Туристік фирманы басқару стилі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
5-Тақырып. Туристік фирманы басқару стилі
1. Басқару стилдері туралы түсінік пен стильдер сипаттамасы
2. Басқарма жүйесі
3. Басқару элементтері
Ұжымға басшылық ету процесінде әлеуметтік-экономикалықтан басқа, әлеуметтік-
психологиялық қатынас та қалыптасады. Бұл ең алдымен ұйымның әр түрлі
статустары, иерархиялық құрылымдары (бір жұмыскердің екіншісіне бағынуы
арқылы көрінетін) және жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас, олардың
әлеуметтік-психологиялық мазмұны, бірін-бірі мойындау, ықпал ету, стиль,
мүдделік т. б. болып саналады. Басқарудың дұрыс стилін тандай білу
әлеуметтік-психологиялық проблеманың ең актуалдысы. Басқармадағы
жұмыскерлердің шынайы мәдениетіне неғұрлым толық, әрі түбегейлі баға, басшы
жұмысының стилі бойынша жүзеге асады.
Басқару қызметіндегі әрбір басшы тек өзіне ғана тән стильде қызмет міндетін
орындайды. Адамдардың қарым-қатынасында, соның ішінде басқару функциясын
жүзеге асыруда стильге ерекшс мән беріледі.

Қазіргі кезде стильді басшының басқару функциясын тиімді орындау мақсатында
өзініқ қарамағындағыларға ықпал етуі бойынша бағалайды. Сонымен, басшылық
стилінің мәні сол, басшы қандай әдістермен ұжымның қарқынды және
творчестволықпен өзіне бекітілген жұмысты орындауына ықпал ете
алатындығында, қарамағындағылардың іс-әрекеті нәтижесін қалай
бақылайтындығында. Қабылдаған стиль ұжымға ерекше жағдай мен қарым-қатынас
тұғызады.

Басшылық стиль тұрақтылығымен, амалдарды жиі-жиі қайталауымен ерекшеленеді.
Бірақ мұндай тұрақтылық салыстырмалы түрде, өйткені көптеген мамандардың
бағалауынша стильге әдетте ырғақтылық тән, олардың тұжырымдауынша ең дұрыс
басшылық — бүл ырғақтылық жәнеде басшылық ете білу — бұл басшылық стилін
өзгерте білу.
Басшы жұмысының стилі — оның басқару процесінде пайдаланатын тәсілдердің
амалдардың және іс-әрекеттерінің жиынтығы. Басшының стилі — бұл, шешім
қабылдау және қызметкерлерге тапсырма беру әдісі.

Басшылық стилі басқару тәсілімен белгілі бір ара қатынаста және өзара
әрекстте болады. Алайда олар бірдей ұғымда емес.
Басқару тәсілі — басқару ісін жүзеге асырудың әдістері (амалдары),
жұмыскерлер мен еңбек ұжымына мақсаттты ыкпал ету, басқару функциясын
орындау процесінде олардың іс-әрскеттерін үйлестіруді қамтамасыз сту.
Басшының дербес және жалпы стилі болады. Әрбір басшының дербес стилі бар,
мұның өзі оның іс-әрекетінде көрініп, басқару аппаратының және бүкіл
ұжымның жұмысына елеулі ықпал етеді. Дербес стиль нақты құбылыс — оны
түгелдей, егжей-тегжейлі қайталауға болмайды. Басшының дербес стилі алуан
түрлі объективтік факторлардың ықпалымен қалыптасады:
1.Іс-әрекет сипаты;

2. Басшы мен бағыныштылар арасындағы өзара байланыс;

3. Психологиялык қасиеті;

4. Орындау тәртібінің жағдайы

Басшы мен бағыныштының өзара қарым-қатынас жасауы, ұжымның ықпал ету
нәтижесінде басшы стилі үнемі жетілдіріліп отырады.

Стильдің қалыптасуы — бұл ұзаққа созылатын, күрделі, мақсатты процесс.
Әрбір басшы өзінде және өзінің қарамағындағыларда алуан сипатта тексерілген
тәсілдер мен амалдарды қолдана білуі тиіс.

Басшының дербестігі істеген ісіне қарай емес, қалай істейтіндігіне де орай
сипатталады.
Олардың жұмысын бақылай отырып мынаны анықтауға болады: ьасшы бір
мәселенің өзін алуан түрлі тәсілдермен, өзінше шешеді.
Стиль дегнніміз әлеуметтік құбылыс, өйткені, біріншіден онда басшының
көзқарасы мен сенімі бейнеленеді, екіншіден, ол түптен келгенде жүйенің
қалыпты жұмыс істеуінің ақырғы нәтижесін ойластырады. Басшы ұстанған стилі
оның қарамағындағылардың ұдайы назарында болып, олар мұны өзінше бағалап,
өзінше қабылдайды. Әдетте, басшы стилі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кадрды басқару әдістері
Туризм мамандығы
Қонақ үй кәсіпорындарда жарнама қызметінің жетілдіру жолдары
Туристік кәсіпорындарда жарнама қызметінің жетілдіру жолдары
Туристік кәсіпорынның дамуына жарнаманың әсері
Туристік салада маркетингтік және жарнама қызметін ұйымдастыру
Туристік қызметті ұйымдастыру
Туризмдегі HR менеджмент жүйесін дамыту
Имидждің түрлері
Маркетингтің теориялық негіздері мен концепциялары
Пәндер