Аналитикалық таразылар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Баяндама
Кафедра: «Агротехнология» Тақырыбы: «»Орындаған:
Тобы: АП-16-2К
Қабылдаған: Саденова Ақнұр
Шымкент 2017
Жоспар:
- Аналитикалық таразылар;
- Таразы тастары:
Аналитикалық таразылар
Аналитикалық химия лабораториясы заттарды өте дәлдікпен өлшеу лабораториясы деп те аталады. Аналитикалық приборлардың ең бастысы-аналитикалық таразылар. Олар заттарды өте дәлдікпен өлшейтін негізгі құрал. Аналитикалық таразылар өте нәзік, онымен жұмыс істеу өте ұқыптылықты және төзімділікті қажет етеді. Көп қолданылатын таразылар 200г-ға дейін 0, 0001г дәлдікпен өлшейді.
Химиялық аналитикалық лабораториялар негізінен АДВ-200 типтегі таразылармен жабдықталған.
АДВ- демпферлі аналитикалық таразы деген сөз, 200- таразының ең жоғарғы салмақ өлшеу қабілеті. Енді оның жұмыс істеу тәртібіне қысқаша тоқталайық.
Таразының ең негізгі бөлімі - әпкіш. әпкіш ортасында жоғарыдан төмен қарай, ең соңында ұсақ шкала бекітілген көрсеткіш-жебе орнатылған. Әпкіш ортасына, көрсеткіш-жебе призма арқылы бекітілген.
Әпкіш екі ұшында үшқабырғалы сүйір агаттан, призма орнатылған.
Бұл призманың сүйір жағы жоғары қарай бекітілген. Шеткі призмаларға жіңішке төртбұрышты агаттық пластинкаға жалғастырылған сырғалар ілінеді. Бұл сырғаларға таразының демпферлі табақшалары ілгіштер арқылы жалғанады. Үшбұрышты призмалар және олар бекітілетін сүйеніш орындары өте қатты және ұзақ уақытқа шыдамды материал, “агаттан”, жасалады. Ол материалдан жасалған призманың ұшы өте сүйір болып, таразының ұзақ уақыт бір қалыпты жұмыс істеуіне және призманың ұштарының желінбеуіне жағдай жасайды. Сонымен бірге агат су буына, қышқыл буына және басқа агрессивтік ортаға тұрақты.
Жоғарыда айтқандай, таразының өлшеу дәлдігі призмалардың сүйірлігіне және призма орналасатын сүйеніш орынының өңделгеніне байланысты.
Аналитикалық таразы ағаштан немесе мрамордан жасалған төсеуіш тақтасына бекітілген. Щаң-тозаң кірмеу үшін таразы шыныдан жасалған екі жағында есігі бар қорап орналастырылған.
Тірек тақтай екі винт арқылы аяқшамен жалғастырылған. Бұл аяқшалар металдан жасаған төсегіштерге орнатылады және екі винттің жәрдемімен таразының дұрыс орналасуын реттейді.
Таразы табақшаларының жоғарғы жағына демпферлер орналастырылады. Демпфер алюминийден жасалған, ашық жағы төмен қараған, жоғарғы жағы бітеу. Бұл цилиндр тірек бағанасына бекітілген, диаметірі алдыңғыдан үлкенірек, төменгі жағы жабық, үстінгі жағы ашық екінші цилиндрдің ішіне кіріп тұрады.
Таразыны іске қосқанда, яғни әпкішті арретир жәрдемімен түсіргенде жоғарыда бекітілмей тұрған цилиндр төменгі цилиндрге қарай жылжиды, осы кезде екі цилиндр арасындағы ауа сығылып, әпкіш қозғалысы тез тоқтайды.
АДВ-200 таразысында 1 граммға дейін тастар таразының оң жағындағы сырғаға горизонталь жағдайда әпкішке бекітілген жіңішке металл пластинкаға орналасқан. Бұл пластинкаға таразының жоғарғы жағына орналастырылған ілгіштер арқылы 10 мг-нан бастап 990 мг-ға дейін гирь ілінеді. Бұл гирді ілетін ілгіштер бар. Ілгіштерді басқару таразы қорабының оң жағына орналасқан дөңгелек диско арқылы жүргізіледі. Дискалар бірінің ішіне бірі орналасқан ішкі және сыртқы дискадан тұрады, әрбір диск өз шеңбер айналымында 10 бөлімнен тұрады. Және олар 0, 1, 2, . . . 9 түрінде номерленген. Сыртқы дисканың әрбір бөлімі таразының табақшасына 100 мг гирь қосады. Егер сыртқы дисканы 1-ге қойсақ ол
100 мг, 2-ге қойсақ 200 мг, 8-ге қойсақ 800 мг қосымша гирь қосылады деген сөз.
Ішкі дисканың әрбір бөлігі 10 мг-нан. Демек 10, 20, 30, . . . 90 мг болып келеді. Қораптың сыртында диск орналасқан жерде дискалар көрсеткіштерінің дұрыс тұрғанын көрсететін көрсеткіш- жебе орнатылған.
Мысалы көрсеткіш - жебеге сыртқы дискадан 5, ішкі дискадан сандары сәйкес келсе, бұл 520 мг гирь табақшаға қойылды деген сөз.
Егер заттың салмағы 1 грамнан көп болса, онда гирь қорабынан қажетті грамдық гирді таразыға қояды; бір грамнан кем жағдайда 10 мг мен 990 мг арасын жоғарыда айтылған дискалар жәрдемімен өлшейді. Ал егер өлшенетін салмақ 10 мг-нан кем болса, сонда 0, 1 мг-ға дейін вейтографты қолданамыз.
Вейтограф дегеніміз - таразыда өте аз массаны өлшеуге жасалған оптикалық схема. Бұл схемада арретирді ашқанда және жапқанда автоматикалық түрде жанатын және сөнетін, жарық беретін лампа бар, осы лампа арқылы берілген жарықтан микрошкала бойынша массаның миллиграмдық және 0, 1 миллиграмдық үлестерді көрінеді. Микрошкала, оңға 1-ден +10-ға дейін және солдан -10-ға дейін бөлінген. Олар миллиграмдық өлшемді көрсетеді. Сондықтан әрбір миллиграм өз алдына тағы 10 бөлікке бөлінген, әрбір кіші бөлік 0, 1 миллиграмның үлесіне тиеді. Сонымен жалпы микрошкаланың ішкі солға қарай 100 және оңға қарай 100 кіші бөліктерден, 10 үлкен бөліктерден тұрады. Микрошкала көрсеткіші 0-ден оң жақ жағын көрсеткенде ғана таразы дұрыс жұмыс істейді. Микрошкала объективтің фокусіне орналасқан. Лампаның жарығы микрошкала және объектив арқылы, сондай-ақ айна арқылы өтіп, экранға микрошкаланың көрсеткішін үлкейген күйінде береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz