Діннің рухани – адамгершілік әлеуеті



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Тәлімгерлік сағат

Кафедра: Агротехнология
Тақырыбы: Діннің рухани - адамгершілік әлеуеті

Орындаған: Әнетбекова А.
Тобы: АП-16-2К
Қабылдаған: Есембекова Г.

Шымкент 2019

Діннің рухани - адамгершілік әлеуеті
Қазіргі кезде жаңартылған əлеуметтік қоғам дамуындағы жеке адамның қалыптасуы, рухани мəдениеттің артуындағы Қазақстандағы діннің бүгінгі жағдайы орасан зор рөл атқарады. Рухани мəдениет -- бұл ескіден қалған тарихи мұра, ол қазіргі кездегі қоршаған өмірге, адамгершілікке, тəрбиелікке, бірігіп қимыл жасауға Қазақстандағы діннің шарттарын үйренуге жəне өркендеудегі əлеуметтік мұра ретінде қарастырылады.
Діннің жағдайы қоғам дамуына тікелей қатынасы бар. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев Сындарлы он жыл атты еңбегінде Бүгінгі күнгі жекеленген елдердегі діни сана- сезімнің өсуі кездейсоқ құбылыс емес. Дін ұлттың жəне мəдени біртектілікті сақтаудың негізіне айналып отыр, -- дейді .
Расындада бүгінгі күні дінге деген адамдардың көзқарасының сенімдерінің өзіндік ерекшелігі байқалады. Діннің жағдайы бүгінгі күнгі əрбір адамға таныс. Діни тұжырым барлық діни-ғұламалық жəне діни-философиялық əдебиеттерде қарастырылған. Оның негізгі мəні діннің құдіретті күшінен туындап отырғандығы Адамның бойында бір күш бар. Ол күшті жақсыға да, жаманға да қолдануға болады. Оны Алла тек қана жақсылыққа қолдануын қолдайды .
Бұл пікірдің мағынасы, барлық нəрсе Алланың тағдыры мен қазасы бойынша жүзеге асады. Əрине, адам өз өмірін жүйелі түрде реттей алады. Ал тағдырына иелік ете алмайды. Өмірдің өзі мəдениеттің біртұтастылығына байланысты дамиды. Адам осы мəдениетте өз өмірінің ең қуанышты да, ең қайғылы сəттерінің белестерімен өсіп өркендейді. Осы сəтте оның тағдырының əр түрлі əсерлері белен алады. Осы белестерінде адамның танымдық жəне сезімдік ой өрістері дамып, дінге жəне қоршаған ортаға көзқарастары қалыптасады. Бүгінгі қоғамдағы дін өз ерекшеліктеріне қарай объективті қоғамдық болмысты бейнелейді. Құдай -- күш иесі, Құдай жолындағы негізгі əрекет -- ол құлшылық. Біздің Құдай қуат иесі ғана емес, ол рақым қылушы. Өмірде қиянатың болса, онда сенің иманың жоқ. Діндегі ең басты құндылықтардың бірі -- сенім. Діни құбылыстардың барлығы адам сенімінің нəтижесінде жүзеге асады. Сенім ұғымының дінде алатын орны зор. Дінде сенім болмаса дін де жоққа шығады. Адамды тəрбиелеуде оның адамдық негізін қалыптастыруға діннің ықпалы зор. Мысалы, көптеген ойшылдар əрбір ісіңді Алла қарап тұрғандай жаса деп таныған. Егер біз əрбір ісімізді Алла қарап тұрғандай жасасақ, адам бойындағы орынсыз əрекеттер, жаман əрекетке аяқ баспаушы еді. Адамның бойындағы жаман əрекеттердің тууы -- өзінің жаратушысын ұмытуы. Сондықтан қоғам өмірінде ерекше орын алатын құбылыс -- ол дін.
Дінде адамдардың біреуі тіл мұсылман болып келсе, екіншілері дін мұсылман болады. Тіл мұсылман діни қағидаларды тек қана ауызбен айтып, оны нақты іс-əрекетпен көрсетпейді. Ал дін мұсылман діни қағидаларды нақты өзінің іс-əрекет арқылы көрсетіп жүрегімен, шын ниетпен діни қағидаларды орындайды. Сондықтан дінде құр сөзбен əрекет ету -- ол дінге қайшы іс-əрекет, адам шын жүрекпен, адал ниетімен діни қағидаларға жүгінуі шарт. Адамдар бұл ғұмырдың өткінші екендігін ұмытып, кейде бір ғана берілген ғұмырын орынсыз əрекетпен, түкке тұрғысыз іспен айналысып жатады. Ал адам тек қана биологиялық қажеттіліктермен қамтамасыз етілгендігін қанағат етіп, соны ғана місе тұтса мына қоғамымыз дамымаған болар еді. Адамдарды мəңгілікке жетелейтін оның мынау жалғанда рухани өмірі емес пе? Егер адам тойынған өмірін болдым, толдым деп біліп тек соны жасағанға қанағат етсе, мына қоғамда ешқандай құбылыстар дамымаған болушы еді. Рухани өмір адамды мəңгіліктің аясына жетелейтін, өзі өлсе де артына өлмейтін із қалдыратын, адамдық негізге аяқ бастыратын ерекше бір құбылыс. Адам басқа тірі жандылардан өзгешелендіретін оның ақыл-ойы. Егер адамда ақыл-ой құндылықтарын жоққа шығарсақ, адамның хайуаннан еш айырмашылығы болмаушы еді. Сондықтан адамзат өмірдің өткінші екендігін сезіне отырып, бұл ғұмырдың қайтіп келмейтіндігін біле отырып, тек қана өзінің адамдық болмысына сай өмір сүру. Алла Тағаланы адамзат ең бірінші өзінің жүрегінде ұстау қажет, көбіне адамды құртатын біз Алланы көктен іздейміз. Алла адамзаттың жүрегінде, сенің жүрегіңнен шыққан адамгершілік, сенің жүрегінен шыққан адамдық -- ол Алланың ісі.
Адамзат ерте заманнан бері ата-бабаларымыз өмір сүріп келе жатыр, сол заманнан бері адамдар өз өмір сүріп отырған ортасына қарай дінге əр түрлі пікірлер айтып келеді. Діннің құдіреттілігі -- ол адамның өзін осы дүниеге əкелген жаратушысын тану, өзін-өзі тану.
Алла Тағала адамдарды жер бетіне сынау үшін жіберген соң, адам осы жер бетінде жасаған əрекеттері үшін күндердің бір күнінде сынға түспек. Тексерілмей қоймайсын бір иең бар деп тегіннен-тегін айтылмаса керек. Адамды тəрбиелеп, оны орынды əрекеттерге аяқ бастырып, өзін тануға, өзінің жақынын тануға, тіптен өзгені өзіндей сезінуге ерекше əсер беретін -- ол дін. Сондықтан адам діннің құдіреттілігін бағалай білуі шарт. Қоғамдық дамуда діннің кері əсері жоқ, керісінше, адамдарға адамшылдық қасиеттердің қалыптасуына ерекше мүмкіндік беретін құбылыс.
Мəдениет -- адамдардың қоғамдық өмірде ертеден келе жатқан рухани жəне материалдық құндылықтарының қамтамасыз етілуі. Рухани мəдениет жəне материалдық мəдениет екеуі бір- бірімен тығыз байланысты. Адам ең бірінші материалдық жағдайын қанағат етпесе, руханилыққа аяқ басуы мүмкін емес. Ал дін болса, осы рухани мəдениетіміздің ерекше бір салаларының бірі.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Тәлімгерлік сағат

Кафедра: Агротехнология
Тақырыбы: Шыншылдық - адамдықтың белгісі

Орындаған: Балтабай С.
Тобы: АП-16-2К
Қабылдаған: Есембекова Г.

Шымкент 2019

Шыншылдық - адамдықтың белгісі
Шыншылдық (صِدْقٌ - сыдқ) сөзінің тілдік мағынасы - шындықты айту, алдамау, растау. Шарғи мағынасы - мұсылманның сөзі мен амалы қайшылықта болмауы .
Шыншылдық адам бойындағы көркем қасиеттерінің бірі. Аллаһ Тағала шыншылдарға жәннаты сый ететінін уәде еткен. (Ахзаб сүресі, 24 аят. Әли Ъимран сүресі, 15 - 17 аят) Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мұсылманның шыншыл болуына қатысты: "Білімсіз берілген пәтуаның күнәсі, сол пәтуаны берген адамға болады. Жауапты біліп тұрып, оны жасырған - қиянат еткен болады" - деп айтқан
"Шыншыл болыңдар. Себебі, шыншылдық тақуалыққа алып келеді, ал тақуалық жәннатқа кіргізеді. Расында, пенде шыншылдықты ұстанумен Аллаһ Тағаланың жанында "шыншыл" деп жазылады. Жалғандықтан сақтаныңдар. Себебі, жалғандық азғындыққа алып келеді, ал азғындық тозаққа кіргізеді. Расында, пенде жалғандықты ұстанумен Аллаһ Тағаланың жанында "жалғаншы" деп жазылады."
"Шыншыл болыңдар! Өйткені, шыншылдық болған жерде тақуалық болады. Ал, шыншылдық пен тақуалықтың орыны - жәннат (яғни, шыншылдық пен тақуалық жәннатты нәсіп етеді). Жалғандықтан сақтаныңдар! Өйткені, жалғандық болған жерде азғындық болады. Ал, жалғандық пен азғындықтың орыны - тозақ. Аллаһ Тағаладан денсаулық тілеңдер. Себебі, пенде үшін ақиқат иманнан кейін денсаулықтан артық нәрсе жоқ. Бір-біріңді күндемеңдер, жек көрмеңдер, қарым-қатынастарыңды үзбеңдер және өзара жауласпаңдар. Ей, Аллаһтың құлдары! Бір-біріңе бауыр болыңдар!"
"Жәннаттың амалы - шыншылдық. Шындықты айтқан пенде тақуалық қылған, тақуалық қылған шын жүректен иман келтірген болады. Ал, шын жүректен иман келтірген жәннатқа кіреді. Тозақтың амалы - жалғандық. Жалған айтқан пенде күнә істеген, күнә істеген күпірлік еткен болады. Ал, күпірлік еткен тозаққа кіреді."
"Күмәндіні қойып, күмәнді болмағанға бет қой. Себебі, шыншылдық - сенімділік болса, ал жалғандық - күмән емес пе?"
"Сатушы да, сатып алушы да айырылысқанға дейін сату және сатып алу еріктерінде болады. Сатушы сатылатын заттың артықшылығы мен кемшілігін жасырмаса, ал сатып алушы ақшаны төлеудің тәртібі мен мерзімін айтып екеуі де жалғандыққа бармаса, онда саудалары берекелі болады. Ал, кемшілік, айыптарын жасырып бірі - біріне жалған айтса саудаларының берекесі кетеді."
"Қауіпті екеніне көздерің жетіп тұрса да шыншылдықтан бет бұрмаңдар. Өйткені, шыншылдық қауіптен құтқарады. Қауіптен құтылатындарыңа көздерің жетіп тұрса да жалғандыққа жоламаңдар. Өйткені, жалғандықта қауіп бар."
"Жалғандықтың ең ауыры: адам бөтен біреуді өзінің туған әкесі деп айтуы, түсінде көрмеген нәрсені көрдім деп айтуы және Расулуллаһ (с.ғ.с.) айтпаған нәрсені, Ол (с.ғ.с.) айтты деп айту."
Түсініктеме: "...бөтен біреуді өзінің әкесі деп айту..." - шариғат бойынша асырап алынған балаға, ол ержеткеннен кейін, оның шын әкесі кім екені айтылуы тиіс. Жетімдер үйінен алынып, әкесі кім екені беймәлім болған жағдайда, ол жетімдер үйінен алынғаны айтылады.
"Расулуллаһ (с.ғ.с.) айтпаған нәрсені, Ол (с.ғ.с.) айтты деп айту..." - яғни, Расулуллаһқа (с.ғ.с.) жала жабу. Бұл өте ауыр күнә болып есептеледі. Оның жазасы - жалғаншы қыздырылған ошаққа отырғызылуы. Сондықтан, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) депті, хадисінде былай делінген деп айтатын адам, алдымен ойланғаны дұрыс.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Тәлімгерлік сағат

Кафедра: Агротехнология
Тақырыбы: Отбасы - адамгершіліктің алтын қазынасы

Орындаған: Бимұрза Ж.
Тобы: АП-16-2К
Қабылдаған: Есембекова Г.

Шымкент 2019

Отбасы - адамгершіліктің алтын қазынасы
Елбасы Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Діни мерекелердің рөлі
Зайырлы Қазақстандағы рухани мәселелер
Қазіргі заманғы қоғамдағы дәстүрлі құндылықтардың рөлі туралы
Әлеуметтік институт ретінде діннің қызметтері
Діни экстримизм
Діни мәдениеттің теориялық аспектілері
Көпэтностық қоғамдағы дін: толеранттылыққа жетудің жолдары
Қазіргі заманғы қоғамдағы дәстүрлі құндылықтардың рөлі туралы
Жаһанданудың қазіргі теориясы
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері
Пәндер