Халықаралық стандарттау ұйымы
1.Реферат.
Халықаралық стандарттау ұйымы
Ұлттық стандарттар өздерi әзiрлеген және қолданылатын елдердiң ерекшелiктерiн және ғылыми және техникалық даму деңгейiн көрсетедi. Сондықтан әр елдердiң бiркелкi бұйымдарға арналған стандарттары бiр-бiрiнен өзгеше болуы мүмкiн. Ал бұл жағдай халықаралық сауданың дамуына әжептеуiр кедергi болуда, себебi тауардың сипаттамасын тауарды сатып алушы елдiң стандартымен үйлестiру қажеттiгi туындайды. Халықаралық сауда мен халықаралық ынтымақтастықтың ұлттық стандарттарды үйлестiру, сонымен қатар халықаралық (аймақтық) стандарттарды әзiрлеу және кеңiнен қолдау қажеттiлiгiне әкелiп отыр.
Әр елдердiң тiкелей ынтымақтастығының басталуы 1921 жылға жатады. Сол кезде жетi ұлттық стандарттау комитеттерiнiң бiрiншi конференциясы өткен болатын. Осы конференцияның дайындаған ұйымдастыру принциптерiнiң негiзiнде 1926 жылы Халықаралық стандарттау жөнiндегi ұлттық қауымдастықтарының федерациясы (ИСА) құрылды. Бұның құрамында 20 ұлттық ұйымдар кiрдi. ИСА 180 астам стандарттау жөнiндегi халықаралық ұсынымдар әзiрледi, бiрақ екiншi дүниежүзiлiк соғыстың кезiнде оның жұмысы тоқтатылған едi.
Стандарттау жөнiндегi халықаралық ұйым ұлттық стандарттау органдарының әлемдiк федерациясы ретiнде БҰҰ-ның шешiмiмен 1947 жылы құрамына 25 ұлттық ұйымдар енiп, Лондонда құрылған.
Оның атын таңдаған кезде грек сөзiнен шыққан ISOS - "тең" деген сөздi пайдалануға келiсiлген. Сондықтан бұл ұйым барлық елдердiң тiлiнде қысқа аты ISO (ИСО) болып аталынады.Бұл Үкiметтiк емес ұйымның қызмет саласы бүкiл стандарттау жағын, электротехника менэлектроникадан басқасын, қамтиды. Бұл екi сала Халықаралық электротехникалық комиссияның құзырына жатады (МЭК). Стандарттаудан басқа ИСО стандарттау мәселелерiмен де айналысады.
ИСО-ның негiзгi мақсаты стандарттаудың және қызметтердiң ұштасқан түрiн бүкiл дүние жүзiнде дамуын ынталандыру. Бұл iс-әрекет тауарлармен, қызметтермен халықаралық алмасу процесiнiң және интеллектуалдық меншiктiң, ғылыми-техникалық, технологиялық және экономикалық салаларының қызметтерiнiң дамуын қамтамасыз етедi.
ИСО-ның қызметiнiң тәжiрибелiк нәтижесi деп әр түрлi салалардың халықаралық стандарттарын қабылдауды және жариялауды дайындау арқылы халықаралық келiсiмге келудi айтады. Оларды әзiрлеу кезiнде ИСО барлық мүдделi жақтардың күтетiн мақсаттарын ескередi - өнiм (қызмет) өндiрушiлердiң, тұтынушылардың, ғылыми-техникалық өкiметтiк және қоғамдық ұйымдардың.
Бүгiнде ИСО-ның жұмысына дүние жүзiнiң елдерiнiң 146-сының ұлттық стандарттау ұйымдарымен қатысады, оның iшiнде 94 ИСО-ның мүшесi, 37-корреспондент мүшесi және 15 - қол қойған мүшелерi (2003 жыл бойынша).
ИСО-ның мүшелерi ИСО-ның кез келген техникалық комитетiнiң жұмысына қатыса алады, стандарт жобасы бойынша дауыс беруге құқылы, ИСО-ның Кеңесiнiң мүшелiгiне сайланады және Бас ассамблеяның отырыстарына қатысады.
ИСО-ның корреспондент - мүшелерi ондай белсендi жұмыс жүргiзбейдi, бiрақ әзiрленiп жатқан стандарттар туралы толық ақпарат ала алады. Корреспондент - мүшесi болып негiзiнен дамып келе жатқан елдердiң ұйымдары болады.
ИСО-ның қол қойған мүшелерi жарнасын төлейдi және халықаралық стандарттау туралы ақпарат алып отырады. "Қол қойған мүше" категориясы дамып келе жатқан елдер үшiн енгiзiлген.
Қазақстан 1994 жылдан берi өзiнiң стандарттау, метрология және сертификаттау Комитетiмен ИСО-ның толық мүшесi.
Ұлттық стандарттау жөнiндегi ұйымдар өз елдерiнде ИСО-ның жетiстiктерiн жүзеге асырып отырады.
ИСО-ның ақша қоры мүше елдердiң жарнасынан, стандарттарды сатудан және басылымдардан және т.б. тұрады.
ИСО-ның ұйымдастырушылық құрылымы басқарушы және жұмыс органдарынан тұрады.
Басқарушы органына Бас ассамблея, ИСО-ның Кеңесi және оның комитеттерi, жұмыс органына - техникалық комитеттер (ТК), кiшi комитеттер және техникалық кеңестiк топтар жатады.
ИСО-ның жоғарғы орган Бас ассамблея болады, ол - лауазымды адамдардың және мүше болып сайланған делегаттардың жиналысы. Әрбiр мүше үш делегатты представлять етуге құқығы бар. Мүше - корреспонденттер мен қол қойған мүшелер бақылаушы ретiнде ғана қатыса алады.
Бас ассамблеяның сессияларының арасындағы үзiлiсте ИСО-ның жұмысын ИСО-ның Президентi басқаратын Кеңес жүргiзедi. Кеңес он сегiз мүшеден тұрады - үш жылға сайланатын стандарттау жөнiндегi ұлттық ұйымдардың өкiлдерi. Кеңес Бас ассамблеяны шақырмай-ақ ИСО-ның мүшелерiнен кеңес алу үшiн сұрақтарды жiбере алады немесе мүшелерге Кеңестiң шешiмiн жiберуге құқылы. Кеңестiң отырысында шешiм көпшiлiгiнiң даусымен қабылдана бередi. Қажет болғанда отырыстардың арасындағы мерзiмде кеңес шешiмдi хат алмасу жолымен де қабылдайды.Кеңес техникалық комитеттердi басқаратын Атқарушы бюро құрылған.
ИСО-ның Кеңесiне 7 комитет бағынады:
ПЛАКО (техникалық басқару бюросы), СТАКО (стандарттаудың ғылыми принциптерiн зерттейтiн комитет), КАСКО (сәйкестiктi бағалау жөнiндегi Комитет), ИНФКО (ақпарат жүйесi және қызметтер жөнiндегi комитет), КОПОЛКО (тұтынушылардың мүддесiн қорғайтын комитет), РЕМКО (стандарттар үлгiсi жөнiндегi Комитет).
ПЛАКО ИСО-ның жұмысын жоспарлау, жұмыстың техникалық жағын ұйымдастыру және үйлестiру жөнiнде ұсыным дайындайды. ПЛАКО-ның жұмыс саласына техникалық комитеттердi құру және тарату жөнiндегi ұсыныстарды қарау, техникалық комитеттер айналысуы керек стандарттау саласын анықтау жатады.
СТАКО халықаралық стандарттардың принциптерi мен әдiстемелерi жөнiнде ИСО-ның кеңестiк әдiстемелiк және ақпараттық көмек көрсетедi. Комитеттiң күшiмен стандарттаудың негiз болатын принциптерiн зерттеу жүргiзедi және осы салада оңтайлы нәтижеге жету жөнiндегi ұсыным дайындайды. СТАКО терминологиямен және сауданы дамыту үшiн халықаралық стандарттарды қолдану жөнiнде семинарлар ұйымдастырады.
КАСКО өнiмдердiң, қызметтердiң, процестердiң (жұмыстардың) және сапа системасының стандарттардың талабына сәйкестiгiн растау мәселелерiмен айналысады. Комитет сынақ және өнiмдердiң, қызметтердiң, процестердiң (жұмыстардың), сапа жүйесiнiң сәйкестiлiгiн сертификаттау бағалау жөнiнде және сынақ зертханаларының және сертификаттау органдарының компетенттiгiн растау жөнiнде басшылық құжаттарын әзiрлейдi, ұлттық және аймақтық сертификаттау жүйесiнiң өзара мойындауына және қабылдануына, сол сияқты сынақ саласындағы халықаралық стандарттарды пайдалану және сертификаттауды растауға жағдай жасайды.
ИНФКО стандарттар қоры мен автоматтандырылған дерекқор базасында стандарттауды ақпаратпен қамтамасыз жөнiндегi жұмыстарды ғылыми-әдiстемелiк және тәжiрибелiк тұрғысынан басшылық етедi, стандарттарды және техникалық регламенттердi сатуды ұйымдастырады.
ДЕВКО дамып келе жатқан елдердiң стандарттау саласындағы сұранымын зерттейдi, осы салада бұл елдерге жағдай жасау жөнiндегi ұсынымдар әзiрлейдi, дамып келе жатқан елдердегi стандарттаудың барлық жақтарын талқылауды кең көлемде ұйымдастырады, дамыған елдердегi оқыту орталықтарында стандарттау жөнiндегi мамандарды даярлайды; дамып келе жатқан елдер үшiн стандарттау жөнiндегi оқу құралдарын әзiрлейдi; стандарттау саласында өнеркәсiбi дамыған және дамып келе жатқан мемлекеттер екi жақты ынтымақтастықты дамытуды ынталандырады.
КОПОЛКО тұтынушылар мүддесiн қамтамасыз ету мәселелерiн және осыған стандарттау арқылы жағдай жасау мүмкiндiгiн зерттейдi; стандарттарды жасауға тұтынушылардың қатысу тәжiрибесiн талдап қорытады; стандарттау саласында тұтынушыларды оқыту жөнiндегi бағдарламаны құрастырады; халықаралық стандарттар туралы қажеттi ақпараттарды таратуды ұйымдастырады; халықаралық және ұлттық стандарттардың тiзiмiн мерзiмдi басып шығаруға дайындайды; тұтынушылар үшiн пайдалы басшылық құжат құрастырады: "тұтыну тауарларының салыстырмалы сынақтары", "тұтынушылар үшiн тауарлар туралы ақпараттар" және т.б.
РЕМКО стандарттар үлгiсiне (эталонға), оларды жасау мен аттестациялауға қатысты мәселелер жөнiнде тиiстi басшылық құжаттар әзiрлеумен айналысады. Одан басқа РЕМКО халықаралық метрологиялық ұйымдармен бiрге, атап айтқанда, халықаралық заңды метрология ұйымымен стандарттау үлгiлерi жөнiндегi ИСО-ның қызметiн үйлестiрушi болады.
Халықаралық стандарттарды әзiрлеудiң тәртiбi. Халықаралық стандарттарды әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды техникалық комитеттер, қызметтердiң нақты бағыттары жөнiндегi олар құрған кiшi комитеттер және жұмыс тобы жүргiзедi.
2003 жылдың деректерi бойынша ИСО-ның шегiнде халықаралық стандарттауды 2763 жұмыс органдары жүргiзедi, оның iшiнде техникалық комитеттер - 186, кiшi комитеттер - 550, жұмыс тобы - 2000.
Техникалық комитеттер жалпытехникалық және техниканың нақты саласында iстейтiн комитет болып бөлiнедi. 26 жалпытехникалық техникалық комитеттер жалпытехникалық және салааралық мақсатты шешедi. Мысалы, оларға "Дәлдiк шегi және қондыру" 3 техникалық комитеттер, "Техникалық сызбалар" 10 техникалық комитеттер, "Өлшеу бiрлiгi" 12 техникалық комитеттер, "Үйлестi сан" 19 техникалық комитеттер, "терминология" 37 техникалық комитеттер. Қалған техникалық комитеттер нақты техника саласында iс-әрекет жасайды. ("Автомобильдер" 22 ТК, "Қондырғылар" 39 ТК және т.б.).
Егер техникалық комитет жүргiзiп отырған жұмыстардың ауқымы үлкен болса, онда кiшi комитеттер құрылады. Мысалы, "Әуелiк және ғарыштық ұшу аппараттары" 20 ТК-ға жиырма кiшi комитеттер кiредi.
Халықаралық стандартты әзiрлеу процедурасы төменгiдей жүргiзiледi:
Халықаралық стандартты әзiрлеуге мүдделi ИСО-ның мүшелерi, техникалық комитеттер немесе ИСО Кеңесiнiң комитеттерi (ИСО-ның мүшесi емес ұйымдар) ИСО-ның Кеңесiне стандарттауды әзiрлеуге тапсырыс жiбередi.
ИСО-ның Кеңестiк Бас хатшысы Атқарушы бюроға тиiстi ТК құру туралы ұсыныс бередi.
Егер Атқарушы бюро ұсынылып отырған стандартты халықаралық маңызына көзiн жеткiзсе, оның мүшелерiнiң көпшiлiгi "ия" деп дауыс берсе және оның бестен кем емес мүшелерi жұмыс тобына кiрмек болса, онда стандартты әзiрлеуге техникалық комитет құрылады.
Барлық мәселелер, әдетте, мүшелердiң келiсiмге келу негiзiнде жүргiзiледi.эКелiсiмге келгеннен соң, стандарт жобасын техникалық комитет мүшелердiң дауысын жинауға жiберу орталық секретариатқа бередi.
Халықаралық стандарттау жобасына дауыс беруде келiсiмге келу принципiнен басқа, ИСО стандартты әзiрлеу тәртiбiн дайындағанда, оның барлық мүдделi жақтарға түсiнiктi болуын қамтамасыз етедi. Егер жобаны дауыс берген мүшелердiң 75 пайызы қолдаса, онда ол халықаралық стандарт ретiнде жарияланады.
ИСО-ның техникалық жұмыстарында 35 елден келген 40 мыңнан астам сарапшылар қатысады.
Жыл сайын 800-ден астам халықаралық стандарттар қайта қаралып немесе жаңадан қабылданып жатады. Бүгiнгi күндерге дейiн ИСО-ның 14 мыңнан астам стандарттау қабылданған.
Техникалық әртүрлi саласында әзiрленген стандарттар келесi түрде бөлiнедi: машина жасау - 29,5%, химия - 3,4%, металл емес бұйымдар - 12,2%, руда мен металдар - 9,1%, ақпарат техникасы - 8,8%, денсаулық сақтау және медицина - 3,1%, негiз болатын стандарттар - 3,3%, қоршаған орта - 3%, буып-түю және тауарларды тасымалдау - 1,8% және т.б.
ИСО-ның өзектi мәселесi - стандарттар қорының құрылымын жетiлдiру. Болашақта әлеуметтiк сала мен ақпарат технологиясы ИСО-ның жұмысында басым болуы керек.
ИСО-ның стандарттары дүние жүзi елдерiнiң арасында тауарлар, қызметтермен және идеялармен алмасуды жеңiлдететiн өнiмдерге (қызметтерге) қойылатын тиянақты өңделген техникалық талаптар.
Көбiнесе, бұл техникалық комитеттердiң техникалық мәселелер жөнiндегi келiсiмге келудегi жауапты қатынасымен түсiндiрiледi, оның үстiне осыған қол жеткiзуге ТК төрағасы жеке жауапп бередi.
Өз мазмұнына қарай ұлттық стандарттардан ИСО-ның стандарттары тек 20%-ы ғана нақты өнiмге талап қоятындығымен ерекшеленедi. ИСО-ның стандарттарының негiзгi бөлiгi қауiпсiздiк талабын, өзара алмасу, техникалық сәйкестiк, өнiмдi сынақтан өткiзу әдiсi, сол сияқты басқа жалпы және әдiстемелiк мәселелердi қамтиды, яғни өнiм өндiрiлетiн және пайдаланылатын елдерге тәуелдi болмай, өндiрушiлер мен тұтынушылардың өзара түсiнушiлiгi мүмкiн болмайтын шекте ғана қамтиды.
Сонымен, ИСО-ның халықаралық стандарттарын қолдану өнiмге қойылатын нақты техникалық талаптар тiкелей контрактларда белгiленетiндiгiн ескередi.
ИСО-ның стандарты қолданылатын болса, онда осы елдiң ұлттық стандарттау жүйесiне енгiзiледi және екi немесе көпжақты сауда қатынастарында қолданыла бередi.
ИСО-ның халықаралық стандарттарының қатысушы елдер үшiн мiндеттi деген мәртебесi жоқ, яғни әр ел оны толығымен немесе кейбiр бөлiгiн ғана пайдалануына немесе пайдаланбауға құқылы. Оларды қолдану немесе қолданбау мәселелерi сол елдiң халықаралық еңбек бөлiсiмiне қатысу дәрежесi мен сыртқы сауда жағдайымен тығыз байланысты. Дегенмен өнiмдердi өндiрушiлердiң әлемдiк нарқындағы өткiр бәсекелестiк жағдайында, бәсекелестiк қабiлеттi жоғары ұстап тұру мақсатында халықаралық стандарттарды қолдануға мәжбүр болып отыр. Шет ел мамандарының бағасы бойынша өнеркәсiбi дамыған елдер (мысалы, Нидерланд, Швеция, Бельгия, Австрия, Дания) ИСО-ның стандарттар қорының 80%-iн қолданады. Бұл елдер тиiстi халықаралық стандарттар жұмыс iстеп тұрған салаларда өздерiнiң ұлттық стандарттарын әзiрлемеуге тырысады.
ИСО-ның мүше-мемлекеттерi үшiн ұлттық стандартты халықаралық ретiнде қабылдау ең жоғарғы жетiстiк болып есептеледi. Ұлттық стандартты ИСО-ның жұмысының жоспарына енгiзу үшiн, ИСО-ның Кеңесiне халықаралық сауданың кеңеюiндегi адмдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудегi және қоршаған ортаны қорғаудағы стандарттың рөлiн көрсететiн дәлелденген ұсыным жасау керек.
Халықаралық стандартты әзiрлеу кезiнде нақты өнiм өндiрушi елдердiң, фирмалардың арасында өткiр бәсекелестiк пайда болып, көрiне бастауы, ИСО-ның техникалық комитеттерi болашақ халықаралық стандартына кiретiн техникалық тараптар мен нормалар жөнiнде белгiлi бiр қысым көрсетiлуiмен кездеседi. Экономикалық дамыған елдер өз тиiстi ұлттық стандарттарын халықаралық стандарттардың жобасына енгiзу үшiн өз мүдделерiн қорғап күреседi. Мiне, сондықтан ИСО-ның халықаралық стандарттарының жалпы санының 70%-тен астамы өнеркәсiбi дамыған елдердiң ұлттық немесе фирмалық стандартына сәйкес келуi кездейсоқтық емес.
Кейбiр елдердiң халықаралық стандарттарды әзiрлеуде көшбасында болуы көбiне олардың мамандарының ИСО-ның органының қызметiне қатысумен анықталады.
Соңғы жылдары ИСО қызмет көрсету саласы және сапаны қамтамасыз ету жүйесi саласында халықаралық стандарттауға көп көңiл бөлiп отыр. Сапа мәселесiн шешуге бiрыңғай жол әзiрлеу мақсатында "Сапаны басқару және сапаны қамтамасыз ету" 176 техникалық комитет құрылған болатын. Оның негiзгi жұмысы сапаны қамтамасыз ету жүйесiнiң негiз болатын принциптерiн стандарттау және үйлестiру болады. АҚШ-тың, Францияның, Ұлыбританияның және басқа елдердiң ұлттық тәжiрибелерiн талдап зерттеу негiзiнде 1987 жылы халықаралық стандарттар серти-ИСО 9000, содан кейiнгi жылдары - серти ИСО-14000, 17025 әзiрленген және жарияланған.
ИСО Әлемдiк сауда ұйымымен (ӘСҰ) стратегиялық ынтымақтастық орнатты. ӘСҰ-ның мүше елдерi немесе мүше болғысы келген елдер халықаралық стандарттау мәселелерiн жақсы бiлуi қажет және халықаралық саудадағы өз үлестерiн түсiнуi қажет.
ИСО-ның 146 мүшесiнiң 100-ден астамы дамып келе жатқан елдер. Олардың көбiсiнде стандарттар саласында және техникалық регламент, сәйкестендiрудi, сапаны және метрологияны бағалау сияқты бiр-бiрiмен ұштасып жатқан салаларда дамыған инфра құрылымның болмауы, бұл елдердiң экономикалық процесiне күрделi мәселелер туғызады. Нәтижесiнде саудада қажетсiз кедергiлер пайда болады, ресурстар мен өнеркәсiптiң мүмкiншiлiгi тиiмсiз пайдаланылады - осының бәрi экономиканы және елдiң өмiр сүру сапасын көтеруге жiберген күштiң дәрменсiздiгiн көрсетедi. Осы себептермен ИСО осы елдерге стандарттардың инфра құрылымның жасауға мұрындық болып, көмектесуде.
Лекция 1
1) Пәннің мақсаттары және міндеттері
2) Стандарттаудың ғылым ретінде пайда болу тарихы
3) Қазақстанда стандарттаудың даму тарихы және даму перспективасы
Қазіргі таңда Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру алдында және халықаралық қатынастарда өнім сапасын жеткілікті деңгейде бәсекеге қабілетті етіп шығару үшін стандарттау, метрология және сертификаттау салаларының қызметтерінің маңызы өте зор.
Стандарт қолданылмайтын бірде бір экономикалық және көпшілік қызмет сферасы жоқ. Стандарттар қауіпсіздік және сақтандыру қызметтерінде, өнімді шығарғанда, эксплуатациялағанда, медицинада, білімде, жылжымалы нарықта, есеп және аудит жүйесінде, банктік жүйеде, қауіпсіздік қызметінде, өнімді идентификациялауда және кодтауда, ақпараттық қызмет құпия объектіге және тағы басқа қызметтік органдарда қолданылады.
Халықаралық стандартты қолданбай және білмей дүниежүзілік нарыққа шығу мүмкін емес. Өнім сапасын растайтын және стандарттың барлық талабын орындау үшін, тәуелсіз объектіде сапаны бағалау жүргізу қажет. Бұл мәселені сертификаттау шешеді.
Стандарттаудың негізі Еуропаның дамыған елдерінде 19 - ғасырдың басындағы өнеркәсіп революциясы кезінде қаланған . Үлкен фабрикалар мен зауыттардың пайда болуы және олардың көп көлемде тауарлар шығаруы дайын өнімді белгілі бір өлшемдік ретке келтіруді, тауарлардың бір нұсқамен шығаруды, тауарлардың өзара алмастырушылық қасиеттерге ие болуын талап етті. Ресейде 1715 жылы Туланың қару шығаратын зауытында өлшемдік тұрақтандыруды енгізу жұмыстары жүргізілген болатын (өзара алмастырушылық).
1856 жылы Лондонда өткен халықаралық өндіріс қызметкерлерінің съезінде қатысушылардың бірі кез-келген шам әрдайым шам қойғышқа тура келетіндей етіп жасау туралы ұсыныс жасаған.
КСРО елдерінде бірінші азық-түлік тауарларының стандарты 1926 жылы бекітілген. Отызыншы жылдары көптеген азық-түлік тауарларының стандарттары бекітілді, соның ішінде ет, ет және сүт консервілері, тауық өнімдері және т.б. Олар тұтынушыға өнім құрамында судың, қанттың, тұздың, майдың белгіленген үлесінің бар екенін кепілдейтін. Бірінші мемлекеттік стандарттар өнім сапасын жақсартуда үлкен рөл атқарды. Ұлы Отан соғысы жылдары азық-түлік тауарларының жаңа түрлеріне стандарттар енгізілді. Қолданыстағы стандарттардың көбісі соғыс уақытына бейімделіп өзгертілді. Ал соғыстан кейінгі жылдары өнім сапасына көп көңіл бөліне бастады. Соған байланысты 1955 жылдан бастап 1960 жылға дейін 200-ден астам стандарт қайта қаралды. Ал 1975 жылдан бастап халықаралық Экономикалық Өзара Көмек Кеңесінің (оның құрамына ҚСРО-нан басқа социалистік лагерь елдері Румыния, Польша, Дания, Болгария, Венгрия, Чехославакия, Монғолия, Куба кірген) стандарттары енгізіле бастады, олар халықаралық ИСО стандарттарына сәйкестендірілген.
Стандарттау сөзі латынша стандарт-эталон яғни үлгі деген мағына береді.
Стандарттаудың Қазақстандағы даму кезеңі Кеңес Одағы дәуіріне тікелей байланысты. Қазақстанда метрологиялық даму кезеңі ең алғаш 1923 жылдан басталады. Сол жылы Томск салыстырып тексеру палатасының Семейлік бөлімшесі құрылды. 1925 жылдың 1-ші қазанынан бұл бөлімше жеке ұйым ретінде салыстырып тексеру палатасы болып өзгертілді. 1931 жылы Қазақ өлкелік салыстырып тексеру палатасы Қазақ өлкелік стандарттау бюросы болып өзгертіліп Алматы қаласына көшірілді. Қазақ аймақтық бюросы 1933 жылы Қазақ ССР-нiң ХКII жанындағы өлшем және таразылар орталық басқармасының өкiлеттi Басқармасы болып қайта аталды. Содан соң Қазақ ССР-нiң ХКII жанындағы Өлшем және таразы Бөлiмi болды, ал 1938 жылы - Қазақ ССР-нiң Халық комиссарлар Кеңесiнiң жанындағы өлшем және өлшеу приборлары жөнiндегi өкiлеттi комитеттiң Басқармасы болды.
Басқарма құрылымы орталық аппараттан және 14 облыстық басқармалардан тұрды. Қызметкерлер құрамы, облыстарды қосқанда, 124 адам болатын.
1995 жылы Қазақ республикасының стандарттар мен өлшеу техникаларын мемлекеттiк қадағалау зертханасы Қазақ республикасының метрология және стандарттау орталығы болып қайта құрылды.
Елiмiздiң тәуелсiз мемлекет мәртебесiне ие болуына байланысты бұрынғы орталықтан оқшаулау процесi жүрдi. Республиканың экономикасында және Мемлекеттiк стандарт жүйесiнде елеулi өзгерiстер жасалынды.
Ауыр өнеркәсіптің дамуы стандарттауды жаһандандыруды қажет етті және кез келген мемлекеттің экономикасын дамытудың негізгі элементі болып саналды. Мысал ретінде ТМД, Еуроодақ пен Қытайдың теміржол стандарттарының сәйкессіздігін көрсетуге болады. ТМД теміржол бөлшегінің ені - 1520 мм, ал Еуропа мен Қытайда - 1435 мм. Осы стандарттың сәйкессіздігі қазіргі халықаралық сауданың дамыған уақытында көптеген киыншылықтар тудырып, артық шығындарға әкеліп жатыр, сонымен қатар тасымалдаудағы түрлі кедергілер мен поездің шекаралық бекеттерде көп уақыт тұруының себепкері. Қытаймен шекаралас Достық бекетінде жылына 13 млн. тоннадан астам жүк өтеді және жыл сайын олардың көлемі арта бермек. Бөтен рельстермен жүре алмағандықтан жүктерді басқа вагондарға көшіру немесе вагон жүретін рельстерді ауыстыру керек болады. Жақын уақытта Трансқазақстандық теміржол салу жоспарлануда, ол еуропалық бөлшек 1435 мм-ге сәйкес келеді, теміржол Қазақстанды Шығыстан Батысқа қарай кесіп өтеді және Еуразиялық Қытай Батыс Еуропа теміржол магистралінің бөлігі болмақ.
Әртүрлі физикалық өлшем бірліктерін қолдану елдердің экономикасына көп көлемде шығын әкелуде. Мысалы: АҚШ-та әлі күнге дейін ескірген британдық өлшем бірліктер жүйесін қолданады, ал Ұлыбританияның өзінде ол өте аз қолданылатын жүйе. 1965 жылдан бастап Ұлыбритания бүкіләлемдік СИ өлшем бірліктер жүйесіне өтуді бастады. АҚШ-та ішкі қолданысқа шығарылған құрылымдық құжаттар, өндірістік бұйымдар алдын ала бейімдеусіз СИ жүйесін қолданатын елдедерде жарамайды.
Өндірістік өнімдердің көлемінің үлкеюі және ғылыми техниканың қарқынды дамуы кезінде өнімдердің бір нұсқалы болуы, олардың бөлшектерінің өзара алмастырушылық қасиеттері жөніндегі сұрақтар күрделіленуде. Осы салада жүргізіліп жатқан іс-шаралар өнімнің арзандауына, өнім сапасының көтерілуіне, өнімнің шығарылу көлеміне, сату аумағының үлкеюіне әкеліп жатыр. Жаһандандыру үрдісі бұл тенденцияны күшейтіп, стандарттау бұрын болмаған мәнге ие болуда. Тек өнімді, тауарды, қызметті жалпылай стандарттау арқылы жаһан елдері мен олардың экономикасын интеграциялау мүмкіндігі туады. Әлемде интеграциялау үрдістері күшеюде. Елдер одақтастық құруда, мысалы Еуропаның 27 елі бірігіп Еуроодақ құрды. Дүниежүзілік сауда ұйымы құрылды. Жақында Қазақстанда сол ұйымға кіруді жоспарлап отыр.
Стандарттау жұмысының нәтижесі өнімнің, қызметтің, үрдістің функционалдық қызметіне сәйкестігі, халықаралық саудадағы техникалық кедергілерді жою, ғылыми-техникалық прогресске үлес қосу және түрлі салаларда әріптес болу.
Лекция 2 -
Қазақстан Республикасының құқықтық негізі алғаш рет 1993 жылы қабылданған стандарттау және сертификаттау негізінде құрылды.
1999 жылы Стандарттау туралы заң 2003 жылғы 10 маусымдағы өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
Техникалық реттеу туралы 2004 жылғы қарашада қабылданды.
Техникалық реттеу туралы
Техникалық реттеу объектілері өнімдер, қызметтер, процестер болып табылады.
Техникалық реттеу субъектілері Қазақстан мемлекеті органы болып табылады.
Стандарттаудың негізгі мақсаты
* Іс-әрекеттегі, жоспарланған және болашақ міндеттерді шешу үшін орнатылған ережелерді, талаптарды кең және көпмәрте қолдану арқылы бір немесе бірнеше салада тәртіптіліктін қолайлы деңгейіне қол жеткізу.
Стандарттаудың негізгі міндеттері:
* - дайындаушы, сатушы және тұтынушы арасындағы түсінушілікті қамтамасыз ету;
* - мемлекет пен тұтынушылардың мүдделеріне қатысты өнім, үрдіс және қызмет түрлеріне қолайлы талаптарды орнату;
* - өнімнің өзараалмасуы және салыстыруы бойынша талаптарды орнату;
* - өнімнің сипаттамалары мен көрсеткіштерінің келісілуі,
* - метрологиялық ережелер мен талаптар орнату;
* - өнімді, үрдісті және қызметті сертификаттаудың және сапаны бақылау мен бағалаудың нормативтік-техникалық қамтамасыз етілуі;
* - материалдың, энергияның және жұмыстың жұмсалуын төмендету үшін технологиялық үрдістерге талаптар орнату,
* - технико-экономикалық және әлеуметтік ақпараттарды жіктеу мен кодтаудың жүйесін құру және енгізу;
* - мемлекеттік және мемлекетаралық әлеуметті-экономикалық және ғылыми-техникалық бағдарламалардың нормативтік қамтамасыз етілуі;
* - өнімнің негізгі көрсеткіштері туралы ақпараттармен тұтынушыларды қамтамасыз ету үшін каталогтау жүйесін құру;
* - стандарттаудың әдістерімен құралдарының Қазақстан Республикасының заңнамаларының орныдалуына көмектесу.
Лекция 3
Стандарттау принциптері. Стандарттау әдістері.
Стандарттау қызмет түрі ретінде жалпы ғылыми және арнаулы әдістердің жиынтығына сүйенеді. Бұл әдістер жиынтығы қайталанып кездесетін міндеттерді оптималды шешу үшін қажет болып табылады.
Стандарттау жұмыстарында жиі қолданылатын әдістер:
1) стандарттау нысандарын ретке келтіру;
2) параметрлік стандарттау;
3) унификациялау;
4) агрегаттау;
5) кешенді стандарттау;
6) озық стандарттау.
Стандарттау нысандарын ретке келтірустандарттау нысандарының алуан түрлігін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz