Химиялық талдаудағы қателер: классификация және бағалау әдістері

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Баяндама
Тақырыбы: «ГРАВИМЕТРЛІК ТАЛДАУ»Орындаған:
Тобы: АП-16-2К
Қабылдаған: Саденова Ақнұр
Шымкент 2017
Химиялық анализдің қателері. Қателер классификациясы.
Әрбір жеке әдістің теориялық және практикалық мәселелеріне қателердің пайда болу көздерін талдауды кіргізу қажет, себебі әрбір әдіске өзіндік ерекшеліктер тән.
Қателердің пайда болу жағдайлары мынадай: 1) сынаманың алу кезінде; 2) сынаманы анализге дайындау кезінде; 3) сигналдардың пайда болуы, берілуі және тіркелуі кезінде; 4) анықталатын компоненттердің мөлшерін бағалау кезінде. Қателер кез-келген өлшеулерге серіктес болып келеді. «Қате» деген ұғымның қарапайымдылығы мен дағдылы нәрсе болуына қарамастан, оны теориялық жағынан ұғыну өте күрделі және өлшеудің қолданылу мақсаттары үшін оның маңызы өте зор.
Әрбір анализдің нәтижесі (C өлш. ) екі құрамдас бөліктен тұрады: нақты мәннен (C нақ. ) және анализ қатесінен (Қ . ) :
C өлш. = C нақ. + Қ .
Анализдің қатесі деп анализ нәтижесінің өлшенетін ақиқат мәннен ауытқуын айтады.
Қатені бірнеше жолмен классификациялауға болады. Қатені көрсету тәсіліне байланысты абсолютті және салыстырмалы деп, байқалу сипатына байланысты - систематикалық (жүйелі) және кездейсоқ, параллельді түрде жүргізілген анықтау нәтижелерін өңдеу тәсіліне байланысты - орташа арифметикалық және орташа квадраттық деп бөледі.
Кездейсоқ және жүйелі қателердің салыстырмалы сипаттамасы
Жүйелі қателер
Кездейсоқ қателер
1. Белгілі себептерден туындайды немесе оның себептерін химиялық анализ рәсімін жіктеп қарастыру арқылы анықтауға болады.
1. Анықталмаған, көзге түсетіндей себебі жоқ, басқаша айтқанда, себептері көп болғандықтан, анализдің жалпы нәтижесіне олардың әрқайсысының тигізетін әсері болмашы ғана. Жекелеп қарастырудың мағынасы жоқ. Бақылауға көнбейтін айнымалыларды тудырады, аспаптар мен сезім мүшелерінің мүмкіндігі төмен болуынан пайда болады.
2. Аналитик үшін маңызды.
2. Үлкен кездейсоқ қате салыстырмалы дұрыс нәтижелермен қабаттаса жүруі мүмкін.
3. Мәні бойынша тұрақты немесе белгілі заңдылық бойынша өзгереді. Анализ нәтижелеріне оң не теріс қосынды болатын жүйелі қате кіруі мүмкін.
3. Жалпы кездейсоқ қате абсолюттік мәні бойынша да, таңбасы бойынша да тұрақты емес. Оның абсолюттік мәні неғұрлым көп болса, ықтималдығы соғұрлым аз.
4. Бағалануы: есептелген, әлде эксперимент қою арқылы алынған түзетуді енгізу арқылы немесе жүйелі қатені тудыратын себепті жою арқылы.
4. Ықтималдықтар теориясы негізінде қарастырылады, кездейсоқ шаманың үлестірім функциясымен сипатталады. Бағалау үшін математикалық статистика әдістері қолданылады.
Қателерді «п-варианттан» тұратын таңдама үшін есептеудің әдістері бойынша топтау
Қатенің түрі
Математикалық өрнек
1. Абсолютті қате
- х ақиқ , мұндағы
- алынған мән, х ақиқ - ақиқат мән.
2. Салыстырмалы қате 3. Салыстырмалы пайыздық қате
4. Ауытқу - d а) Абсолютті ауытқу d і
Мұндағы
- орташа мән
b) Орташа ауытқу,
![]()
5. Орташа квадраттық a) Дисперсия (V немесе S 2 ) b) Жеке бірлікті анықтаудың стандартты ауытқуы
немесе S (ОКА - орташа квадратты ауытқу; ОҚҚ - орташа квадраттық қате) . c)
- орташа нәтиженің стандартты ауытқуы (арифметикалық орта мәннің ОҚҚ-і) d) салыстырмалы стандартты ауытқу
![]()
t
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Құлажанов Қ. С. Аналитикалық химия. Білім, Алматы, 1-2 том 2004ж.
2. Адиходжаева В. В Рустамбекова Р. А Аналитикалық химияның негіздері. Эектрондық кітап. Шымкент. ОҚМУ, 2007, 190б
3. Адиходжаева В. В, Рустамбекова Р. А Аналитикалық химия. Әдістемелік нұсқау. Сапалық талдау әдісі. Шымкент, 2009, 105б
t
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz
- х
ақиқ
, мұндағы
Мұндағы
- орташа мән
немесе S (ОКА - орташа квадратты ауытқу; ОҚҚ - орташа квадраттық қате) . c)
- орташа нәтиженің стандартты ауытқуы (арифметикалық орта мәннің ОҚҚ-і) d) салыстырмалы стандартты ауытқу