Жасанды интеллект және оның қоғамға әсері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Конференциялық мақала
Тобы: _________ Сагинбеков Бекзат
Жетекшісі:

Жасанды интеллект және оның қоғамға әсері
Жасанды интеллект (ЖИ, ағылш. Artificial intelligence, AI) -- интеллектуалды компютерлік бағдарламалар мен машиналар жасау технологиясы әрі ғылым.
Соңғы ғасырдың жартысынан бері түрлі елдің ғалымдары адамның санасы сияқты әртүрлі функцияларды басқара алатын күрделі механизмді жасанды жолмен жасауға тырысып келеді. Әзірге адам санасының аналогы жасалған жоқ. Оны ғылымда "жасанды интеллект" дейді.
1956 жылдың жазында Джон Маккарти есімді америкалық бағдарламашы АҚШ-тың Дартмут колледжінде өткен ғылыми конференцияда бұл терминді алғаш рет қолданған. Өзінің анықтамасын түсіндіру барысында: "Әзірше біз бүтіндей қандай есептеуіш процедураларды интеллектуалды деп айта алатынмызды білмейміз. Сол себепті интеллект сөзін әлемде мақсатқа жету үшін қолдандылатын әдістердің есептеуіш бөлігін ғана түсініп жүрміз". Ол компьютерлік бағдарламалаудағы ең алғашқы тілдердің бірі Лисптің негізін салған. Жасанды интеллектінің дамуына қосқан үлесі үшін Маккарти зейнет жасында Тюринг премиясының лауреаты атанады.
Шындығында, жасанды интеллект Джон Маккартиге дейін де қолданылған. Тек оған дәл осы атау берілмеген болатын. Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Алан Тюринг есімді ағылшын математигі немістің құпия ақпаратын бұзып, оны шифрдан шығаратын машина құрастырады.
Алан Тюринг соғыс кезінде Германияның әскери-теңіз флотының хабарламаларына криптоанализ жасайтын ағылшын үкіметінің Hut 8 атауына ие тобына жетекшілік еткен. Ол немістердің Энигма аппаратының кодын бұзып, мыңдаған адамның өмірін сақтап қалады. Соғыстан кейін ағылшын ғалымы алгоритмдік анализ жасаумен айналысып, 1950 жылы компьютер интеллектінің деңгейін анықтайтын тест әдісін жасап шығарады. Тюринг тесті бүгінгі күнге дейін қолданылады.
Тарихта компьютер атасы деп аналитикалық есептеу машинасын құрастырған ағылшын математигі Чарлз Бэббиджді атағанымен, жасанды интеллект көмегімен жұмыс істейтін алғашқы компьютерді Алан Тюринг құрастырған. Оның ғылыми жұмыстары бүгінгі суперкомпьютерлердің құрылуының негізі болды.
Робот Тюринг тестін тапсырған соң не өзгереді? Аты әлемге танымал футуролог Рэй Курцвейл жасанды интеллектіге ие робот Тюринг тестін тапсырған кезде роботтық технологияда төңкеріс болатынын айтады. Оның болжауынша, бұл 2029 жылы жүзеге асырылады.
Қазіргі таңда әлемде 3500 ден астам компания жасанды интеллектіні дамытумен айналысып жатыр. Олар жасанды интеллект мүмкіндігін әртүрлі салаға бейімдеуге тырысып жатқанымен, әмбебап ақылды гуманоид құрастырып жатқан компаниялар саны шектеулі.
Ақылды гуманоид түрлерін құрастыруға әзірге тек екі елдің компаниялары атсалысып жатыр. Айта кетсек, АҚШ-та Vicarious, Brain Corp., Boston Dynamics, CloudMinds, Locus Robotics, Veo Robotics, Rethink Robotics, Miso Robotics, iRobot сынды компаниялар адам мүмкіндіктерін қайталай алатын роботтар жасауға тырысса, Жапонияның Softbank Robotics, Epson Robots, Honda Co., Intelligent Actuator, KO PROPO сынды компаниялар роботтық технологияда бір-біріне бәсекелестік танытып жатыр.
Өткен ғасырдың соңғы ширегінде ғалымдар жасанды интеллектіні алгоритмдік ойлау шеңберінен шығаруды ойлады. Нақтырақ айтсақ, жасанды интеллектіге ойлау шексіздігін сыйлау идеясы туындаған болатын. Ал, оған дайын модель ретінде адам миының құрылымы таңдап алынады. Осылай "нейрондық желі" құрылды. Нейрондық желі - адам миының көшірмесі.
Бүгінгі ғалымдар компьютер мүмкіндігін бірнеше мың есеге күшейткенімен, оны бағдарламалау кодының шеңберінен шығаруға қол жеткізбеді. "Жасанды интеллект" тіркесі адамның санасын жасанды жолмен жасау идеясын арқалағандықтан, ол адам сияқты еркін ойлау қабілетіне ие болуы тиіс. Осылай соңғы 20 жылда жасанды интеллектіні дамытумен айналысатын институттарға нейроғалымдар (нейробиолог, невролог, нейрохимик, ми ғалымы) тартыла бастады. Нейрон адам миында әртүрлі функцияға жауапты жасуша болса, бағдарламалауда ол 0 мен 1 сандарының арасындағы тұрақты микробірлік болып саналады.
Смартфоныңыздағы Google Translate қосымшасы x=x алгоритмі негізінде жұмыс істейді, яғни ол бір тілдегі сөздің екінші тілдегі аудармасына тең деген компьютерлік бағдарлама негізінде құрылған. Бұл нақты қайталанатын алгоритм негізіндегі жұмыс істейді және ол өзін-өзі дамыту мүмкіндігіне ие емес.
Ал, екі жыл бұрын Google компаниясы смартфон камерасы арқылы жазылған мәтінді танып, оның аудармасын ұсыну функциясын жетілдірді. Бұл нейрондық желі көмегімен жүзеге асырылады. Сосын ол өзін-өзі дамыта алады.
Анықталмаған сөз немесе сан нейрондық желінің бірнеше кезеңінен өтеді. Алдымен нысан смартфон камерасы арқылы нейрондық желіге енгізіледі. Ал, сөздегі әрбір әріп нейрондық желідегі 784 нейронды біріктіретін 2D өлшемді пиксел платформасында (28x28 пиксель жүйесі) сканнан өтіп, Google Translate қосымшасының үлкен ақпарат қорындағы барлық сөздердің пиксельдерімен салыстырылады. Сосын пиксельдердің ең ұқсас нұсқасы таңдап алынып, аударылған сөз нәтиже ретінде беріледі. Жүйе автоматтандырылғандықтан, тапсырма бір секундқа жетпей орындалады.
Google браузерінің іздеу принципі 28x28 пиксель жүйесіне негізделген. Сіз сұратқан ақпарат компанияның дата орталықтарындағы ақпарат қорынан ізделеді. Браузердің алгоритмі релеванттық анализдеу жүйесі сіз сұраған ақпаратты дәл анықтап, ретімен нақты ұсынуға үйретілген.
GoogleX ғалымдары адам миы мен көздерінің арасында ақпарат тасымалдайтын нейрондардың функционалдық жүйесін көшіріп ала алды. Қазір бұл әдісті Қытай үкіметі халқын бақылауда ұстауға пайдаланып отыр. Олар көшелердегі камералардың көмегімен өтіп бара жатқан азаматтың бетін сканерлеу арқылы оның кім екенін анықтай алады. Өкінішке қарай, жасанды интеллект осындай мақсатта да қолданылып жатыр.
Жасанды интеллект адам баласына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Робототехникадағы жасанды интеллект
Адам баласы жасанды интеллект дамуының қай кезеңінде
Интеллектіні психогенетикалық зерттеу
Қазақ руханияты туралы философиялық тұжырымдар
Психогенетика
Экономика салаларын цифрландыру
Көшбасшылықтың психологиялық аспектілері
Тіршілік қауіпсіздігінің теориялық негіздері
Интеллектуалды жүйе
Серво Өрмекші роботының қозғалысы
Пәндер