АМАНГЕЛДІ ЖШС ТОПЫРАҒЫНЫҢ АГРОХИМИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЗЕРТТЕУ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 40.4

АМАНГЕЛДІ ЖШС ТОПЫРАҒЫНЫҢ АГРОХИМИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЗЕРТТЕУ

Мәдібекова А. - АП-16-2К тобының студенті
Есенгелдиева Л. Қ. - а.ш.ғ.к. , аға оқытушы

Түйіндеме: Топырақты агрохимиялық зерттеп қарау егістік топырағының құнарлылығы көрсеткіштерін айқындау үшін жүргізіледі. Бұл ретте жер учаскелерінің меншік иелері және (немесе) жер пайдаланушылар топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу үшін жер учаскелеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті. Әкімшілік ауданның, ауылдық округтің топырағын агрохимиялық зерттеп қарау бір далалық маусымда жүргізіледі. Зерттеп қарауға жататын егістіктің алқабы зерттеп қарау алдындағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша есептеледі.
Резюме: Проведен агрохимический анализ почвы для определения показателей плодородия почвы. При этом землевладельцы и (или) землепользователи обязаны обеспечить доступ к земле для агрохимического обследования почв. Агрохимическое обследование административного округа, сельской местности проводится в один полевой сезон. Поле исследований, подлежащих исследованию, рассчитывается по состоянию на 1 января предыдущего года.
Summary: An agrochemical analysis of the soil was carried out to determine indicators of soil fertility. At the same time, landowners and (or) land users are required to provide access to land for agrochemical inspection of soils. Agrochemical inspection of the administrative district, the countryside is carried out in one field season. The field of research to be investigated is calculated as of January 1 of the previous year.

Оңтүстік Қазақстан обылысы, Сарағаш ауданының Амангелді ауылының климат жағдайы - облыстың оңтүстік бөлігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. 1928 жылдары Келес ауданы болып құрылған. 1939 жылдан Амангелді деп аталады. Орталық - Сарыағаш қаласы. Аудан жері негізінен төбелі, қырқалы жазықты келеді. Солтүстігін Белтау жотасы (592м), батысын Ызақұдық құмы, Қауынбаймолда жотасы, оңтүстігін Шардара бөгені алып жатыр. Жер қойнауында мәрмәр, құм, бентонит балшығы, шипалы минералды суы барланған. Климаты континенттік, қысы жұмсақ, жазы ыстық, қуаң. Ауаның жылдық орташа темп-расы қаңтарда - 2 - 3хС, шілдеде 24 - 28хС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 - 300 мм. Ауданның батысын бойлай Сырдария, Оңтүстік-шығысынан Келес, Құркелес, Ащысай өзендері ағып өтеді. Жері сұр топырақты және құмды келеді. Бетеге, жусан, жүзгін, баялыш, өзен бойларында қамыс, бұта, аралас ағаш өседі.
Сарыағаш ауданында мақта, жүзім, көкөніс, астық, жеміс, бақша, картоп, қаракөл қойы, биязы жүнді қой, сүтті-етті мал, шошқа өсіруге маманданған 4 ұжымшар, 16 кеңшар, Мемлекеттік сұрыптау ст. болған. Ауданда 16 өнеркәсіп орны, 7077 агроқұрылым, оның ішінде: 101 заңды тұлға, 6976 шаруа қожалықтары бар. Аудан аумағында Сарыағаш шипажайы АҚ, Арман, Алтын бұлақ - Р демалыс орындары, балалар шипажайы бар. Алекс ЖШС - Қазақстан - Польша бірлескен кәсіпорны, Демеу, Әсем-ай, Курорт - Барс - 2030 ЖШС-тері Сарыағаш шипалы суын құятын кәсіпорындар, МырзакентАҚ, Айша бибі ӨК - мақта тазарту завотында мақта талшығын өндіреді. Сенім ЖШС - тігін, тоқыма бұйымдарын шығарады. Сарыағаш. ауданында жүзім шаруашылығын өркендету үшін Жүзім бағдарламасы жасалынған, бұл бағытта Қабыланбек шарап жасайтын компаниясы, Дербісек - Бахус ЖШС, Назико ЖШС, Ақжол АҚ-ның шарап заттары, жүзім өңдейтін 6 цех жұмыс істейді. Ауданның барлық егіс көлемінің үштен бір бөлігіне дәнді дақыл, 11,9%-на көкөніс, 17,3%-на мақта, 31,1%-на жүзімдік егілген. Облыстағы арпаның жалпы өнімінің - 9,5%, жүгерінің - 26,5%, күнбағыстың - 36,5%, картоптың - 30,5%, көкөністің - 26,4%, жемістің - 24,5%, жүзімнің 39,9% жиналады. Облыстағы темекі өсіретін бірден-бір аудан.
Облыстың климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, қар жамылғысы жұқа, тұрақсыз. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы солтүстігінде - 7 - 9°С, оңт-нде - 2 - 4°С. Жазы ұзақ, ыстық, қуаң және аңызақты.
Шілде айының жылдық орташа температурасы 25 - 29°С.
Шөлді аймағында жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 - 150 мм, тау алдында 300 - 500 мм, биік таулы бөлігінде 800 мм.
Облыстың жазық бөлігінде топырақ жамылғысын сұр, сортаңды сұр, бозғылт сұр, құмды, құмдақты топырақ құрайды. Тау етегінде шалғындық, таудың қызыл қоңыр топырағы таралған. Негізінен шөл белдеміне тән өсімдік жамылғысы қалыптасқан.
Ауыспалы егістегі орны. Мақта үшін ауыспалы егістегі ең қолайлы дақыл жоңышқа. Мақта топырақтағы қоректік заттар құрамына, суға және басқа қажетті факторларға жоғары талап қояды. Мақтаны жылма-жыл бір жерге қайталап сепсе, топырақтан қоректік заттардың көп алынуына байланысты оның құнарлылығы төмендеп, жырту қабаты шаңданып, зиянды тұздар қосындылары көбейіп және жер асты суларының көтерілуіне әкеліп соқтырады.
Жоңышқа топырақтың тұздануын бірнеше есе төмендетеді. Топырақ бетін біркелкі жабатын жоңышқа, топырақтан судың булануын азайтып, төменгі тұз қосындыларының жоғары көтерілуін тоқтатады. Үш жыл қатарынан өсірілген жоңышқа әр гектарға 18т органикалық заттар қалдырады, топырақтың физикалық қасиеттерін жақсартып, ондағы микроорганизмдерді жандандырып, суаруға кететін су мөлшерін кемітеді.
Топырақ өңдеудің басты бөлігі - ерте әрі терең жыртылған сүдігер. Оның алдында танаптан мүмкіндігінше бұрынғы мақта қалдығы жұлып жойылады, қажетті мөлшерде тыңайтқыш сіңіріп жырту алдында суарылады, топырақтағы көп жылдық арамшөп, жоңышқа тамырлары қалдықтарын сыдыра жыртып жою және тағы басқа жұмыстар жүргізіледі.
Чизельдеу. Әдеттегідей ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндіріске енгізу
Қазiргi таңдағы қазақстанның топырақ жағдайы
Мақтаарал ауданы «Кетебай» өқ топырағының агрохимиялық картограммасы және топырақ құнарлығын арттыру жолдары
Мақтаарал ауданы Арай ежелгі суармалы құмбалшықты сәл сортаңданған шалғынды сұр топырағының агрохимиялық көрсеткішінің динамикасы
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының «Саймасай ОТШ» негізгі топырақ типінің бонитет балдары
Қара топырақты аймақ 817 мың гектар
Егістік тәжірибеде орындалатын байқау жұмыстары туралы
Топырақтан сынама алу тәртібі мен технологиясы
Жүгері дақылының өнімділігі
Егістік тәжірибеде орындалатын байқау жұмыстары
Пәндер