КӘСІПКЕРЛІК: МӘНІ, МАЗМҰНЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУ ШАРТТАРЫ


Кәсіпкерлік ұғымының тарихы орта ғасырдан басталады. Тіпті сол кезеңдерде саудагерлер, қолөнершілер, үгіттеушілер бастаушы кәсіпкерлер ретінде болған. Орта ғасырларда «кәсіпкер» деген термин одан да бұрынғы «антрепренер», яғни француз сөзі «делдалдық» екі мағынада қолданылды (Әбдірәсілова, 2016) : 1) түрлі мереке мен музыкалық көріністі ұйымдастырушы; 2) өндірістік немесе құрылыс жобаларын басқарушы. Ал «кәсіпкерлік» ұғымын ең алғаш ХVIII ғасырдың басында ағылшын экономисі Ричард Контильон (1680-1734жж) енгізген. Ол «кәсіпкер» деп нарық жағдайында әрекет жасайтын адамды айтқан (Старцев және Гончаров, 1999: 3-4) .
Егер «кәсіпкерлік» терминінің эволюциясының қалай қалыптасқанын қарастыратын болсақ (Сметанин, 2011: 8-10) :
1723ж. : Парижде басылып шыққан «коммерцияның жалпылай сөздігінде» ең алғаш «кәсіпкер» ұғымы, яғни «обьектіні өндіру немесе құруда өзіне міндеттеме алатын адам» пайда болған;
1725ж. : Р. Контильон, кәсіпкер - ол нарық жағдайында тәуекел етуімен байланысты іс-әрекеттер жиынтығын жүзеге асыратын адам;
1776ж. : Адам Смит, кәсіпкерлік - кәсіпорынның меншік иесі;
1797ж. : К. Бодо, кәсіпкер - ол белгілі бір жүзеге асырылатын іске жауапкершілігі бар адам;
1803ж. : Ж. Б. Сей, кәсіпкерлік - екі өндіріс факторлары еңбек пен капиталдың тәуекел жағдайындағы шығармашылық үйлесуі;
1876ж. : Ф. Уокер, кәсіпкер - ол өзін ұйымдастырушылық қабілеттілігі мен пайда табатын адам;
1934ж. : И. Шумпетер, кәсіпкер - ол инновациялардың көзі және дамудың қозғаушы күші, новаторлар;
1964ж. : П. Друкер, кәсіпкер - белгілі бір мүмкіндіктерден мейлінше көп пайда түсіретін адам;
1975ж. : А. Шапиро, кәсіпкер - ол әлеуметтік экономикалық механизмдерді ұйымдастырушы.
Қазіргі кездегі кәсіпкер деп - пайда табуға бағытталған және тауарларға (қызмет, өнім) сұранысты қанағаттандыру арқылы өз атынан жүзеге асыратын жауапкершілікті, инициативті қызметті атқарушы азаматтарды айтамыз.
Бұл тұрасында ҚР-ның Азаматтық Кодексінің 10-ші бабында: «меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттындыру арқылы пайда табуға бағытталған ынталы қызмет және ол кәсіпкердің өз атынан, оның тәуекелдері мен мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады» делінген.
Кәсіпкерліктің бірнеше анықтамаларын қарастыру негізінде бұл ұғымның негізгі құрамдас бөліктерін атауға болады (Кирцнер, 2017: 45) :
- жауапкершілік, тәуекел, инициатива;
- жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау;
- құралдарды іске асыру еркіндігі;
- жаңа шешімдерді, идеяларды іздеу.
Жоғарыдағы кәсіпкерліктің құрамдас бөліктері менеджмент функцияларымен байланысты еркіндігін көтеруге болады. Сонымен, кәсіпкерлік дегөніміз - ол жеке бизнесті ұйымдастыра білу және осы жеке бизнесті жүзеге асырумен байланысты функцияларды табысты, тиімді түрде іске асыру болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметті әр түрлі міндеттемелері мен белгілері бойынша сыныптауға болады, бірақ теория мен практикада келесі белгілері бойынша классификациясы қалыптасқан: меншік формасы бойынша, заңдылығы, аймақ көлемі, түрлі аймақтарға таралуы, құрушылар құрамы, айналым көлемі, персонал саны, табыстылық деңгейі мен осу қарқыны, жаңалықтарды пайдалану деңгейі және т. б. (Крутик және Решетова, 2012) .
Меншік формасына келетін болсақ нарықтық экономикада кәсіпкерлік негізінен 2 формада; мемлекеттік және жеке меншік формаларында дамып келеді. Жеке меншік кәсіпкерлік индивидуалды және коллективті формаларда көрініс табады.
Заңдылық белгілері бойынша кәсіпкерлік:
- заңды;
- заңсыз;
- алдамшы кәсіпкерлік болып бөлінеді.
Алғашқы түрлері бойынша біздің түсінігіміз бар, ал алдамшы кәсіпкерлікке анықтама беріп кетейік. Бұл кәсіпкерлік түрі азаматтарға, ұйымдарға, мемлекетке залалын тигізетін, кәсіпкерлік және банктік қызметпен айналысу мақсаты жоқ, мақсаты; несие алу, салықтан босатылу, басқа да мүліктік пайда алуды және заңсыз қызмет түрін жасыру үшін құрылған коммерциялық ұйым болып табылады (Серикбаев, 2019) .
Кәсіпкерлік қызметінің түрлі аймақтарға таралуы бойынша (Головизнин және Чорновол, 2015) :
- жергілікті;
- ұлттық;
- халықаралық;
- әлемдік;
- аймақтық болып бөлінеді.
Құрылтайшылар құрамы бойынша:
- әйелдер;
- жасөспірімдер кәсіпкерлігі болып бөлінеді.
Көптеген елдерде әйелдер және жасөспірімдер кәсіпкерлігінің дамуына қолдау көрсетумен айналысатын ассоциациялар қызмет етуде (Орлова, 2014) .
Даму қарқыны мен табыстылық деңгейі және түсімділігі бойынша кәсіпкерлік ұйымдарды (Ершова және т. б., 2014:16) :
- қарқынды өспелі;
- даму қарқыны бәсең;
- жоғары табысты;
- рентабелділігі төмен ұйымдар деп жіктейміз.
Өзінің қызметінде инновацияларды, жаңалықтарды, жаңа технологияларды, жаңа тауарларды өндіру мүмкіншіліктерін әрдайым іздестіру, жұмыстарды атқару, қызмет көрсету, жаңа өткізу нарықтарын жаулау, өндіріс факторларын жаңадан комбинирлеу негізінде жаңа сұраныс пен ұсыныстың қалыптасуы прогрессивті маркетингтің инновациялық менеджментін қолдануда кәсіпкерлік қызмет шығармашылық-іздестірушілік, өнімді белгілі әдістер мен белгілі еңбек өнімдерін ұдайы өндіруге бағытталған және т. б. болады (Попков және Евстафьева, 2007: 15-20) .
Өз ісінің құрылтайшылар көлеміне байланысты кәсіпкерлер жеке және колективті кәсіпкер болып бөлінеді. Сонымен қатар егер кәсіпкерлер ұйымды құруда Қазақстандық құрылтайшылармен бірге шетелдік құрылтайшылар болса, ондай кәсіпкерлік «біріккен» деп аталады.
Құру механизміне, құрылтайшылар санына, қызмет ету және басқару процесіне байланысты: жай және күрделі кәсіпкерлік ұйымдар деп аталады.
Коммерциялық кәсіпкерліктің қызмет алаңы болып тауарлы биржалар және сауда ұйымдары болып бөлінеді.
Тауарлы биржа-бұл сатып алушымен үлгілермен ертеректе жасалған тауардың минималды партияларын алдын ала тексермейтін көтерме тауарлы нарықтың көп түрлілігі. Тауарлы биржада коммерциялық делдалдар мен олардың қызметкерлері бірлесіп келісілген ережелер бойынша сауда операцияларын жүргізу үшін өз еріктерімен бірлеседі.
Бұл биржаның мақсаты- еркін бәсекелестіктің басқару механизмін құру және оның көмегімен сұраныс пен ұсыныстың өзгеруі есебінен нақты нарықтық бағаларды анықтау. Тауарлы биржа- стандарттармен сатылатын жалпы алмастырушы тауарлардың түрақты қызмет атқарып отыратын көтерме нарықтың едәуір жетілген формасы болып табылады.
Тауарлы биржалар келесі функцияларды орындайды:
- сауда келісімдерін жасауға делдалдық қызмет көрсету;
- тауарлы сауданы, сауда операцияларын реттеу және сауда дауларын шешу;
- бағаға әсер ететін факторлар, бағалар жағдайы туралы мәліметтер жинау;
Тауарлы биржалар ашық және жабық болуы мүмкін. Жабық биржадағы саудаға тек брокерлер- сатушы мен сатып алушы ортасына түсетін биржалық делдалдар қатыса алады, ал ашық биржадағы саудаға барлық азаматтар қатыса алады.
Кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрі қаржылық кәсіпкерлік болып табылады. Оның қызмет аясы - айналым, баға алмасулар. Қаржылық қызмет өндірістік және коммерциялық, сонымен қатар жеке де болуы мүмкін.
Қаржылық кәсіпкерліктің негізгі қызмет алаңы коммерциялық банктер мен қор биржалары болып табылады.
Коммерциялық банктер - бұл коммерциялық ұйымдарды төлемді негізде несиелейтін, ақшалай салымдарды қабылдаған және де басқа есепті операцияларды клиенттер тапсырмасымен орындайтын акционерлік типтегі құрылым. Коммерциялық банктің табыс көзіне депозиттік және қарыз құралдарының пайыздық ставкаларының айырмасынан түскен түсім жатады.
Коммерциялық банк операциялары 3 топқа бөлінеді:
- пассивті;
- активті;
- коммиссиялы-делдалдық;
Қор биржасы- капитал мобилділігінің жоғарлауына әсер етіп, активтердің нақты құнын шығаруға септесетін ылғи қызмет атқарып тұратын, ұйымдасқан-әрленген бағалы қағаздар нарығы түсіндіріледі. Қор биржасының қызмет ету принципі ұсыныс пен сұранысты оперативті реттеуге негізделген.
Қор нарығында бағалы қағаз катировкасы жүргізіледі. Олар биржадан өтетін барлық бағалы қағаздар үшін сатып алушылар мен сатушылар биржаларының бағамдары бойынша әрдайым арнайы мамандармен бағаланып отырады. Ағымдаға бағамдар әрдайым арнайы формулалар бойынша есептеліп, биржалық белсенділік индексін алуға негіз болып, сол уақытта белгілі акцияларды сатып алуға болатындығын көрсетеді.
Сондай-ақ айта кететін бір жайт мемлекеттік-монополистік капитализм жағдайында бағалы қағаздарды сатуда биржа рөлі біршама төмендеді. Мұның басты себебі бағалы қағаздарды сатудың үлкен үлесін өздеріне шоғырландырған мықты несие-қаржылық институттардың құрылуы болды. Бағалы қағаздарды сатуда мемлекеттік облиғациялардың ұлғаюы да әсер етті.
«Консультант» сөзі латынның «кеңес беруші» деген сөзінен шыққан. Бұл сөз белгілі бір салада өз мамандығы бойынша сауалдарға кеңес беруші маман екенін түсіндіреді. Шетелдік практикада басқару сұрақтарына коммерциялық ақылы кеңес беру «консалтинг» деп аталады.
Нарықтық экономикалы өнеркәсібі дамыған елдерде консултациялық қызмет формасындағы интелектуалды капиталға салымдар жаңа жабдықтар мен озық технологияға салымдарға қарағанда тиімдірек деп есептелінеді.
Консалтінгтік қызметтер ауызша бірлік кеңестер формасында болуы мүмкін. Бірақ олар жиі-жиі консалтингтік жобалар түрінде ұсынылып, келесі негізгі этаптардан тұрады:
- проблеманың анықталуы;
- жобаның шешімдерін дайындау;
- жобаның жүзеге асырылуы;
Қорытынды этап жоба көлеміне тәуелді, бірнеше айға сөзылуы мүмкін. Кеңес беру әдістері әр түрлі болуы мүмкін, неғүрлым кең қолданылатын 3 түрі бар:
- эксперттік;
- үрдістік;
- баулушы;
Экспертік кеңес беруші- консалтингтің неғұрлым белсенді емес формасы. Мұнда кеңес беруші өзі диагностика жасап, шешімдерді дайындап оларды өндіру туралы түсінік береді, ал клиент кеңес берушіні қажетті ақпараттармен қамтамасыз етеді.
Үрдісті кеңес беруде- кеңес беруші фирма мамандары жобаның дайындалуының барлық кезеңдерінде клиентпен өзара белсенді қызмет атқарады. Оған өз идеяларын айтуға мүмкіндік береді.
Баулушы кеңес беруде мамандардың басты мақсаты идеялардың тууына, шешімдердің табылуына қолайлы жағдай дайындау арқылы барлық теоретикалық және практикалық ақпараттарды ұсынады.
Өндірістік кәсіпкерлікті кәсіпкерліктің жетекші түрі деп айтуға болады. Мұнда өнім, тауар, жұмыстар, қызметтер, белгілі рухани құндылықтар жасалады. Бірақ нақ осы қызмет аясы нарықтық экономикаға өтуде: шаруашылық байланыстардың құлауы, материалды-техникалық жабдықтардың бұзылуы, өнім өткізудің күрт төмендеуі, кәсіпорынның қаржылық жағдайының нашарлауы секілді неғативті өзгерістерді бастан өткерді.
Өндірістік қызметпен айналысқысы келген әр кәсіпкер ең алдымен қандай тауар өндіруді және қандай қызмет түрін көрсеткісі келетінін анықтап алуы тиіс. Содан соң бұл кәсіпкер маркетингтік зерттеуге көшеді. Тауарға сұранысты анықтау үшін ол тікелей тұтынушылармен, тауарды сатып алушылармен, көтерме және бөлшек сауда ұйымдарымен байланысқа түседі. Бұл келіссөздердің формальді аяқталуы болып кәсіпкермен келешек тауар сатып алушы арасында жасалған келісім шарт табылады. Мұндай келісім шарт кәсіпкерлік тәуекелділікті минимумдауға септеседі.
Өндірістік кәсіпкерліктің келесі сатысы өндіріс факторларын жалға алу немесе иемдену. Өндіріс факторлары қатарына: өндірістік қорлар, жұмысшы күші, ақпарат және т. б. жатады. Өндірістік қорлар өз кезегінде негізгі және айналым қорларына бөлінеді.
Негізгі өндіріс қорларына: құрылыс, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеу құралдары, өндірістік инвентарь және басқада негізгі қорлар кіреді. Өндірістік айналым қорларын шикізаттар, негізгі және көмекші материалдар, жанармай және энергетика ресурстары, күны аз тез тозатын құралдар және ремонтқа қажетті бөлшектер құрайды.
Қаржы құралдарына және оның есебі кәсіпкерлік істі жүзеге асыру ақшалай шығындармен байланысты өндірістік кәсіпкерлік қызметте ақшаға жалпы қажеттілікті мынадай формуламен есептеуге болады:
мұндағы: Аж-жалдамалы жұмысшыларға төленетін еңбек ақы.
Ам-шикізат, материал, жабдықтаушы онімдер және т. с. с. кететін ақша.
Ажқ-жұмыс құралдарын сатып алу, қолдануға жұмсалатын ақша.
Аа-керекті ақпараттарға жұмсалатын ақша.
Ақк-ұйымдар мен тұлғалардың көрсеткен қызметін төлеуге кеткен ақша.
Өндірістік қызмет нәтижелілігі. Кәсіпкердің өндірістік қызметінің нәтижесі оның өндірген өнімін өткізуді, қажетті жұмыстар мен қызмет көрсегу арқылы тапқан белгілі бір түсім және ақша сомасын иеленуі. Ақшалай табыс пен өндіріс шығындарының айырмасын құрайды. Пайданы жалпы табыс пен таза табысқа бөледі. Таза табыс- барлық өндіріс шығындарын өтеп, алымдарды, айыппұлдарды шегергенге тең және өндірістік кәсіпкерлік қызмет қорытындысы болып табылады.
1. 3. Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мен объектілеріЖалпы кәсіпкерлік қатынастарды қарастырудың алғашқы сипаты - олардың субьектісі мен обьектісі. Кәсіпкерліктің субьектісіне экономикалық қызметке қатысушы түрлі мүшелерді, алдымен жеке дара индивиттерді жатқызамыз, содан соң кәсіпкерлік қызметті бір топ адамдар жүзеге асыратын ұйымдар, яғни акционерлік қоғамдар, кооперативтер, шаруашылық серіктестіктер (Елшiбаев, 2010: 10-11) .
Ал кәсіпкерліктің обьектісі - ол адамның белгілі бір қызметі, нақты жағдайда: новаторлық, жаңашылдық, ерекше мағынадағы өндіріс, айырбас, бөлудің әртүрлі факторларын қосу. Кәсіпкерліктің соңғы нәтижесі - өндірілген өнім мен қызмет болып табылады.
Сонымен қатар, кәсіпкерлікті процесс ретінде қарастыруға болады, ол төрт сатыдан тұрады (Хамитова, 2007: 21) :
- жаңа идеяларды іздестіру мен бағалау;
- бизнес-жоспарды құру;
- қажетті ресурстарды іздеу;
- құрылған кәсіпорынды басқару.
Бұл аталған сатылар бір - бірімен тығыз байланысты (Рубин, 2018: 32-33) . Бірінші кезеңде, барынша көп табыс келтіру - кәсіпкерліктің ең қозғаушы факторы. Кәсіпкерлер өзіне тиімді өзгерістер, яғни жұмыстарына жаңалықтарды енгізеді, мақсаты - пайда табу. Нарыққа жаңа тауар ұсынған алғашқы фирма оларды белгілі бір уақытқа дейін баламалы құннан жоғары бағамен сатады. Міне осы қабілет әдеттегіден ерекше шешім қабылдау қабілетін және іске шығармашылықпен қарау іскерлік әлемде жоғары бағаланады.
Екінші кезеңде, ең күрделі мәселе - бизнес-жоспарды құру методологиясы жатады, яғни өзіне нарық сигменттерін қосатын, оның көлемін және негізгі сипаттамаларын, маркетинг жоспарларын, өндіріс және қаржылық жоспарларды қамтамасыз ету.
Үшінші кезеңде, ең бастысы қандай ресурстар қажеттігін нақты бағалау; бастапқы деңгейден қайталама деңгейді ажырата білу; ресурстар жетіспеушілігімен байланысты теріс зардаптарды бағалау жұмыстары жүзеге асырылады.
Төртінші кезеңде, пайда болған кәсіпорынды басқару. Ол нақтыланған өнім стилінің басқарушысынан тұрады, ұйымдық құрылым құруды ұйымдастыру, табыстың шешуші тетіктерін және де әлсіз жақтарын табу арқылы қызметтің бағалануы арқылы шешім қабылдаудан тұрады.
Кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізу тәсілі ретінде бірнеше негізгі белгілері бар. Оның ішінде ең негізгілердің бірі - шаруашылық субьектілерінің еркіндігі мен тәуелсіздігі. Олардың егемендігі нарық механизмі әрекетін қамтамасыз ететін тәртіп қалыптастырады. Жалпы бизнестің негізгі талабы - экономикалық іс-әрекеттердің әртүрлілігіне қарай іздеу мен таңдау еркіндігі. Әрбір қызметші өзі істей алатын еңбекпен айналысуға құқығы бар. Алайда қандай еркіндік болмасын көптеген жағдайлармен шектелген, олар сыртқы ортамен субьектілер әрекетінің нәтижесінен шығады. Дегенмен, кәсіпкерлік қызметтің басты шарты - барлық мүмкіндіктер деңгейі тұрғысынан шешім қабылдау өзбеттілігі мен еркіндігі болып табылады (Круглова, 2013: 4) .
Кәсіпкерлікке тән тағы бір сипат шаруашылық жүргізудегі тәуекелге баруы. Тәуекел - жоспар немесе болжауды қаратырылған нұсқалармен салыстырғанда табыс ала алмау немесе зиян шегудің ықтималдылығы. Шаруашылық тәуекелді негізінде мүмкін болатын және шығындар мен нәтижелердің ара - қатынасы жатады.
Кәсіпкерлік қызметтің келесі белгісі - ол толық экономикалық жауапкершілік және бұл мүліктік және кәсіпкердің өз атынан жүзеге асырылуы. Кәсіпкерлер өз міндеттері бойынша өзіне тиесілі бүкіл мүлкіне жауап береді. Сонымен қатар, өзіне тиесілі өндіріс құралдарын тиімді пайдалану; қоршаған ортаны ластамау; өндірістің қауіпсіздік ережелерін бұзбауға; санитарлық гигиеналық нормаларды сақтауға міндетті кәсіпкерліктің жүзеге асырушыларының ерекше белгілері ретінде жаңашылдық; шығармашылық ізденіс; жауапкершілік; іскерлік этикет әрекеттері; жеке қабілеттер мен қасиеттерін жатқызуға болады. Міне осы қабілет - әдеттегіден ерекше шешім қабылдау қабілетін және жағдайға шығармашылықпен қарау іскерлік әлемде жоғары бағаланады және нәтижелі сипатта болады (Крутик және Решетова, 2012: 9-15) .
Кәсіпкер - қызметінің сферасына байланыссыз өз қабілеттерін келесі функцияларды орындау арқылы жүзеге асырылады (Попков және Евстафьева, 2007: 18) :
- нарықты зерттеу арқылы төлем қабілеті сұранысы бар тауарлар мен қызметтерді іздеу;
- тауарды өндіру немесе қызмет көрсету үшін қажетті ресурстарды бағалау;
- төмен бағалы ресурстар нарығын іздеу;
- бизнесті жаңа техника, технология және менеджмент негізінде ұйымдастыру және оларды басқару;
- маркетингтің қазіргі заманғы принциптерін пайдалану арқылы тауарлар мен қызметтерді сату, тарату;
- табыстарды тұтыну және жинақтау қорлары арасында, т. б. бөлу.
Кәсіби тұрғыдан кәсіпкерлік белгілі бір қағидалар бойынша ұйымдастырылады. Ол туралы кәсіпкерлік бизнестің тәжірибелі субъектілері жақсы біледі және өз қабілеттері мен қалауларына сай қолайлы істі іздеумен айналысатын жаңадан қалыптасып келе жатқан кәсіпкерлер бұл жағдайларды есте ұстауы керек. Латын тілінен аударғанда «қағида» сөзі негіз дегенді білдіреді.
Кәсіби кәсіпкерлік қағидалары деп кәсіпкерлікте кәсіби табысқа қол жеткізуді көздейтін барлық адамдар басшылыққа алуға міндетті, кәсіпкрелік бизнестің негізін құраушы элементтерін айтады. Аталған қағидалар объективті сипатқа ие және экономиканың тарихи және ұлттық ерекшеліктеріне тәуелсіз, адамдар қызметінің ерекше типі ретінде сипатталады.
Кәсіби кәсіпкерлік бизнес қағидалардың 5 тобы негізінде ұйымдастырылады және дамиды. Оларға мыналар жатады (Асаул, 2009: 12-13) :
- кәсіпкерліктің бағыттаушы қағидалары;
- кәсіпкерліктің ынталандырушы қағидалары;
- кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық мінез-құлықтық қағидалары;
- кәсіпкерліктің эволюциялық қағидалары;
- кәсіпкерліктің жүйелік қағидалары.
Кәсіпкерліктің бағыттаушы қағидаларына бизнестің кәсіпкерлік бейімділігіне сәйкестігі қағидасын және бизнестің бәсекеге қабілеттілік қағидасын жатқызады. Кәсіпкерлердің өмірде өзіне лайықты орынды іздеуі олардың кәсіпкерлік миссия деп аталатын арнаулы бағытына байланысты. Әр адам өзінің іскерлік карьерасының алғашқы кезеңі немесе ұзақ үзілістен кейін кәсіпкерлікке келуі болсын, кәсіпкерлік миссиясын өзі анықтауы қажет.
Кәсіпкерлердің өз миссиясын орындауы олардың кәсіпкерлік бәсекеге қабілеттілігінің әлеуетіне тікелей байланысты. Бәсекеге қабілеттілік деп бәсекеге түсу қабілеті дегенді түсінеді. Бәсекеге қабілетті кәсіпкерлер өнімді өндіру, қызмет көрсету, жұмыстарды орындау бойынша таңдалған сферадағы істі жүргізуге ғана емес, сонымен қатар бизнесті өз бәсекелестерінен нашар емес, керісінше мүмкіндігі бойынша олардан жақсы етіп жүргізуге де дайын болуы керек.
Кәсіпкерлік бәсекеге қабілеттіліктің әлеуеті деп кәсіпкерлік бизнес субъектілерінің бәсекелік артықшылықтары мен кемшіліктерінің арақатынасын айтады. Әрбір кәсіпкер өз бәсекелестеріне қарсы тұруға және қарсы әрекет етуге міндетті. Кәсәпкерлік бизнес субъектісінің бәсекеге қабілеттілігі оның өз қарсыластарынан бәсекелік артықшылықтарын анықтап, оларды ұстап қалуға деген қабілетімен анықталады. Кәсіпорынның бәсекелік қабілеттілік деңгейі, оның бәсекелік артықшылықтары мен кемшіліктерін қарсыластардың бәсекелік артықшылықтар мен кемшіліктерімен салыстыру жолымен анықталады.
Кәсіпкерліктің ынталандырушы қағидаларына мыналар жатады (Савкина және Мальцева, 2013: 23) :
- табыс нысандарының алуан түрлілік қағидасы;
- бизнестегі табыстылық пен кәсіпкерлер қызметінің нәтижелілігін іскерлік ортада мойындаудың сәйкестілік қағидасы;
- «сәттілікті ұстауға» дайындалу қағидасы;
- мотивтердің алуантүрлілік қағидасы;
- бизнестегі эгоистік және қоғамдық мүдделерді сәйкестөндіру қағидасы.
Кәсіпкерлік қызметтегі ең маңызды түсініктердің бірі кәсіпкрелік жетістік болып табылады. Жетістік кәсіпкерліктің кез-келген субъектісі қызметінің соңғы нәтижесін сипаттайды. Бизнес субъектісінің кәсіпкерлік жетістікке жетуі оның іскерлік қызметінің ең жоғарғы деңгейін, өзінің бәсекеге қабілеттілігінің әлеуетін толық жүзеге асуын және өзінің кәсіпкерлік миссиясын орындауын білдіреді.
Жетістік түсінігімен қатар кәсіпкерлікпен айналысудан түскен табыс және бизнестегі тиімділік сияқты маңызды түсініктерге де байланысты. Егер кәсіпкерлердің іс-әрекеті табысқа жеткізсе, онда бизнес тиімді болып саналады. Сонымен қатар, кез-келген бизнес егер де тиімділікті қамтамасыз ететіндей болса ғана табысты болады. Пайда табу адамдарды іскерлік қатынастарды жасауға итермелеп отырады. Бизнес аясы бойынша серіктестерді таңдау, бизнес түрлері мен мәміле жасаудың ұтымды сипаттары тиімділікті жоғарылатуға әсер етеді.
Кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-мінез-құлықтық қағидалары бизнесті ұйымдастыруды және кәсіпкерлік бизнес субъектілерінің сипаттамасын анықтайды. Оларға мыналар жатады (Наумов, 2009: 25) :
- кәсіпкерлік бизнестің үйлесімді логикасының қағидасы;
- бизнесте бәсеке мен ынтымақтастықты сәйкестөндіру қағидасы;
- мінез-құлықтың стратегиялық, тактикалық және жағдайлық деңгейлерін сәйкестөндіру қағидасы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz