ТЫРАУ ӨҢІР АУАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І. АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ
ІІ. АТЫРАУ ӨҢІР АУАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1 Атырау облысының жалпы экологиялық жағдайлары
2.2 Каспий өңіріндегі мұнай тасымалдау саласының Атырау ауасының эколо-гиялық жағдайына әсері
2.3 Өндіріс қалдықтарының атмосфералық ауаға әсері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының құжаттарында ашық айтылғандай, адам денсаулығына дәрігерлік саланың жұмысынан 10 пайыз ғана пайда болса, оның 40 пайызға жуығы табиғат жағдайына, экологияға байланысты екен.
Кеңес дәуірінде "табиғатқа жалынбаймыз, одан өз керегімізді тартып аламыз" деген ұран аяғында егіндік, шабындық жерлеріміздің тозуына, топырақтың эрозияға ұшырауына, балықтың азаюына, атмосфераның бүлінуіне әкеліп соқтырғанын көрдік. Ал қоршаған ортаның қолайсыздығынан адамның денсаулығына келетін зиян аса қауіпті екенін жоғарыда айтып кеттік.
Ата Заңымыздың 1 бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп, алтын әріптермен жазылған болса, осы Заңның 29, 31 баптарында Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы барлығы және мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды деп ашып көрсетілген.
Халықтың денсаулығын қорғау - мемлектіміздің қауіпсіздігінің бір кепілі. Сондықтан да халықтың денсаулығын экологиялық қолайсыз жағдайлардан қорғау, елді мекендерде қоршаған орта нормативтерін сақтау, өнеркәсіп нысандарын елді мекеннен тысқары жерге шығару, экологиялық себептерден болған ауруларды емдеу үшін клиникалық орталықтар құру, халықтың денсаулығына экологиялық тұрғыдан келген зиянды өтеу бүкіл мемлекеттік органдар мен сот органдарының қатаң бақылауында болғаны абзал.
Тақырыптың өзектілігі. Адамның көңіл - күйі мен өмір тіршілігі қоршаған ортаның жағдайымен өте тығыз байланысты. Адамдардың табиғатқа, оның ресурстарына ойсыз араласуы жер шарының климатының өзгеруіне, Дүниежүзілік мұхиттардың ластануы, шөлді - шөлейтті жерлердің кеңейуіне, ормандардың азаюына, қышқылды жаңбырлармен келетін күкірт және азот оксидінің мыңдаған тонналарының жер бетіне әкеліп отыр, ал олардың жан-жануарлар мен өсімдіктерге кері әсерін тигізіп жатқандығы белгілі. Қала-лардағы атмосфера ауасының шаңмен, түтінмен, күлмен сол сияқты көміртегінің оксидімен, күкірт ангидридімен, азоттың оксидтерімен ластануы өте жоғары болып тұр.
Заманауи мұнай өңдеу зауыттарында жүйелі инженерлік-технологиялық және санитарлық-гигиеналық шаралардың кең көлемде өткізілгеніне қарамастан, жұмысшылардың денсаулығына жағымсыз әсер ететін зиянды өндіріс факторлары бар. Бұларға көмірсутегі, күкіртсутегі, көміртегі тотығы, күкірт ангидриді, азот тотығы, бензол, фенол және басқа зиянды заттарды және де қолайсыз микроклимат жағдайлары, шу, дірілдерді, жүйке жүйелеріне ауыртпашылықтарын жатқызуға болады. Өте жиі таралған спецификалық емес ауруларға ас-қорыту ағзаларының, әсіресе гепато-билиарлық жүйенің, өкпе-бронх және жүрек қан-тамыр жүйесінің аурулары жатады, бұлардың пайда болуына әр-түрлі химиялық факторлар орын алады. Атырау мұнай өңдеу зауытында әлі күнге дейін жүйелі гигиеналық зерттеулер жүргізілген жоқ. Сондықтан бұл өзекті мәселелердің көптеген сұрақтары белгісіз боп қалып отыр және әріқарай зерттеуді талап етеді.

Өндірістің технологиялық қайта қалыптасуын ескере отырып, алғаш рет Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысшыларының денсаулығы және еңбек жағдайы туралы кешенді сипаттама ұсынылды, зерттелетін өндірістегі оператор, машинист және слесарлардың денсаулығына жағымсыз әсер ететін гигиеналық жетекші зиянды заттардың өндірістік факторлары-кәсіби қауіпті топтары анықталды. Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмыс істейтін негізгі кәсіби топтағы адамдардың ағзасының функционалдық жағдайын бағалау бойынша кешенді өткізілген физиологиялық тексерістер, ауыспалы жұмыс істеу динамикасында физиологиялық критерилер бойынша операторлар мен машинистердің еңбегін орташа ауырлық жұмыс санатына, ал слесарьлардың еңбегін 3 класты ауыр жұмысқа және жүйке жүйесінің ауыртпалылығын дәлелдеді.
АТЫРАУ ӨҢІР АУАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Қашанда aдaмның тәні мен жанына дауа болатын фактордың бірі - таза ауа. Тал-ағаш, өсімдіксіз таза ауа өнбейтіні мәлім. Сондықтан жасылдандыру бүгін аса маңызды экологиялық, қоғамдық мәселеге айналып отыр. Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ерекше назарда ұстап, қала мен ауыл, елді мекендерді, айналаны көгалдандыруды қоғам алдындағы үлкен міндет қылып қойды. Бұның, әсіресе, Атырау үшін мәні зор. Өлкеміздің қойнауы - тұнба байлық. Бұл - табиғаттың сыйы. Алайда, осы байлықты игеріп, ел игілігіне жарату, өндірістің қарқынды дамуы өңіріміздің экожүйесіне техногендік салмақ салып отырғаны да рас. Сондықтан, осынау көкейкесті мәселе бойынша қалың оқырманмен ой бөлiсу өте өзектi деп бiлемiн. Ірі өндіріс орындары шоғырланған Атырау өңірі үшін экология - маңызды мәселе. Экологиялық жай-күйден хабардар болу үшін мұнай-газ өндірісінің әсері мен бұрынғы теңіз табанынан кепкен үздіксіз көтеріліп тұратын миллиондаған тұз аралас шаң-тозаңды, әртүрлі химиялық заттармен қаныққан су, құнарсыз сор мен сазды топырағын айтсақ та жеткілікті.Бүгінде тексеру нәтижелері көрсетіп отырғандай, ауаға лас қалдықтарды тастау көрсеткіші өсіп отыр. Экологтар мәліметінше, облыста өткен жылы 99,8 мың тонна қалдық таратылса, соның ішінде қалаға 74 мың тоннасы жайылған. Бұл көрсеткіш 2005 жылы 89,3 мың тонна болған, ал қалаға 14 мың тоннасы жайылған. Өткен жылы Атырау су арнасы мекемесі 29 мың тоннадан астам қалдық тастаған. Осылайша, Гидрометеорология орталығының деректеріне сәйкес Атырау қаласының экологиясы 2009 жылмен салыстырғанда ауаның ластану индексі (әрі қарай АЛИ) АЛИ = 5,3 болса, онда 2010 жылы АЛИ = 5,2 құрады. Салыстыратын болсақ: Алматыда АЛИ = 12,1, Республика бойынша АЛИ = 5,6 құрайды.
Атырау облысының жалпы экологиялық жағдайлары
Атырау өңірінің экологиялық жағдайы нашар. Климат тым континентті, қысы суық, желі қатты, жазы ыстық, жауын-шашыны аз, құрғақшылық басым.Төбеден шақырайған күн радиациясы жаз бойы апталап соғатын желмен қосылып, ауаны жылытып жібереді. Оның үстіне ұзақ жылдар бойы елімізге мұнай мен газ беріп келген өңірдің экологоиялық жай күйіне көңіл айтарлықтай бөлінген жоқ. Облыс жері бұрынғы теңіздің орны. Соңғы жылдары Каспий теңізі көтеріліп келеді. Орман, Жасыл желеңді алатын болсақ бұл жайт облыста өте қиын. Осыдан 6 жыл бұрын әр қала тұрғынына жасыл желең 5,3 шметрден болса, қазір бұл көрсеткіш 2 шметрге дейін төмендеген. Ал норма бойынша 12 шм болуы керек.
Азғыр, Тайсойған әскери полигондарынан ұшқан ракетаның сынықта-рынан аяқ алып жүретін жол жоқ. Оларды жинақтау, көму жұмыстарының жүрісі нашар. Облыста бірде - бір таза су көзі жоқ, уақ өзен, көлдер әбден ластанған. Оның үстіне су тазартқыш қондырғылар өте аз.Сол себепті көп ауру осы су көздерінен тарайды. Бірақ, шешілмеген проблемалар да жеткілікті.
Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы Ербол Қуановтың айтуынша, өткен жылы аумақтың экологиялық жүйесіне техногендік салмақты барынша азайту мақсатында біраз жоспарлы шаралар жүзеге асырылыпты. Мәселен, тек облыстық бюджеттен ғана 7 млрд. теңгеден аса қаржы жұмсалып, оған 20 шақты ірі жоба игерілген. Соның ішінде мамандар қала аумағында су нысандарын сенімді қорғау үшін жағалауды бекіту жұмыстарының жүргізілгенін айтады. Бұл бағытта төрт миллиард теңгеден аса қаражат жұмсалды. Соңғы 20 жылдың төңірегінде алғаш рет су қорғау жолағы жасақталып, осы орайдағы шаралар қолға алынды. Біраз жылдан бері сөз болып жүрген қаладағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысы ақыры аяқталды. Шілденің ыстығында ұдайы өртке оранып, одан шыққан ащы түтін қалалықтардың тынысын тарылтып жүрген-ді. Енді бұл мәселе де оң шешімін тапты. Қатты тұрмыстық полигонға қатысты жұмыстар мұнымен де тәмамдалмайды. Алдағы уақытта мұндай құрылыстар аудан орталықтарында жалғаспақ. Ал, одан әрі ірі елді мекендерде де полигон тұрғызу жоспарда бар. Бұл туралы облыстық әкімдікте арнайы мәселе қозғалды. Сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі сараптамалық лабораторияның пайдалануға берілуі де - өткен жылдың айтулы оқиғаларының бірі. Жалпы, мамандардың айтуынша, полигон мен лаборатория құрылысына барлығы 1,7 млн. теңге жұмсалды. Енді жергілікті экологтар ешкімге жалтақтамай, зерттеу жұмыстарын қазіргі заманғы жабдықтармен өздері-ақ жасай алатын дәрежеге жетті. Біраз шаруа табиғатты пайдаланушылар есебінен тындырылды. Мәселен, олардың қатысуымен өткен жылы 49 млрд. теңгеге 304 шара жүзеге асырылған екен. Жергілікті атқарушы биліктің табанды талап етуі нәтижесінде отандық және шетелдік компаниялар қоршаған ортаны қорғауға жұмсайтын қаржысын жыл санап көбейтіп келеді. Демек, бұған дейін олардың атына айтылған орынды сыннан оң қорытынды шығарылуда. Әйтсе де, әлі де қолға алатын жобалар да жеткілікті. Мәселен, Қарабатан мекенінде Болашақ зауытының салынуына байланысты қаламен екі ортаға ағаш отырғызып, жасыл желекпен көмкеру мәселесі әлі айқындалған жоқ. Осы мақсатқа жергілікті атқарушы билік тарапынан 1,6 мың гектар жер телімі де бөлінді. Облыстық әкімдіктің тапсырысымен техникалық-экономикалық негіздеме жасақталып, бұл құжат бірлесіп қаржыландыру үшін Аджип ҚКО және НКОК компанияларына тапсырылды. Егер Қарабатан зауытының бер жағына республикадағы тұңғыш мұнай-химия кешені де тұрғызылатынын ескерсек, онда қаламен аралықтағы жасыл желектің маңызы одан әрі арта түспек. Оның үстіне, өңірдің табиғи ерекшеліктеріне орай жел ұдайы шығыс беттен соғып, бірнеше күн бойы бағытын да өзгертпейді. Демек, қаланың осы жағын табиғи ағашпен қорғау аса қажет. Жалпы, жасыратыны жоқ, бұл проблеманың қозғалғанына біраз жыл болды.
Оның үстіне, мамандардың айтуынша, шет елдерде қоршаған ортаға теріс әсер ететін өндіріс ошағы салына бастағанда-ақ оның төңірегіне тал егіп, жасыл желекке бөлеу мәселесі де бірге шешімін табады екен. Ендеше, біз сәл кешігіп те қалған тәріздіміз. Ал, шетелдіктер өздерінде бұлжытпай қолданатын бұл істі тек қатаң талап ету нәтижесінде ғана қолға алмақ болып жатқаны өкінішті. Сонда да әлі қаржыландыру мәселесі толық шешілген жоқ.
Атырау мұнай өңдеу зауыты төңірегінде де жасанды орман жасақтау мәселесі енді ғана шешімін тауып келеді. Бұған дейін де облыстық әкімдікте айтылғанындай, соңғы кезге дейін кәсіпорынның санитарлық қорғаныш аймағы да айқындалмай, жергілікті экологтарды біраз сергелдеңге салып еді. Рас, бұл ретте біраз объективті себептер де аталды. Мәселен, сонау жылдары қала сыртында саналатын зауыт содан бергі уақытта ортада дерлік қалды. Өйткені, соңғы жылдары салынған құрылыстар қанат жайып, тұрғын үйлер кәсіпорынға жақындай түсті. Ал, субъективті себептер санатына осы зауыттың одан әрі дамитындығы, жаңа жобалар қолға алынатындығы белгілі болғанда, жасанды орман жасақтау кеш ескерілгендігін айту қажет. Әйтсе де, бұл бағыттағы жұмыстар қазір басталды. Осы жобаның аяқталар мерзімі 2010-2011 жылдар ретінде белгіленіп отыр.

Тағы да облыстық әкімдіктің бастамасымен Аджип ҚКО компаниясы қала ішінде және Болашақ зауытына жақын тұсқа атмосфералық ауаны тұрақты бақылау үшін 20 сапа мониторингі стансасын орнатты. Енді ауа тазалығы туралы нақты мәлімет онлайн жүйесінде Атырау гидрометерология орталығы кәсіпорнына тура түседі. Бұл жергілікті атқарушы билікке қоршаған ортаның жағдайын тұрақты бақылауға мүмкіндік туғызып отыр. Бұған қоса Қашаған кенішіндегі теңіз аралдарының төңірегіне де осындай жабдықтар орнату мәселесі шешіліп жатыр. Демек, мұндағы жасалып жатқан жұмыстар да тұрақты бақылауда болмақ. Сонымен қатар, Атырау мұнай өңдеу зауытында тағы да атмосфералық ауаның тазалығын қадағалайтын төрт қосымша станса қатарға қосылды. Осындай шара Теңізшевройл жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде де қолға алынбақ. Осы орайда қазір қатты талқыға түсіп жүрген өзекті мәселелердің бірі - мұнай дайындау кешендерінің санитарлық-қорғаныш аумақтарының залалды қалдықтарды тарату қашықтығына дәл келмейтіндігі. Соның салдарынан кейбір елді мекендер шын мәнінде осы аумақтың құрамында қалғанымен, ресми тұжырымда сырт саналып келді. Енді жергілікті атқарушы биліктің пәрменді шаралары нәтижесінде бұл олқылықтың да орны толтырылмақ. Яғни қазір Ескене мен Байшонас поселкелерін көшіру мәселесі шешілу сатысында. Олардың тұрғындары экологиялық таза өңірлерге қоныс аудармақ. Оның үстіне, облыстық әкімдіктің тапсырысымен Санк-Петербургтағы Воейков атындағы геофизикалық институт қазір мұнайгаз кешендерінің санитарлық-қорғаныш аумағын айқындаудың жаңа әдістемесін жасақтауда. Өйткені, бүгінгі қолданылып жүрген тәсілдердің заман талабына сай еместігі белгілі болды. Бұдан басқа өңірдің өзекті проблемалары қатарына Жайық өзені арнасының жыл санап кеміп келе жатқандығы қосылады. Соңғы кезде көктемгі тасу кезінде де айтарлықтай су келмейтін болды. Өзеннің кейбір жері мүлдем құрғап қалу қаупі алдында. Бұл өзеннің бастауы Ресей жерінде болғандықтан, сол мемлекет мамандарының қатысуымен мемлекетаралық комиссия құру ұсынылуда. Қайткенде де, Жайықты сақтап қалу тек Қазақстанға ғана емес, Сонымен қатар Ресейге де қажет. Өзен суы сарқылса екі ел де зардап шекпекші. Ендеше, тығырықтан шығу жолы да бірлескен ізденіс нәтижесінде шешілмек. Біраз жылдан бері шешімін таппай келе жатқан күрмеулі мәселелердің бірі - Теңіз кенішінде жинақталған күкірт. Теңізшевройл жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ара-тұра таратып тұратын мәліметке қарағанда, оның сату көлемі жыл санап артып келе жатқанымен, әлі де 7 млн. тонна шамасында күкірт жинаулы тұр.
Облыс әкімдігі ТШО компаниясымен бірлесіп күкірт сақтауды болдырмау мақсатында оны пайдалану мен залалсыздандырудың балама әдістерін де іздестіріп жатыр. Сайып келгенде, бұл іске бірлескен кәсіпорын басшылары да ынталы болуы тиіс еді. Аталмыш мәселе мемлекеттік деңгейге де көтерілді. Елбасының тапсырысымен Ұлттық күкірт сақтау орталығы құрылмақшы. Мұндай құрылым күкіртті ұзақ уақыт экологиялық тұрғыдан таза сақтауға ғана емес, әбден тазалап, сатуға шығаруға да мүмкіндік береді.
Қазір күкірт сақтау мәселесі өңір үшін ең маңызды саналап отыр. Өйткені, таяу жылдары Қашаған кеніші де пайдалануға берілмекші. Ал, бұл кен орнынан шығатын өнім құрамында да күкірт бар. Солтүстік Каспий жобасына қатысушылар оның көлемі айтарлықтай көп болмайтынын айтқанымен, бәрібір жұртшылықты алаңдатып отыр. Ақырында, қатты тұрмыстық қалдықтарға қатысты мәселе біртіндеп шешіліп жатқанымен, әлі де түйткілді жайлар жоқ емес. Сондықтан, шетелдік инвесторлардың қатысуымен осы қалдықтарды өңдейтін қазіргі заман талаптарына сай келетін зауыт тұрғызылмақ. Бұл проблема да біраз жылдан бері көтеріліп келе жатқанымен, шешімі енді ғана табылғалы тұр. Сөйтіп, қалдықтарды да кәдеге жарататын күн таяу. Ал, биыл қаланың шығыс бөлігінде кәріздік-тазалау қондырғысының құрылысын бастауға 500 млн. теңге бөлінді. Демек, біраз жылдан бері жыр болған бұл проблема да оңтайлы шешілмек. Міне, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мәліметтері бойынша, өткен жылғы атқарылған жұмыстар мен биылға белгіленген кейбір шаралар осындай.
Каспий өңіріндегі мұнай тасымалдау саласының Атырау ауасының экологиялық жағдайына әсері
Каспий теңізінің экологиялық проблемалары
1. Каспий теңізінің солтүстік жағасы, Еділ мен Жайық өзендері аралығының көп жері Атырау облысының Құрманғазы ауданына қарайды. Теңіз жағасының шекарасын Еділ өзенінің теңізге құятын Қиғаш саласы анықтайды. Осы Қиғаш өзенінен Исатай ауданының Забурын елді мекеніне дейінгі жағалық аймақ түгелдей Құрманғазы ауданының жері. Бұл жердің экологиялық жағдайынан сөз қозғау үшін оның бұрынғы жағдайы қандай екеніне көз жеткізу керек.
Бұрын бұл жердің кеңестік кезеңге дейін, онан кейін де теңіз суының және оның құрлыққа суғына кіріп жатқан шалқыған саналуан сулы шығанақтары мен теңізден бөлініп қалған көлдері көп болды. Қай кездерде де осы көлдерден, шығанақтардан жергілікті халық балық аулап, олардың түрлі өнімдерін шығаратын шағын да ірі кәсіпорындарына тапсыратын. Оларды балықшылардың тілімен айтсақ Балық батағалары дейтін.
1925 жылдан бастап Каспий теңізінің суы тартылып, барған сайын азайды. 1930 жылы бұл су арналары, шығанақтар сусыз қалды. Біртіндеп тартылған теңіз суы 100 километрге қашықтаса, кейіннен ол одан екі есеге жуық қашықтап кетті. Балық батағалары жабылды. Аудандағы кеңестік кезеңде құрылған балық колхоздарының балықшылары теңізге балық аулауға шығатын кеме-қайықтарын Астрахань облысы аумағына қарасты теңіз жағасындағы Тұмақ аралына күзде тастап, көктемде сол жерден жарақтанып теңізге шығатын болды.
Бұрынғы теңіз ротасындағы Белужий, Трешкин, Дементьев, Қарабөлек, Ленкоса, Комсомольск, Бесшифер, Жаркөсе, Әбу аралдары қара жерге жалғасты. Бұл аралдар соңғы 30-40 жылдар бойы Атырау облысы мал шаруашылықты колхоздарының мал азығын дайындайтын учаскелерге, малшылардың қыстақтарына айналды.
Қиғаш өзенінен Забурын елді мекеніне дейігі 200 километрге жуық жердегі халықтың байырғы қонысы сусыз қалды. Оншақты колхоздар тұрақты тұра алмағандықтан Қиғаш, Шарон өзендерініңбойына қоныс аударды. Бірақ бұл сусыз қалған мыңдаған гектар жерді малшылардың қонысына, жайылымға айналдырар бағдарламасы ел алдына қойылды. 1946 жылы Шортанбай балық зауытының қасынан Қиғаш өзенінен басын алатын Қиғаш-Кобяков каналы, одан басын алатын Көкарна-Белужий-Трешкин, кейін Кобяков-Жанбай каналдары, мал су ішетін Кобяков-Мальцев каналы, сонан кйін Ганюшкиннен Забурынға жететін жоғары жақпен Сурхан каналының желісі іске қосылды. Бұл каналдардың тұщы ағынды суы түгелдей каналдың төменгі желісімен бұрынғы арналар ізімен теңізге құятын болды және осы арналар ізімен суды теңізге жеткізетін Ленкоса, Мальцев, Жанбай-Дементьев каналдары да қазылды. Мысылы Белужий арнасы атына сай Белуга (қортпа балығы) балығының ішкі суға кіретін, уылдырық шашатын бұрынғы терең арна болатын. Бұл каналдар бойындағы жайылымдық жерлерге, малшыларға Еділдің тұшы суын жеткізіп қана қоймай, бұрынғы теңіз суы жайылатын көлдерге құйып, теңіз балықтарының көктемде уылдырық шашып, көбеюіне мыңдаған суды мекендейтін құстардың көбеюіне мыңдаған жол ашты. Мұның бәрі кешегі өткен кеңістік кезеңдегі теңіз жағасын мекендеген Құрманғазы ауданы жерінің келбеті еді. Теңіз жағасының қазіргі жағдайы мүлде өзгерді. Аудандағы өнеркәсіптік, ауыл шаруашылықты өндіріс орындарының көбі жабылды.
Аудан экономикасы төмендеді. Табиғаты қорғалмай, экологиясы бұзылды. Өткен 30 жыл ішінде каналдар бір де бір рет аршылмағасын, арналары бітелді. Қамыс, қоға, су балдырлары қаптап кетті, көпшілігін су жүрмейтін болып, құм басты. Теңізбен байланыс үзілді. Көлдерде тұрып қалған су бұзылып, мыс купросының ерітіндісіне айналды, зәрленді. Ауру таратудың көзіне айналды. Мыңдаған гектар шабындық, жайылымдық жер шөпшықпай, пайдаланудан қалды. Ауданға қарайтын батыстан-шығысқа ұзындығы 200км, терістіктен-түстікке150 километрге созылатын теңіз жағалауын нар қамыс, қоға басты, су арналары жойылды. Өзен суы теңізге жетпейді. Бірнеше жылғы ну орман болып шыққан қамыс, қоға, жыңғылдар 1974 жылдан бері өртелмегендіктен қурап, үйінді-шөгіндіге айналды, су балдырларымен қопаға айналып шіріді. Қопа үстінен қайталап шыққан биік қамыс-қоғалар жыртқыш қасқыр, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы қаласының ауа басейнінің сапасын бақылауды басқару және ұйымдастыру
Қоршаған орта жағдайының мониторингі
Қызылорда өңірінің сипаттамсы
Оңтүстік Қазақстан облысы аймақтарының экологиялық жағдайына баға беру, аймақтың экологиялық жағдайының тәуекел факторларын және оны басқаруды талдау
Әбіш Кекілбаев
Павлодар қаласы ауасының ластану көздері
Көркем шығармалардағы кейіпкерлердің образдары
Бастауыш сыныпта дене тәрбиесінің мәселелері
Мектеп жасына дейінгі баланың көркем шығарма тілін дамыту
Алматы қаласына физикалық-географиялық сипаттама
Пәндер