Туризмді басқару жүйесі мен құрылымы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
2- Тақырып. Туризмді басқару жүйесі мен құрылымы

1. Туризмді басқару жүйесі
2. Туристік аймақтар, жүйелер мен кәсіпорындар
3. Туризмді басқару құрылымдары

"Ұйымды басқару құрылымы" немесе "басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы"
(БҰҚ) менеджменттің ең бір шешуші түсінігі болғандықтан, ол басқару
мақсаттарына, функциялары мен процестеріне, сонымен қоса, менеджерлердің
жұмыстарына және олардың арасындағы өкілеттікті бөлісуге тығыз байланысты.
Құрылым шеңберінде барлық басқарушылық процесс (ақпараттықтармен алмасу
және басқарушылық шешімдер қабылдау) кәсіби мамандығына сай менеджерлердің
қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Құрылымды басқару жүйесін уақытында және
сапалы салынған ғимараттың арқалығымен салыстыруға болады. Сондықтан да
ұйым басқарушылары басқару құрылымдарын қалыптастырғанда, олардың
принциптері мен тәсілдерін, типтері мен түрлерін таңдау барысында,
үрдістердің өзгеруі ұйымның міндетіне сәйкестігіне баға бергенде жете
зерттеу жүргізуді талап етеді.
Бұл мәселелерді қарағанда, осы мәселенің шешуші түсінігінен, ең алдымен
ұйымдарды басқару құрылымдарынан бастаған жөн. Менеджментке қатысты ғылымда
осы категорияның күрделілігін және көп мәнділігін көрсететін көптеген
түсіндірмелер кездеседі. Олардың ең бастылары мыналар.
Басқару құрылымы деп қызметтің атқарылуы мен дамуын қамтамасыз ететін,
тәртіпке келтірілген, өзара тұрақты байланыстардың біртұтас элементтер
жиынтығын айтады. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымына, қойылған
міндеттер мен мақсатқа жету жолдарын көрсететін функцияларға сәйкес,
басқару процесі шеңберінде жүзеге асырылатын басқарушылық әрекетінің бөлісу
формасы мен кооперациясы деп түсінік беруге де болады. Бұл тұрғыдан
басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын, оның құрамына кіретін органдар мен
онда қызмет атқарушы адамдардың өзара байланысты міндеттерін атқаруды,
құқықтары мен жауапкершіліктерін ең қолайлы бөлісу жүйесінің түрі деп те
атауға болады.
Басқару элементтерінің байланыс қатынастары деңгейлері мен өкілеттіктері —
оның құрылымының ең басты, негізгі түсініктері. Басқарудың ұйымдастырушылық
құрылымының элементтері жеке жұмыс істеушілер (бастықтар, мамандар,
қызметкерлер), сол сияқты, белгілі бір функционалдық міндеттерді орындайтын
басқару аппаратының органдары немесе осы аппаратта қызмет атқаратын
мамандар болуы мүмкін. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының мамандану
элементтерінің екі бағыты бар. Біріншіден, ұйым бөлімшелерінің құрылым
құрамына байланысты маркетингті жүзеге асыратын басқару құрылымының,
өндіріс менеджментінің, ғылыми-техникалық процестің тізбектері өзара
ажыратылады. Екіншіден, функциялардың жалпы сипаттамасына байланысты
жоспарлаумен шұғылданатын, ендірісті, еңбекті және басқаруды
ұйымдастыратын, ұйымда барлық процестерді бақылайтын, басқару процесінің
міндетін орындайтын органдар қалыптасады.
Басқару құрылымдарының элементтері арасындағы қатынастар көлденең және
жоғарыдан төменге қарай (тікелей) деп аталатын байланыстар арқылы іске
асырылады. Көлденең байланыстардың бір деңгейлі сипаттамасы бар. Екіншісі -
бағыныштылық қатынастар. Мұндай байланыстардың қажеттілігі өз мақсаттарының
орындалуын көздейтін басқарудың түрлі деңгейіндегі иерархиялық жүйені
құрғанда пайда болады.
Екі деңгейлі құрылымда жоғарғы (бүтіндей ұйымға басшылық ету) және төменгі
басқару бөлімдері (тікелей орындаушылардың жұмысын басқаратын менеджерлер)
болады. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымында үш және одан көп деңгейлері
болса, онда орта қабат деп аталатын деңгей қалыптасады, сонымен қоса, өз
жағынан, бұл қабаттың бірнеше деңгейі болуы мүмкін. Бірінші суреттегі
графада әр деңгейдің мақсатпен байланысты және осындай үш деңгейлі ұйым
мысалға келтірілген (1-суретті қара).
Ұйымды басқару құрылымындағы байланыстар алдыңғы қатардағы және
функционалды болып ажыратылады. Алдыңғы қатардағы байланыстарға алдыңғы
шептегі бастықтар деп аталатын, яғни ұйымның және бөлімшелердің
әрекеттеріне, олардың арасында ақпараттардың алмасуына және басқарушылық
шешімдерді қабылдау мен оны жүзеге асыруға толығымен жауап беретін адамдар
арасындағы қатынастар жатады. Функционалдық байланыстар менеджменттің түрлі
функциялары арасында кездеседі. Соған сәйкес алдыңғы қатардағы
байланыстарда алдыңғы шептегі қызметкерлердің өкілеттілігі, штаб
қызметкерлерінің өкілеттілігі және функционалды өкілеттіктер деген ұғымдар
пайда болады. Алдыңғы шептегі бастықтардың өкілеттілігі оларға сеніп
берілген ұйымдар мен бөлімшелердің дамуына байланысы барлық мәселелерді
шешуді, сол сияқты ұйым (бөлімше) мүшелерінің өздеріне тапсырылған
міндеттерін сөзсіз орындауды талап ететін құқық береді. Штаб
қызметкерлерінің өкілеттілігі жоспарларды ұсыну, кеңес беру немесе
көмектесу құқығымен шектеледі. Бірақ ол ұйымның басқа мүшелеріне өзінің
нұсқауын орындау туралы бұйрық бермейді. Егерде басқарушы аппараттағы
қызметкердің біреуіне, әдетте, алдыңғы шептегі менеджерлердің орындайтын
әрекеттерін іске асыру және, шешім қабылдау туралы құқық берілсе, онда ол
функционалды өкілеттікке ие болады.
Жоғарыда көрсетілген басқарудың ұйымдастырушылық кұрылымын
құрушылардың арасында өзара тәуелді көптеген күрделі қатынастар бар.
Айталық, біреуінің ішінде пайда болған өзгеріс (мыс., элементтер мен
деңгейлер саны, байланыстар мөлшері мен сипаттары, қызметкерлер өкілеттігі)
барлық қалғандарының қызметтерін қайта қарап шығуды қажет етеді. Егерде
басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы жаңа орган енгізу туралы шешім
қабылдаса, мысалы, маркетинг бөлімі (оның қызметін осы уақытқа шейін ешкім
орындамаған), онда бір мезгілде төмендегідей сұрақтарға жауап табу керек:
жаңа бөлім қандай мәселелерді шешеді, тікелей кімге бағынышты болады, оған
қажетті ақпаратты қандай органдар және ұйымның бөлімшелері жеткізіп тұрады,
жаңа бөлімнің қызметкерлеріне қандай өкілеттілік бөлініп беріледі, жаңа
қызмет қандай иерархиялық деңгейге қатысты әрекет жасайды, жаңа бөлім мен
басқа бөлімдердің арасында байланыстардың қандай түрлері орнатылуға тиіс?
Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымында элементтері мен деңгейлерінің
көбеюі еріксіз басқарушылық, шешімдерді қабылдау процесінде пайда болатын
байланыстардың саны мен күрделілігінің бірнеше рет өсуіне әкеліп соғады,
соның салдарынан көбіне бұл басқару процесінің бәсеңдеуіне әсерін тигізеді;
қазіргі жағдайда соңғы процесс ұйым менеджментінің қызмет атқару ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТУРИЗМ БАЗАСЫ РЕТІНДЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Туристік саланың инвестициялық - инновациялық қызметін дамыту
Туризм саласындағы мамандарды даярлаудың теориялық аспектасы
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда туристерге қызмет көрсету
Туризмді ұйымдастырудың экономикалық тетіктері
Туризм бағдарламасындағы туристік жерлер
Туризм саласындағы бәсекелестік және бәсекелестік стратегиясының негіздері
Туризм және ішкі туризм индустриясының дамуының теориялық негіздемесі мен Қазақстандағы туризм индустриясының құрылымы
Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясының даму тенденциялары
Жанұялық туризмді ұйымдастыру және жоспарлау
Пәндер