Ақша айналысы мен айналымының түсінігі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Ақшаның мәні мен қызметі

Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Ақша бірнеше тауарлар (мал, жүн және т. б. ) ролін атқарғанда және көптеген құн формасынан өткенен кейін адамзат метал түріндегі ақша айналымына келді. Металдың ақша түрінде қызмет атқару процесінен бірте - бірте теңге (монета) ақшалар келе бастады .

Лекция мазмұны:

  1. Ақшаның шығуы және табиғаты
  2. Ақша жалпыға бірдей эквивалент ретінде
  3. Ақшаның қызметтері, оның ерекшеліктері

1. Ақша ерте заманда пайда болды. Ол өнімнің және міндетті түрде тауар өндірісінің даму шарты болып табылады. Ақша ертеден бастап болған соң, ол адам өркениеті дамығанда немесе одан бұрын болуы мүмкін. Ғасыр бойында ақша үнемі өзгеріп отырады және оның қазіргі жағдайы бітетін және соңғы фаза болып табылмайды. Ақша жаратылысын ізденудегі маңызды жаңалық - бұл оның тауардан пайда болуы. Айырбастың дамуы келесідей құнның формасы жолымен туындады :

1. қарапайым немесе кездейсоқ , яғни ерте кезде бір тауар басқа тауардың құнын көрсететін еді, (құндары бір - бірімен сәйкес келуі керек) .

2. толық немесе өрістетілген (дамыған) - айырбастың дамуына байланысты құнын көрсететін форма. Мұнда ірі қоғамдық еңбекті бөлумен, мал шаруашылығымен және жер шаруашылығымен айналысатын тайпаға бөлуге тура келді . Осыған байланысты бұған көптеген қоғамдық еңбек заттары жатады, ал әрбір тауар көптеген тауарға қарама - қарсы тұрады;

3. жалпыға ортақ, құн формасы . Тауар өндірісінің және айырбастың болашақта дамуы жергілікті базарда ең маңызды айырбас ролін атқаратын, жеке тауарлардың тауар әлемінен бөлініп шығуына әкелді (тұз, жүн, мал және т. с. с. ) немесе тауар әлемінен тауарды бөліп қарауға әкелді . Бұл форманың ерекшелігі тек бір тауарға ғана бекітілген жоқ, әр түрлі уақытта оны алма кезекпен түрлі тауарлармен алмасып орындап отырды .

4. ақшалай формадағы құны - келешекте айырбасқа түсетін бір тауардың нәтижесі жалпыга ортақ эквивалент екендігіндегі ролін бөліп көрсетеді. Айырбастың дамуы мен әлемдік базарды құрудагы мұндай роль асыл металдар мен - алтын және күміспен бекітілген.

2. Ақша - бұл жалпыға бірдей маңызды тауар болып табылады. Олар тауар айырбастың даму нәтижесінде көптеген тауардан бөлініп шықты. Тарихи дамудың әр түрлі кезеңінде ақшаның ең манызды ролін тауар (мал, тері, жүн және т. б. ) атқарады. Сосын бірдей түрдегі, бөлінбелі, сақталатын сапаға қабілетті металдар пайда болды.

Ақша маңызды тауар болғандықтан, оның келесідей спецификалық ерекшеліктері бар:

-оның тұтыну құнында басқа тауардың құны көрсетіледі;

-оған жасалған нақты еңбек абстрактылы еңбек көрінісінің жалпыға ортақ формасы қызметін атқарады;

- оның қүрамындағы жеке еңбек тікелей коғамдық еңбек ретінде орналасады. Тауар мен ақшаның айырмашылығы оның тұтынушылық құнынан көруге болады. Кез келген тауардың белгілі қажеттілікті қанағаттандыратын қайталанбайтын, ерекше қабілеттілігі бар. Мысалы, нан-тамақ қажеттілігін қанағатандырса, ал пальто-киім кажеттілігін канағаттандырады. Мұның барлығы ақшалай тауарға да қатысты. Сонымен қатар, ақшаның тауарлардан айырмашылыгы жалпы тұтынушылық құнға ие, яғни тікелей барлық тауарлармен алмасып отырады.

3. Ақшаның атқаратын әрбір функциясы тауар айырбас процесінен келіп шығатын тауар өндірушілердің байлалыс формасы ретінде әлеуметтік-экономикалық жағының ақша мазмұнын көрсетеді. Ақша бірнеше функцияны атқарады:

-құн өлшеуші;

-айналым құралы ретінде;

-қорлану құралы ретінде;

Ақша айналым құралы функциясы кезінде тауарды өткізу уақытында делдал болып табылады. Тауарды қолдан-қолға өткізуде оның айналым сферасына үнемі итере отырып, тұтьнушыға жеткізе де отыра, ақша үздіксіз қозғалыста жүреді. Сатушы тауарьн сата сала, басқа тауарды сатып алуға асықпайды. Ақшаның делдалдық көмегі арқасында осы уақытша және тура келмейтін кеңістікті жеңе аламыз.

Айналымнан кететін, өз қүнын өткізіп қоятын, ақшаның тауардан айырмашылығы сату және сатып алу процесін қамтамасыз ете отырып, ақша айналым құралы ретінде өз орнын табады. Көбінесе, бізде ақша айналым құрал функциясын атқаруда - мемлекеттік, кооперативтік, коммерциялық саудада, базарда тауарды сатып алу кезінде орындалады.

Ақшаның айналым құралы ретінде атқаратын функциясының ерекшелігі келесідей болып табылады:

1. ол нақты ақша түрінде орындалады;

2. бұл функцияда ақша-тауар айырбас кезінде делдал болып қызмет атқарса, онда оны нағыз ақша емес/алтын/, оның орнын басатын-ақша белгісі орындайды.

Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, проектор (слайд)

Оқытудың әдістері мен түрлері: баяндау, түсіндіру, кіріспе лекция

Деңгейлік тапсырмалар:

1- деңгей сұрақтары

1. Ақшаның шығуы және табиғаты.

2-деңгей сұрақтары

1. Ақша жалпыға бірдей эквивалент ретінде.

3- деңгей сұрақтары

1. Ақшаның қызметтері, оның ерекшеліктері

ОБСӨЖ тапсырмалары: Дөңгелек стол:”Ақшаның жаратылысы мен шығу тарихы”

СӨЖ тапсырмалары: Ақшаның даму эволюциясы. Ақшаның экономикадағы ролі. Ақша-айналым құралы ретінде. Ақша-қорлану құралы ретінде. Ақша - төлем құралы ретінде

Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. «Ақша, несие, банк» Сейтқасымов Ғ., Алматы, Экономика 2001 ж
  2. «Ақша айналымы және несие» Мақыш С., Алматы 2004 ж
  3. «Ақша, несие, банк валюталық қатынастар» Көшенова Б., Алматы Экономика 2000
  4. «Деньги, кредит, банки » Под ред Лаврушина О. И., Москва, Фин и статистика 1999г

Лекция №2

Тақырыбы: Ақша айналысы

Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Нақтылы ақша мен нақтысыз ақшаның арасында тығыз және өзара байланысқан тәуелділік бар: ақша үнемі бір сфера айналымынан басқа сфераға өту арқылы, нақтылы ақша белгісі - банкінің депозит формасына ауысады және керісінше. Банкі есеп шотына нақтысыз ақша құралының келіп түсуі - бұл міндетті түрде ақшаны беру (немесе тарату) шарты болып табылады. Лекция мазмұны:

1. Ақша айналысы мен айналымының түсінігі.

2. Айналымдағы ақша және оның құрылымы.

3. Сақталған қаржы, инвестиция және қаржы нарығы

4. Ақша массасы мен ақша агрегаттары

1. Ақша айналымы - бұл тауарды немесе қызмет көрсетуді өткізуде қамтамасыз ететін ақша қозғалысының нақты қолма-қол және қолма-қолсыз формасы болып табылады. Сонымен қатар, шаруашылықтағы есеп-айырысу мен тауар түрдегі емес төлемдер де болып табылады .

Ақша айналымының объективті жағы - тауар мен ақшаны бөліп көрсететін тауар өндірісі болып табылады. Капитализм тұсында қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуі мсн жалпы ұлттық және әлемдік базардың қалыптасуы ақша айналымының келешекте дамуына әкеледі. Ол жалпы қоғамдық өнім жиынтығын айналым мен айырбасқа әкеле отырып, капиталдың үнемі айналысқа түсуін қамтамасыз етеді.

Нақтылай және нақтысыз формадағы ақшаның көмегімен тауардың айналым процесі, сонымен бірге жалған және ссудалық капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.

Ақша айналымы екі сфераға бөлінеді: нақтылай және нақтысыз. Нақтылай ақша айналымы-бұл қолда бар ақшаның қозғалысы. Ол банкноттармен, әр түрлі тиындар (немесе монеталар) және қағаз ақшаларымен қамтамасыз етіледі.

Нақтысыз ақша айналымы - бұл қолма - қолсыз ақша айналымының козғалысы болып табылады. Оған клиенттердің есеп шотындағы банк депозиттері жатады. Ол чектердің, несие карточкалары, электрондық аударымдардың көмегімен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, ақша айналымында вексельдер, сертификаттар да қолданылады. Ал кейбір елдерде түрлі міндеттер мен талаптар қолданылады.

2. Өнімдер базары - бұл фирмалармен өндірілген тауарлар мен қызмет түрлерін үй шаруашылығы сатып алатын базары болып табылады.

Ресурстар базары - бұл фирмалардың өндіріске қажетті ресурстарды сатып алудағы базары болып табылады /жұмысшы күші, капитал және табиғи ресурстар/. Бұл жеңілдетілген экономикалық жүйеде барлық ресурстар үй шаруашылығына жатады, яғни ресурстарды фирмаларға белгілі ақшалай төлемдермен сатады; бұл төлемдер еңбек ақы, ренталық төлемдер, проценттік табыстар түрін қамтиды. Бұл процестер үздіксіз және жалғасқан.

ұлттық өнім - бұл экономика жүйесінде өндірілген барлық дайын тауарлар мен қызмет түрлерінің құнының бағасы.

Дайын тауалар мен қызмет көрсету - бұл сатуға дайын немесе сатылған, өз кезегінде тұтыну үшін, инвестиция үшін, мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру үшін немесе экспорт үшін қолданылатын тауарлар мен қызмет түрлері.

Аралық, тауарлар, мысалы: коммерциялық пекарниялармен нанды дайындау үшін сатып алынған ұн немесе автомашинаны өндіру үшін автомабиль заводтарымен сатып алатын құрыш ұлттық өнімге жатпайды.

ұлттық табыс - бұл үй шаруашылығымен алатын барлық табыстар: оның ішінде барлық еңбек ақы, рента, проценттік төлем және пайданы көрсетеді . Айналым үлгісінде ұлттық табыс пен ұлттық өнім тең.

Айналымнан құралған бөлігі нақты түрде, сол сияқты номиналды түрде өлшенуі мүмкін.

Экономика ғылымында номиналды тсрмині инфляцияны есепке алмайтын, бағада көрсетілетін кез келген сандық белгі үшін қоданылады, яғни сол бағада тауарлар мен қызмет көрсету түрлерінің нақты сатылып қоюы.

Нақты - мұнда инфляция эффектілері есепке алынады және соған сәйкес түзетулер жүзеге асырылады. Бұдан басқа сандық керсеткіштер бар. Оны статистикалық мөлшер деп атайды. Бұл көрсеткіштер кейбір нақтылы уақыт сәттерінде санды өлшеуге қызмет етеді. Мұндай мөлшер уақыт интервалының есебінсіз-ақ көрсетіледі.

3. Сақталған қаржы, инвестиция және қаржы нарығы

Қазіргі таңдағы нарықтық экономика жағдайында үй шаруашылығының жыл сайынғы шығыны орташа, олардың табыстарының көлемі төмен. Үй шаруашылығының табысының бір бөлігі сақталған қаржы болып табылады. Себебі, ол тауарларды сатып алуға, салықты төлеуге жұмсалынбайды, тек сақтауға жіберіледі.

Сақтаудың ең көп тараған формасы табыстың бір бөлігін нақты ақша түрінде жинақтап құрау немесе сақтау, банкілеріне ақша салу, иә болмаса құнды қағаздарды алу болып табылады.

Айталық, барлық үй шаруашылығы ақшаны сақтау категориясына жатпайды. Мысалы, үй шаруашылығының жастар жағын алып қарайтын болсақ, олар кейбір қымбат тауарлар мен қызмет көрсету түрлерін /үй, білім жоәне т. с. / сатып алу үшін, ақшаны еңбектеп тапқаннан гөрі, көп ақша жұмсағысы келеді. Бұл заттарды сатып алу займдар бойынша жүзеге асырылады.

Фирмалармен жүзеге асырылатын инвестиция екі түрлі компоненттен тұрады:

Бірінш і - бұл инвестиция бастапқы капитал, яғни қайта өндірілген капитал игіліктерін қалыптастыру (өндіріс кұрал-жабдықтары, компьютерлер және өндіріс ғимараты) .

Екіншісі- өндіріс процесінде қолдануға жататын шикізаттар қорын көрсететін тауар-материалдық қор инвестициясы болып табылады. Сондықтан, ақшаны сақтауды көбінесе үй шаруашылығы жасайтын болса, ал инвестиция фирмалармен жүзеге асырылады. Сол себепті ақшаны орналастыруды жүзеге асыратын механизм жиынтығы қажет. Міне, бұл механизмдер қаржы нарығы арқылы іске асырылады.

4. Ақша айналысының негізгі сандық көрсеткіштерінің біріне ақша массасы мен ақша базасы жатады. Ақша массасы - жеке тұлғаларға, кәсіпорындармен мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы.

Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау үшін әр түрлі көрсеткіштер пайдаланылады. Ондай көрсеткіштерді ақша агрегаттары деп атаймыз.

Қазақстанда ақша массасы Ұлттық Банк пен екінші деңгейдегі банкілердің баланстық шоттарын шоғырландыру негізінде анықталады және оның құрамына айнылыстағы қолма-қол ақша және резидент заңды тұлғалар мен үй шаруашылығы (жеке тұлғалардың) депозиттері жатады.

Қазақстан Республикасында Ұлттық банктің 12. 01. 1995ж. Директорлар кеңесінің N2 хаттамасымен бекітілген «Ақша массасын, ақша базасын анықтау әдісі және ішкі, сыртқы активтерді анықтау барысында баланстық шоттарды жіктеу туралы ережесіне» сәйкес ақша базасы мен ақша массасы есептеледі.

Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, проектор (слайд)

Оқытудың әдістері мен түрлері: ақпаратты

Деңгейлік тапсырмалар:

1- деңгей сұрақтары

1. Ақша айналымының құрылымына не жатады.

2-деңгей сұрақтары

1. Мемлекет ақша айналымын қандай саясат арқылы реттейді.

3- деңгей сұрақтары

1. Қаржы нарығының каналдарын атаңдар

ОБСӨЖ тапсырмалары: Парламенттік дебат: “Ақша айналымы мен ақша айналысының мәні”

СӨЖ тапсырмалары: Мемлекет тарапынан ақша айналымын реттеу. ҚР-ғы ақша айналымы. Қолма-қол ақша айналымы. Қолма-қолсыз ақша айналымы. Ақша массасын анықтаудағы ақша агрегаттары. Фискальдық саясат. Ақша-несие саясаты

Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. «Ақша, несие, банк» Сейтқасымов Ғ., Алматы, Экономика 2001 ж
  2. «Ақша айналымы және несие» Мақыш С., Алматы 2004 ж
  3. «Ақша, несие, банк валюталық қатынастар» Көшенова Б., Алматы Экономика 2000
  4. «Деньги, кредит, банки » Под ред Лаврушина О. И., Москва, Фин и статистика 1999г

Лекция №3

Тақырыбы: Қолма-қолсыз есеп-айырысу

Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Қолма-қолсыз ақшамен есеп-айырысулар жүйесі - бұл қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуларды ұйымдастыру қағидаларын, оларды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды, сол сияқты құжат айналымына байланысты есеп айырысу әдістері мен формаларының жиынтығы. Лекция мазмұны:

1. Қолма-қолсыз есеп-айырысу туралы түсінік және мәні.

2. Қолма-қолсыз есеп-айырысудың қағидалары.

3. Қолма-қолсыз есеп-айырысудың формалары.

1. Ақшалай есеп-айырысу екі формада жүзеге асырылады: қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу. Қолма-қолсыз ақшамен есеп-айырысулар барысы мынадай шаруашылық аумағында жүзеге асырылады:

-өнімді, қызметтерді және жұмыстарды сатуда;

-ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуде;

-банк несиелерін алу және қайтаруда ;

-бюджетке тиісті төлемдерді аударуда;

- халықтың ақшалай табыстарын төлеу және пайдалануда;

-басқада банкаралық есеп- айырысуларда.

Қолма-қолсыз есеп - айырысулар толығымен банк мекемелері арқылы ұйымдастырылғандықтан да олардың кең көлемде қолданылуына банктердің торабының ықпалы, сондай-ақ олардың дамуына деген мемлекеттің мүддесінің ықпалы болады.

Қолма-қолсыз ақшалармен есеп-айырысу - бұл ақшалай қаражаттарды төлеушілер мен алушылардың шоттарына байланысты жазбаша түрде жасалатын ақшалай есеп-айырысуларды білдіреді. Шаруашылықтағы қолма-қолсыз есеп-айырысулар белгілі бір жүйеге байланысты ұйымдастырылады.

Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуларды ұйымдастыру мына талаптарға сәйкес келуі тиіс:

1/ өнімді сатуды қамтамасыз ету үшін бірқалыпты қаражат айналымына жағдай жасау;

2/ белгіленген мерзімде төлемді жүзеге асыруда төлеушінің жауапкершілігі;

3/ қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысулар өз уақытында орындалуы.

2. Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуларды ұйымдастырудың қатаң қағидаларының сақталуы кәсіпорынның өзінің алдындағы келісім-шарттық міндеттемелерінің орындалуы үшін экономикалық мүддесі мен жауапкершілігінің жоқтығын біршама дәрежеде орнын толтыруына мүмкіндік береді. Қағидалар мынаған қатаң түрде қарайды:

- төлеу орны - банк, яғни ол қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастырушы және бақылаушы болады;

- төлеу уақыты - өнімді тиеген соң немесе қызметті көрсеткен соң жүргізіледі, мұнда аванс немесе коммерциялық несиенің қолдануына тыйым салынады;

- төлеушінің келісімі -төлеудің негізіне жатады;

- төлеу көзі - сатып алушының меншікті қаражаты немесе банктік несие ;

- қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формасы , яғни қандай формасын пайдалану анықталады.

Қазіргі таңда қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуларды ұйымдастыру қағидаларына мыналар жатады: біріншіден , барлық шаруашылық субъктілердің ақшалай қаражаттары банк мекемелеріндегі шоттарда сақталып, қолма-қолсыз есеп айырысулар сол шоттар негізінде жүзеге асырылуын көздейді; екіншіден, нарықтың араласуынсыз шаруашылық субъектілерінің қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формаларын таңдаудағы еркін және оларды банктің араласуынсыз шаруашылық келісім шарттарына бекітуді көздейді.

3. Қолма-қолсыз есеп айырысудың негізгі формаларына мыналар жатады:

-төлем тапсырмасы

-төлем талабы-тапсырмасы

-инкассалық үкім

-чекпен есеп айырысу

-вексельмен есеп айырысу

-аккредитивпен есеп айырысу.

Төлем тапсырмасы - ақшаны аударушының (төлеушінің) аталған тапсырмада көрсетілген ақша соммасын бенефициарға аудару туралы қызмет көрсетуші банкке берген тапсырмасы.

Төлем талап -тапсырмасы - бұл бенефициардың төлеушіге оған қызмет көрсетуші банкке бағытталған, жөнелтілген өнім, атқарылған жұмыстар және көрсетілген қызмет құнын жіберілген есеп айырысу құжаттары негізінде төлеу талабы.

Инкассалық өкім - бұл заң актілерінде көзделген жағдайда ақшаны жөнелтушінің келісімінсіз, оның банктік шотынан ақшаны алу үшін пайдаланылатын төлем құжаты, яғни салық және кеден органдарына төленбеген төлемдерді соттың шешімі бойынша басқа да төлемдерді талап ету жағдайында қолданылады.

Чекпен есеп айырысу барсында төлем құралы ретінде заңды және жеке тұлғалар пайдалана алады. Чек бұл чек берушінің чекті қабылдаушы банкке, өзара жасалған келісім шарт негізінде чекте көрсетілген соманы чекті ұстаушыға төлеу туралы бұйрығы.

Вексельмен есеп айырысу негізінде төлем құралы болып табылады. Жай және аудармалы вексельдің айналысы кездеседі.

Аккредитивтік есеп айырысу жиі қолданыс таппайды. Аккредитив - бұл сатып алушының тапсырмасы бойынша сатып алушының банкісінің жабдықтаушының банкісіне аккредитивте көрсетілген құжаттарды жабдықтаушы бергеннен соң және аккредитивтің басқа да шарттарын орындаған жағдайда төлемді төлеуге берген шартты ақшалай міндеттемесі. Оның мынадай түрлері бар:

-өтелген және өтелмеген ;

-қайтарылатын және қайтарылмайтын.

Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, проектор (слайд)

Оқытудың әдістері мен түрлері: ақпаратты

Деңгейлік тапсырмалар:

1- деңгей сұрақтары

1. Төлем құжаттарына қандай көрсеткіштер.

2-деңгей сұрақтары

1. Нақтысыз есеп айырысудың формаларын.

3- деңгей сұрақтары

1. Төлем тапсырмасы бойынша есеп айырысу қалай іске асырылады

ОБСӨЖ тапсырмалары: Шағын баянадама :”Қолма-қолсыз есеп-айырысу және оның мәні”

СӨЖ тапсырмалары: Нақтысыз есеп-айырысуларды ұйымдастырудың жалпы негіздері. Аккредитивтік есеп айырысу формалары. ҚР-да екінші деңгейдегі банктерде шот ашу тәртібі. Қолма - қолсыз есеп айырысу құралдары. Төлем тапсырмасымен есеп айырысу. Төлем талап-тапсырмасы. Чекпен есеп айырысу. Банкаралық есеп-айырысуды ұйымдастыру негізі

Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. «Ақша, несие, банк» Сейтқасымов Ғ., Алматы, Экономика 2001 ж
  2. «Ақша айналымы және несие» Мақыш С., Алматы 2004 ж
  3. «Ақша, несие, банк валюталық қатынастар» Көшенова Б., Алматы Экономика 2000
  4. «Деньги, кредит, банки » Под ред Лаврушина О. И., Москва, Фин и статистика 1999г

Лекция №4

Тақырыбы: Ақша жүйесі

Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Елімізде ақша айналымын ұйымдастыру жалпы мемлекеттік заңдармен реттелуді көрсететін ақша жүйесі болып табылады. Әрбір елдің өзінің ұлттық ақша жүйесі бар.

Лекция мазмұны:

1. Ақша жүйесінің түсінігі және негізгі элементтері

2. Ақша жүйесінің типтері

3. Ақша реформасы

4. Инфляция: оның себептері, түрлері және инфляцияны жеңу әдістері

1. ҚР-ның ақша жүйесі Президенттің жарлығына сәйкес 1995 ж. 30 наурызда «ҚР-ның ұлттық банкі туралы заңы күшке енген. Жарлықта ақша айналымын ұйымдастырудағы құқықтар негізі және формалары, оның ішінде ақша айналымын ұйымдастыратьн және реттейтін ақша белгісінің эмиссиясы мен арнайы ақша бірлігін белгіледі.

Ақша жүйесі келесідей элементтерден тұрады:

1. Ақша өлшем бірлігінің аттары . ҚР-ның ақша өлшем бірлігі 100 тиыннан тұратын 1 теңге болып табылады.

2. Ақша белгісінің түрі . Бұл айналымда алтын немесе күміс ақшалардың белгілі бір мөлшерінің орнына жүретін ақша белгілері, олар-тиын, теңге, қағаз ақшалар.

3. Эмиссия тәртібі . Бұл нақты ақшаны шығару, оның айналысын ұйымдастыру және оны айналыстан алып тастау. Эмиссия бұл ақша мен бағалы қағаздардың шығарылымы және айналысы.

4. Ақша түрлері -бұл заңды түрде төлем құралы болып табылады: ақшалай және несие ақшасы.

5. Валюталық курс -бір ақша өлшем бірлігінің басқа ақша бірлігінде білдірілетін бағасы.

2. Ақша жүйесінің өзіне тән типтері бар:

1/ металл ақша айналысы, яғни мұндай ақша тауары тікелей айналыста бола отырып, ақшаның барлық қызметтерін атқарады, ал несиелік ақшалар металға ауыстырылады. ;

2/ несиелік және қағаз ақшалар жүйесі, яғни алтын айналыстан алынып тасталып, оның орнына несиелік және қағаз ақшалар айналысқа түседі.

Металл ақша айналысы екіге бөлінеді:

1/ Биметаллизм - жалпыға балама ретінде екі бағалы металға негізделген ақша жүйесі. Оның үш түрі бар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша айналысының құрылымы
Ақша айналымы және ақша агрегаттарының динамикасы
АҚША АЙНАЛЫМЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МӘНІ
Ақша айналысының эволюциясы
Ақшаның пайда болуы және оның тауарлы табиғаты
Ақша теориясы туралы ақпарат
Ақшаның дамуы,ерекшеліктері.Ақша айналымы
Ақша қызметі мен айналысы
Ақша айналыс және төлем құралдары
Қазақстан Республикасының ақша нарығының қазіргі жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz