АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ АРНАЛАРЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫ МЕН МАҢЫЗЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ТАҚЫРЫБЫ: АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ АРНАЛАРЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫ МЕН МАҢЫЗЫ

Қазіргі таңда үздіксіз білім беру еліміздің ертеңі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ - ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Мектепке дейінгі шақ адам өміріндегі ең маңызды кезең болып келеді. Өйткені осы кезде баланың бойындағы табиғи бар дарындылық жан-жақты дами бастайды. Сондықтан осы шақта балалармен анағұрлым жан-жақты дамытушылық әрекеттер жүйелі жүргізілсе, жұмыс соншалықты нәтижелі болады. Тәрбиелі, білімді ұрпақ балабақшадан мектепке дайын шәкірт болып шығады. Тәрбие тағлымы баланың нәрестелік шағынан бесік жырымен біртіндеп іске асырылып, санасына орнығып отыратын ұзақ үрдіс. Сол себептен қоғам өміріндегі білім беру саласындағы әрбір жаңалық мектепке дейінгі тәрбиеге тікелей әсер етіп, тәрбие мазмұнын жаңарту ісіне ықпал етіп келеді.
Бүгінгі таңда Мәңгілік ел идеясы негізінде жас ұрпақты рухани жаңғыру аясында тәрбиелеуде Абай шығармаларын жан-жақты оқытудың тиімділігі өте зор. Қазіргі ең басты мәселелердің бірі - болашақта қоғам мүддесін өтеуге қабілетті, жан - жақты дамыған, өз еліне сүйіспеншілігі зор тұлғаны қалыптастыру. Ұлы Абай атамыз адамның өсіп жетілуіндегі тәрбиеге аса зор ерекше мән берген. Оның дәлелі: адам баласы туа сала есті болмайды. Естіп, көріп, ұстап татып - естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарында болады. Естіген нәрсені есте сақтау, ғибрат алу ғана есті етеді деген даналық ойы, яғни адам ақыл-ойының, есінің тәрбие арқылы ғана жетілетінін ғылыми түрде дәлелдеген. Яғни, білім мен тәрбие беруде Абай шығармаларын қолдану ұтымды әрі тиімді. Бұл өзгелерден озық дүние болмағанмен, ұлт ұрпағының білім, зияткерлік қасиет, адами рухани құндылықтар дүниесіне бағдарлану қабілеттері артып, Мәңгілік елдің жан - жақты жетілген тұлғасының өсуіне ықпалын тигізеді.
Мектепке дейінгі оқу-тәрбие үрдісінде Абай мұрасын қолдану өсіп келе жатқан ұрпақтың ақыл-парасаты биік болуына, мінез-құлқы, іс-әрекетіне ықпалы зор екені даусыз. Абайдың педагогикалық көзқарасындағы басты нысаны Атаның баласы болма, адамның баласы бол деп жас буынды елдің, халықтың қамын ойлайтын, адал қызмет ететін ұрпақ болуға шақырады.
- Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп
Айтпа ғылым сүйсеңіз, - деп ұрпағына даналық ақылын айта отырып, талапты болуға, жақсыдан үлгі алуға, ғылым, білім үйренуге үндейді.
Оның әрбір өлеңі балаға жан-жақты тәрбие беруді ойластырады. Ғылым таппай мақтанба, Әсемпаз болма әрнеге өлеңдері балаларды ғылым-білім үйенуге шақырып, адам бойында кездесетін жақсы, жаман қасиеттердің жігін түсінуге жетелейді.
- Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Осыдан былай қарай, имандылық тәрбиесі жөнінде
Мектепке дейінгі балалардың халық тәрбиесі
М. Дулатов шығармаларындағы елдік рух
Этнопедагогика және фальклорық зерттеу әдісі
Семей бөлімшесінің мүшесі ретінде Орынборда Қазақстанды зерттеу жөніндегі қоғамда жауапты қызметкер атқарған алғашқы қазақ әйелі
Ұлы ақын Абай Құнанбаев - қазақ халқының эстетикалық ойының шыңы
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Өзін-өзі тану шығармашылығы жайлы
Жергілікті тілдің ерекшеліктері
Әдебиеттен сыныптан тыс жұмыстарының зерттелуі
Пәндер