ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП ЖАЙЫНДА


«ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП» ПӘНІНЕН
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ
Мазмұны1-Тарау Қаржылық есепті ұйымдастырудың мақсаттары мен қағидалары (қайталау жүргізу)
- Қаржылық есептің мақсаттары мен қағидалары
2-Тарау:Ақшалай қаражаттар, есеп айрысу және несиелік әрекеттер есебі
- Ағымдағы банктік шотының операциялары есебі
- Банктердегі валюталық шоттар бойынша операциялар есебі.
- Кассадағы операцияларды құжатпен рәсімдеу, есептілік және есеп беру.
- Қаржылық салымның есебі
- Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысуды құжатты ресімдеу, оның жинақтау және талдау есебін жүргізу.
- Банк несиелерінің есебі
- Дебиторлармен есеп айырысу есебі
- Кредиторлармен есеп айырысу есебі
3-Тарау Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебі
- Негізгі құралдар, олардың қаржылық есептегі топтамасы мен бағалануы
- Ғимараттар мен құрылғыларды мердігерлік және шаруашылық әдістермен салу есебі
- Негізгі құралдардың тозу есебі
- Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу тәсілдері
- Негізгі құралдарды түгендеу және қайта бағалау
- Материалдық емес активтердің есебі
- Материалдық емес активтердің амортизациясының есебі
4-Тарау Тауарлы-материалдық қорлар есебі
- Материалдық қорлар, олардың жіктелуі»
- Материалдық қорлар есебінің мақсаттары мен бағалануы
- Материалдарды қоймаға қабылдау және оларды өндіріске босатуын құжаттау
- Материалдық құндылықтарды сатып алу және жабдықтаушылармен есеп айырысу есептері
- Материалдық құндылықтардың бухгалтериядағы есебі
- Өндіріске жіберілген материалдарды бағалау тәсілдері
- Тауарлы-материалдық құндылықтарды түгендеу және бағалау
- Материалдық құндылықтардың қоймадағы есебін ұйымдастыру
- Материалдық құндылықтардың қоймадағы есебін ұйымдастыру.
5-Тарау Еңбектің және оның төлемақысының есебі
- Еңбек есебінің міндеті және оның нысандары
- Кесімді және мерзімді төлемақыны есептеу
- Жұмыс уақытының есебі
- Бюджетпен есеп айырысу есебі
- Есеп төлем ведомосін құру
6-Тарау Өндіріс шығындарының есебі және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы
- Өндіріс шығындары есебін ұйымдастырудың негізгі принциптері
- Үстеме шығындар, олардың құрамы мен сипаттамасы
- Көмекші өндіріс шығындары есебі бойынша шоттар корреспонденциясын құру
- Кезең шығындарының есебі
- Калькуляция ұғымы, оның мәні, калькуляция объектілері
- Жалпы және әкімшілік шығындарының есебі
- Өндіріс шығындары есебінің негізгі әдістері
- Шығынның есепке алудың қарапайым әдісі
7-Тарау Дайын өнім және оны сату есебі.
- Дайын өнім, оны бағалаудың есебі мен құжатталуы.
- Сатып алушылармен есеп айырысу есебі
- Қосылған құн салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу есебі.
8-Тарау Қаржылық нәтиже және меншікті капитал есебі.
- Қаржылық нәтижелердің құрылу тәртібі
- Табыс, жиынтық табыстың түсінігі және қалыптасуы мен есебі.
- Меншікті капитал, қосымша резервті капиталдар есебі
- Таратылмаған табыс (жабылмаған зиян) есебі
9-Тарау Сыртқы экономикалық қызмет есебі
- Сыртқы экономикалық қызметтің негізгі бағыттары
- Сыртқы экономикалық қызметтің құжатты рәсімделуі
- Тауарлар импорты, экспорты және реэкспорты есебіне шоттар корреспонденцияларын құру
- Толлингтік операциялар есебі
Қаржылық есептің мақсаты мен қағидаларын атап нұсқаулығын көрсет.
10-Тарау Ұйымның есеп саясаты
- Есеп саясатының ұғымы және құрылымы
11-Тарау Ұйымның қаржылық есеп беруі
- Экономикалық ақпарат жүйесіндегі қаржылық есеп берудің мағынасы
- Қаржылық есеп беруді құрудың дайындық жұмыстары
- Ұйымның қызметі туралы қаржылық ақпаратты сыртқы және ішкі пайдаланушылар
Қосымшалар
Қолданған әдебиеттер
1-Тарау Қаржылық есепті ұйымдастырудың мақсаттары мен қағидалары (қайталау жүргізу)
Сабақ тақырыбы : Қаржылық есептің мақсаттары мен қағидалары
1. Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы және нормативтік-құқықтық реттелуі
2. Қаржылық есептің қағидалары
1. Бухгалтерлік есепті ұйымдстыруда, шаруашылық әрекеттерді орындау барысында заңдылықтарды қадағалауда ұйым басшысы жауапкершілік атқарады. Ол бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуіне, барлық бөлімшелері мен қызметтерінің, ұйым қызметкерлерінің орындауын қамтамасыз етуіне, есеп ұсыну үшін барлық құжаттар мен мәліметтерді ресімдеу және ұсыну тәртібінің талаптарын қамтамасыз етуде жағдай жасауы керек.
Қазақстан Республикасында 1995 жылдан бастап бухгалтерлік есептің нормативті реттеудің төрт деңгейлі жүйесін ұсынған бухгалтерлік есептің реформалануы жүргізілді.
Бірінші деңгей - Қазақстан Республикасы Заңдары:
- ҚР-да бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жүргізудің біртекті құқықтық әдістемелік негіздерін бекітетін «Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы»;
- Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі;
- Қазақстан Республикасының салық Кодексі.
2007 жылдың наурыз айынан бастап 28 қаңтар 2007 жылғы №234-ІІІ «Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы» ҚР Заңы күшіне енді. Заң Қазақстан территориясында тіркелген, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын барлық шаруашылық заңды субъектілер мен жеке тұлғалар үшін есеп пен есеп берудің біркелкі құқықтық әдістемелік негіздерін бекітеді.
«Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы» ҚР Заңы 5 бөлімнен тұрады.
1-бөлім. Жалпы ережелер. Бөлімде: заңның қызмет ету саласы; бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру жүйесінің мемлекеттік реттелуі; бухгалтерлік есеп стандарттары мен бухгалтерлік есепшоттарының үлгі жоспары; бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп берудің мақсаттары мен қағидалары берілген.
2-бөлім. Бухгалтерлік есеп жүйесі, бухгалтерлік құжаттандыру және ішкі бақылау. Бөлімде бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік құжаттандыру және ішкі бақылауды ұйымдастыруға негізгі талаптар қарастырылған.
3-бөлім. Қаржылық есеп элементтерінің есебі және бағалау. Бұл бөлімде қаржылық есеп берулердің элементтері, олардың бағалануы мен есебі қарастырылған.
4-бөлім. Қаржылық есеп беру. Қаржылық есеп беру түсінігі меолданн құрамы, консолидирленген қаржылық есеп беру; есептік кезең туралы түсінік; қаржылық есеп беруді ұсыну мерзімдері мен мекен-жайлар қарастырылады.
5-бөлім. Қорытынды ережелер. Бұл бөлімде «Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының заңдылықтарын бұзғандығы үшін жауапкершіліктер көрсетіледі.
Екінші деңгей - ҚР қаржы министрлігінің өкілетті органымен (1998 жылға дейін бухгалтерлік есептің Ұлттық комиссиясы, ал қазір бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі Департаменті) дайындалған және бекітілген ҚР бухгалтерлік есеп стандарттары, бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспары.
Бухгалтерлік есеп стандарттары - есеп жүйесін реттеудің екінші деңгейі, олар қаржылық есеп беретін барлық субъектілер үшін нормативті құқықтық құжаттар болып табылады. Стандарттардың негізінде есептің жеке учаскелері, сонымен қатар шаруашылық субъектілерінің салалық ерекшеліктері бойынша бухгалтерлік есепті жүргізудің базалық тәртіптері бекітіледі.
Қазақстанда қызмет етіп отырған есеп стандарттарын келесідей бөлуге болады::
- Жалпы әдістемелік(№1 «Есеп саясаты», №2 «Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептерді негізгі ашулар», №3 «Қаржы-шаруашылық қызмет нәтижесі туралы есеп», №4 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» және т. б. ) ;
- Әлеуметтік саясат бойынша стандарттар(№16 «Зейнетақылық қамтамасыз ету шығындары есебі» және т. б. ) ;
- Мүліктер мен құралдардың жеке түрлері бойынша стандарттар(№6 «Негізгі құралдар есебі», №7 «Тауарлы-материалдық қорлар есебі», №8 «Қаржылық инвестициялар есебі») және т. б.
ҚР 2006ж 1 қаңтарынан бастап барлық ұйымдар бухгалтерлік есепті ҚЕХС-на сәйкес жүргізеді.
Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары - жоғары кәсіби халықаралық ұйымдармен дайындалған және ұсынбалы сипаттағы бухгалтерлік есеп ережелері, әдістері, ұғымдары мен процедуралары жиыны.
2007 жылдың наурыз айынан бастап 28 қаңтар 2007 жылғы №234-ІІІ «Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы» ҚР Заңына сәйкес бухгалтерлік есепті және қаржылық есеп беруді төмендегідей субъектілер құру керек:
- ҚР Салық Кодексіне сәйкес арнайы салықтық режимді қолданатын жеке кәсіпкерлер бухгалтерлік есепті және қаржылық есеп беруді жүргізбейді.
- шағын және орташа ұйымдар, коммерциялық емес, қазыналық-мемлекеттік ұйымдар қаржылық есепті ҚЕҰС-на сәйкес жүргізеді. (НСФО №1, 2 )
- ірі кәсіпкерлер мен жария ететін ұйымдар қаржылық есепті ҚЕХС-на сәйкес жүргізуге міндетті.
Үшінші деңгей - бухгалтерлік есеп стандарттарына әдістемелік ұсыныстар, шоттардың үлгі жоспарын қолдану бойынша нұсқаулықтар, бухгалтерлік есептің есеп тіркегіштерін толтыру бойынша нұсқаулықтар және т. б. Нормативті құжаттардың осы деңгейі ҚР қаржы министрлігімен дайындалып бекітіледі.
Үлгі шоттар жоспары 2007 жылдың 23 мамыр айының ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілді.
Төртінші деңгей - субъектінің есеп саясаты, осы субъектінің жүргізетін есебінің нысаны, шоттардың жұмыс жоспары, белгілі бір объектілер бойынша есептің таңдалған әдістері талқыланатын субъектінің өзімен дайындалып бекітіледі.
Есеп саясаты - бұл бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беруді ашудың негізгі қағидаларына және негіздеріне сәйкес жүргізу үшін субъектінің басшысымен қабылданатын әдістердің жиынтығы.
2. Қағида - бұл бухгалтерлік есептің ғылым ретіндегі одан келешектегі шығатын барлық тұжырымдарды анықтайтын негізі, бастапқы және базалық ережесі.
«Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234-ІІІ Заңына сәйкес негізгі қағидалар болып келесілер табылады:
1. Есептеу қағидасы. Қаржылық есеп берулер есептеу қағидасының негізінде құрылады, өйткені табыстар тауарлар сатылған және қызметтер көрсетілген кездегі есепті кезеңде, ал шығындар табыстар алу үшін пайдаланылған кездегі есепті кезеңде көрсетіледі.
2. Үзіліссіз қызмет қағидасы. Шаруашылық субъектісі өз қызметін белгіленбеген уақыт аралығында жалғастыра береді және жақын арада оның жойылуы күтілмейді.
3. Түсініктілік қағидасы. Қаржылық есеп берудегі ақпараттар оларды пайдаланушылар үшін түсінікті болуы керек.
4. Маңыздылық қағидасы. Қаржы ақпараты пайдаланушылардың шешім қабылдауы барысында, олардың қажеттерін қанағаттандыруда және қаржы-шаруашылық қызметіне баға беруде көмектесуі тиіс.
5. Мәнділік қағидасы. Есеп жүргізу саясатында мәнді, маңызды ақпараттың ескерілмеуі немесе дұрыс көрсетілмеуі қаржы есептемесін пайдаланушылардың экономикалық шешімдеріне ықпал етуі мүмкін болса, онда оны қаржы есептерінде ашып көрсетуге бағытталуы тиіс.
6. Дұрыстық қағидасы. Ақпарат шынайы көрсетіліп, қате болмауы тиіс.
7. Қаржылық ақпаратты әділетті және тура көрсету. Қаржылық есептемелер оларды пайдаланушыларды субъектінің қаржылық жағдайы, операцияларының нәтижелері және ақша қаражаттарының қозғалысы туралы шынайы және тура түсінік тудыруы керек.
8. Бейтараптық қағидасы. Ақпарат сенімді болуы үшін бұрмаланудан аулақ болуы керек.
9. Сақтық қағидасы. Активтер мен табыстардың асыра бағаланбауын, ал міндеттемелер мен шығындардың жете бағаланбауын болдырмас үшін, белгісіздік жағдайда баға беруге қажетті шешімдер қабылданған кезде сақ болған жөн. Активтер мен міндеттемелерді бағалаған кезде неғұрлым консервативті әдіс таңдалынады: шығындар-максимум бойынша, ал табыстар минимум бойынша.
10. Тиянақтылық қағидасы. Қаржы есептеріндегі ақпарат толық болуы керек.
11. Салыстырмалық қағидасы. Қаржы ақпараты пайдалы әрі мазмұнды болуы үшін, ақпарат бір есепті кезеңнен екіншісіне салыстырмалы түрде, ал оны пайдаланушылар есеп саясатынан және оған енгізілетін барлық өзгерістерден хабардар болуы керек.
12. Кезектілік қағидасы. Ұйымдармен таңдалып алынған есеп саясаты бір есепті кезеңнен екіншісіне дәйекті түрде қолданылады. Пайдаланушылар субъектінің қаржылық есеп беруін әр түрлі есеп кезеңдерімен салыстыруға мүмкіндіктері болуылары керек.
Бақылау сұрақтары:
1. Қаржылық есеп дегеніміз не?
2. Есеп саясаты дегеніміз не?
3. Қағидаға аңықтама бер?
4. Салыстырмалық қағида дегеніміз не?
5. Кезектілік қағида дегеніміз не?
2-Тарау:Ақшалай қаражаттар, есеп айрысу және несиелік әрекеттер есебі
Сабақ тақырыбы: Ағымдағы банктік шотының операциялары есебі
1. Ақшалай қаражаттар есебі және олардың мақсаттары
2. Ақшасыз есеп-айырысу нысандары
3. Ағымдағы банктік шотының операциялары есебін жүргізу тәртібі және құжаттандыруы
1. Нарықтық экономикада ұйымдар арасында еңбек құралдары мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді сату жөніндегі әрекеттер жасалып отырады. Есеп айырсу екі нысанда жүргізіледі:
- банк арқылы қолма-қол ақшасыз аудару жолымен
- қолма-қол ақшамен төлеу түрінде.
Ақшалай қаражаттар, есеп айрысу және несиелік әрекеттер есебінің негізгі мақсаттары:
- Ақшасыз және ақшалай есеп айрысулар жолымен қажетті есеп айрысулар уақытында және дұрыс жүргізу.
- Есеп тіркегіштерінде ақша қаражаттары мен есеп айрысулар әрекеттерінің бар болуы мен қозғалысын толығымен және жедел түрде көрсету.
- берілген лимиттерге және сметаларға сәйкес ақша қаражаттарын мақсатты пайдаланудың қолданыстағы ережелерін сақтау.
- Кассадағы ағымдағы шотындағы және банктегі басқа да шоттардағы ақша қаражаттарының болуына және сақталуына бақылау жасау.
- Есеп айрысу төлем тәртібін қадағалауға бақылау жасау.
2. Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары:
- Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу. Төлем тапсырмаларында көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банк алушының ақшаның аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы-материалдық құндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға алдын-ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады.
- Төлем талап тапсырмасы тауарларды алғанда, жұмысты орындағанда, қызметті көрсеткенде бенифициарлардың ақшаны төлеушіге жіберген талабы болып табылады.
- Чектермен есеп айырысу. Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем құжатын ұстаушыға беру жолымен жасайды.
- Инкассалық өкім. Төлеушінің келісімінсіз қаражаттарды өндіріп алу үшін тиісті құжаттарды қоса тіркей отырып, банкке төлем талап бланкісінде инкассалық өкімді тапсырады. Инкассалық өкімде төлемнің мақсаты көрсетіледі және осы төлемдерді төлеушілердің келісімінсіз шоттарынан қаражаттарды есептен шығаруға құқығын көздейтін заң актісіне сілтеме жасайды.
- Аккредитив. Есеп айырысу мынадай нысанында төлеуші аккредитив ресімдейді. Мұндағы мәлімдеме өз банкінің бөлімшесіне өзіне жіберілген ТМҚ шоты үшін төлем жасауға арналған аккредитив қоюды тапсырады.
3. Уақытша бос ақшаларды сақтау және қолма қол ақшасыз есеп айырысуды жүргізу үшін шаруашылық субьектісі өзі таңдаған банкте есеп айрысу шотын ашады.
Есеп айырысу шоты мындай құжаттардың негізінде ашылады
1) шот ашуға арналған өтініш
2) қойылатын қол мен мөртабан белгісінің үлгісі бар карточка;
3) субъектінің салықтық есепке қойылу фактісін растайтын салық органының анықтамасы;
4) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
5) жарғы мен құрылтай шартының көшірмесі.
Банкі шоттары теңгемен де шетелдік валютасымен де ашылуы мүмкін.
Банк келісім бойынша ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарын ашқан кезде, шот иесінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауды, оның өзіне немесе үшінші тараптарға тиесілі ақша сомаларын аударымды орындауды және басқа да қызмет түрлерін көрсетуді өз міндетіне алады. Субъектінің шотынан барлық төлемдер есеп айырысу құжаттарының банкке түсуіне қарай күнтізбелік кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Банктер мезгіл-мезгіл немесе күн сайын шоттардың иелеріне жүргізілген операциялар туралы хабарлап, оларға есеп айырысу шотынан көшірме береді. Бухгалтер банктен алынған көшірмені тексереді, құжаттарды таңдап шоттардың кодын (корреспонденциясын) қояды, олардың негізінде есеп тіркегіштері толтырылады. Субъектілердің банктегі есеп айырысу шоты кредиторлық берешекті көрсететін пассивті шот болып табылады. Көшірмеде банк ақша қалдығын немесе кредит бойынша оның өсуі, ал дебет бойынша оның есептен шығарылуын көрсетеді. Шаруашылық жүргізуші субъектінің бухгалтериясында керісінше, есеп айырысу шоты активтік болып табылады. Есеп айырысу шотындағы ақша қозғалысының есебі 1030 «Ағымдағы банктік шотындағы ақша қаражаттары» шотында жүргізіледі. Дебетінде ақша қаражаттарының қалдығы мен өсуі, ал кредитінде кемуі (есептен шығару) көрініс табады. 1030 шотта көрсетілген шаруашылық әрекеттерді есепке алу үшін №2 журнал-ордер мен №2 ведомосы толтырылады, ол банк көшірмелері негізінде толтырылады. №2 ж-о мен №2 ведомосы бойынша жиынтық айналымдар мен сальдо ай соңында бас кітаптағы 1030 шотына көшіріледі.
Есеп айырысу шоты оның иесінің өтініші, 3 ай бойы шотта қозғалыс болмаған жағдайда, субъектіні құрған органның шешімімен жабылады.
Негізгі шоттар корреспонденциясы
Есеп айрысу шотына сатылған өнімдерден (көрсетілген қызметтерден) түсім келіп түсті:
- ҚҚС сомасынсыз
- ҚҚС сомасы
1030
1030
6010
3130
Бақылау сұрақтары:
1. Ақшалай қаражаттар есебі және олардың мақсаттары
2. Ақшасыз есеп-айырысу нысандары
3. Ағымдағы банктік шотының операциялары есебін жүргізу тәртібі және құжаттандыруы
4. Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары
5. Чекпен есеп айырысу дегеніміз не ?
Сабақ тақырыбы: Банктердегі валюталық шоттар бойынша операциялар есебі.
1. Банктердегі валюталық шоттар бойынша операциялар есебі.
2. Бағамдық айырма түсінігі және есебі
1. 20 сәуір 2001 жылғы №115 Ұлттық банкінің Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында валюталық операцияны жүргізудің Ережесіне» сәйкес валюталық операцияларды жүргізу үшін заңды және жеке тұлғалар өкілетті банктердің бірінде валюталық шот ашады. Шотты ашу үшін мындай құжаттардың негізінде ашылады:
1) шот ашуға арналған өтініш
2) қойылатын қол мен мөртабан белгісінің үлгісі бар карточка;
3) субъектінің салықтық есепке қойылу фактісін растайтын салық органының анықтамасы;
4) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
5) жарғы мен құрылтай шартының көшірмесі.
Валюталық әрекеттер осы ел территориясындағы шетел валютасының жүру тәртібін, валюталық қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін бекітетін ұлттық заңдылықтармен реттерледі. Шетел валютасында жүзеге асырылатын ұйымдардың қызметтері мен әрекеттерін Қазақстан Республикасының заңдылықтары реттейтін нормативті актілерден тұрады:
- Валюталық реттеу туралы заңы Қазақстан Республикасының заңы
- Шетел инвестициялары туралы Қазақстан Республикасының заңы
- Кеден тарифі мен бажы туралы Қазақстан Республикасының заңы
- Қазақстан Республикасының Кеден Кодексі
- №2 ҚЕҰС
Валютамен операциялар жөніндегі бухгалтерлік есептегі жазулар бухгалтерлік есептің шоттарында операция жасалған күнгі Ұлттық банктің бағамына қайта есептелген ҚР-ның валютасында көрсетуліге тиіс.
Валюталық шоттар бойынша әрекеттер мынадай құжаттармен рәсімделеді:
1. Қолма-қол валютаның (түсім, пайдаланылмаған сома, есеп беретін сомалар және т. б. ) келіп түсуі валюталық кіріс ордерімен ресімделеді.
2. Қолма-қол валютаның берілуі валюталық шығыс ордерімен ресімделеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz