Бұйрық-жарлық құжаттары


Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Бұйрық-жарлық құжаттары

Бұйрықтар

Кәсіпорынның ағымдағы қызметі бұйрық-жарлық құжаттары арқылы реттеліп басқарылып отырады. Бұйрық беру құқығына әдетте, бірінші басшы - несиені реттеуші әкімшілік басшысы ие. Кәсіпорын директоры мен оның орынбасарлары - құрылымдық бөлімше жетекшілері нұсқау, жарлықтар бере алады.

Басшылықтың алқалық органдары (кеңестср, съездер, конференциялар т. б. ) шешім қабылдау барысын қағазға түсіріп белгілейтін хаттаманың бір бөлігі болып табылатын шешімдер шығара алады.

Мазмұны жағынан бұйрықтар екі түрге бөлінеді: негізгі қызмет бойынша және жеке қызметкерлер құрамы бойынша бұйрықтар.

Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар өндіріс істері, жоспарлау, есеп беру, қаржыландыру, несие алу-беру, тауарлар өткізу мен қызмет көрсетуді ұсыну, ұйымдастыру мәселелері бойынша басқару жөніндегі шешімдерді белгілейді. Олар сондай-ақ, жоғары органдардың шешімдерін орындау, шаралар белгілеу, орындау мерзімі мен бақылауды және оған жауаптыларды анықтау керек болғанда шығарылады.

Бұйрық нормативті және жекелік болуы мүмкін. Мысалы, еңбек тәртібі ережелерін бекіту туралы бұйрық директордан бастап, барлық қызметкерлерге қатысты, сондықтан ол нормативті болады. Ал өтемақы төлеу туралы бұйрық жеке адамдарға қатысты болғандықтан жекелік болады.

Бұйрықтың жобасы кәсіпорын мамандары тарапынан әзірленеді де, орынбасарлармен, қызмет бабы бойынша бастықтармен, заңгермен, бас бухгалтермен (қаржы жөніндегі), кадрлар бөлімі бастығымен келісіліп, директор қол қояды. Бұйрық беру тәртібі бұзылғанда, оның заңды күші жойылып, кері қайтарылады. Бұйрық жобасына оның қажеттігін, зандылығын негіздейтін құжаттар қоса тіркеледі.

Бұйрық, егер оның мәтінінде өзге мерзім көрсетілмесе, қол қойылған қүннен бастап күшіне енеді. Қол қою құқығына мекеме басшылары, олардың бірінші орынбасарлары, сондай-ақ біліктілігі жоғары және басшының тапсыруымен кейбір құзырлы адамдар ие бола алады.

Егер мәтінде бұйрықтың аяқталу мерзімі көрсетілмесе, оның күші тұрақты болады. Оның күшін мекеме басшысы жаңа бұйрық шығарып қана жоя алады, немесе жоғары құзырлы орган, немесе сот жояды.

Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар кәсіпорынның бланкісіне толтырылады және мынадай деректерден тұрады: кәсіпорын атауы, құжат түрінің атауы (бұйрық), мерзімі, индексі (нөмірі), мәтін тақырыбы (бекіту туралы, тапсырма туралы т. б. ), бақылау туралы белгі, мәтін, қойылған қол, бұрыштама, құжаттың орындалғаны туралы, мәліметтердің магнит таспасына аударылғаны туралы белгілер.

Кәcіпорын бланкісіyдегі бұйрықтың үлгісі төмендегідей:

БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ

00. 00. 00 №

Шығарылған орны Шығарылған орны

(қазақ тілінде) (орыс тілінде)

Нұсқаулықты енгізу туралы

Мәтін

Кәсіпорын директоры Колы Қойылған қолдың анықтамасы

Бұрыштамалар

Іске . . .

Орындаушының

аты-жөні мен телефоны Қолы

Бұйрықтың мәтіні екі бөліктен тұрады: белгілеуші және жарлық.

Белгілеуші бөлікте тиісті істердің мақсат-міндеттері, бұйрық шығарудың себептері баяндалады, не бұйрық шығаруға негіз болғаи құжатқа сілтеме жасалады.

Жарлық бөлігі жеке жолға жазылған «БҰЙЫРАМЫН» деген сөзден басталады. Мәтіннің бұл бөлімінде орындалатын істер, оған жауапты адамдардың аты-жөні лауазымы, іске асыру мерзімі көрсетіледі. Ол араб санымен нөмірленетін тармақтарға болінуі мүмкін. Әр тармақ үшінші жақ бұйрық рай ырықсыз етіс тұлғасындағы етістіктен (тапсырылсын, жариялансын т. б. ) және бұйрықты орындаушыны (лауазымды адамды немесе бөлімшені) көрсетуден басталады. Орындауға жауаптылықты: «Бүйрықтың орындалуын бақылау (лауазымы, аты-жөні) жүктелсін» деп көрсетіледі.

Жекелеген тапсырмалар бұйрыққа қосымша ретінде берілуі мүмкіи және бұйрық мәтінінде оларға сілтеме жасалуы тиіс (қосымшаға сәйкес) . Егер қосымшалар бірнешеу болса, олардың әрқайсысы нөмірленеді.

Бұйрық пен қосымшалардың беттері бірыңғай құжат түрінде нөмірленеді.

Іс жүзінде кейде түпнұсқаның қандай да бір бөлімінің үзінді нұсқасы ретінде бұйрықтан көшірме даярлау қажеттігі туындап жатады.

Бұйрықтан көшірмеде жарлыққа дейінгі барлық деректер сақталады, ал жарлық бөлімінен тек нақтылы сол жағдайға қажет мағлұмат алынады. Көшірме де үзінді нұсқа сияқты куәландырылады.

Нұсқаулар мен жарлықтар

Нұсқау - ақпараттық-әдістемелік немесе ұйымдастырушылық сштатқа ие құжат. Нұсқаулар бұйрық, нұсқау, жарлықтардың орындалу тәртібін түсіндіреді. Нұсқауға қал қою құқығына бірінші басшы, бас мамандар ие.

Нұсқаудың мәтіні бұйрықтағыдай белгілеуші және жарлық бөліктерінен тұрады.

Белгілеуші бөлігі: «орындау мақсатымен», «соған сәйкес», «мақсатында» деген сөздермен басталады. Жарлық бөлігі бұйрықтағыдай құрылады.

Жарлық - басқарудың шұғыл мәселелері бойынша шығарылатын құқыктық акт. Оған директордың орынбасарлары, өз өкілеттіліктері шегінде құрылымдық бөлімше басшылары қол қояды. Жарлықтың мәтіні бұйрықтағыдай құрамды бөліктерден тұрады. Жарлық құжатының сапалы болуы пішімі жағынан дұрыс болуына ғана емес, мазмұны жағынан толық, анық, дәл болуына да байланысты. Тәжірибе көрсеткендей, бұйрықты құруда көбінесе мынадай қателер жіберіледі:

- Құжатты шығаруға себеп болған дәлелдерді талдаудың орнына қабылданған шешімге баиланысты басшыны ақтау орны алады;

- Жарлық құжаты бір мезгілде бірнеше адамға немесе бірнеше бөлімшелерге қатысты болып келеді де, кімге не істеу қажеттігі нақты айтылмайды;

- Құжат не шамадан тыс нақты болып қеледі де, орындаушының бастама қөрсетуге ынтасын жояды, не бұйрықты орындаудың оған бұрыннан жақсы таныс жолдары мен әдіс-тосілдерін көрсетеді;

- Құжатта оны орындауға жауапты адамдар аталмайды, мерзімі көрсетілмейді;

- Құжатта «деңгейін көтеру керек», «жоғарылату қажет», «төмендету қажет» т. б. осындай жалпылама нұсқаулар болады.

Нақты кімге арналғаны, орындалу мерзімі көрсетілмегендіктен, бұндай нұсқаулардың орындалуын тексеру қиын болады.

Мұндай «жалпылама басшылық» - жаман әдет, мәнсіз-мағынасыз іс.

Басқарудың жетілмеген шешімдері - басшының біліктілігінің төмен екендігінің белгісі.

Қаулылар, шешімдер, хаттамалар

Мұндай құқықтық актілерді алқалық басқару органдары қабылдайды. ҚР Азаматтық Кодексіне, басқа да заң шығару актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару органдары мынадай жарлық құжаттар шығарады: Министрлер Кабинеті - қаулылар; Премьер-Министр және оның орынбасарлары - жарлықтар; министрліктер - министрлердің бұйрықтарын, алқа шешімдерін; комитеттер мен комиссиялар - қаулылар, бұйрықтар, нұсқаулар; кооперативтік ұйымдар - шешімдер; қоғамдық ұйымдар - қаулылар, жарлықтар (17) .

Үлгісі жағынан әр түрлі құжаттар шығаруға өкілетті органдардың бірлескен жарлық құжаттары «бірлескен шешім» түрінде шығарылады және ол шешім бұл құжатты қабылдаған ұйымдардың әрқайсысы үшін құқықтық күшке ие болады.

Мәселелерді талқылаудың барысы және алқалық органдар отырыстарында, кеңестерде, жиналыстарда, мәжілістерде қабылданған шешімдер хаттамаларда белгіленіп отырады.

Хаттамалар мәжіліс барысының жазбасы, стенограммалар, мәжілісті өткізуте дайындалған дыбыстық жазбалар мен материалдар (баяндамалар, сөйлеулер, анықтамалар мәтіндері, қаулы), шешім жобалары (күн тәртібі, тіркелім қағаздары, келісім қағаздары т. б. ) негізінде толтырылады.

Егер мәжіліс барысы стенограммаға жазылса, стенограмма мәтіні ашылып, куәландырылады да, хаттамамен бірге сақталады. Кино-, фото-, бейне-, аудио- құжаттарды сақтау бойынша Мемлекеттік архивтің ерекше ережелері бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке құрам бойынша ереже
Бұйрық, жарлық құжаттары туралы
Нұсқаулар мен жарлықтар
Бұйрықтар. Нұсқаулар мен жарлықтар. Қаулылыар, шешімдер, хаттамалар
Басқару, ұйымдастыру, үкім шығару қызметіне қатысты құжаттар
Фирманың тауар саясаты
Текелі қалалық әкімшілік ұйымдастыру, бұйрық жарлық құжаттарын талдау
Құжаттар түрлеріне түсініктеме және құжаттарды құрастыру және рәсімдеу технологиясы
Құжат түрлері және құжаттарды толтыру
Іс қағаздардың қоғам өміріндегі атқаратын қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz