Нұра өзені


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Нұра өзені

Нұра - Теңіз көлі алабындағы өзен.

Қарағанды және Ақмола облыстарының жерімен ағатын өзен. Ұзындығы - 978 км, су жинау алқабы - 60, 8 мың км2. Нұра Қарқаралы тауының батыс сілемдеріндегі бұлақтардан басталып, Теңіз көліне құяды. Ұзындығы 10 км-ден астам 200-дей саласы бар.

Нұра Қызылтас тауының батыс сілемдеріндегі бұлақтардан басталып, Теңіз көліне кұяды.

Нұра жоғарғы ағысында аласа таулардың арасымен, орта тұсында ұсақ шоқылар бойымен және төменгі ағысында төбелі жазықпен ағады. Өзен аңғары жоғары және орта бөлігінде қатты кристалды шөгінді жыныстардан (ені - 2-10 км) түзілген, төменгі жағында аңғары 25 км-ге дейін ұлғаяды. Жайылмасы кең (кейде 15 км-ге дейін) келеді. Тереңдігі 1-4 м. Жылдық орташа су шығыны 19, 5 м3/с (сағасынан 369 км жерде) . Негізінен қар және жер асты суымен толығады. Жылдық ағынының 92, 1%-ы сәуір-мамырда, 7%-ы маусым-қазанда, ал 0, 9%-ы қыста өтеді. Жылдық ағынының орташа көп жылдық көлемі (Романовское селосы тұсында) - 473 млн. м3. Өзен қарашаның басында қатып, сәуірде мұзы ериді. Ірі салалары: Ақбастау, Алтынсу, Байғожа, Есен, Ұзынбұлақ, Құланөтпес, Матақ, Ащысу, Үлкен Құлынды, Көкпекті, Шерубайнұра (ең ірісі, 268 км) .

Суға тапшы Орталық Қазақстан жағдайында Нұраның шаруашылық маңызы өте зор. Өзен бойында Самарқан, Самар және Шерубайнұра бөгендері салынған. Нұра су құбыры іске қосылған. Сағасында Қорғалжын мемлекеттік қорығы ұйымдастырылған.

Нұра өзенінің зерттелу тарихы

Нұра өзені алабына қандай да болмасын, яғни гидрологиялық, геоморфологиялық, физикалық географиялық сипаттама беру барысында оның тарихи зерттелуіне міндетті түрде жүгіну керек сонда ғана зерттеліп отырған географиялық объектінің толық сипаттамасын алуға болады. Нұра өзені Орталық Қазақстандағы, оның ішінде Қарағанды облысындағы ірі су артериясы болып табылады. «Нұра» атауының өзі ертедегі түрікше мағынадан алынғандықтан, «тау басынан бастап ағатын өзен» деген мағынаны білдіреді. Өзеннің зерттелу тарихында, оның гидрогеологиялық сипаттамаларын жасауда зор үлес қосқан көптеген геолог, гидролог ғалымдар жəне өлкетанушы турист Ю. Г. Поповтың еңбектері маңызды орын алады [5] .

Нұра өзенінің алабын зерттеу негізінен XX ғасырдың басында жүргізіле бастаған. 1916 жылдан бастап осындағы Романов селосының тұсында өзеннің ағыны жөнінде алғашқы мəліметтер алына басталады. Қарағанды облысының су ресурстарын, оның ішінде Нұра өзенінің алабын жүйелі түрде зерттеудің бастамасы алғашқы бесжылдықтарда, яғни индустриялы Қарағанды, Балқаш, Жезқазған қалалары, Ақмола-Қарағанды-Балқаш темір жолының қалыптасуына қуатты, мықты сумен қамтамасыз етуді талап еткеніне байланысты басталады. Қарағанды көмір бассейндерін жəне Қазақстанның мыс-қорыту заводын сумен қамтамасыз ету көздерін айқындау барысында 1930 жылдың көктемінде Санкт-Петербургтың гидрогеологиялық Институтының экспедициясы «Қазақмысқұрылыс» жөне «Қазкөмір» трестерінің келісімі бойынша Нұра өзені алабының жер беті жəне жер асты суларының ағынын Токаревка, Самарқан, Байқадам, шешенқара пункттері бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Осы жылдың жаз айында Қарағандының негізгі су бағасы жəне КарГРЭС-тің негізгі көздері ретінде, Нұра өзенінің аңғарында Самарқан су қоймасы мен бөгетін салу жөнінде гидрологиялық жəне инженерлік геологиялық жұмыстар атқарылады. 1931 жылы А. Козыревтің Соқыр, Шерубай-Нұра өзендерінің аңғарларында маршрутты зерттеу жұмыстары болады. Бұл жылдың 25-сəуір айында СанктПетербургтегі жер асты суларын геологиялық барлау Институтында Қарағанды көмір бассейні жəне Успен руднигін жалпы гидрогеологиялық жағынан оқып-білу үшін арнайы суретке түсіру жəне зерттеу тобы қалыптастырылады. Бұл топтың құрамындағы В. Я. Грянев, В. А. Курдюков, М. П. Коровин, А. Г. Григорьев, Г. Ц. Медоев, М. В. Борисяк, Н. Г. Кассин жəне

Б. К. Герлецкий сияқты геолог ғалымдар алаптың юра шөгінділеріндегі, ізбестас қабаттарындағы, эффузивтердің тектоникалық аймақтарындағы суды іздеу жұмысымен айналысты. Осының негізінде Нұра өзені алабының орталық бөлігінің алдын-ала гидрогеологиялық картасы жəне оның батыс, солтүстік жəне шығыс бөліктерінің шолу картасы жасалынып, Қарағандының маңайында юра шөгінділерінің артезиан суының мол қоры бар екені дəлелденді. Бірақ оны пайдалану ол кезде мүмкін болған жоқ. Ол кездегі Қарағанды халқының жағдайын жазушы академик Сəбит Мұқановтың «Өмір мектебі» деген кітабында айқын көруге болады. Ол кісі былай деп жазады: «1932 жылы мен Қарағандыда болғанда, оның халқы суды өте қажет еткенін көрдім. Нұраның суын адамдар бөшке-ыдыстармен тасып жүрді. Олар насосты станцияның құрлысын аңсаған болатынды. Бірақ ол кезде ешкім де өзенді бөгеп, оған су қоймасын жасауға болатын мүмкіндікті ойламаған, білмегенді» [1] .

Совет дəуіріндегі жазушы Сергей Марков «Аляска жазбалары», «Жер шары» деген еңбектерінде Нұра өзені туралы жазып өткенін де айтуға болады [1] .

1932-35 ж. ж. юра шөгіндісінің арынды (напорный) суы барланды. Сонымен қатар, Теміртау, Қарағанды жəне Қарағанды-Балқаш темір жолдарының бойында гидролог, геофизиктердің көмегімен осы өлкенің негізгі өзендерінің ежелгі мүжілген аңғарлары ашылып, арынды суларды барлау-іздеудің кешенді методикасы талқыланады.

1934 жылы Орталық Қазақстанның территориясындағы өзендерге физикалық географиялық сипаттама беріле басталады (Яговкин И. С. ) . Оның ішінде Нұра, Есіл жəне т. б. салаларының суының химиялық құрамы тұтасымен зерттеледі [7] .

Нұра, Шерубай-Нұра өзендерінің ежелгі жəне қазіргі аңғарлараның аллювиальды шөгінділерінде 1936 жылы грунт суларының бар екендігі анықталады [4] .

1938-40 жылдары Қарағандлы жəне Жезқазған рудниктерін зерттеу барысында юра жасындағы құмтастар жəне конгломераттармен байланысы бар Қарағанды артезиан бассейні ашылады. Осы артезиан бассейні арқылы Қарағанды өнеркəсіп қаласы ауыз сумен қамтамасыз етіледі [2] . 1939 жылы Қазгеология басқармасының зерттеулері бойынша барлық Нұра өзенінің алабын гидрогеологиялық суретке түсіруді жүргізіліп, Дубовка қимасы бойынша юра шөгінділерінің арынды сулары барланады.

1941-42 жж. Шерубай жəне Қарамұрын шоқыларында Шерубай-Нұра су қоймасын салу жүргізіледі. Сонымен қоса, су қоймасының аңғарындағы жер асты суларының қоры есептелінеді. Соғыс жылдарынан кейін Орталық Қазақстандағы бағалы пайдалы қазбалар негізінде қарқынды өнеркəсіптің дамуы - облыстағы ірі өнеркəсіп орындары, қалалар жəне жұмысшы поселкелерін су ресурстарымен қамтамасыз етуді талaп ете бастады. Қарағанды өнеркəсіптік ауданын сумен қамтамасыз етудегі мəселелерді шешуде, 1948 жылы Нұраның сол жақ саласы Шерубай Нұра өзенінің аңғарында инженерлік геологиялық зерттеулер жүргізіліп,

1952 жылы жазда жер асты суларының маңыздылығы одан сайын арта түседі, Қарағанды көмір бассейнінің көлемінде жүргізілген жер асты суларының нақты деректерін жинастырған В. А. Курдюков болады [7] . Шерубай-Нұра өзенінің төрттік аңғарының аллювальды ағынын оқыпбілуді «Казахуглеразведка» трестісі анықтады. Нұра жəне Шерубай-Нұра өзендерінің жер беті ағынын оқып-іздеумен 1953 жылы Г. Д. Гильдеблат, Г. В. Казанцев, Б. И. Ковалев, П. С. Кузин жəне т. б. гидрогеологтар айналысады. 1954-55 жылдары тың жəне тыңайған жерлерді игеруге байланысты, Нұра өзенінің Теңіз апабына құятын жерінен де нақтылы мəліметтер алына басталады [1] . Облысымыздың əйгілі өлкетанушысы Ю. Г. Попов осыдан кейінгі уақыттарда өзінің еңбектерінде В. А. Курдюковтың, В. А. Селевиннің, М. Пришвиннің экспедициялары жөнінде көптеген жазбалар, Нұра өзені бастауын алатын Қарқаралы тау массивтеріне саяхат жасап, Нұра өзені алабының оң жақ саласы Матақ, Ащысу өзендеріне саяхатшы-географ ретінде сипаттама берді. Ол кісінің «Сарыарқа» туралы бірнеше еңбектерінде Нұра өзені туралы ойлары жазылған [8] . Территорияның зерттелу тарихына сүйене отырып, Нұра өзені алабына келесі гидрологиялық жəне геоморфологиялық сипаттама беруге болады. Нұра өзені бастауын Қарқаралы тау массивіндегі Ханқашты тауының оңтүстік-батыс сілемінен, теңіз деңгейінен 1060 м биіктен алады да, Теңіз көлінің алабына құяды. Негізінен, Нұра өзенінің алабы Орталық Қазақстандағы ағынсыз аймақта орналасып, Қарағанды облысының 66, 3 %-ін жəне Ақмола облысының 33, 7 %-ін қамтиды. Нұраның алғашқы бастаулары Ақбастау жəне Қоңыртөбе деп аталынады. Нұра өзенінің жалпы ұзындығы 978 шақырым (км), бассейннің ауданы 50 мың шаршы шақырым (км2) Өзеннің жоғарғы су жинау ауданы 73, 1 мың км2 Ағысы Ақбастауға құйған жеріне дейін Керегетас, Қарашоқы, Байқота деп аталынып, орташа еңістігі 0, 74 %-ті құрайды, ал 3%-тен астам неғұрлым салыстырмалы құламасы - өзеннің жоғарғы бөлігіне тəн. Төменгі ағысындағы су бетінің еңістігі 0, 1 %ке азаяды. Нұра өзенінің алабында 10 шақырымдай (км) ұзындығы бар 200 өзен бар. Оның оң жақ салаларына Матақ, Ащысу, Үлкен Құндызды, ал сол жақ саласына ірі Шерубай-Нұра өзендері жатады. Жалпы жылдық ағыны 150-ден 250 млн. м3 -ге дейінгі аралықта ауытқиды. Суының көпшілігі көктемгі мезгілге сəйкес келеді. Көктемнің кей күндерінде 8-10 күнге созылған су толуы болады. Нұра өзені аңғарларында жəне оның салаларында облыстың неғұрлым құнарлы жерлерінде тұрғылықты пункттер орналасқан.

Геоморфологиялық зерттеулері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нұра өзені сужинау алабының желісі
Нұра өзені бассейніндегі су қорғау шаралары үшін судың беткі қабатының сапасын қазіргі заманғы бағалау
Антропогендік әрекет нәтижесінде тасындылар ағындысының сандық және сапалық өзгеруімен танысу
Қазақстанның өзендерінің экологиялық жағдайы
Нұра алабы өзендерінің ағындысының қалыптасуындағы табиғи және антропогендік фаторларының рөлі
Нұра өзенінің негізгі гидрологиялық сипаттамаларын есептеу
Балқаш көлінің физикалық-географиялық жағдайы
Нұра өзені – Бес-Оба бекеті бойынша су өтімі қисықтарын тұрғызу және жылдық ағындыны есептеу
Экологиялық кауіпсіздік
Ақмола облысының су ресурстарын пайдалану және қорғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz