Балқаш көлінің экологиялық жағдайы



Жоспар:
I Кіріспе:
Балқаш көлінің экологиялық жағдайы.
II Негізгі бөлімі:
1. Балқаш көлінің қазіргі экологиялық жағдайы
2. Балқаш Арал тағдырын қайталауы мүмкін

Жоспар:
I Кіріспе:
Балқаш көлінің экологиялық жағдайы.
II Негізгі бөлімі:
1. Балқаш көлінің қазіргі экологиялық жағдайы
2. Балқаш Арал тағдырын қайталауы мүмкін

Балқаш көлінің қазіргі экологиялық жағдайы
Бүгін Қазақстан ғалымдары тағы бір экологиялық апат қаупін болжамдайды. Олардың айтуынша, Балқаш көлінің құрғап кету қаупі бар.
Балқаш көлемі бойынша Орталық Азияда төртінші көл болып табылады. Көлдің 3 миллион жергілікті халқының тұрмысы және аймақтағы экономикасы үшін орасан зор мәні бар.
Би-Би-Си тілшісі Джил МакГиверинг Балқаш көлінің солтүстік жағалауына барып, сондағы жағдайды зерттеп көрген.
Көл жағасында тұратын жергілікті тұрғындардың кейбірі көлдегі су деңгейінің соңғы 30-40 жылдың ішінде айтарлықтай азайғанын айтады. Көбі 3 миллион халықтың тұрмысына қажетті суды қамтамасыз етіп, аймақтың қантамыры қызметін атқарып келетін Балқаш көлі құрғап кетпей ма деп қорқады.
Джил кездестірген Егор есімді орыс жігіті көлдің өзгергені туралы былай деп айтып берді:
"1968-69 жылдармен салыстырсақ, Балқаштың су деңгейі күрт төмендеді. Қазір өзіміз тұрған жерімізде бұрын су болатын. Анау тұрған мұнарадан жұрт парашютпен суға секіретін. Кафелер тұрған жерде де су болатын бұрын", - дейді Егор.
Су деңгейінің төмендегеніне табиғи өзгерістер ықпал еткен де шығар. Алайда, Балқашқа қауіп төндіретін басты күш - ол адамның іс-әрекеті.
Көлдің негізгі қайнар-көзі Іле өзені болып табылады. Іле суының басым бөлігі Қапшағай су қоймасын толтыру үшін және ауыл шаруашылық мақсаттарында қолданылатындықтан, Балқашқа келетін су мөлшері табиғи деңгейден едәуір кем боп шығады.
Соның үстіне Іле Қытайдан келіп ағады. Қытай болса, Іле суын Батыс Қытай аймақтарын дамыту үшін елеулі көлемде қолданайын деп отыр.
Көлдің деңгейін жіті қадағалап жүретін ғалымдар Балқашты қорғаудың арнайы шаралары енгізілу керек дейді. Алайда арнайы шаралар тұрмақ, көлдің құрғап біту қаупі астында қалғанын былайғы жұрт біле де бермейді екен.
Бұл туралы зейнетке шыққан ғалым Михаил Сироткин айтады:
"Халықтың басым бөлігі Балқашқа құрғап кету қаупі төніп тұрғанын білмейді. Балқаштың бір бөлігі құрғап кетсе ғой, сонда ғана ел-жұрттың көзі ашылып, кейбірі не істеу керек деп қимылдай бастайтын шығар. Ол заңды да. Өйткені, проблеманың бар екенін халық әзірше білмейді", - деп шағымданады Михаил Сироткин.
Әйтсе де, қарапайым халық қауіптің бар екенін білмегенімен, ғалымдар бұл проблемамен талай жыл айналысып келеді. Наталья Воробьева - биология ғалымы. Балқаштың шынымен-ақ аянашты халде қалғанын ол мойындап отыр.
"Балқаш көлі құрғап кетсе, климат өзгереді. Аймақ шөлге айналып, экологиялық апат орын алады. Арал теңізі айналасында Балқашқа қарағанда адам аз тұрды. Балқаш құрғап кетсе, жергілікті халық көше бастайды, жаппай эмиграция басталады", - дейді Наталья.
Оның осы сөздерін тағы бірқатар ғалымдар растап отыр. Кейбірінің айтуынша, Балқаш аралдың тағыдырын тартса, зардап шегетін Қазақстан ғана емес бүкіл Евразия аймағы болмақ.
"Халықаралық қауымдастық Балқаш көліне өз назарын аударады деп үміттенеміз. Балқаш тек біздің ғана табиғи қазынамыз емес - бүкіл әлемнің қазынасы. Аралдың ғаламдық дәрежедеғі ықпалы жөнінде бәрі де біледі. Оның құрғап кетуі тек Орталық Азияға ғана әсер етпей, Қытай, Монғолия, Еуропаға да теріс әсерін тигізді. Балқаштың Арал сияқты құрғап кетуіне жол беру - барып тұрған қылмыс деп санаймын",- дейді қазақстандық табиғат қорғаушы Мэлс Елеусізов.
Балқаштың жағасына келіп, көлге көз тастасаң, мөлдір суы көкжиекке шейін созылып, күннің көзіне жылтырайды.
Алайда, көлдің құрғап кетуін болдырмау шаралары бүгіннен бастап еңгізілмесе, Балқаштың суы, көлді мекендеген құстар, айналасында тұратын халық он жылдан кем уақыт ішінде осы жерден ғайып болуы әбден мүмкін.
Балқаш өңірі - әрі жылы, әрі күн сәулесі көп түсетін табиғаты жағынан Қазақстандағы тартымды жерлердің бірі. Шөлді болып келетін қуаң дала Балқаш көлінен нәр алады. Бұл аймақ өзінің әсем көрінісімен, ерекше өсімдіктер және жануарлар дүниесімен белгілі.
ХХ ғасырдың 50-жылдарына дейін бұл жерде хайуанаттар қожасы жолбарыс болған. Өтуге болмайтын шытырман тоғайдың арасынан жабайы шошқаны да кездестіруге болады. Іле өзенінің атырауын секемшіл елік, сайғақ пен қарақүйрық, түлкі мен борсық мекендейді.
Балқаш өңірін әр түрлі құстар мекендейді. Көлдің шеткері түпкірлерінде қызғылт және бұйра бірқазан құстар ұя салып бакландармен бірге үлкен сап түзеп көлде жүзіп жүреді.
Бұл аймақтың өсімдіктері әсіресе елсіз даладағы шабындықтар мен батпақты жерлердегі өсімдіктер өзара үйлесімдік тауып далаға ерекше нәр беріп тұрады. Олар: сексеуіл, жыңғыл, жусан, қарандыз, мия, түйетікен және сасыр. Сонымен қатар талды ормандары тораңғы және жыңғылды шағын тоғайлармен ұштасып жатады. Сулы жерлердің бәрінде де қамыс, жөке, құрақтар өседі. Осы ну тоғайлы, қоғалы жерлер көптеген сүтқоректілердің, құстардың, балықтардың тіршілік алаңы сияқты. Балқаш өңірінде сасыр, жусандар мен араласа өскен қызғалдақ пен бәйшешекте даланы ерекше сәнге бөлеп тұрады. Осы көріністерге асқақтықпен 1000 метрлік биіктіктен қарап Бектауата тау алабы созылып жатыр.
Балқаш көлі - Каспий теңізі мен Арал теңізінен кейінгі ірі көлемді және ағынсыз су қоймасы. Көлдің ұзындығы - 614 шықырым, ені - 3,5-нан 44 шақырымға дейін жетеді. Ең терең жері 26 метрге дейін барады. Айдын көлдің аумағы 18200 шаршы шақырым болса, тоғандарының ауданы - 413300 шақырым.
Балқаш көлінің ерекшелігі - оның жіңішке бұғазбен жалғасып жатқан батыс пен шығыс бөліктерінің минералдарының екі түрлі болып келетіндігінде. Батыс бассейні бұрын суы көп болған Іліден толығатындықтан су тұщы болады да, шығыс бөлігі - ащы. Қазір көлге Іле, Қартал және Лепсі өзендері құяды. Кей жылдары қатты тасыса Аягөз өзенінің суы жетеді. Бұл көл төрт облысты - Алматы, Қарағанды, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарын тоғыстырып тұр. Батысында ең сусыз және тіршілік иелері аз кездесетін Бетпақдала жерімен шектеседі.
Балқаштың табиғаты өте таңғаларлық және оның қарама-қайшылықтары да өте көп. Климаты - күрт континентальды. Жазғы және көктемгі, күзгі маусымдарда ағып құйылған су түгелге жуық буланып кетеді де, көлдің деңгейі 12 текше километрден 200 текше километрге дейін ауытқып отырады.
Іле - Балқаш бассейнің биологиялық тіршіліктің түр-түрін, бағалы балықтарды өсіру сияқты балық шаруашылығы тұрғысынан алып қарағанда да маңызды су қоймаларының бірі болып табылады. Ихтиофаунаға жататындар ішінде сазан, Амур балығы, шабақ балық, каяз балығы, шұбаржон балық, ақбалық, ақмарқа, табан, жайын және басқаларын атауға болады. Көлден жыл сайын 8-10 мың тонна балық ауланады. Балқаш ақбалығы мен оның алабұғасы Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген. Аралда өліп қалған шабақ балықтар мен Арал каязы тек осында ғана сақталған. Оңтүстік Балқаш жағасындағы қамыс тоғай арасында, өзен жағалауларында жыл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балқаш көлінің экологиялық мәселелері
Балқаш көлінің геоэкологиялық проблемалары
Балқаш көлінің физика-географиялық сипаттамасы
БАЛҚАШ КӨЛІНЕ ТИГІЗЕТІН АНТРОПОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ
Балхаш көлінің даму тарихы мен экологиялық жағдайы
Балқашта балық шаруашылығы ғыл
Балқаш көлі деңгейінің өзгеру графигі
Балқаш көлінің физика-географиялық сипаттамасы туралы ақпарат
Балқаш көлінің физика-географиялық сипаттамасы жайлы
Балқаш көлінің қазіргі экологиялық жағдайы
Пәндер