Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні мен функциялары және ролі


Тақырыбы. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары және ролі.
Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Қаржы түсінігі, қаржы атқарытын қызметтері, құндық экономикалық категориялардың өзара әрекеттерімен өзара байланыстары, қаржылық ресурстарымен қорлар қаржылық қатынастар объектілері ретінде студенттерді таныстыру
Лекция мазмұны. Қаржы ( "қолма-қол ақша", "табыс" ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен пайда болған француздың finance сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады.
Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы "Республика туралы алты кітап" деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.
Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі.
Тауар өндірісінің негізі тауар өндірушілердің экономикалық оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. Олардың әрқайсысы өндірістің материалдық заттай факторларының айырмашылығы, олардың әр түрлі деңгейі жағдайында өнім жасайды, ал сол себепті тіпті ұқсас тауарлар нақтылы және затталынған еңбектің әр түрлі шығындарымен өндіріледі. Бұл теңсіздіктің салдарынан шығындар мен еңбек нәтижелерін µлшеудің қажырлы еңбектің және жүмсалынған күш-жігерге баламалы тұтынудың өлшемін ескере алатын айрықша механизмнің объективті қажеттігі туады.
Қоғамдық өнімнің нақтылы іске асырылуының екі нысанының болуы қоғамдық өндірістің әрбір қатысушыларының қажеттіліктеріне сәйкес оны түпкілікті тұтынуға жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл үшін құндық категориялар - ақша, баға, қаржы, еңбекақы, кредит және басқалары пайдаланылады.
Қаржы - ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да айырмашылығы бар. Ақша- бұл ең алдымен ассоциацияландырылған өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы - жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта болады.
Қаржы - бұл ұлттық табыс пен ІЖӨ бөлістіру мен қайта бөлістірудің экономикалық құралы.
Қаржы - бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыру мақсатында және шаруашылық субъектлердің ұдайы өндірісін жүзеге асыруда қолданылатын ақшалай қаражаттардың қорын қалыптастыру мен пайдаланумен байланысты ақшалай қатынастар жиынтығы болып табылады.
Қаржының қажеттілік деңгейі қоғамның даму қажеттілігіне байланысты болады. Қоғамды материалдық игіліктермен қамтамасыз ету үшін өндірісті дамыту қажет. Ал мемлекеттің функцияларын жүзеге асыру үшін ақша қаражаттарының қорлары қажет.
Қаржылық қатынастар екі аяны қамтиды:
- мемлекеттік бюджет жүйесіне қажетті орталықтандырылған ақша қаражаттарының қорларын қалыптастыру мен пайдалануға байланысты экономикалық ақша қатынастарын;
- кәсіпорынның орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру мен пайдаланумен байланысты экономикалық ақша қатынастарын;
Қаржы дегеніміз - бұл шаруашылық жургізуші субъектілерде(ШЖС) және мемлекетте ақшалай табыстар мен қорланымдарды қалыптастырумен, сонымен бірге оларды удайы ұлғаймалы өндіріске, қоғамның әлеуметтік және басқа қажеттіліктерін ќанағаттандыруга пайдаланумен байланысты жалпы қоғамдық өнімнің ќұнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын ақша қатынастары.
Қаржының мәні ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Мұндай қозғалыстың шарты тауар-ақша қатынастарының болуы және экономикалық, заңдардық іс-әрекеті болып табылады.
Қаржының қажеттігі объективті мән-жайдан - тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Қаржының басты арналымы - табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау. Қоғамдық қажеттіліктердің дамуы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағында жасалатын ақша (қаржы) ресурстарының құрамы мен құрылымының өзгеруіне жеткізеді.
4. Оқытудың техникалық құралдары: слайдтар, презентациялар
5. Лекцияның оқыту әдістері мен түрлері: баяндау, түсіндіру, кіріспе лекция
6. Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (1-деңгей, 2-деңгей, 3-деңгей сұрақтарымен беріледі)
1-деңгейдің сұрақтары
- Қаржының мәні мен обьективті қажеттілігі.
2-деңгейдің сұрақтары
1. Мемлекет қаржысының орталық идеясы ретіндегі “ Қоғамдық тауар” тұжырымдамасы.
3-деңгейдің сұрақтары
1. Қаржы мәнінің көрінісі ретіндегі оның функциялары.
7. ОБСӨЖ тапсырмалары: Дөнгелек стол.
Тақырыбы: “Қаржы термині және өмірде қажеттілігі”.
“Құндық экономикалық категориялардың өз ара әрекеттерiмен өзара байланыстары”.
СӨЖ тапсырмалары: Қаржылық саясаттың тиімділігін қамтамасыз ететін жалпы қағидаттары
8. Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Ильясов Қ. Қ., Құлпыбаев С. Қаржы. оқулық. -Алматы. 2005
2. Ильясов Қ. Қ., Мельников В. Д. Финансы. Учебник для экономической специальностей вузов. - Алматы, 2002.
3. Өмирбаев С. М. финансы. Учебное пособие для вузов. -Астана, 2003.
4. Құлпыбаев С. К. Баязитова Ш. Қаржы . - Алматы, 2000.
5. Құлпыбаев С. К., Баязитова Ш. Қаржы теорисы. Оқу құралы. - Алматы: Мерей, 2001.
6. Мельников В. Д. , Ли В. Д. Общий курс финансов. Учебник. - Алматы: Институт развитие Казахстана, 2001.
7. Берлин С. Теория финансов. Учебное пособие. -Москва, 2000.
8. Финансы. Учебное пособие, под редакцией Ковалевой А. М. -Москва, 1997.
9. Финансы. Учебник для вузов под редакцией М. В. Роамновского. -Москва. 2000.
10. Романовский М. В., Врублебская О. В. , Сабанти Б. М. Финансы. -Москва: 2002.
11. Көкебаева А. М., Ерманкулова Р. И. Қаржы. Оқу құралы. - Түркістан - 2005
Лекция №2
- Тақырыбы. Қаржы жүйесі және оны үйымдастырудың қағидалары.
2. Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Қаржы жүйесінің ұғымы. Жалпымемлекеттің қаржысы. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы. Халықтың (үй шаруашылығының) қаржысы. Қаржы жүйесінің сфералары. Қаржы жүйесінің қағидаларымен студенттерді таныстыру
3. Лекция мазмұны. "Қаржы жүйесінің" ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және нақтылана түсуі болып табылады.
Елдің біртұтас қаржы жүйесі тиісті ақша қорлары құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды.
Сонымен бірге жалпы институционалдық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан - ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы
Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек бір ғана буынмен - мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың кµптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бүрынғы КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын - мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырды.
Қаржы жүйесі терминінің жоғарыда келтірілген анықтамасында қаржының мәнділік сипаттамасын, оның қоғамдық-экономикалық процестегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесін сыныптаудың қағидалы үлгісі қойылған. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі мынадай үш бөлікті қамтиды:
- қаржы қатынастарының жиынтығы;
- ақша қорларының жиынтығы;
- басқарудың қаржы аппараты.
Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды.
- мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталық-тандырылған ақша қорларын қалыптастырып, пайдаланумен бай-ланысты болатын экономикалық ақша қатынастары;
- кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша қорлары-ның толық айналымын ортақтастыратын экономикалық ақша қаты-настары.
Қаржы қатынастарының буындарына тән болып келетін тиісті орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларының жиынтығы қаржы жүйесінің екінші бөлігін құрайды.
Қаржы жүйесін сыныптаудың функциялық критерийінен басқа қаржы субъектілерінің (қаржы қатынастарындағы қатысушылардың) белгісі бойынша сыныптау қолданылады, бұл қаржы жүйесін сфералар мен буындар бойынша: мемлекеттің қаржысына, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына, халықтың (үй шаруашылығының) қаржысына шектеуге мүмкіндік береді.
4. Оқытудың техникалық құралдары: слайдтар, презентациялар
5. Лекцияның оқыту әдістері мен түрлері: ақпаратты
6. Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (1-деңгей, 2-деңгей, 3-деңгей сұрақтарымен беріледі)
1-деңгейдің сұрақтары
1. Қаржының бақылау функциясы және қаржылық бақылау.
2-деңгейдің сұрақтары
1. Тауар-ақша қатынастары және қаржы
3-деңгейдің сұрақтары
1. Қаржыны бөлгіштік және ұдайы өндірістік тұжырымдамасы.
7. ОБСӨЖ тапсырмалары: Парламенттiк дебат.
Тақырыбы: “Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесін ұйымдастыру жолдары”
СӨЖ тапсырмалары: Коммерциялық есептің өзіндік ерекшелігі
8. Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Ильясов Қ. Қ., Құлпыбаев С. Қаржы. оқулық. -Алматы. 2005
2. Ильясов Қ. Қ., Мельников В. Д. Финансы. Учебник для экономической специальностей вузов. - Алматы, 2002.
3. Өмирбаев С. М. финансы. Учебное пособие для вузов. -Астана, 2003.
4. Құлпыбаев С. К. Баязитова Ш. Қаржы . - Алматы, 2000.
5. Құлпыбаев С. К., Баязитова Ш. Қаржы теорисы. Оқу құралы. - Алматы: Мерей, 2001.
6. Мельников В. Д. , Ли В. Д. Общий курс финансов. Учебник. - Алматы: Институт развитие Казахстана, 2001.
7. Берлин С. Теория финансов. Учебное пособие. -Москва, 2000.
8. Финансы. Учебное пособие, под редакцией Ковалевой А. М. -Москва, 1997.
9. Финансы. Учебник для вузов под редакцией М. В. Роамновского. -Москва. 2000.
10. Романовский М. В., Врублебская О. В. , Сабанти Б. М. Финансы. -Москва: 2002.
11. Көкебаева А. М., Ерманкулова Р. И. Қаржы. Оқу құралы. - Түркістан - 2005
Лекция №3
- Тақырыбы. Қаржы саясаты және қаржы механизмі
2. Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Қаржы саясатының ұғымы, міндеттері, мақсаты және қағидалары. Қаржы механизмінің мазмүны және құрылымы. Қаржыны басқару ұғымы, қағидалары және элементері. Қаржы аппараты, оның құрылымы. Қаржылық жоспарлау, оның мазмүны, әдістері, ерекшеліктері, қағидалары және кезеңдері. Қаржылық жоспарлаудың жүйесі және көрсеткіштері. Қаржы қатынастарын құқықтық реттеу, нормалар, әдістері, актілері. Қаржылық бақылаудың ұғымы, қағидалары, міндеттері және сыныптамасымен студенттерді таныстыру
3. Лекция мазмұны. Саясат мемлекет қызметінің барлық бағыттарын қамтиды. Саяси ықпал жасаудың элементі болып табылатын қоғамдық қатынастардың сферасына қарай экономикалық немесе әлеуметтік, мәдени немесе техникалық, қаржы немесе кредит, ішкі немесе сыртқы саясат туралы айтады.
Қаржы саясаты - бұл қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы нәтижесі. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады .
Қаржы саясаты өзіне бюджет, салық, ақша, кредит, баға және кеден саясатын қамтиды. Өз кезегіндегіі мемлекеттің қаржы саясаты тек оның экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың құралы болып келеді, яғни қосалқы рольді орындайды. Мемлекеттік саясаттың басқа да бағыттарын - ұлттық, геосаясатты, әскери саясаттарды да ұмытуға болмайды. Осы бес бағыттың жиынтығы мемлекеттік саясатты жүргізудің негізгі құралы болып табылатын қаржы саясатын анықтайды.
Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржы саясатына негізделеді. Қаржы саясатын жасауға биліктің заңнамалық және атқарушы тармақтары қатысады. Қазақстан Республикасында оның конституциялық ерекшеліктеріне қарай жалпы экономикалық саясат сияқты қаржы саясатын жасаудағы басымдық Қазақстан Республикасының Президентіне жатады, ол жыл сайынғы Жолдауында ағымдағы жылға және перспективаға арналған қаржы саясатының басты бағыттарын анықтайды. Үкімет экономиканы дамытудың басты бағыттарын жүзеге асыру және қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатымен осы Жолдаудың шеңберінде іс-қимыл жасауы тиіс. Осыған орай биліктің атқарушы тармағының бір бөлігі ретінде Үкімет қаржы саясатын іске асыруға қажетті заңдардың жобаларын жасайды және оларды қарап, қабылдау үшін Президентке тапсырады.
Мезгілінің ұзақтығына және шешілетін мәселердің сипатына қарай мемлекеттің қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасы болып бөлінеді.
Қаржы стратегиясы экономикалық және әлеуметтік стратегиямен анықталып, перспективаға есептелген және ipi ауқымды міндеттерді шешуді қарастыратын қаржы саясатының үзақ мерзімді курсы.
Қаржы тактикасы қаржы байланыстарын ұйымдастыруды дер кезінде өзгертіп отыру, қаржы ресурстарын қайта топтастыру арқылы қоғамды дамытудың нақтылы кезеңінің мәселелерін шешуге бағытталған.
Қазіргі кезеңде қаржы саясатының көмегімен шешілетін басты міндеттер:
А) Елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің ерекшеліктері негізінде қаржы ресурстарының неғұрлым мүмкін болатын көлемін жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету.
В) Қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында, ұлттық шаруашылық секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды белгілі бір мақсаттарға бағыттау.
Б) Эконрмикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті қаржы механизмін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру.
Қазақстан жағдайында қаржы саясатының міндеті- экономиканы экономикалық өсудің траекториясына көшіру, ұлттық шаруашылықтың құрылымын одан әрі жетілдіру негізінде шаруашылық өмірді тұрақтандыру, кәсіпкерлік қызметті дамыту, мемлекттік бөліктің үлесін оңтайландыра отырып, меншікті реформалау, сыртқы экономикалық қызметті ұлғайтып, жандандыру, әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру жөнінде шаралар жасап, оларды қаржы механизмі арқылы іске асыру болып табылады.
Қаржы саясатының мақсаты - қоғам дамуының аса манызды қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын толық жұмылдыру. Осыған байланысты қаржы саясаты кәсіпкерлік қызметті жандандыра түсуге қолайлы жағдайлар жасауға шақырады.
4. Оқытудың техникалық құралдары: слайдтар, презентациялар
5. Лекцияның оқыту әдістері мен түрлері: ақпаратты
6. Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (1-деңгей, 2-деңгей, 3-деңгей сұрақтарымен беріледі)
1-деңгейдің сұрақтары
1. Қазақстан Республикасының қаржы тұрақтылығының жолдары.
2-деңгейдің сұрақтары
1. Қаржы басқа экономикалық категориялармен өзара іс-қимылы мен өзара байланысы.
3-деңгейдің сұрақтары
1. Қазақстан Республикасын тұрақты дамытудың қаржылық бағдарламалары
7. ОБСӨЖ тапсырмалары: Шағын баяндама.
Тақырыбы: “Қазіргі кездегі мемлекеттің қаржы саясаты мен механизімі ”
СӨЖ тапсырмалары: Мемлекеттік бюджеттің сапалық сипаттамасы
8. Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Ильясов Қ. Қ., Құлпыбаев С. Қаржы. оқулық. -Алматы. 2005
2. Ильясов Қ. Қ., Мельников В. Д. Финансы. Учебник для экономической специальностей вузов. - Алматы, 2002.
3. Өмирбаев С. М. финансы. Учебное пособие для вузов. -Астана, 2003.
4. Құлпыбаев С. К. Баязитова Ш. Қаржы . - Алматы, 2000.
5. Құлпыбаев С. К., Баязитова Ш. Қаржы теорисы. Оқу құралы. - Алматы: Мерей, 2001.
6. Мельников В. Д. , Ли В. Д. Общий курс финансов. Учебник. - Алматы: Институт развитие Казахстана, 2001.
7. Берлин С. Теория финансов. Учебное пособие. -Москва, 2000.
8. Финансы. Учебное пособие, под редакцией Ковалевой А. М. -Москва, 1997.
9. Финансы. Учебник для вузов под редакцией М. В. Роамновского. -Москва. 2000.
10. Романовский М. В., Врублебская О. В. , Сабанти Б. М. Финансы. -Москва: 2002.
11. Көкебаева А. М., Ерманкулова Р. И. Қаржы. Оқу құралы. - Түркістан - 2005
Лекция №4
- Тақырыбы. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы
2. Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысының ұғымы, функциялары және негізгі белгілері. Негізгі ұйымдық-құқықтық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының ерекшеліктері. Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері. Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы қорлары, оларды қалыптастыру мен пайдаланудың негіздері. Өндірістік капиталдар және кәсіпорындар қызметінің қаржысының нәтижелері. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұымдастырумен студенттерді таныстыру
3. Лекция мазмұны. Шаруашылық жургізуші субъектілердің қаржысы - бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айырықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырынмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді. Елдегі ақша қатынастарының аса маңызды сферасын, атап айтқанда, жасалатын қоғамдық өнімді, үлттық табысты және үлттық байлықты - халықтың қажеттіліктерін, өндірістік емес сфераның материаддық шығындарын қамтамасыз етудің көздерін алғашқы бөлуді қамтитындықтан бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы өзіне қоғамдық пайдалы қызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркөсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу (делдалдық), сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа түрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, маркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, қоеамдардың, концерндердің, ассоциациялардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, шаруашылықаралық,, салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын кіріктіреді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы жалпы қаржылар сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бөлу функциясының ерекшелігі қаражаттардың жеке-дара ауыспалы айналымының процесінде өндірілген өнімнің құны белгіленген экономикалық нормативтер (салық мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдардың нормалары, несие үшін пайыз) негізінде бөлінетігінде болып отыр, мұның өзі қаржының ұдайы өндіріс процесінде құнды бөлу және қайта белуге қатысуын айқындайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бақылау функциясы кәсіпорын экономикасында маңызды рол атқарады: есепсіз және бақылаусыз шаруашылық жүргізуге болмайды. Ақшамен бақылау тек шаруашылық жүргізуші субъектілердің ішінде ғана емес, сонымен бірге оның басқа субъектілерімен, жоғарғы ұйымдармен және қаржы-кредит мекемелерімен озара қарым-қатынастарында да жүзеге асырылады. Субъектілер арасындағы µзара қатынастарда бақылау жеткізілім тауарларға, корсетілген қызметтерге және орындалған жұмыстарға ақы төлеу кезінде болады. Қаржы-кредит органдарымен µзара іс-әрекет кезінде бақылау бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалуы кезінде, банк несиелерін алған және қайтарған кезде жүзеге асырылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына, негізгі белгілерді атауға болады:
- қаржы қатынастарының көпқырлылығы, олардың нысандары мен мақсатты арналымының сан алуандығы;
- өндірістік қуралдардың (капиталдардың) міндетті болуы жәнеоларды қалыптастырумен, көбейтумен және қайта бөлумен байланысты қатынастардың пайда болуы. Өндірістік капиталдар - бұлондірістің серпінді элемент!, олар ондірістің өзі сияқты үздіксізқозғалыста болады; сонымен қатар құн нысандарының тұрақтыауысымы болып отырады. Кәсіпорын қызметінің кез келгенмезетінде ондірістік құралдар материалдық-заттай және ақша нысанында болуы мүмкін;
- жоғарыбелсенділік, шаруашылық қызметінің барлық жағына әсер ету мүмкіндігі;
- шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы бүкіл болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субектілердің қаржысы деп өнім (жұмыс, қызметтер көрсету) өндіріп, сату кезінде ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастарды айтады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер - кәсіпорындар мен ұйымдар (фирмалар, компаниялар, фермер шаруашылығы, шаруашылық, серіктестіктері, ассоциациялар (бірлестіктер), үлттық компаниялар және басқалары), мекемелер әр түрлі белгілері бойынша сыныпталады және оларды не ол, не бұл түрі бойынша айырудың негіздемелері қаржыны ұйымдастырудың сипатына елеулі әсер етуі мүмкін
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметінің сфералары бойынша қызметтің материалдық сферасы және өндірістік емес сфера қызметі болып бөлінеді.
Қызметтің материалдық сферасы- кәсіпорындары бүкіл қоғамның тіршілік әрекетінің негізі болып табылатын материалдық өнімдер мен игіліктерді жасайды. Ал, өндірістік емес сфера қызметі- нәтижелі қызметтердің нысанын қабылдайды, қызметтерді жасаудың процесі, әдеттегідей, оларды тұтыну процесімен тоқайласады, яғни олар қордалауға, сақтауға жатпайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz