Туризм менеджментінің қызметі мен қағидалары
3-Тақырып. Туризм менеджментінің қызметі мен қағидалары
1. Менеджмент қызметінің мәні мен өзара байланысы
2. Менеджменттің негізгі қызметінің сипаттамасы
3. Менеджмент қағидалары
Басқару өнері және басқару туралы ғылым адамдардың топ болып жұмыс істеу
жағдайында және қоғамның үш саласында – саяси, экономикалық және сыртқы
қауіптен қорғану кезінде қолданылған.
Ертеден-ақ адамдар тобын шоғырландырып, белгілі бір бағытта жұмыс
орындауға жетекшілік ететін ерекше қабілеті бар адамдар қажет болған.
Мысалы, египет пирамидаларын салу соншалық көп адамдарды ұйымдастыру,
басқару шеберлігін талап еткені белгілі.
Менеджменттің теориясы мен практикасының дамуы бірнеше кезеңдерге
бөлінеді:
І кезең – ежелгі кезең. Алғашқы қауымдық құрылыста ру басшысының, қауымдық
жетекшінің көмегімен, басшылығымен бірігіп тіршілік еткен. Б.э. дейінгі
басқару принципінің жан-жақтылығын зерттеп сипаттама берген адам Сократ
(470-439 жж.) болды. Платон (б.э. дейінгі 428-348 жж.) мемлекеттік
басқарудың түрлерін талдаумен бірге басқару органдарының фугкцияларын
анықтаған, ал Александр Македонский (б.э.дейінгі 356-323 жж.) әскерді
басқарудың теориясы мен практикасын дамытты.
ІІ кезең – индустрияның даму кезеңі (1776-1890 жж.). Бұл кезеңде
мемлекеттік басқарудағы еңбек бөлінісінің әртүрлі формаларын анықтап,
мемлекет пен мемлекет басшысының міндеттеріне сипаттама берген ғалым –
Адам Смит.
ІІІ кезең – басқаруды бір жүйеге (систематизация) келтіру
кезеңі (1856-1960 жж.) Басқару ғылымы үнемі даму үстінде. Сондықтан
басқару бағыттары, мектептері өзгеріп, жетіліп отырады. Қазіргі менеджмент
ХІХ ғасырдағы өнеркәсіп революциясы кезінде туындаған. Өндірістің алғашқы
түрлерінде, фабрикаларда адамдарды жұмыспен қамту және оларды біріктіріп,
жұмысқа бағыттау қажеттілігі туындаған. Міне сондай жағдайда қабілетті
жұмысшыны үйретіп, оқытып, кәсіпорын иесінің мақсатын орындау үшін
пайдаланған. Олар – алғашқы менеджерлер болатын.
ІV кезең – ақпараттар кезеңі (1960 ж. – қазіргі уақытқа дейін).
2. Басқарудың негізгі мектептері
Менеджмент саласындағы алғашқы зерттеулер классикалық мектепарқылы
жүргізілген. Алғашқы менеджерлердің көңіл аударған келелі мәселелерінің
бірі өндірістің тиімділігі болды. Өндірістің тиімділігі жұмыс орнының
ыңғайлылығына, жұмысшының бейімділігі мен шеберлігіне, әртүрлі жұмыстарға
жұмсалатын шығындарға тікелей байланысты. Менеджменттің классикалық
мектебінің өкілдері осындай мәселелерді шешу жолдарын қарастырды. Сол
кездегі ғылыми ізденушілердің көзқарасы бойынша менеджмент дегеніміз өнер
деп санады, себебі кез-келген адам жетекшілік, басшылық қызметін атқара
алмауы мүмкін.
Жоғарғы дәрежедегі нағыз менеджерлердің мінез-құлқының өзіне тән
ерекшеліктері мен қабілеті болуы тиіс. Мінез құлық белгілерінің
концепциясын қарастыру сәтінде Менеджмент ғылым ба? - деген сұрақ
туындайды.
Менеджментті ғылым ретінде қарастырып, ғылыми басқарудың негізін салған
Ф.Тейлор (1856-1915 жж.) ғылыми басқару мектебінің дамуына жол ашты.
Өзінің Управление фабрикой (1903 ж.), Принципы научного управления
(1911 ж.) деген еңбектерінде Ф.Тейлор еңбектің түрлерін сараптап,
жұмысшылардың еңбегіне хронометраж жасап, тиімділігін арттыру арқылы
еңбекті ғылыми ұйымдастыру шараларын жүзеге асырды. Сөйтіп Ф.Тейлор
менеджмент саласында революцтя жасап, менеджменттің ғылыми мектебі пайда
болды.
Басқарудың класикалық мектебінің енді бір түрі әкімшілік басқару
мектебіболып саналады. Әкімшілік басқару мектебі менеджердің ролі мен
қызметі жөніндегі мәселелерді зерттеген. Бұл идеяның негізін қалаған
француз ғалымы А.Файоль (1841-1925 жж.) Ол менеджменттің қазіргі кездегі
қолданылып жүрген мынадай функцияларын анықтаған: жоспарлау, ұйымдастыру,
мотивация және бақылау.
Классикалық мектептің негізгі белгісі өндірістің тиімділігін арттырудың ең
қолайлы жолын іздеу болып табылады.Классикалық мектеп әлемдік басқару
ғылымының алғашқы іргетасын қалады.
30-шы жылдары менеджмент саласында адамдардың қарым-қатынасы мектебі пайда
болды.Оның негізін қалағандар психологтар мен социологтар. Бұл жағдайда ең
басты көңіл аударатын мәселе, жұмысшының орындайтын міндеті емес, оның
өзінің жеке басы, мінез-құлқы, көңіл-күйі болып табылады.
Өндіріс тиімділігін арттыруда жұмысшының жеке басына қамқорлық, оның
көңіл-күйі, демалысы, еңбек ақысының мөлшері де үлкен роль атқарады.
Адамдардың жеке басына көңіл аударған бірінші ғалым Р.Оуэн болды. Басқа
ғалымдармен бірге М.П.Фоллет те осы бағыттағы ғылымды дамыта отырып,
басшылық стилін талдап, оның түрлерін анықтады.
Адамның жеке басының қажеттілігін қанағаттандыру еңбек мотивациясына ықпал
ететіндігін, мотивация теориясының құрылымынанықтаған А.Маслоу. Ол
адамдарда кездесетін қажеттілік иерархиясын ашып көрсетті.
Ал ақпараттар кезеңінде, яғни басқарудың дамыған мерзімінде математика мен
компьютерді, электронды есептеу техникасын кеңінен қолдану арқылы
басқаруды жетілдіруде мүмкіндік туды.
Басқару шешімдерін қабылдау, оңтайлы шешімдерді анықтау, есептеулер мен
салыстыру арқылы және математикалық әдістерді қолдану арқылы жүзеге
асырылатын болды. Басқаруда мәліметтер мен ақпараттарды қолдану
кезеңі сандық мектеп өкілдері теориясымен дамыды. Сандық мектеп
теорияшыларының ойынша басқарудың концепциясын дайындау, жоспарлау
математикалық талдаулардың нәтижесі арқылы ғана жүзеге асады. Шын мәнінде
қазіргі заманда әрбір өркениетті елдің табыстарға жетуі
математикалық-техникалық прогрестің көмегі екендігіне сөз жоқ.
3. Қазақстандағы менеджменттің дамуы
Менеджмент туралы сөз болғанда біз ең бірінші Әбу Нәсір Әл-Фарабиді еске
аламыз. Әбу Нәсір Әл-Фараби (870-950 жж.) ғылымның әр алуан саласында аса
маңызды, құнды пікірлер, тұжырымдар қалдырған кемеңгер ғалым, данышпан
ойшыл, энциклопедист адам болған.
Әл-Фараби басқару мен патшалық құруға, яғни жоғары өкіметтің негізі болып
табылатын басқару саясатына зор мән берген. Ұлы ойшыл басқару екі түрлі
болады деген: Егер басқару әділеттік бағытқа жеткізетін әрекеттерді,
мінез-құлықтарды, ер қасиеттерін нығайтса, ол – қайырлы басқару. Оған
мойын ұсынатын қалалар мен халықтар – қайырлы қалалар мен халықтар -
дейді ол. Ұлы ойшылдың ойынша бұл принциппен қабыспайтын басқару қиялдағы
бақытқа ғана жеткізеді. Шындығында ол бақыт бола алмайды. Өйткені ол
қаладағы теріс әрекеттер мен жаман қасиеттерді нығайтады, сондықтан ондай
басқару – надандық басқару болып саналады.
Әбу Нәсір Әл-Фараби азаматтық ғылым туралы еңбектерінде саясат пен
этиканың арасындағы өзара тығыз байланысты талдай отырып, мемлекеттік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz