Химия курсын дәстүрлі оқыту технологиясы



Жоспар
1. Органикалық химия курсына экологиялық білім негіздерін кіріктіре оқытудың теориялық негіздерін саралау;
2. Органикалық химия курсы мен экология негіздерін кіріктіре оқыту мүмкіндігін ашу;
3. Органикалық химия курсы мен экология негіздерін кіріктіре оқытудың әдістемесін жасау;
4. Ұсынылған әдістеменің тиімділігін эксперимент жүзінде анықтау;

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Органикалық химия курсына экологиялық білім негіздерін кіріктіре оқытудың теориялық негіздерін саралау;
2. Органикалық химия курсы мен экология негіздерін кіріктіре оқыту мүмкіндігін ашу;
3. Органикалық химия курсы мен экология негіздерін кіріктіре оқытудың әдістемесін жасау;
4. Ұсынылған әдістеменің тиімділігін эксперимент жүзінде анықтау;
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Бүгінгі таңда ғылымның жаңа салаларының, техниканың, өндірістің жоғары қарқынмен дамуы және адамдардың еңбек әрекетінің қоршаған ортаға ықпалының артуы экологиялық дағдарыстарды туғызып отыр.Сондықтан да адамның табиғатты бағындырудағы теріс ықпалының алдын алу ғылыми-техникалық, әлеуметтік-саяси және басқада мәселелерді соның ішінде педагогикалық, тәрбие мәселелерін шешуді қажет етеді.
Елімізде экологиялық білім мен тәрбие берудің мемлекеттік және қоғамдық жүйесі қалыптасып, даму үстінде. Экологиялық білім мен тәрбие беруді негіздейтін құжаттар мен заңдар қабылданды.
Қазақстан Республикасының экологиялық білім беру концепциясы экологиялық білім берудің маңыздылығын көрсетіп, үздіксіз экологиялық білім берудің ұстанымдарын, мазмұны мен құрылымын, оларды жүзеге асыру жолдары мен құралдарын нақтылады. Экологиялық білім берудің ұлттық жүйесі негізінде республика бойынша біраз жұмыстар орындалған.
Мектепке дейінгі балабақша балаларына және бастауыш мектептегі оқушыларына дүниетанудан қарапайым экологиялық білім негізін және табиғат құбылыстары мен заттарының өзара байланыстылығы жайлы түсініктер мен ұғымдарының қалыптасуының ғылыми-әдістемелік негізін педагогика ғылымдарының докторы Қ.А.Аймағамбетова, табиғаттанудың мазмұны, құрлымы, оны оқытудың әдістемесі Ә.С.Бірмағанбетов, Қ.Ж.Жүнісова, сондай-ақ этнопедагогика негізінде табиғатқа деген адамгершілік қасиетке тәрбиелеу мәселелеріне М.Н.Сарыбеков, Н.С.Сайлауова, Д.І. Жангельдина т.б. еңбектері арналған .
Мектеп жағдайында және жоғары оқу орындарында химиялық бағытта экологиялық білім берудің теориялық және әдіснамалық негіздерін талдауда педагогика ғылымдарының докторлары Ж.Ә.Шоқыбаев, И.Н.Нұғыманов,С.Ж.Жайлау,Н.Н.Нұрахм етов,У. Маканов,Қ,О. Шайхеслямова т.б. еңбектерін атауға болады. Сонымен қатар, С. К.Еримбетова, Г.Н.Мукушева., Р.С.Абекова, А.Д.Болтаев, Ж.Қ.Қуанышева оқушыларда экологиялық білім беруді қалыптастырудың практикалық-әдістемелік мәселелерімен айналысқан. Мектепте факультативтік сабақтар, сондай-ақ жекелеген тақырыптарда экологиялық білім негіздері кіріктірілген сабақтар,сыныптан және мектептен тыс жағдайда оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру жұмыстары, экологиялық акцияларды өткізу оң нәтижелерге қол жеткізетінін алдыңғы қатарлы ұстаздардың еңбектеріндегі іс-тәжірибелерінен көруге болады.
Жоғары оқу орындарында экологиялық бейінді мамандар даярлау, оның негізгі мәселелерін шешу жолдарын көрсету, химиялық пәндерді экологияландырылған аспектіде оқытуды әдістемелік тұрғыдан зерделеу, студенттерге экологиялық тәрбие беру жолдары мен оны ұйымдастыру әдістері көптеген ғылыми еңбектерге түрткі болған. Атап айтқанда, А. Г. Сармурзина химиялық экологиядан бірқатар оқу құралдарын, Т. К. Длимбетова химия ғылымын экологияландыру үрдісінің теориялық-әдістемелік негіздерін, радиоэкологиялық білімдердің дидактикалық жүйесін жасады. Ш.Ш.Хамзина, Қ. О. Шайхеслямова, К.Б.Тлебаева болашақ химия мұғалімдерін экологиялық білім беруге даярлау мәселесімен айналысқан. Жоғары оқу орнында химияны пәнаралық байланыс арқылы оқытуда студенттердің экологиялық білімін қалыптастыру әдістемесінің ерекшеліктерін С.К.Идрисова, Э. Ж. Әлімқұлова, Н. А. Чуйкова, З.С.Даутова зерттеді.Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жинақталған білімді жүйелеу және ғылыми зерттеулерді үйлестіруде Ж.Жатқанбаев, А.К.Бродский, Т.Қалыбеков, В.И.Фурцов, М.С.Тонкопий, А.Жақбасов, Г.Ә.Сайнова т.б. бірқатар авторлар экологияның негіздері: ұғымдарын, түсініктер жүйесін, ғылыми заңдылықтарын В.И.Вернадскийдің ноосфера жөніндегі идеясы негізінде зерделеп, экология оқулықтарын, түсіндірме сөздіктерін жазды. М.С.Панин Шығыс Қазақстан облысы өңірінің биогеохимиялық айналымын бағалау мәселесінде өзіндік мектебін қалыптастырды,еліміздің экологиялық мәселелерін жоғары оқу орындарына арналған оқу құралдарында көрсетті.
Аталған зерттеулер, еңбектер экологиялық білім мен тәрбие берудегі педагогикалық мәселелерді шешудің теориялық базасы болып отырғанымен, зерделенген теориялық және әдістемелік ұсыныстар мектеп іс-тәжірибесіне өте баяу енгізілуде. Сондықтан да экологиялық білім беру мәселесін мектеп жағдайында оқу үрдісінде жүзеге асыруды күшейту қарастырылып отыр.
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру - ең күрделі педагогикалық үрдіс. Бұл оқу үрдісінде белгілі бір пәннің бағдарламалық талаптарын жан-жақты қарастыру арқылы жүзеге асырылады. Басты мәселе оқушылардың табиғатты ұлттық қоғамдық жетістік деп сезінуі, оны көбейту, сақтау - еліміздің әр азаматының ісі деп бағалау дәрежесіне көтерілуі. Оқушыларға жан-жақты экологиялық білім беру мектептегі оқу-тәрбие үрдістерін, ең алдымен жаратылыстану ғылымдарына енетін пәндерді экологияландыру көзделеді.
Оқушыларға экологиялық білім беру жұмыстары бағытында әлі де болса, толық шешімін табуды қажет ететін мәселелердің бірі - жаратылыстану пәндерін экологияландыруды күшейту.
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде экологиялық білім мен тәрбие беру тұжырымында пәндерді экологияландыру дегеніміз - дәстүрлі пәндерді оқыту барысында тақырыптардың мазмұнын қосымша жаңа экологиялық мәліметтермен байыту - деп көрсетеді.
Органикалық химия курсы орта жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану - математикалық бағытындағы бағдарламасы бойынша
11-сыныпта оқыту көзделген. Бағдарламада органикалық заттар туралы білімді тереңдету, көміртегі қосылыстары қасиеттері өзгерісінің жалпы заңдылықтарын анықтау және политехникалық бағытын күшейту, ондай-ақ, қоршаған ортаны ластаудың негізгі көздері, бүлінуден қорғау жолдары туралы, экологиялық проблемаларды шешудегі химияның маңызын ашып көрсету жүктелген. Бұл мәселердің шешімін органикалық химия бойынша жетілдіруге мол мүмкіндіктер бар. Атап айтқанда: органикалық химия бұл тірі ағзаны құрайтын заттардың құрамы, құрлысы туралы білімдер жүйесінен тұратын болса, экология тірі ағза мен қоршаған ортаның арасындағы байланыстың сипатына ерекше назар аударатын ғылым. Экожүйеге антропогендік әсер беретін факторлар химиялық өндіріс болса,бірде бір өндіріс органикалық заттарсыз, ластаушыларынсыз сипаттала алмайды. Органикалық заттардың араласпаған саласы жоқ тұрмыстада, ауылшаруашылығы, өндіріс т.с.с оның әсері шекті мөлшерлі концентрациясы арқылы бағаланып, реттелуі экологиялық мониторинг мәселесімен тығыз байланысты. Органикалық заттардың синтезі мен ыдырауына сүйенген экожүйедегі биогенді элементттердің айналымы заттардың биотикалық айналымының негізін құрайды және тірі ағза мен қоршаған ортаның өзара байланысын, дүниенің бір тұтастығын көрсетеді. Осы биотикалық айналымға әсер ететін ластаушылардың дені органикалық заттар және экологиялық мәселелерінің тууына себеп болып отырғаны олардың атмосферадағы өзгерістері. Аталған мүмкіндіктерді іс-тәжірибеде жүзеге асыру экология ғылымының теориялық негіздерін, экологиялық мәселелерді органикалық химия тақырыптарының мазмұнымен қисынды түрде кіріктіріп және экологиялық білімдерді тереңдетіп, жинақтауға мүмкіндік беретіндей деңгейде құрастыру, оқытуды ғылыми-практикалық тұрғыдан ұйымдастыру арқылы ғана қол жеткізіледі. Сонымен қатар, ізденіс кезінде мектептегі экологиялық білім беру мәселесіне байланысты және оны зерттеу көзі ретінде қарастыруға орай бірнеше қарама-қайшылықтардың туындап отырғанына көз жеткіздік:
1. Қазіргі заман талабының басты мәселесінің бірі -кез келген пәнді экологияландыру болғанымен, ол талаптың органикалық химия бойынша өз деңгейінде кіріктірілмей отырғандығы ;
2. Органикалық химия курсында жүйелі экологиялық білім беруді жүзеге асыруға мұғалімдердің теориялық және әдістемелік тұрғыдан дайындығының жетіспейтіндігі;
3. Органикалық химия пәні мен экологиядан берілетін білімнің теориялық мазмұнының сараланбауы;
4. Органикалық химия пәнін экологиямен кіріктіре оқытудың ғылыми-әдістемелік нұсқауының болмауы;
5. Органикалық химия мен экология негіздерін кіріктіре оқытуда берілетін деңгейлік тапсырмалары мен өздік жұмыстар жүйесінің дайындалмауы;
6. Мектеп жағдайында органикалық химия пәні бойынша экологиялық білім беру әдістемесінің ғылыми зерттеу көзіне айналмауы;
7. Органикалық химияны экологияландыруға байланысты таңдау курстары мен оқу құралдарының жинақталмауы.
Осындай қайшылықтар мектеп жағдайында органикалық химия мен экологиялық білім негіздерін кіріктіре оқытудың әдістемесінің ғылыми зерттеу көзіне айналуына түрткі болып, оның теориялық -әдістемелік мәселелерін зерттеу мақсатында жұмысымыздың тақырыбын Мектепте органикалық химия курсына экологиялық білім негіздерін кіріктіре оқыту әдістемесі деп алдық.
Зерттеудің мақсаты. Органикалық химия курсын экологиялық білім негіздерімен кіріктіре оқытудың теориялық негізін саралап, әдістемесін жасау.
Зерттеу нысаны. Орта мектепте органикалық химия курсын оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні: Орта мектепте оқушыларға органикалық химия курсын экологиялық білім негізімен кіріктіре оқыту үрдісі.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер орта мектепте органикалық химия курсын экологияландырудың теориялық негізі сараланып, оқыту әдістері мен құралдары жасалса; экология ғылымының теориялық негіздері, экологиялық мәселелері органикалық химия тақырыптарының мазмұнымен қисынды түрде кіріктіріліп, экологиялық білімді тереңдетуге мүмкіндік беретіндей деңгейде құрастырылса, берілетін есептер, тест тапсырмалары, өздік жұмыстар тақырып бойынша дайындалып, экологиялық ақпараттар органикалық химия курсына кеңінен ендіріліп және оны интерактивті әдістер арқылы оқытса, оқушыларда жүйелі экологиялық білім қалыптастыру жүзеге асады.
Зерттеу міндеттері
1. Органикалық химия курсына экологиялық білім негіздерін кіріктіре оқытудың теориялық негіздерін саралау;
2. Органикалық химия курсы мен экология негіздерін кіріктіре оқыту мүмкіндігін ашу;
3. Органикалық химия курсы мен экология негіздерін кіріктіре оқытудың әдістемесін жасау;
4. Ұсынылған әдістеменің тиімділігін эксперимент жүзінде анықтау;
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін мынандай зерттеу әдістері қолданылды.
Зерттеу әдістері. Ғылыми философиялық, экологиялық, психологиялық-педагогикалық, және әдістемелік әдебиеттерге теориялық тұрғыдан талдау жасау; органикалық химия пәні арқылы экологиялық білім беру мүмкіндіктерін анықтау үшін бағдарламаларды, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, оқулықтарды, оқу құралдарын талдау; оқушылардың экологиялық білімі мен біліктілігін анықтайтын диагностикалық сауалнамалар, бақылау, әңгімелесу, тест тапсырмаларын дайындау; сарамандық жұмыстар ұйымдастыру,талдау, қортындылау; алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерді пайдалану; экологиялық мазмұндағы тапсырмалар жүйесін жасау; педагогикалық эксперимент жүргізу және сандық және сапалық жағынан талдау, оның нәтижесін математикалық жолмен қорыту.
Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздері
oo философиялық таным және жеке тұлғаның қалыптасуы туралы теориялар, қоғам мен табиғаттың өзара байланысы жөніндегі тұжырымдамалар, әлеуметтік экология мен адам экологиясы туралы ілім;
oo психология мен педагогиканың іс-әрекет теориясы, осы теорияға негізделген оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру жөніндегі тұжырымдамалар және экология саласындағы зерттеулер.
Сонымен бірге ресми құжаттар: Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995ж.); Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы (1997 ж.); Қоршаған ортаны қорғау туралы Заң (1997 ж.); Қазақстан Республикасында экологиялық білім мен тәрбие берудің ұлттық стратегиясы (1998 ж.); Экологиялық білім беру бағдарламасы (1999 ж.);; Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі (2007 ж.), зерттеу мәселесі бойынша жазылған ғылыми-педагогикалық еңбектер.
Жұмыстың ғылыми және теориялық маңыздылығы
1. Мектептегі органикалық химия курсына экология негіздерін кіріктірудің теориялық және әдістемелік негізі сараланды;
2. Органикалық химияны оқыту үрдісінде оқушыларға экологиялық білім берудің мүмкіндіктері айқындалды;
3. Органикалық химия мен экология негіздерін кіріктіре оқыту үрдісінде оқушыларға экологиялық білім беру әдістемесі мектепке енгізілді;
4. Зерттеу жұмысына байланысты ұйымдастырылған педагогикалық эксперименттің қорытындысы жасалды;
Сарамандылық маңыздылығы. Органикалық химияны оқыту үрдісінде оқушылардың оқу әрекеттеріне негізделген экологиялық білім берудің мүмкіндіктері және оны жүзеге асырудың жолдары мен әдістері орта мектептегі органикалық химияны оқытуда, жоғары оқу орнының іс -- тәжірибесінде, мамандардың біліктілігін көтеру курстарында және педагогикалық практика барысында кеңінен пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар
1. Орта мектепте органикалық химия курсын экологиялық білім негіздерімен кіріктіре оқытудың теориялық негізі ;
2. Органикалық химия мен экологиялық білім негіздерін кіріктіре оқытудың мүмкіндігі;
3. Органикалық химия мен экологиялық білім негіздерін кіріктіре оқытудың әдістемесі ;
4. Ұсынылған әдістемелік жүйедегі педагогикалық эксперименттің нәтижесі;
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі. Органикалық химия курсын экологиялық білім негіздерімен кіріктіре оқытудың әдістемесі ғылыми -теориялық тұрғыдан қарастырылды, осы саладағы философия, педагогика, психология, химия т.б. ғылымдардың жетістіктерін, мәселеге сай қолданумен интерактивті әдістерді пйдаланумен, эксперименттік жұмыстың кезеңділігімен, оның тиімді ұйымдастырылуымен, зерттеу жұмысының нәтижелерін тексеріп іс- тәжірибеге енгізілуімен сипатталды.
Диссертация құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Егеменді еліміздің 1997 жылы қабылданған Қоршаған ортаны қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңында халыққа білім беру жүйесінде экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне басты назар аударылып, мектептерде пәндер арқылы оқушыларды экологиялық сауаттандыру мәселесін жүзеге асыру қажеттілігі атап көрсетілген. Осы мәселені шешу Республика халқының 20 пайыздан астам бөлігін құрайтын үш миллионға тарта оқушыны қамтып отырған орта мектептен бастау алуы аса маңызды іс.
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мазмұнын анықтауда философиялық идеяларға: өлі табиғат пен тірі табиғаттың бірлігі, тірі ағзалар мен қоршаған орта арасындағы өзара байланыстылық, қоғам мен табиғаттың біртұтастылық ұстанымына сүйенудің маңызы зор.
Экология ғылымының өз алдына дербес ғылым ретінде қалыптасу кезеңдеріне адам мен табиғат, адам мен техника, адам мен ғылым, адам мен адамның арасындағы қарым-қатынас сипатының әсері зор. Экология ғылымы саласындағы ғылыми зерттеулерді үйлестіру және жинақталған білімдерді жүйелеу арқылы экологиялық білімнің теориялық базасы құрастырылды. Бұл кезеңдегі негізгі жетістіктер В.И.Вернадский,С.Форбс, В.Шелфорд, Ф.Клемент, А.Тенсли, Ч.Элтон, Н.Ф.Реймерс, В.Н.Сукачев, В.В.Докучаев т.б. еңбектерімен байланысты. Экология ғылымының дамуы экология ғылымындағы ойлар мен мәселелердің ғылымның басқа салаларына енуіне байланысты экологияландыру (экологизация) түсінігін туғызды. Экологиялық білімнің ғылыми негізі экология ғылымы, сондай-ақ философиялық идеяларға сүйенудің, яғни, қоғам мен табиғаттың біртұтастылық принципін басты назарда ұстау сонымен қатар, педагогикалық оқыту және тәрбие теориясы оқушыларда экологиялық білім негіздерін қалыптастырудың іргетасы болып саналады. Бұл орайда Верзилин Н.М., ШибановА.А., Сухомлинский В.А., А.Н.Захлебный және Н.Т.Суравегина, И.Д.Зверев, Салеева Л.П., Григорьева Ю.А., Сарыбеков Н., Фролов И.Т., Шкарбан Н.В Дерябо С.Д.,Ясвин В.А, Иоганзен В.Г., БейсеноваА.С, Сарыбеков М. Н., Г.К.Длимбетова, Шайхеслямова Қ. О. т.б. еңбектерінің барлығы өз кезегінде экологиялық білім мәселесіне қатысты негізгі идеялар мен ұғымдардың мәнін нақтылауға, өзара байланысының әдіснамалық негізін анықтауға себеп болды. Аталған ғалымдардың еңбектерінде оқушыларда қалыптастырылатын экологиялық білім мен тәрбиенің педагогикалық және ғылыми-теориялық негіздері білімді экологияландыру, экологиялық білім, экологиялық тәрбие ұғымдарымен тікелей байланысты екенін көрсетіп отыр. Сонымен, педагогтардың еңбектеріндегі ой-тұжырымдардан олардың экологиялық білім беруді әртүрлі тұрғыдан қарайтындығын көреміз. Атап айтқанда: пәнаралық байланыс; оқушылардың табиғатты зерттеуі, бақылауы, оны жақсартудағы іс-әрекеті; табиғаттың және қоршаған ортаның үйлесімдігі мен тиімді пайдаланудың жолдары, оқу үрдісінде ғаламдық, ұлттық және өлкетану мәселерін шешудің өзара байланысы ескеріледі. Сонымен қатар, экологиялық тәрбие берудегі экологиялық сана, экологиялық мәдениет, экологиялық таным, интеллектуалды және эмоционалды-еріктің бірлігі, экологиялық қарым-қатынас, экологиялық іс-әрекет, экологиялық сезім, экологиялық қызығушылық, экологиялық көзқарас ұғымдарымен бірлікте қарастыруды талап етеді. Жалпы педагогикалық зерттеулерде экологиялық білім беру мен тәрбие мәселелері бір-бірімен байланысты біртұтас жүйе ретінде қарастырылатындығы белгілі. Алайда, экологиялық нысандар, түсіндірмелік-ұғымдар, басты мақсаттар, басым бағыттары т.с.с.тұрғыдан оқытылуы, оқушылардың танымдық, білімдік деңгейлерін көтеру өз алдына жеке қарастырылуы қажет.
Экология ғылымының негіздерін оқу пәндерінің мазмұнына өңдеу- бұл білімді экологияландырудың бірінші міндеті, екіншісі - пәндерді оқытудың тиімді әдістемелік жүйесін жасау.
Пәндерді экологияландыру республикамыздың жаңа буын оқулықтарында көрініс тапқан. Жалпы білім беретін 11-сыныбына арналған Химия оқулығында (авторлары: Ә.Темірболатова, Н.Нұрахметов, Р.Жұмаділова, С.Әлімжанова )органикалық химия курсының экологиялық білім беру компонентіне авторлар бүгінгі таңдағы маңызды мәселелерді енгізуге тырысқан. Дегенмен, оқушылардың экологиялық білімін тереңдетіп, оны дамыту үшін бірқатар мәселелерге назар аударуды керек етеді. Атап айтсақ, қазіргі жаһандану дәуірінде жаһандық мазмұндағы экологиялық мәселелер (қышқыл жауындар, озон тесігі, жылы жай эффектісі, өндіріс және автокөлік қалдықтары т.с.с) қарастырылса, оқушыларда экологиялық білімдерінің кеңейтілуіне мүмкіндік туар еді. Сонымен қатар, тақырыптар бойынша ластаушылардың табиғат пен адамға ықпал етуiнiң биологиялық және медициналық аспектiлерiнің жүйелік желісі қамтылмағандығы байқалады. Газдық-тозаңдық өндiрiстiк қалдықтарды тазартудағы қондырғылар технологиясы қарастырылмаған. Химиялық заттардың канцерогендi және мутагендi қауiптерiне байланысты, улы заттардың әсерінің болатындығы, аз қалдықты және қалдықсыз өндiрiстердi, энергия мен ресурстарды сақтайтын технологияларды құру туралы ақпараттар берілмейді. Қауiп-қатерлерге, химиялық апаттарға талдау жасау, оны болдырмау жолдарын iздестiру және химиялық қауiпсiздiк мәселелері де, экологиялық жүйедегi, геосферадағы табиғи және антропогендiк химиялық заттардың сипаты мен таралуы туралы ақпараттардың аздығы да байқалады.
Экологиялық білім компонентінде мұндай мәселердің жүйелі көрсетілмеуі оқушының химиялық білімдерінің жалпы экологиялық дүние танымының қалыптасуына негіз бола алмайтындығы сөзсіз. Органикалық химия курсына экологиялық білім негіздерін кіріктіру - педагогика ғылымында психологиялық, дидактикалық және әдіснамалық тұрғыдан қарастырылатын кешенді күрделі мәселе. Сонымен бірге, бұл мәселе педагогика ғылымындағы қазіргі заманғы ғылымдардың кіріктірілу жағдайында мектеп жүйесінің білім беру мазмұнын қайта қараудағы басты бағыттардың бірі. Органикалық химия курсына экологиялық білім негіздерін кіріктіруді жүзеге асыру оқу бағдарламалары және жоспарларын оқу - тәрбие үрдісімен байланыстылықта қайта қарауға мүмкіндік береді. Өйткені, әр оқу пәні өзіне тән оқыту әдісімен табиғат құбылыстарын әр қырынан, өз бағыты тұрғысынан қарастырады. Пәнаралық байланыс мәселесін күшейту бүгінгі таңда ғылымда және қоғам өмірінде өтіп жатқан кіріктіру үрдістерінің көрінісі болып отыр. Бұл бағытта білім берудің күшейтілуіне 2001 жылғы білім жүйесінде экологиялық білім мен тәрбие тұжырымдамасында Биосферадағы тіршіліктің тұрақтылығы мен біртұтастылығы сипатында және антропогендік әсерлердің әрекетімен байланыстыра отырып кіріктіре оқытуды ғылыми-практикалық тұрғыда ұйымдастыру талап етіледі-деп, аса мән берілді. Экологиялық білім мен тәрбие беруде пәнаралық байланыс мәселесі Н.С.Сарыбеков,А.Д.Болтаев, А.АИксанова.,Р.Н.Атраудаева,С.О.Оры нбеков,Ж.Бұзаубакова, Ә.Ж.Әлімқұлова т.б.еңбектерінде өлкелік принцип негізінде, сабақтан тыс жұмыстар арқылы, студенттердің экологиялық білімін қалыптастыруда химия мен физиканың байланысы тұрғысында көрсетілген. Мектептегі химия курсын экологияландыру мәселелері А.Е. Хрупало, Г.А. Ягодин, В.М. Назаренко т.б. Ресей ғалымдарының еңбектерінде қарастырылған. Бұл жұмыстарда орта мектептегі химия курсын экологияландырудың авторлар бірлестігімен жасалған бағдарламасы, химиямен байланысты табиғатты қорғау мәселелері, экологиялық білім беру жолдары,оқыту құралдарын, соның ішінде химиялық экспериментті пайдалану әдістемесі іздестірілген.
Бұл еңбектерден пәндердің кіріктірілуі, яғни әр пәндердегі дүниетанымдық идеяларды, әлемнің ғылыми жаратылыстану бейнесіне біріктіру тек пәнаралық байланыстар арқылы қол жеткізетіні көрінеді. Мектептегі химиядан экологиялық білім мазмұнын құрудағы пәндердің байланысын төмендегі суреттен көруге болады. (сурет-1) Экология ғылымының жалпы жүйесінде органикалық химияның орнын түсіну бұл экологиялық білім жүйелілігін қамтамасыз етуде аса маңызды. Өйткені, пәндерді кіріктіру олардың табиғатты зерттеу аумағымен сәйкес жүргізіледі.
Сондықтан органикалық химия курсына экологиялық білім негіздерін кіріктіру, экология және химиялық экологияның теориялық мәселерімен тығыз байланысты.
Теория - бұл белгілі бір пән аумағындағы ғылыми білімдер жүйесі.Теорияда ғылыми деректер, түсініктер, ұғымдар, заңдар байланысы сипатталады. Экология ғылымының теориялық мәселелерінің мазұнын саралау арқылы, ондағы химиялық экология мәселерін, сол арқылы органикалық химия курсына экологиялық білім негіздерін кіріктірудегі жекелеген ұғымдар, теориялары мен заңдар, фактілері айқындалады.

Экология ғылымы
Химиялық экология
экология
экологияландыру
Бейорганикалық химия
Органикалық химия
Экологиялық білім
Пәнішілік байланыс
Жаратылыстану ,гуманитарлық пәндер
Жаратылыстану,гуманитарлық пәндер
Пәнаралық байланыс
Пәнаралық байланыс
экологияландыру

экологияландыру

Сурет 1 - Мектепте химиядан экологиялық білім мазмұны жүйесін құрудағы пәндердің байланысы
Органикалық химия мен экология негіздерін кіріктіруде байланыс тарабы шартты түрде экология мен химиялық экология пәндері негізінде екіжақты пәнаралық байланысқа сүйенеді. Экологиялық білімнің химиялық компоненті химиялық экологиядан көрініс табады. К.Корте, Г.Фелленберг, С.Б.Шустов, Л.В.Шустова, В.А.Исидоров, Ә.С.Бейсенова, Ж.Ш. Шілдебаев, Ж.Жатқанбаев, М.С.Панин, А.Г.Сармурзина, Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева , Ж.Ж.Жакбасова, Г.Ә.Саинова т.б. авторлардың оқулықтарындағы экологиялық білімдегі басты мәселелер негізінде органикалық химия курсына кіріктірілетін теориялық материалдардың байланысы сараланды. Қарастырылған теориялық материалдар арқылы ортақ түсініктерге негізделген пәнаралық кіріктіру сипатын төмендегідей көрсетуге болады: биосфера құрамы--химиялық элементтер және қосылыстарының сандық сапалық сипаты; биосферадағы үрдістер--химиялық қосылыстар өзгерісінің әсері,химизмі; биосферадағы табиғи пайдаланудағы факторлар және реттелуі-- химиялық қосылыстардың табиғи пайдаланудағы және реттелуіне қатысы,ролі.
Химия мен экология негіздерін кіріктіру мазмұнындағы теориялық байланысын төмендегі суреттен көруге болады.(сурет-2)

Сурет 2 - Химияның экология негізімен теориялық байланысы
Мектепте химия курсы негізгі екі білім жүйесінен құрылады:бейорганикалық және органикалық химия. Органикалық химияны XI сыныпта оқыту барысында экологиялық білімнің тереңдеуі, дамуы жүзеге асады. Оның мазмұны арқылы табиғи процесстерден химия заңдарының көріну идеясын дамытуға, табиғи объектілердің қарапайымнан күрделенуі, заттардың біртұтастылығы, яғни өзара өзгерістердің мүмкінділігі туралы ой-толғамдары дамытылады. Бейорганикалық химиядағы экологиялық білім органикалық химияның тақырыптары тұрғысында жаңғыртылып, қосымша мәліметтермен байытылады, химияның табиғи пайдаланудағы және реттелуіне қатысы арқылы экологияның циклділігі және үздіксіздігі, биосфера компонентін құраушылар арасындағы зат алмасу заңдылықтарын түсінуі дамиды. Оқушылардың табиғат нысандары және жеке құбылыстары туралы білімдерін жалпыландыру мақсатында оқу пәндері арасындағы теориялық кіріктіру деректер, заттар, құбылыстар деңгейінде жан - жақты қарастырылады. Органикалық химияның бағдарламалық материалын деректік және теориялық кіріктіру негізінде олардың бірлігі мен тұтастығы туралы пәндегі деректер байланысы олар туралы практикалық мәнін теорялық ашу үшін маңызды. Сондықтан да оқушыларға деректер мен түсініктер байланысын көрсету және қарапайым жақын деректердің салыстырмалы сипатын ашу қажет. Деректер деңгейіндегі пәнаралық байланыстар циклішілік және цикларалық шекарада жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл бейорганикалық және органикалық химия курсына экологиялық білім негіздерін кіріктірудегі теориялық материалдардың қалыптасуына бағытталған. Ортақ деректерге негізделген, органикалық химия курсы мен экология негіздерінің теориялық пәнаралық кіріктіру түрі төмендегі 1-кестеде көрсетілді.
Кесте 1 - Органикалық химия курсы мен экология негіздерінің теориялық байланысы


Экологиялық материалдар
Органикалық химия курсына кіріктірілетін материалдары
1.
Экологиялық жүйелер. Биосфера туралы түсінік. Биосферадағы биогеохимиялық айналым.
Көмірсутектердің оттекті, азотты, органикалық заттардың ыдырауы-С,N,О-көздері.Фотосинтез үрдісінің экологиялық мәні. Органикалық заттардың биогеохимиялық айналымдарға қатысы және биосфераның химиялық орнықтылығы.
2.
Табиғаттағы табиғи қорлар.
Мұнай, газ, көмір, жанғыш сланецтер, жер тезек-сарқылатын қорлар.
3.
Орта факторлары және олардың ағзаға әсері.Экологиялық факторлар түрі.Антропогендік өндірістік фактор.
Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін табиғи пайдаланудағы антропогендік факторлардың әсері, өзгерістің химиялық сипаты.
4.
Организмдер мен экологиялық факторлар арасындағы қарым-қатынасындағы жалпы заңдылықтар.
Адам ағзасында дәрумендердің маңызы, оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта мектепте химияны оқытуда ойын технологиясын қолдану әдісі
Химияны оқыту әдістерінің классификациясы
Интерактивтік оқыту технологиясы
Жалпы орта білім берудің жоғары сатысындағы жаратылыстану пәндерінің мәселелері
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздері
Модульдік оқыту технологиясын Көмірсутектер тақырыбын оқытуда қолдану
Қоршаған ортаны ластанудар қорғау жолдары
Техникалық және кәсіптік білім беруде аналитикалық химияны арнайы пәндермен байланыстыра оқыту әдістемесі
Химияны оқытуда аяушылық технологиясын қолдану және оның артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау
Химия пәнiндe ұжымдық оқыту әдiсiн пaйдaлaнa отырып 8-шы сынып оқушылaрының тaнымдық, iздeнiмпaздық бeлсeндiлiгiн aрттыру
Пәндер