қабылдаудың жəне əлеуметтік жəне экономикалық ірі мəселелерді шешудің нағыз əсерлі тəсілі болып табылады.
3. Бағдарламалау стратегиялық арнада ең жақсы ресурстардың жинақталуынан жəне бағдарламалар жобаларын қабылдау мен олардың өзара байланыста болуынан қосымша жүйелік нəтиже алынуын қамтамасыз етеді. Ал ол жалпы экономиканың бəсекеге қабілеттілігін арттыра түседі.
Аталған ерекшеліктерді ескере келе, бағдарламалау көптеген мемлекеттерде, ірі кəсіпорындарда, трансұлттық корпорацияларда кеңінен қолданыс тауып, стратегиялық басқарудың маңызды құралына айналды. Мемлекеттік бағдарламалар əрқашан мақсатты болады жəне белгілеріне қарай келесі түрлерге бөлінеді.
Бағдарламалау объектері бойынша: -- Елдің, ірі экономикалық аудандардың, əкімшілік-аумақтық бірліктердің негізгі көрсеткіштері бойынша əлеуметтік-экономикалық дамуының келешегі мен стратегиясын анықтайтын жиынтық макроэконо-микалық бағдарламалар (мысалы, үкімет əзірлейтін Қазақстан Республикасының əлеуметтік- экономикалық даму бағдарламасы); -- Қызметтің бір түрі бойынша мемлекеттік бағдарламалар (мемлекеттік инвестициялық бағдарлама, ғарыш бағдарла-масы жəне т.б.); -- Жеке мəселелер бойынша мақсатты бағдарламалар -- əлеуметтік, инновациялық, экологиялық, аймақтық, салалық жəне т.б.; -- Министрліктер мен ведомстволардың өз құзыры аясында немесе орталық мемлекеттік бағдарламалар құрамында қабылданатын салалық жəне проблемалық бағдарламалар; -- Ірі əкімшілік-аумақтық бірліктің заң жəне басқару органдары немесе жергілікті билік органдары қабылдайтын аймақтық мақсатты бағдарламалар; -- ТМД аясында немесе Еуразиялық экономикалық қауымдастық аясында қабылданатын мемлекетаралық бағдарламалар; -- Халықаралық бағдарламалар, мұнда ел бағдарламаның бастамашысы не оны орындаушылардың бірі ретінде қатысады; -- Жоғары деңгейдегі бағдарламларды орындау үшін немесе өз бастауымен жəне өз қаражаты негізінде мемлекеттік жəне мемлекеттік емес кəсіпорындардың, холдингтердің, банктердің жəне т.б. өздері əзірлейтін жəне жүзеге асыратын мақсатты бағдарламалар.
Қорыта келе, экономикалық болжау мемлекеттік реттеудің бағыттары мен қызметінің барлық деңгейін қамтиды. Бағдарламаларды жиынтық, əлеуметтік, экономикалық, ғылыми- техникалық, инновациялық, экологиялық, аумақтық, сыртқы экономикалық, қорғаныс сипатындағы деп бөлуге болады. Мерзіміне қарай бағдарламаларды қысқа мерзімді (1-2 жыл), орта мерзімді (3-5 жыл), ұзақ мерзімді (8-10 жəне одан да көп) деп бөледі. Аумақтық ауқымына қарай жергілікті, аймақтық, мемлекеттік жəне халықаралық деп бөледі.
Экономиканы мемлекеттік реттеуге қатысты 2010-2014 жылдары мынадай бағдарламалық құжаттар қабылданды:
1. Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Бағдарлама мақсаты - экономиканы əртараптандыру жəне бəсекеге қабілет- тілігін арттыру арқылы оның тұрақты жəне теңгерімді өсімін қамтамасыз ету.
Бағдарламаның негізгі міндеттері:
* экономиканы əртараптандыру жəне оның бəсекеге қабілеттілігінің артуын қамтамасыз ететін басымдықтағы секторларын дамыту;
* индустрияландыру үшін қолайлы орта қалыптастыру; экономикалық əлеуетті өңірлік ұтымды ұйымдастыру негізінде экономикалық өсім орталықтарын құру;
* экономиканың басымдықтағы секторларын дамыту барысында мемлекет пен бизнестің тиімді ықпалдастығын қамтамасыз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz