Шеміршек ұлпасы туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университет

Кафедра:

Факультет: Биология

Баяндама

Тақырыбы: Шеміршек ұлпасы

Студент:

Группа:

Шеміршек ұлпалары жануарлар организмдерінде қаңқаның құрамында
(омыртқалар денелерінің аралықтарында, төссүйек бөліктерінің
(стернебралардың) арасында, қабырғаларда, сүйектердің буын беттерінде),
тыныс алу жолдары мүшелерінің (мұрын қуысы, көмекей, кеірдек, бронхтар)
қабырғаларында, құлақ қалқанында кездеседі. Шеміршек ұлпалар тіректік
қызмет атқарумен қатар, серпімділігімен ерекшеленеді. Жас шеміршектің 70-
80% -ы су, 10-15% -ы органикалық зат, 4-7% -ы тұз. Құрғақ затының 50-70%
-ын коллаген талшықтары құрайды. Шеміршек ұлпары шеміршек жасушалары –
хондроциттерден және жасушалық заттардан тұрады. Жасуша аралық заттарының
құрылысы мен қызметіне байланысты шеміршек ұлпалары: гиалинді, эластинді
және талшықты шеміршек ұлпары болып үш түрге бөлінеді.
   Гиалинді шеміршек сыртынан шеміршекқаппен қапталған. Шеміршек қаптың өзі
екі қабаттан тұрады. Оның сыртқы талшықты қабатын тығыз дәнекер ұлпасы
құрайды. Талшықты қабат шеміршек ұлпасын қоректендіретін қан тамырларына
өте бай. Шеміршекқаптың ішкі қабатын хондрогенді (шеміршек түзу) қабат деп
атайды. Хондрогенді қабат негізінен жас шеміршек жасушалары –
хондробласттардан тұрады. Бұл қабаттың шеміршек түзу қабаты деп аталуының
себебі, хондробласттар шеміршектің жасушааралық затын бөлу арқылы шеміршек
ұлпасын түзеді. Шеміршекқап хондробласттары шеміршек ұлпасын түзеді.
Шеміршекқап хондробласттары шеміршек ұлпасын түзе отырып, шеміршектің
қалыңдап өсуін қамтамасыз етеді. Қызметі тоқталған хондробласттар, сол
өздері жасаған шеміршектің жасушааралық заты аралығында қалып,
хондроциттерге (шеміршек жасушаларына) айналады.Шеміршекқаппен жанасқан
шеміршектің шеткі жағында пішіні сопақ ұршық тәріздес ұзынша келген жас
шеміршек жасушалары – хондробласттар орналасады. Олардың цитоплазмалары
базофилді боялады. Шеміршек ұлпасының шеткі жағынан ортасына қарай жылжыған
сайын, хондробласттар пішінін өзгертіп сопақтанып, одан әрі дөңгеленіп,
хондроциттерге айналады. Бөліну арқылы көбейген 3-4 хондроциттер бір-
бірінен ажырамай, сыртқы жағынан ортақ қабықпен қапталып, хондроциттердің
изогенді (біртекті) топтарын жасайды. Олар жасушааралық затқа қышқылды
реакциялы гликозамингликандарды шығарып, хондроциттердің изогенді
топтарының сыртқы жағындағы жасуша аралық заттың базофилді (көкшіл түске)
боялуына ықпалын тигізеді. Біртекті хондроциттер топтарының сыртындағы
базофилді боялған жасушааралық заттың аймағын жасушалардың аймақтық негізі
(матриксі) деп атайды. Ал хондроциттерден оксифилді (қызыл түске) боялып,
олардан шалғай жатқан жасушааралық заттың аймағын аймақаралық негіз деп
атайды. Гиалинді шеміршек ұлпасының жасушааралық затын
гликозамингликандармен желімделген коллаген талшықтары құрайды. Коллаген
талшықтары мен гликозамингликандардың сәулелерді сындыру көрсеткіштері
бірдей болғандықтан, гиалинді шеміршектің жасушааралық заты біркелкі мөлдір
болып келеді. Сондықтан, ұлпа гиалинді (грек. Hyalinos – мөлдір, шыны
тәрізді) шеміршек деп аталады. Гиалинді шеміршек мұрын қуысының шеміршек
пердесін, көмекей, кеңірдек, бронхтар, төссүйек, қабырғалар шеміршектерін
түзіп, тіректік және қорғаныс қызметтерін атқарады. Гиалинді шеміршек
омырылғыш және морт сынғыш келеді.
   Эластинді шеміршек – құлақ қалқаны мен көмекей бөбешігінің (тілшік)
негізін құрайтын серпімді шеміршек ұлпасы. Эластинді шеміршектің жалпы
құрылысы гиалинді шеміршекке ұқсас. Айырмашылығы, оның жасушааралық затының
құрамында қосымша эластин талшықтары болады.
   Талшықты шеміршек – омыртқалар денелерінің аралығындағы шеміршек
дискілерді, жамбас сүйектері арасындағы жікті (симфизді) және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шеміршек. Жасқа байланысты гистологиясы. Регенерациясы
Гистология мен цитологияның қысқаша даму тарихы, эпителий және дәнекер ұлпалары
ШЕМІРШЕК ҰЛПАСЫ
Ұлпа
Механикалық ұлпалар
ҰЛПАЛАР ТУР АЛЫ ҚЫСҚАША ТҮСІНІК
Цитология және гистология
Бет бөлімінің сүйектері
Сүйек ұлпасы
Адамның тірек-қимыл жүйесі қызметінің ерекшеліктері
Пәндер