Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау

Өтімділік пен активтердің айналым коэфиценттерін бағалау

Қаржылық коэфиценттердің келесідей 5 тобы бойынша есептеулер жүргіземіз:

1. Жалпы өтімділік коэфиценті

2. Іскерлік белсенділік коэфиценті

3. Рентабелділік коэфиценті

4. Төлем қабілеттілік немеесе капиталдың құрылым коэфиценті

5. Нарықтық белсенділік коэфиценті

Жалпы өтімділік коэфиценті кәсіпорынның есептілік кезеңде қысқа мерзімді міндеттемелерін төлей алу қабілеттілігін бағалауға мүмкіндік береді. Оның ішінде ең маңыздылары келесілер:

-ағымдағы өтімділік коэфиценті

-жедел өтімділік коэфиценті

-абсолютті өтімділік коэфиценті

-таза айналым капиталы

№ 1 кесте Өтімділік көрсеткіштері

Өтімділік

көрсеткіштері

Формуласы
Жолдын коды

Мәні

2005жыл

басына

Мәні 2005жыл

аяғына

Өтімділіккөрсеткіштері: 1. ағымдағы өтімділік коэфиценті
Формуласы:

Айналым қаражаттары/

Қысқамерзімді міндеттемелер

Жолдын коды: 023/042
Мәні2005жылбасына: 0, 32
Мәні 2005жылаяғына: 0, 26
Өтімділіккөрсеткіштері:

2. жедел

өтімділік коэфиценті

Формуласы:

Ақшалай қаражаттар + қысқа

мерзімді қаржылық

салымдар + таза

дебиторлық міндеттеме/қысқа

мерзімді міндеттемелер

Жолдын коды: 023-(015-019) /042
Мәні2005жылбасына: 0, 46
Мәні 2005жылаяғына:

0, 39

Өтімділіккөрсеткіштері: 3. абсолютті өтімділік коэфиценті
Формуласы:

Ақшалай қаражаттар/қысқа

мерзімді міндеттемелер

Жолдын коды: 021/042
Мәні2005жылбасына: 0, 005
Мәні 2005жылаяғына: 0, 003
Өтімділіккөрсеткіштері:

4. таза

айналым

капиталы.

Формуласы:

Айналым қаражаттары-қысқа

мерзімді міндеттемелер

Жолдын коды: 023-042
Мәні2005жылбасына: -835761496
Мәні 2005жылаяғына: -1273787197

жолдың коды

Көрсеткіштер
2005 жыл басына мәні
2005 жыл басына мәні
жолдың коды: 100. 38. 023
Көрсеткіштер: Ағымдағы активтер бөлімінің жиынтық сомасы
2005 жыл басына мәні: 401839447
2005 жыл басына мәні: 455687537
жолдың коды: 100. 38. 042
Көрсеткіштер: Ағымдағы міндеттемелер бөлімінің жиынтық сомасы
2005 жыл басына мәні: 1237617496
2005 жыл басына мәні: 17529474734
жолдың коды: 100. 38. 15
Көрсеткіштер: Материалдар
2005 жыл басына мәні: 7150847
2005 жыл басына мәні: 216482
жолдың коды: 100. 38. 019
Көрсеткіштер: Болашақ мерзім шығындары
2005 жыл басына мәні: 176322338
2005 жыл басына мәні: 228724840
жолдың коды: 100. 38. 021
Көрсеткіштер: Ақшалай қаражаттар
2005 жыл басына мәні: 6488605
2005 жыл басына мәні: 5518226

Ағымдағы өтімділік коэфиценті айналым қаражаттарын қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасымен анықталады. Қабылданған халықаралық стандарттар бойынша бұл коэфицент 1-2 аралығында болуы керек.

Ағымдағы өтімділік коэфицентінің жеке көрсеткіші болып жедел өтімділік коэфиценті табылады ол өз қатарында айналым қаражаттарының өтімдірек бөлігінің (ақшалай қаражаттар, қысқа мерзімді салымдар мен дебиторлық міндеттемелер) қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы. Қабылданған халықаралық стандарттар бойынша бұл коэфиценттің мәні 1-ден жоғары болуы қажет.

Ағымдағы өтімділік коэфицентінің көрсеткішінің өзгерісіне талдау жасайық, халық аралық стандарттарға сәйкес оның мәні 1 мен 2 арасында болуы қалыпты мөлшер деп танылады. Ағымдағы өтімділік коэфицентінің келесідей ерекшеліәктерін ескеру қажет. Біріншіден көрсеткіштің алымы қорлар мен дебиторлық міндеттемелердің бағалануын ескереді. Қорлардың бағалану әдістері өзгеріске ұшырауының жиілігінен, көрсеткіштің оған сәйкес келуіне әсер етеді. Бұл жерде күмәнді қарыздардың есепке алынуын ескеру қажет. Екіншіден, көрсеткіштің мәні жұмысының тиімділігімен тығыз байланысты:кейбір кәсіпорындар технологиялық үрдістің жоғары дәрежеде ұйымдастырылуына байланысты, қорлардың көлемін үлкен мөлшерде төмендетуі мүмкін. Біздің жағдайымызда өтімділік коэфицентінің кері тенденциясы байқалады. Өзінің қаржылық жағдайына ешқандай зиян келтірмей, оның мәнін сала бойынша орташа мәнінен де төмен көрсеткішке төмендете алады. Үшіншіден кейбір ақшалай қаражаттарының айналымы жоғары кәсіпорындар ағымдағы өтімділігі көрсеткішінің төмен дәрежесінде де өмір сүре алады. Ол әсіресе сауда саласындағы кәсіпорындарға қатысты. Бұл жерде өтімділік ақшалай қаражаттардың жоғарғы интенсивті ағымының негізінде қарастырылады. Көріп отырғанымыздай біздің кәсіпорында оның мәні жыл басына 0, 32 тең болған, оның одан кейінгі мәні яғни жыл соңына 0, 26 төмендеген. Оның өзгеріс динамикасы бұл жерде сәйкес кезеңде дебиторлық міндеттеменің көлемінің артуына байланысты орын алып отыр. Яғни, ол кәсіпорынның активтерінің көлемі аз болуына байланысты оның өзінің ағымдағы міндетттемелерін жабуға қаражаты жеткіліксіздігінің белгісі. Талданып отырған кәсіпорында оның мәні жыл басына қарағанда жыл соңында азайғанына қарамастан бұл жерде есептеулер бойынша нәтижелердің ақиқаттығын дебиторлық міндеттеменің сапасына(пайда болу уақытына, кәсіпорынның қаржылық жағдайы және т. б. ) да байланысты. Бұл жерде бұл кәсіпорында аяқталмаған құрылысқа үлкен мөлшерде қаражат кеткенін байқауға болады.

Жедел өтімділік көрсеткіші -ол мағынасы жағынан ағымдағы өтімділік көрсеткішімен бірдей, бірақ оған қарағанда айналым активтерінің шағын тобынан есептеліп шығарылады, яғни өтімділігі төмен активтер есепке алынбайды. Бұлай есептеудің қисыны мұндағы ескерілетін активтердің жоғары өтімділігін ескерілетінде ғана емес, маңыздысы өндірісітік қорлардың амалсыздан сатылған бөлігінен түскен ақшалай қаражаттар оларды сатып алуға жұмсалған қаражаттан анағұрлым аз болуы мүмкін. Нарықтық экономикада егер кәсіпорын оларды сатқан кездегі есепке алынған бастапқы құнының 40 %, немесе одан да төмен соманы алатын болса, онда ол жағдай нашар деп танылады. Бұл коэфиценттің динамикасын зерттей келе, оның өсуі өтелмеген дебиторлық міндеттемелердің есебінен болса, әрине ол кәсіпорынның іскерлігінің теріс шамада екенінің бірден-бір белгісі болып табылады.

Жедел өтімділік коэфицентін есептеу қажеттілігі кәсіпорынның айналым қаражаттарының әрбір жеке категорияларының өтімділігінің дәрежелерінің әр түрлі болып келуінен туындаған. Егер, мысалы, ақшалай қаражаттар ағымдағы міндеттемелерді жабудың тікелей көзі болып табылса, ал қорлар бұл мақсатта тек олар сатылғаннан кейін ғана пайдаланыла алады, ал бұл дегеніміз оны анық сатып алушының табылуымен оның қолында дәл ақшалай қаражаттың болу болмауы тәуекеліне байланысты уақыт қажет етеді. Халықаралық стандарттар бойынша оның мәні 1-ден жоғары болуы қажет. Бұл кәсіпорында оның мәні жыл басына 0, 46-дан 0, 39-ға азайған . Ол да өз қатарында кәсіпорынның қаржылық жағдайының төмендегенін көрсетеді. Яғни бұл жерде айта кететін жайт оның өнімінің өілу көлемінің темендеуі де өз әсерін беруде.

Абслютті өтімділік көрсеткіші -кәсіпорын өтімділігінің ең қатаң критериі болып табылады. Ол қысқа мерзімді қарыз міндеттемелерінің қандай бөлігі, керек болған жағдайда қолда бар ақшалай қаражаттар есебінен жабыла алатынын көрсетеді. Абсолютті өтімділік коэфицентінің мәні халық аралық тәжірибеде 0, 2-0, 25 аралығында орналасуы дұрыс деп танылған.

Басқа коэфиценттерге сәйкес абсолютті өтімділік коэфицентінің мәні де 0, 005-тен 0, 003-ке төмендеген. Бұл коэфицент қысқа мерзімді міндетттемелерді жабуға келетін таза ақшалай қаражаттарының көлемін көрсетеді. Көріп тұрғанымыздай оның да мәні шамалы.

Таза айналым капиталы кәсіпорынға айналым активтерінің жылдамдығы төмедеген жағдайда(мысалы, дебиторлық міндеттемелердің жабылуы тежелген кезде немесе өнімді өткізуге байланысты қиын жағдайлар туындаған кезде), айналым активтерінің құнсыздануы немесе олардың жоғалтулары орын алғанда(мысалы, дайын өнімге бағаның төмендеуі, дебитордың банкротқа ұшырауы) үлкен қаржылық тәуелсіздікпен қамтамасыз ете алады. Таза айналым капиталының оптималды сомасы кәсіпорынның іскерлігінің ерекшеліктеріне, кәсіпорынның көлеміне, өнімнің өткізілу көлеміне, материалды-өндірістік қорлармен дебиторлық міндеттемелердің айналым жылдамдығына, салалық ерекшеліктері мен шаруашылық конъюнктурасына да байланысты. Кәсіпорынның қаржылық жағдайында оның шамадан тым көп болуы немесе шамадан тым аз болуы да теріс әсер береді. Бұл қаражаттардың жеткіліксіздігі кәсіпорынның банкроттығына әкелуі мүмкін, өйткені ол оның қысқа мерзімді міндеттемелерін жаба алмауының белгісі. Оның жеткіліксіздігі шаруашылық іскерліктегі шығыстардан, қамтамасыз етілмеген дебиторлық міндеттеменің өсуімен, негігі құралдардың қымбат объектілерін, алдын ала осы мақсатқа ақша қорын жинақтамай сатып алған кезде, сәйкес пайданың орын алмауында дивиденттердің төленуі, кәсіпорынның ұзақ мерзімді міндеттемелерін жабуға қаржылық қамданудың орын алмауынан болуы мүмкін. Ал оның мәнінің шамадан тыс үлкен болуы қорлардың тиімсіз қолданылуының белгісі. Оған мысал болып келесілер табылады: шаруашылық іскерлігінің қажеттілігінен жоғары мөлшерде несие алу немесе акциялар шығару, негізгі құралдарды сатудан айналым қаражаттарының жинақталуы немесе амортизациялық аударымдардың оларды жаңа құрылғыларға ауыстыру орын алмай тұрып жинақталуы, шаруашылық іскерліктен түскен пайданың тиімсіз қолданылуы. Біздің қарастырып отырған кәсіпорнымызда оның мәні біршама жоғарылаған. Оның динамикасының өсуі банктерден алынған несиенің көлемінің жоғарылауынан орын алып отыр.

Іскерлік белсенділік көрсеткіштеріне тоқталайық:

№2 кесте-іскерлік белсенділік көрсеткіштері (2005 жыл бойынша) .

Іскерлік белсенділік көрсеткіштері
Формуласы
Жолдын коды

Мәні

Іскерлік белсенділік көрсеткіштері: 1активтер айналымы
Формуласы:

Таза пайда/

Активтердің орташа жылдық сомасы

Жолдын коды: 39. 001/024жб-023жб+024жа-023жа
Мәні: 3
Іскерлік белсенділік көрсеткіштері: 2. дебиторлық міндеттеменің айналымы
Формуласы: 365/өнімді өткізуден түскен таза пайда/сатып алушылардың таза орташа жылдық дебиторлық міндеттемесі
Жолдын коды: 365/39. 001/018 орт мәні
Мәні: 12
Іскерлік белсенділік көрсеткіштері: 3. кредиторлық міндеттеменің айналымы
Формуласы: 365/сатылған өнімнің өзіндік құны/жабдықтаушыларға ортажылдық кредиторлық міндеттеменің сомасы
Жолдын коды: 365/39. 002/036/2
Мәні: 31
Іскерлік белсенділік көрсеткіштері: 4. материалды-өндірістік қорлардың айналымы
Формуласы: 365/сатылған өнімнің өзіндік құны/материалды-өндірістік қорлардың орта жылдық құны
Жолдын коды: 365/39. 002/015жб-019жб+015жа-019жа
Мәні: 25
Іскерлік белсенділік көрсеткіштері: 5. операциондық циклдың ұзақтығы
Формуласы: Күнмен көрсетілген дебиторлық міндеттеменің айналымы+күнмен көрсетілген материалды-өндірістік қорлардың айналымы
Жолдын коды: П2+П4
Мәні: 37

жолдың коды
Көрсеткіштер
2005 жыл басына мәні
2005 жыл басына мәні
жолдың коды: 100. 39. 001
Көрсеткіштер: Тауарларды өткізуден түскен түсім
2005 жыл басына мәні: 1355970
жолдың коды: 100. 38. 024
Көрсеткіштер: Ағымдағы активтер бөлімінің түпкі сомасы
2005 жыл басына мәні: 7914519147
2005 жыл басына мәні: 959568876
жолдың коды: 100. 38. 023
Көрсеткіштер: Ағымдағы активтер бөлімінің жиынтық сомасы
2005 жыл басына мәні: 401839447
2005 жыл басына мәні: 455687537
жолдың коды: 100. 38. 018
Көрсеткіштер: Дебиторлық міндеттемелер
2005 жыл басына мәні: 211728308
2005 жыл басына мәні: 221227989
жолдың коды: 100. 39. 002
Көрсеткіштер: Өткізілген өнімнің өзіндік құны
2005 жыл басына мәні: 149349
жолдың коды: 100. 38. 036
Көрсеткіштер: Кредиторлық міндеттеме
2005 жыл басына мәні: 720285134
2005 жыл басына мәні: 847995659
жолдың коды: 100. 38. 015
Көрсеткіштер: Материалдар
2005 жыл басына мәні: 7150847
2005 жыл басына мәні: 216482
жолдың коды: 100. 38. 19
Көрсеткіштер: Болашақ мерзім шығындары
2005 жыл басына мәні: 176322338
2005 жыл басына мәні: 228724840

Іскерлік белсенділік коэфиценті кәсіпорынның өз қаражаттарын қолдануының тиімділігін көрсетеді. Әрине бұл топқа айналымның әр түрлі көрсеткіштері кіреді.

Дебиторлық міндеттеменің айналым коэфиценті бойынша есептілік кезең ағымында канша рет дебиторлық міндеттеме ақшалай қаражатқа айналғанын анықтайды. Бұл коэффицент өнімді өткізуден түскен түсімді таза дебиторлық міндеттеменің орта жылдық құнына қатынасымен анықталады. Бұл шаманы кредиторлық міндеттеменің айналым коэфицентімен салыстырған пайдалы. Мұндай талдау жасау кәсіпорынға өзі қолданатын басқа кәсіпорындардан алған коммерциялық несиемен өзі басқа кәсіпорындарға тура сондай жағдай мен ұсынатын несиені сәйкестендіруіне мүмкіндік береді. Кредиторлық міндеттеменің айналым жылдамдығының коэфиценті өнімді өткізуден түскен түсімді таза кредиторлық міндеттеменің орта жылдық құнына қатынасымен анықталып кәсіпорынға ағымдағы шоттарын жабу үшін қанша айналым қажет екенін көрсетеді.

Материалды-өндірістік қорлардың айналым коэфиценті бұл қорлардың сатылу жылдамдығын көрсетеді. Ол сатылған өнімнің өзіндік құнын материалды-өндірістік қорлардың жылдық құнына қатынасына тең. Оны көбінесе күнмен есептейді сонда ол қордың ақшаға айналуы үшін қанша күн керектігі анықталады. Осы коэфицент неғұрлым жоғары болса соғұрлым кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты деп саналады.

Рентабельділік коэфиценттері кәсіпорынның іскерлігі қаншалықты пайдалы екеніні көрсетеді. Бұл коэфиценттер табылған пайданың сатылған өнім көлеміне қатынасымен анықталады.

Қаржылық менеджментте ең көп қолданыс табатын кәсіпорынның барлық активтерінің рентабельділігі, өнімнің сатылу рентабельділігі және меншікті капитал рентабельділігі коэфиценттері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдау туралы
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттырудағы негізгі бағыттары
Кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі
Кәсіпорын өнеркәсібінің қаржылығы
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын талдау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау туралы ақпарат
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz