Ана - сарқылмайтын күш
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Ана - сарқылмайтын күш.
Орындаған: Абдукалыкова Мадина
Тобы: АП-16-2К
Қабылдаған:Калходжаева Ардақ
Шымкент 2017
Ана - сарқылмайтын күш.
Адам баласының бәрі де анадан туады. Ғалым да, ақын да, жазушы мен дәрігер де,құрылысшы мен шопан да ананың балалары. Ана-жарық дүниеге өмір сыйлаушы жан. Сондықтан да ол-қасиетті, қастерлі.
Ананың балаға деген мейірім, махаббаты теңіздей терең, аспандай биік, оттай ыстық, күннің нұрындай шуақты. Ана баласы үшін бәріне де дайын, тіпті отқа да, суға да түсе алады. Оны біз Ғ.Мүсіреповтың ана жайлы шығармаларынан да көре аламыз. Оның "Ананың анасы","Ашынған ана","Ананың арашасы","Ер ана","Ақлима"атты әңгімелерінен ананың баласына, адамзатқа деген шексіз махаббаты мен асқан ерлік істері суреттеледі. Ана махаббаты, сүйіспеншілігі жер жүзін жаулап келе жатқан қаһарлы әмірші Ақсақ Темір мен Жалпақ батырға қарсы шығып, тізе бүктіртеді. Тіпті: "Менің атым-әйел, мына қыздың анасымын! Бәрін де анадан тудыңдар! Анамен алыспайды да, атыспайды да. Нең бар еді менің жалғызымда? Кел ботам, өзіме!"-деген сөздермен жауын тұқыртып, баласын құтқарады.Бұдан ана бойындағы махаббатты ғана емес, сарқылмайтын алып күшті байқауымызға болады.
Иә, ана бойындағы махаббат пен алып күшті еш нәрсемен салыстыруға келмейді.Ана сияқты бала да өз анасын жақсы көреді. Мен үшін дүниеде анадан қымбат, анадан артық ештеңе жоқ. Анам мені жарық дүниеге әкелді, түн ұйқысын төрт бөліп, ақ сүтін беріп, мәпелеп өсірді. Қай кезде болмасын қасымнан табылып, үнемі ақыл-кеңес айтып отырады. Менің болашақта білімді, тәрбиелі, үлкен азамат болғанымды қалайды. Мен де анамды қатты жақсы көремін, ешқашан ренжітпеуге тырысамын. Анамның ақ сүтін ақтау-парызым. Сол парызымды орындағым келеді. Адам болғым келеді.
Ана. Үш - ақ әріптен құралған Ана сөздерінің астарында үлкен мән жатқанын кез - келген саналы азаматтың ұғынары сөзсіз. Тіршіліктің қайнар көзі, мейірімнің қайнар бұлағы Анадан қасиетті, киелі ештеңе жоқ. Әлемге әйгілі ақын жазушылар мен ғұламалардың өзі де Ана жайлы тебіреніп жазып қалдырған асыл сөздері қаншама..
Балаға анадан артық, анадан қымбат ештеңе жоқ. Сондықтанда халық даналығында ананы ардақтайтын, ананы дәріптейтін небір асыл сөз маржандары кездеседі. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын, өз перзентін асылым мен алтыным, жасыл желек жарқыным, аспандағы жұлдызым, маңдайдағы құндызым деп, аман болсын бастары, ұзақ болсын жастары деп күні - түні, өмір - өмір бойы перзентінің тілегін тілейді. Керек десең жанын беруге әзір тұрады. Не деген құдіретті мейірім десеңші...
Ана, Ана, Ана,.. Осы сөздің өзі адамға қандай күш береді! Дүниеде ананың мейіріміне, аялы алақанына не жетеді?! Дүниеге келіп, көзіңді ашып көретінің - Ана.
Ана дегенде сөзге келмейтін тіл, үлпіл қақпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар жоқ. Балаға Анадан артық, анадан қымбат жан жоқ. Халық арасында Меккеге анаңды үш рет арқалап апарсаң да қарызыңды өтей алмайсың деген сөз ананың соншалықты қадірлі екенін адамзатқа ұғындыру үшін айтылса керек.
Жан Ана Ана. Бар болғаны 3 әріптен құралған. Бірақ мағынасы - теңіздің терең тұңғиығындай, қол жетпес көк аспандай, қажеттілігі адамға ауаның қажеттілігіндей маңызды, дүниедегі ең, ең ,ең қымбат сөз. Бұл сөз иесі бар әлемдегі ең ардақты, ең аяулы, ең сүйкімді, ең сүйікті ЖАН. Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды. Расында да, анамыз бар кезде біз өзімізді әлі де сәбидей, сәби болмаса да, қорғаны бар, ұясы бар балапандай, шатыры бар керегедей, аспаны бар жұлдыздай, құнары бар топырақтай, ағашы бар жапырақтай, көктемі бар самал желдей, жазы бар жайнаған гүлдей, күзі бар жаңбырдай, қысы бар қардай, қысқасы, жаны бар адамдай сезінеміз. Сыйлаймыз, құрметтейміз, еркелейміз. Біздің еркелігімізді көтеретін бұл жалғанда Жан Анадан басқа жан бар ма? Жоқ!!! Сәби кезден осы кезге дейін, тіптен 30-40 - қа келгендерінше еркелеп жүргендер де бар емес пе?... Жалған дүниенің есігін ашқаннан бастап, осы күнге дейін бағып-қағып, мәпелеп өсіріп, ешкімнен қалдырмай, осы күйімізге жеткізген, біздің әрбір еркелігімізді көтерген жан аяулы жан анамызға, Ана, рахмет! деп айттық па? Әй, қайдам?! Бірақ айтқандар да бар шығар, кім білсін?! Ана, сізге мың да бір рахмет!, деп айту, кей адамдар үшін күнделікті Ана, шай дайын ба, шай ішейікші? деген сынды жаттанды сөздерге айналып кеткен. Оларға бұл сөзді айтып, анасының бетінен сүю түкке тұрмайды. Күнделікті жаттанды әдет. Ал кейбіреулер үшін бұл сөзді айту қиынның қиыны. Олай айтпақ түгілі, туған күнінде, мерекеде аналарын құттықтау қиынға түсетін жандар да бар. Бес саусақ бірдей емес. Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да, қарызын өтей алмайсың, деген сөз бар емес пе? Шынында да, қанша талпынсақ та, күнде қарызын өтеуге ниет қылып, жақсы істер істесек те, ананың біз үшін істеген жақсылығын, қарызын өтей алмаймыз. 9 ай, 9 күн еш жерге тастамай, отырса да, тұрса да көтеріп жүріп, сүліктей жабысқан шарананы дүниеге алып келудің өзі неге тұрады?... Ал біз, ішінде 3 кітап бар қара сөмкені күніне 3-4 сағат көтеріп жүргенді ауырсынамыз. Осы бір қиын да, қызық 9 айдың қарызын өтеудің өзі біз үшін бір үлкен, алып, мәні бар іс. Қарызын өтей алмасақ та, ең болмаса, ананың қабағына кірбің түсірмеуге тырысуымыз керек емес пе?! Балам, ананы үйте салшы, мынаны бүйте салшы ... , - деген Анаға, Ой, Ана, қойшы, уақытым жоқ.,- ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz