Гравиметрлік талдау: әдістері, талаптары және қолданылуы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ

ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

СӨЖ

Кафедра: «Агротехнология» Тақырыбы: «ГРАВИМЕТРЛІК ТАЛДАУ»

Орындаған:

Тобы: АП-16-2К

Қабылдаған: Саденова Ақнұр

Шымкент 2017


Жоспар:

  • Гравиметрлік талдау әдістері;
  • Гравиметрлік талдау әдісіне қойылатын талаптар:


Гравиметрлік талдау әдістері

Гравиметрлік талдау әдісі анықталатын заттың немесе оның құрамындағы компонентті химиялық таза немесе лайықты қосылыс түрінде бөліп алынған массасын дәл өлшеуге негізделген сандық талдаудың түрі.

Бұл әдіс келесі фундаментальді заңдарға негізделген: 1) құрам тұрақтылық заңына; 2) химиялық эквивалент заңына; 3) массалар сақталу заңына.

Гравиметрлік талдау әдісі үш үлкен топқа бөлінеді: 1) бөлу тәсілі; 2)

тұндыру тәсілі; 3) айдау тәсілі.

Бөлу тәсілі. Анықталатын компонент талданатын қосылыстың құрамынан бос күйінде бөлініп алынады және оның массасы аналитикалық

таразыда дәл өлшенеді (электролиз, электрогравиметрия) . Мысалы, мысты электролизбен бос күйінде бөлу. Егер бір өлшеудің екінші өлшеуден айырмашылығы ±0, 0002 г болса, массаны тұрақты деп есептейді.

Тұндыру тәсілі. Анықталатын компонент суда нашар еритін құрамы тұрақты қосылыс түрінде тұнбаға толық түсіріледі. Мысалы, Ba → BaSO4↓ (көбіне қолданылатын әдіс) .

Айдау тәсілі. Анықталатын компонент газ немесе бу күйінде бөлініп алынады және содан кейін оның массасы немесе қалдықтың массасы өлшенеді. Мысалы, СаСО3 → СаО + СО2↑

Гравиметрлік әдіс ауыл шаруашылығында топырақты, өсімдік шикізатын, ағашты және басқа заттарды талдауға қолданылады.

Гравиметрлік талдау әдісіне қойылатын талаптар:

1. Анықталатын компонентті сандық жағынан толық тұнбаға түсіру қажет, яғни ерітіндіде қалатын мөлшері 10-5-10-6 моль/л болса, анықталатын компонент толық тұнбаға түсті деп есептелінеді.

2. Түзілген тұнба химиялық таза, жақсы сүзілетін, химиялық құрамы белгілі, тұрақты болуы тиіс; егер кристалды тұнба түзілетін болса, ірі

кристалды болуы керек.

3. Тұндырылған формасы гравиметрлік формасына оңай айналуы тиіс.

4. Гравиметрлік форманың химиялық құрамы химиялық формуласына

сәйкес болу тиіс. Мысалы, темірді анықтағанда гравиметрлік форма - Fe2О3 болу тиіс, Fe3О4, FeО болмауы керек.

Гравиметрлік талдаудың дамуы, орыс ғалымдарының ролі. XVIII ғасырда орыс ғалымы М. В. Ломоносов таразыны қосылыстардың сандық талдауына пайдалануды ұсынған. Осыдан бастап, гравиметрлік талдау әдісі іс жүзінде қолданып, әрі қарай дами бастады. Бұл әдіс өте дәл әдістерге жатады. Гравиметрлік әдістің дамуында үлкен үлес қосқан В. И. Кузнецов, П. П. Алимарин. Олар ультрамикроталдау негізін құрап, оны іске асырды.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Құлажанов Қ. С. Аналитикалық химия. Білім, Алматы, 1-2 том 2004ж.

2. Адиходжаева В. В Рустамбекова Р. А Аналитикалық химияның негіздері. Эектрондық кітап. Шымкент. ОҚМУ, 2007, 190б

3. Адиходжаева В. В, Рустамбекова Р. А Аналитикалық химия. Әдістемелік нұсқау. Сапалық талдау әдісі. Шымкент, 2009, 105б

t

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көпфакторлы дисперсиялық талдау: теориясы, әдістері және қолданылуы
Өлшемді талдау: принциптері, әдістері және қолданылуы
Инфузиялық ерітінділердің технологиясы мен изотондық талаптары: есептеу әдістері және клиникалық қолданылуы
Корреляциялық талдау: теориясы, әдістері және химия мен технологиядағы қолданылуы
Айнымалы ток тізбегін талдау әдістері мен есеп шығарудағы қолданылуы
Сандық талдау әдістері: аналитикалық таразылар, концентрацияны анықтау және ЯМР қолданылуы
Басқарушылық есептің ақпараттық жүйесінің қалыптасуы, талаптары және қолданылуы
Ақпараттық қауіпсіздіктің теориясы, талаптары және қорғаныс әдістері
Гранаттар: түрлері, құрылысы, қолданылуы және қауіпсіздік талаптары
Тағам шикізаттарының химиялық талдау әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz