Қаржы нарығының қалыптасуы мен дамуы
Қаржының пайда болуы мен дамуы
1.1 тақырып. Қаржы ғылымының алғаш шығуы
2.Лекцияның мақсаты мен міндеттері:
Қаржы ғылымының экономикалық мәні мен функциясы, қаржы ақша-қаржы ресурстары мен қорларын құру және пайдалану, Қазақстан қаржы нарығының ерекшеліктері мен студенттерді таныстыру.
3.Лекция мазмұны. Қаржы - ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айрықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу мен қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға жіберілетін материадық ресурстар бөлігінің ақшалай тұлғалануы болып табылады. Қаржының басты белгілерінің бірі - оның тұлғалануының ақша нысаны және ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржы қатынастарының бейнеленуі. Демек, қаржы қатынастарының пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның нақтылы қозғалысымен аңғартып отырады.
Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкіл сферасын қамтиды деп санау дұрыс болмас еді. Ақша қатынастары ішінен тек олар арқылы мемлекеттің, оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің жасалатын ақша қорлары бұл қатынастардың мазмұны болып табылады. Ақша қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек ақша қорларының, атап айтқанда табыстар мен қорланымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды. Басқа қаржы қатынастары қаржы шеңберінен шығып кетеді. Қаржы қатынастарынң жиынтығына, мысалы, шығындардың барлық түрлерін ақшалай есепке алу мен бақылау жасау, өндірілген өнімді ақша нысанында өлшеу, өзіндік құнды калькуляциялау және өнімнің бағасын анықтау, ақшалай түсімді есепке алу мен сақтау, ақша айналысын реттеу және басқалары кірмейді. Сауда жүйесі арқылы тауарларды сатып алу және сату (тіпті мемлекет бөлшек сауда бағаларын реттеп отырған жағдайда да) кезінде пайда болатын ақша қатынастарын да қаржыға жатқызуға болмайды. Себебі мемлекет бұл жерде ақша қатынастарын азаматтық-құқықтық әдіспен реттеп отырады. Ақша қатынастарымен бірігіп кетен субъектілердің теңдігі (олардың құқықтары мен міндеттеріндегі тепе-теңдік) бұл әдіске тең өзгеше нышан болып табылады. Сонымен бірге қалыптасатын ақша қатынастарының өзіндік қаржылық емес өзгешелігі болады. Кез келген ақша қатынастары қаржы қатынастарын білдіре бермейді.
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да айырмашылығы бар. Ақша - бұл ең алдымен ассоциацияландырылған өндірушілжәнеердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы - жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта болады.
Ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларында жеке экономикалық категориялардың қатысу дәрежесі бірдей емес.
Ақшаның нақты қозғалысы ұдайы өндіріс процесінің екінші және үшінші стадияларында - бөлуде және айырбастауда болады.
Екінші стадияда ақша нысанындағы құнның қозғалысы тауарлардың қозғалысынан оқшауланады және оның шеттелуімен (бір иеленушіден басқа иеленушілерге өтуімен) немесе құнның әр бөлігінің мақсатты оқшаулануымен (бір иеленушінің шеңберінде) сипатталады. Үшінші стадияда бөлінген құн (ақша нысанындағы) тауар нысанына айырбасталады. Бұл жерде құнның өзі шеттетілуі болмайды. Сөйтіп, ұдайы өндірістің екінші стадиясында құнныі ақша нысанының бір жақты қозғалысының орны болады, ал үшінші стадияда құндардың екі жақты қозғалысы болады, оның бірі ақша нысанында, ал басқасы тауар нысанында болады.
Ұдай өндіріс процесінің өндіру мен тұтыну стадияларында мұндай қозғалыстың болмауы олардың қаржының пайда болуының орны еместігін дәлелдейді. Бөлінген құн (ақша нысанында) тауар нысанымен айырбасталатын, яғни сатып алу - сату актілері жасалатын айырбастауда да қаржыға орын жоқ. Ұдайы өндіріс процесінің құн стадиясында тек баға құралын қажет ететін өнбойы жасалатын айырбас операциялары болып жататындықтан, мұнда басқа экономикалық категорияның механизмі - баға жұмыс істейді.
Қаржының іс-әрекет етуінің жиынтық қоғамдық өнімді бөлу стадиясында асқан дәрежеде көрінетіндігі қаржы үшін көпшілікке танылған болып саналады. Сонымен қаржы және қаржы қатынастарының пайда болып, іс-әрекет ететін орны ақшаның нақтылы қозғалысы болатын ұдайы өндіріс пароцесінің бөлу стадиясы болып табылады. Мұнда жалпы қоғамдық өнімнің құны және оның маңызды бөлігі - ұлттық табыс алғашқы бөлу процесіне ұшырап, мақсатты арналым мен субъектілер бойынша бөлінеді. Бұл процестің нәтижесінде құн оны құрайтын микроэлементтергүе - c, v, және т-ге ыдырайды: өндіріске жұмсалынған өндіріс құралдары құнының орны толтырылады, қызметкерлердің жалақысы төленеді және қосымша өнім алынады. Қаржы қатынастарының қаржы талшығы мен басы өндіріс сферасында қосымша өнімді жасау мен оны кейінгі бөлу болып табылады.
4.Оқытудың техникалық құралдары: слайдтар, презентациялар
5.Лекцияның оқыту әдістері мен түрлері: кіріспе және ақпаратты лекция.
6. Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (1-деңгей, 2-деңгей, 3-деңгей сұрақтарымен беріледі)
1-деңгейдің сұрақтары
1. Қаржының даму тарихының экономикалық мәніне сипаттама беріңіз
2. Қаржының даму тарихының атқаратын қызметтерін атаңыз
3. Қаржының даму тарихының құрылымына сипаттама жазыңыз
2-деңгейдің сұрақтары
1. Қаржының даму тарихының коммерциялық функциясының мағынасын көрсетіңіз
2. Қазақстанда қаржының даму тарихының ақпараттық функциясы қаншалықты толық орындалатынын көрсетіңіз
3-деңгейдің сұрақтары
1. Қазақстан қаржы нарығының құрылымын анықтаңыз
2.Зейнетақы және сақтандыру нарықтарын қаржы нарығының құрамына кірістіруді негіздеңіз
3. Қаржылық қатысушылар үшін осы ұйымдардың рейтингісінің ролін анықтаңыз
7.СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмалары: Қазақстандағы қаржының дамуының ерекшеліктері. Экономиканың дамуында қаржының рөлі 8.Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы оқулық- Алматы 2008
2. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Оқу құралы. Алматы. Издат-маркет. 2004.
3. Омирбаев С.М финансы Учебное пособие для вузов-Астана,2003
4. Искаков У.М. и др. Финансовые рынки и посредники. - Алматы: Экономика, 2005
5. Көкебаева А.М., Ерманкулова Р.И Қаржы оқу құралы- Түркістан-2005
6. ҚұлпыбаевС.К Баязитов Ш. Қаржы теориясы. Оқу құралы- Алматы. Мерей,2001
7. Берлин С. Теория финансов. Учебное пособие-Москва, 2000
1. 2 тақырып. Қаржылық қатынастар ұғымының дамуы.
2.Лекцияның мақсаты мен міндеттері: қаржылық қатынастар туралы түсінік және оның қызметтерімен, құрылымы және қаржылық құралдарымен, ақша нарығының төлем құралдармен студенттерді таныстыру.
3.Лекция мазмұны. Халықаралық қарым - қатынастардың, сауданың дамуы уақыт өте келе халықаралық құқық нормаларында заңды көрініс табуда. Қазақстанның да әр түрлі мемлекеттермен халықаралық қарым-қатынастарға түсуі, оның халықаралық құқық нормаларына сай жасалған түрлі халықаралық конвенсиялардың, келісімдердің шарттардың мүшесі болуын талап етеді.
Сол сияқты қаржылар саласындағы мемлекетіміздің заңдарымен ғана шектеле алмаймыз. Қазақстан Республикасы территориясында шетел фирмаларының қызмет істеуі, шетел азаматтарының біздің еліміздегі жұмысы, сонымен қатар біздің заңды және жеке тұлғаларымыздың да шет елдегі қызметі-осының бәрі оларға жаңа заман тәртібін анықтауды талап етеді және де ұлттық қаржы заңдарымыздың осы қатынастардың барлығын, екі тарапты қанағаттандыратындай етіп, кез - келген жағдайда шеше алмайды. Осы ретте, яғни екі мемлекеттің ішкі ұлттық қаржы заңдарының қақтығысы жағдайында, халықаралық салық салудың басты мәселесі-халықаралық қосарланған салық салу мәселесі туады.
Республикамыздағы салықтық қызмет 2001жылғы қабылданған салықтық кодекске сәйкес дамып отыр. Сонымен қатар, салықтық қызметтің іс жүзіне асыру кезінде тек қана Қазақстан Республикасының заңдарына ғана емес, сондай-ақ халықаралық шарттарды басшылыққа алуымыз қажет.
Мемлекет қаржыларды, экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады. Қаржылардың мәнін түсіну үшін олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал, қаржылардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты. Қандай да болмасын мемлекеттің өсіп дамуының материалдық базасы қаржыларды қалыптастыратын қайнар көзіне салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің жататыны анық. Қандай да болмасын мемлекеттің атқаратын қызметінің ең маңызды, басты түрі мемлекеттік кірістерді қалыптастыру екені бізге белгілі. Мемлекетіміздің қаржылар саласының тұрақты дамуы осы саладағы мемлекеттік басқаруға тікелей қатысты.
Қазіргі таңдағы ең басты нәрсе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы егеменді республикалардың экономикалық байланыстарының жаңа үлгісін жасау. Ол суверенді мемлекеттер арасындағы бұрынғы экономикалық кеңістікті сақтап, нарық әлемінде әрбір мемлекеттің мүддесін көздей отырып, сауда-саттықты күшейту.
Қазақстан Республикасындағы қаржылық қызметті мемлекеттік басқару реттеудің нәтижесі несиелік-қаржылық мекемелер жүзеге асыратын күрделі операциялар мен тиісті мәмлелерді қоғамдық мемлекеттік мүдделер тұрғысынан экономикалық және әкімшілік мән-жайды мемлекеттік ұйымдастыру, реттеу, қадағалау аудиттердің заң шеңберінде жүргізілуіне баса назар аудару және т.б мемлекеттің (оның уәкілетті мемлекеттік органдарының) ұйымдастырушы - басқарушы қызметтерінің жиынтық көрінісі болып табылады.

5.Лекцияның оқыту әдістері мен түрлері: ақпаратты лекция, проблемалық лекция

1.Ақша нарығына сипаттама беріңіз
2. Ақша қызметтерін атаңыз
3. Ақша нарығының төлем құралдарын көрсетіңіз
2-деңгейдің сұрақтары
1. Ақшалай чектер есептілік чектерден ерекшеліктерін көрсетіңіз
2. ҚР-ның коммерциялық банктердің вексельдермен жасайтын операцияларын көрсетіңіз
3-деңгейдің сұрақтары
1. Төлем карточкасына анықтама беріңіз.
2. Қазақстанның ақша нарығының құрылымын сипаттаңыз
3. Ақша нарығының төлем құралдарының қаржы нарығындағы рөлі мен ерекшелігін негіздеңіз
7.СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмалары: Ақша нарығының құрылымымен қаржылық құралдары. Ақша нарығының төлем құралдары. Қолма-қол және қолма-қолсыз қаржыларды пайдалану арқылы төлемдер.
8.Пайдаланылатын әдебиеттер:
8. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы оқулық- Алматы 2008
9. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Оқу құралы. Алматы. Издат-маркет. 2004.
10. Омирбаев С.М финансы Учебное пособие для вузов-Астана,2003
11. Искаков У.М. и др. Финансовые рынки и посредники. - Алматы: Экономика, 2005
12. Көкебаева А.М., Ерманкулова Р.И Қаржы оқу құралы- Түркістан-2005
13. ҚұлпыбаевС.К Баязитов Ш. Қаржы теориясы. Оқу құралы- Алматы. Мерей,2001
14. Берлин С. Теория финансов. Учебное пособие-Москва, 2000
1. 3 тақырып. Қаржы нарығының қалыптасуы мен дамуы
2. Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Қаржы нарығының экономиқалық мәні, рөлі, Қазақстан Республикасы қаржы нарығының құрылымы мен Қазақстандағы қаржының даму жүйесімен студенттерді таныстыру.
3.Лекция мазмұны. Экономикалық даму барысында әр ел өз өндірісін табысты жүргізуге, үздіксіз өрге бастыруға ынталы болады. Бұл үшін материалдық өндіріске қаржы қажет екені белгілі. Егер қолда қажетті қаржы болмаса, не істеу керек? Осындай жағдайда қаржыға қажеттілік, несие нарқы арқылы шешіледі.
Экономикалық даму талабы капитал нарқының қозғалысына да өзгерістер енгізуді алға тартты. Сондықтан капиталды нарықта сала-салаға бөлу, оны пайдалануда мерзімдік жағынан шектеуді өзгерту қажет болды. Қарыз капиталының тек бұрынғы ғана түрі қысқа мерзімдісі қысқартылып, оның орнына қаржыны бірден орташа және ұзақ мерзімді нарық арқылы пайдалану ісі өмірге келді.
Экономикалық тиімділік тұрғысынан алғанда, қарыз капиталын пайдаланудың бұл шарасы аса тиімді. Бұл шара несие нарқында шетелдерден капитал алуды және шетелдік мемлекеттердің заңды тұлғаларға, жеке азаматтарға беретін қаражатты нарыққа шоғырландыра отырып, қаржыға деген сұранысқа сәйкес капитал бөлуді қамтамасыз етуге мүмкіндік жасады. Бұл әдіс нарықтық қатнас жүйесінде несие нарқын тиімділік мақсатта дамытуға, капитал қозғалысын барынша өрістетуге елеулі үлес қосады. ХХ ғасырда 50-жылдардан бастап, доллар негізінде еуропалық валюта нарқы қалыптасты. Мұның мәнісі мынадай: егер доллар иесі депозитті америкалық банктен еуропалық шетелдік банкке аударса, ол еуропалық доллар болып саналатын сипат алады. Долларды осындай әдіспен алған еуропалық банктер бұл долларды өз қаражаты сияқты кез келген елге несие беру үшін пайдалануға ерікті болады.
Қазіргі кезеңде әлемдік қарыз капиталы нарқы бір-бірімен өзара тығыз байланысты үш саланың қызметі бағытымен ерекшеленіп отыр.
Олар:
-Ірі банктер арсындағы әлемдік ақша нарқы.
Бұл салада депозиттік қарыз беру бір күнге немесе бір жылға дейінгі қысқа мерзімдік талап бойынша іске асырылады. Мұнда несие алу телефон байланысы арқылы да шешіле салатын болады. Осыған сәйкес 50-жылдардың соңында еуропа валюталық нарқы пайда болды.
-Капиталдың әлемдік нарқы өзіндік сала. Бұл сала екі түрлі міндетті жүзеге асырады:
-қарыздың берілетін орны мен валюталық мөлшерді сипаттайтын міндет. Бұд міндет бойынша дәстүрлі әдіспен шетелдік несиелер орташа және ұзақ мерзімге беріледі.
-еуропалық несие нарқында 1968 жылдан бастап қарыз ақша бір жылдан 15 жылға, тіпті одан да көп мерзімге берілетін әдіс қалыптасты.
-дүниежүзілік ақша нарқының қалыптасуы. Бұл салада құнды қағаздарды шығару және сату іске асырылады. Осы саладағы қызметке қарай 70-жылдардан бастап, еуропалық қаржы нарқы қалыптасты.

1. Әлемдік қаржы нарығының қалыптасуы.
2. Евронарық және шетелдік валюта нарығы.
3. Әлемдік ақша орталығы
2-деңгейдің сұрақтары
1. Жинақтау депозиттердің артықшылығын көрсетіңіз
2. Қазақстанның депозит нарығының институционалды құрылымын көрсетіңіз
3-деңгейдің сұрақтары
1. Қр-ң депозиттерді сақтандыру жүйесі және оның механизмін сипаттаңыз
2. Қазақстанның депозит нарығының құрылымын сипаттаңыз
7.СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмалары: Депозиттер коммерциялық банктердіңресурстық базасы ретінде. Депозиттік сертификаттың мәні және оныңқаржы нарығында айналымда болуының қажеттілігі. Депозит нарығындағы баға белгілеу

Модуль2. Мемлекеттің қаржы шаруашылығы
2.4.Мемлекеттің экономикадағы рөліне эволюциялық көзқарастары
2. Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Кез-келген қоғамда мемлекет бірқатар факторларға: қоғам дамуының таңдап алынған үлесіне, саяси құрылысын, қалыптасқан дәстүрлерге, сыртқы факторлаға қарай экономикалық қызметке қатысады. Жалпы мемлекеттің қоғамдығы экономикалық қызметі оның мына функцияларында бөлінеді.
3. Лекция мазмұны.
Аталған функциялардың іс-әрекеті тікелей немес жанама түрде "қаржы" категориясын пайдаланумен байланысты болып келеді. Анықырақ айтсақ табыстар мен байлықты қайта бөлу, экономиканы тұрақтандыру, ресурстарды қайта бөлу функцияларында көрінеді.
Мемлекеттің экономиканы тұрақтандыру жөніндегі іс-қимылы экономикалық жағдайдың ауытқуларын туғызатын жұмыспен қамтылуы және инфляция денгейін бақылауды, сондай-ақ экономикалық өсуді ынталандыру жөніндегі шараларды қамтиды. Экономикалық ресурстарды қайта бөлу екі жағдайда нарықтық жүйенің жетілмегендігінен барып туады.
1) бірқатар тауарларды өндірудің тепе-тендік көлемінің олардың оңтайлы көлемінен ауытқуы.
2) Ресурстарды бөлуден рыноктың бас тартуы немесе қоғамдық тауарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді ұлғайту мен өндіру үшін оларды жеткілікті бuлу.
Бұл жерде бірінші жағдайды талқылайтын болсақ, тауарлар мен қызметтер кuрсетудің бірқатарын өндіру немесе тұтыну, бұл тауарларды тікелей өндіруші немесе тұтынушылар болып табылмайтын субъектілерде шығын тудырады немесе пайда келтіреді. Бұл құбылысты "жанама нәтижелер" немесе "құйылымдар" деп атайды және бұл шаруашылық процестердің қатысушылары емес адамдардың немесе топтардың пайдалары немесе шығындары болып табылады.
Құйылам шығындарына айналадағы ортаның ластанумен, шудың, тербелістердің, түрлі қолайсыздықтардың болуымен байланысты шығындар жатады. Бұл жағдайда өндірушілер өздерінің шығындарының бір бөлігін халыққа аударып салады және өндірушілердің шығындары азаяды. Нәтижесінде өндірушілерде өндірістің үлкен көлемі болуы мүмкін, демек, бұл тауарларды өндіру үшін ресурстар көбейтілген көлемде түсетін болады.
Құйылым шығындарын теңестіру үшін мемлекет ұсынымды мынадай реттеуші шараларды жүргізеді:
oo қызметті заңнамалық шектеу немесе оны зиянды әсер болмайтын жағдайларға жеткізу талабы; мұндай қызметтің нормалары мен стандарттарын сақтау шығындарды арттыруға және тепе-тең және оңтайлы көлемінің сәйкестігіне жеткізеді.
oo Құйылым шығындарына тең немесе жақын арнаулы салықтарды енгізу, бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің жалпы шығындарын арттырады және тепе- теңдіктің жай-күйін қамтамасыз етеді.
Бұл жағдайларда өнімге немесе қызмет көрсетуге ресурстарды тым көп бөлу жойылатын болады.
Құйылым пайдалары: білім беру, санитарлық-профилактикалық шаралар, медициналақ көмек, ауа райын болжау, өрттен қорғау және басқа бірқатар қызметтер көрсету жасайды, бұлардан пайданы бұл игіліктерді нақты пайдаланушылар ғана емес, сонымен бірге жалпы қоғам да алады.Бұл қызметтер көрсетуді нақты пайдаланушылар тек нарықтық сұранымды қалыптастырады, ал құйылым пайдалары ақиқаттық мөлшерге дейін сұранымды толықтырады және қызметкөрсетудің қажетті көлемін белгілейді, яғни жеткіліксіздігін сипаттайды.
Құйылымдар пайдалары кезіндегі мемлекеттің реттеуші іс-қимылдары сұраным мен ұсынымды көбейтуге бағытталған. Сұраным тұтынушыларды құйылым пайдаларын тудыратын тауарлар немесе қызметтер көрсеуді сатып алу үшін қосымша сатып алуға жарамдылықпен қамтамасыз ету жолымен арттырылады. Ұсыным өндірушілерді қаражаттандыру жолымен арттырылады, бұл олардың шығындарын азайтады және өндірістегі кеңейтуге мүмкіндік береді.
Құйылым шығындарының іс-әрекет процесі яғни шығындардың болуының нәтижесінде (5,1 сызба) ұсыным сызығы S1 жағдайында болады, яғни қоғамда аударып салынған шығындардың бөлігінен кәсіпорын босатылады.Барлық шығынарды қосқан жағдайда ұсыным сызығы S2 жағдайында болады: бұл орайда тепе-тең көлем Q1-ден Q2-ге төмендейді, ал тепе-тең баға P1-ден P2-ге көбейеді. Ұсыным сызығының сапырылысуына жағарыда айтылған мемлекттің іс-қимылымен қол жетеді.
Құйылым пайдаларының іс-әрекеті (5,2 сызба) D1 сұраным сызығы тек оның нарықтық жағынан қамтып көрсететін және Q2 сызығына сәйкес келетін сұранымның жалпы мөлшерін төмендететінін білдіреді, яғни нарықтық сұраным қоғамдық тауарларды тұтынумен байланысты қоғамның барлық пайдасын қамтып көрсетпейді. Сұранымның нарықтық мөлшері оңтайлы мөлшерінен аз болып шығады, ал бұл мақсаттарға жұмсалатын ресурстар жеткіліксіз көлемде түседі.
Құйылым пайдаларын түзету (5,3 сызбада "а") қоғамдық тауарларды тұтынушыларды мемлекттің қаражаттандыру жолымен, ал "ә" жағдайда өндірушілерді қаражаттандыру жолымен D1-ден D2-ге көбейтумен қол жетеді. Екі жағдайда бұл тауарларды өндірудің тепе-тең көлемі көбейеді, бірақ екінші жағдайда бұдан басқа оларға бағаны төмендетуге қол жетеді.
.

5. Лекцияның оқыту әдістері мен түрлері: ақпаратты лекция, проблемалық лекция

1. Мемлекеттің экономикалық іс-әрекеттері
2. Несие нырығының қандай құралдарын білесіз?
3. Несиенің қандай түрлері бар?
2-деңгейдің сұрақтары
1. Несие беру схемасы қандай?
2. Синдикатталған несиенің рөлі мен ерекшелігі неде?
3. ҚР-ң несие нарығының институционалды құрылымын түсіндіріңіз
3-деңгейдің сұрақтары
1. Қазақстанда несиенің қандай түрлері беріледі?
2. Қазақстандық ипотекалық компанияның рөлі қандай?
7.СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмалары: Қазақстандағы несие беру ерекшелітері, ҚР-да кеңтараған несиелердің дамуы, Несие нарығы құралдары.

2. 5 тақырып. Қаржы институттарының дамуы
2. Лекцияның мақсаты мен міндеттері: қаржы институты туралы түсінік және оның құрылымымен және валюталық операциялар және олардың сипаттамаларымен студенттерді таныстыру.
3.Лекция мазмұны.
Қаржы институттары - қызметінің басты мақсаты қоғамдағы қаржы қатынастарын жүзеге асыру болып табылатын түрлі меншік нысанындағы ұйымдардын жиынтығы. Қаржы институттары кез келген мемлекеттің қаржы жүйесінін жөне әлемдік қаржы жүйесінің ажырағысыз бөлігі болып табылады- қаржы институттарының қызметі әрбір жеке мемлекеттің заңдарымен, сондан-ақ ұйым мәртебесіне байланысты болғанда мемлекет аралык көп жақты шарттармен реттеледі. Қаржы институттарының жиынтығы екі топқа бөлінеді, олар: қаржы саясатын іске асырушы институттар және қаржы делдалдары. 1-ші топтағы қаржы институттары мемлекеттік халықаралық мекемелер. Олардың құрамы мен міндеттерді бөлісуі қаржы заңдарымен және мемлекет аралық шарттармен айқындалады. Оларға орталық (ұлттық) банк, қаржы министрлігі немесе қазынашылық сияқты мемлекеттік мекемелер, бағалы қағаздар нарығын және сақтандыру қызметтерін көрсету нарығын реттеуші ұйымдар, т.б. жатады. Кеңінен танымал халықаралық қаржы институттары: Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк (сондай-ақ қ. Әлемдік қаржы институтгары, ұлттық даму банкілері). 2-ші топтағы қаржы институттары: банкілер, қаржы компаниялары, сақтандыру компаниялары, беймемлекеттік зейнетақы қорлары, т. б.[[1]]
Әлемдік қаржы институттары - халықаралық валюталық несие және қаржы ұйымдары. Оларды халықаралық ынтымақтасты дамыту және күрделі де қарама қайшы дүниежүзілік шаруашылықтың тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсаты біріктіреді. Ғалами мәні бар ұйымдарға БҰҰ-ныңмамандандырылған институттары - Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілікбанк тобы, сондай ақ Дүниежүзілік сауда ұйымы жатады. БҰҰ - ның кейбір мамандандырылған органдары да халықаралық қаржы мәселелерімен айналысады. Олар: ЮНКТАД (БҰҰ - ның сауда және даму конференциясы); "Көзге көрінбейтін" операциялар және қаржыландыру жөніндегі комитет;Экономикалық кеңес; Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы; Париж клубы; Лондон клубы; "жетілік", кейін "сегіздік" (АҚШ, ГФР, Ұлыбритания,Италия, Канада, Жапония, 1993 жылы Ресей қосылып, "сегіздікке" айналды), дамыған елдердің "ондық тобы" ("жетілік" + Бельгия, Нидерланд, Швейцария, Швеция). Әлемдік қаржы институттары 2 дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды. Аймақтық Әлемдік қаржы институттарына Еуропа жаңғыру және даму банкі, Еуропа одағының институттары (соның ішінде Еуропа инвестиция банкі, Еуропа валюталық институты, арнаулы қорлар) жатады. ЖаҺандық және аймақтық қаржы институттарынан басқа мамандандырылған Әлемдік қаржы институттары да жұмыс істейді. Мысысалы, Африканың араб экономикалық даму банкі, Араб экономикасы және әлеуметтік даму қоры, Кариб даму банкі, т.б. [[1]]

1. Қаржы иституты дегеніміз не?
2. Елдің қаржы жүйесінде алып отырған валюталық нарықтың рөлі қандай?
3. Валюталық нарық қандай қызметтерді атқарады?
2-деңгейдің сұрақтары
1. Қазақстанның валюталық нарығының құрылымы қандай?
2. Қазақстанда жасалатын валюталық операциялардың түрлері?
3. Мерзімді валюталық мәмілелердің ерекшелігі неде?
7.СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмалары: ҚР валюталық саясаты және валюталық реттеу, Валюта бағамы, Валюталық операциялар түрлері

2. 6 тақырып. Бюджет теориясы. Алымдар формасы
2. Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Бюджеттен тыс қорлардың мәні. Бірақ нарықтық қатынастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюд - жет қаражаттары жеткіліксіз бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы кездерін іздестіру қажет болды.
3.Лекция мазмұны. Бюджеттік қор -- бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет корсету, қорғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанагаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта болумен байланысты оның қозғалыс процесін білдіреді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жал - пы қаржы сияқты бuлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен айқындалды. Бөлгіштік функцияның іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігі сол, қоғамдық өнімнің құны қоғамдық өндірістің сфералары, ұлттық шаруашылықтың секторлары, аумақтар, салалар, жеке шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында бөлінеді. Мемлекетік бюд - жет арқылы бүгінде Қазақстанда жалпы қоғамдық өнімнің шамамен 10% және жалпы ішкі өнімнің 20% бөлінеді. Бақылау функциясы бюджет қорларын бөлудің сандық үйлесімдерінде, олардың қоғамдық өндіріс дамуының қажеттіліктеріне сай келетіндігінде, болудің ұнамсыз барысынан ауытқуын анықтау және оларды жою мүмкіңдігінде кuрінеді.
Мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық категория және мемлекеттің орталық,тандырылған ақша қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық процестерді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz